2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 Қаулысы
(ҚР Үкіметінің 2006.15.12. № 1220 Қаулысына 5-6-қосымшалар)
(үзінді)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мыналардың:
5 , 6-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасының Парламенті Шаруашылық басқармасының 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
5-ҚОСЫМША
102 - Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Қазақстан Республикасы Парламентінің қызметін қамтамасыз ету»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 5107544 мың теңге (бес миллиард бір жүз жеті миллион бес жүз қырық төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасының конституциялық заңы; «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңы; «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының 2000 жылғы 29 қарашадағы № ІБ 01/42 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы туралы» Ережесі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Парламенттің заң шығару және ұйымдастырушылық қызметін қолдау және оған жәрдемдесу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Парламент депутаттарының жұмысы мен тұруы үшін жағдайлар жасау; басқа елдер Парламенттерімен және халықаралық ұйымдармен халықаралық байланысты қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Қазақстан Республикасы Парламентінің қызметін қамтамасыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | Парламент қызметін қамтамасыз ету, яғни 116 депутатты қамтамасыз ету депутаттарды, ақшалай қамтамасыз етуді қамтиды, оның ішінде: автокөлік қызметін және әуе көлігінің қызметін сатып алу; Парламенттің әкімшілік ғимараттарына және депутаттардың қызметтік тұрғын үйіне қызмет көрсету жөніндегі қызметке ақы төлеу; спорттық-сауықтыру шараларының өткізілуін ұйымдастыру; заң жобаларын әзірлеу, заң қызметінің жұмысы бойынша зерттеу материалдарын дайындау, әлеуметтік және сараптық сауалдама, заңдық реттеу проблемалары бойынша мониторинг жүргізу; Парламент қызметін техникалық қолдауды қамтамасыз ету бойынша қызметтерді сатып алу; іс-шаралар жоспарына сәйкес делегацияларға қызмет көрсетуді қамтамасыз ету. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы |
3 | | 007 | Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру | Бес бағыт бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтерге ақы төлеу: Қазақстан Республикасындағы заң шығару қызметін ақпараттық-құқықтық қолдау; электрондық үкімет: шет елдік тәжірибе және Қазақстан (заң шығарудағы проблемалары мен перспективалары); ғылымдардың дамуының негізгі бағыттары және Қазақстандағы инновациялық саясатының маңызды факторларындай жаңа технологиялар; Жер кодексі (меншіктік құқық, жерді пайдалану құқығы, және жерге басқада заттық құқығы); Қазақстан Республикасының құқықтық-шығармашылық және заң шығару процесі. Мемлекеттік және ағылшын тілдеріне оқыту. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы |
4 | | 009 | Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру | Парламентті және оның аппараттарын материалдық-техникалық жарақтандыру, негізгі құрал-жабдықтарды сатып алып, оларды ҚР Парламенті ШБ ведомстволық кәсіпорындарының балансына беру («Қазақстан Республикасы Парламенті ШБ ҚТYПД» РМҚК, «Қазақстан Республикасы Парламенті ШБ ӘҒД» РМҚК, «Қазақстан Республикасы Парламенті ШБ Автошаруашылығы» РМК). | Ақпан-қараша | Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы |
5 | | 017 | Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету | Есептеу техникасы құралдарына техникалық қызмет көрсету; Есептеу жүйелеріне сүйемелдеу мен қызмет көрсету; Web-сайтын сүйемелдеу; Серверлік, есептеу, басқа да құрал-жабдықты және лицензиялық бағдарламалық өнімдерді сатып алып, оларды «Қазақстан Республикасының Парламенті ШБ Инженерлік орталығы» РМК балансына беру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
Қазақстан Республикасы Парламентінің тиімді қызметін қамтамасыз ету.
240 адамның кәсіптік деңгейін арттыру.
300 адамды мемлекеттік тілде оқыту.
280 адамды ағылшын тіліне оқыту.
Түпкі нәтиже:
Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының жұмыс істеуі мен тұруы үшін жағдай жасалады.
56,0 % мемлекеттік қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, мемлекеттік қызметкерлердің 70,0%-нің мемлекеттік тілде оқу, мемлекеттік қызметкерлердің 65,0%-нің ағылшын тілін оқу қажеттілігі қамтамасыз етіледі.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Бір қызметкердің кәсіптік деңгейін арттыруға шығатын орташа шығыс 10,3 мың теңге.
Бір қызметкерді мемлекеттік тілге оқытуға шығатын орташа шығыс 34,7 мың теңге.
Бір қызметкерді ағылшын тіліне оқытуға шығатын орташа шығыс 21,4 мың теңге.
Республикалық бюджеттік қаражатын оңтайлы және тиімді пайдалану.
Уақтылығы: Парламент Палаталарының кезекті сессияға арналған негізгі іс-шараларының жоспарларында бекітілген мерзімдерге сәйкес заң жобаларын шығару.
Сапасы:
Қабылданатын заңдардың сапасын арттыру, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін көтеру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
6-ҚОСЫМША
102 - Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Заң жобалары мониторингінің автоматтандырылған жүйесін құру»
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 300000 мың теңге (үш жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының бюджеттік Кодексі; «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңы; «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Парламенттің заң шығару қызметі жөніндегі ақпаратқа жеке және заңдық тұлғаларға уақытылы әрі сенімді қол жеткізу және заң жобаларын қабылдау әрі қолданыстағы заңдардың тиімділігі жөніндегі мәселелерді бұқаралық сипатта және қызу талқылау мүмкіндігінің болуы.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: өңірлердегі жұмысы кезінде депутаттық корпус yшін ақпаратпен жұмыс істеудің бірыңғай кеңістігін құру, ақпаратты жинау әрі алмасу үшін қызметкерлердің топтық жұмысын ұйымдастыра отырып, ақпаратты өңдеудің бірыңғай технологиясын құру, мүдделі шаруашылық жүргізуші субъектілерге, қоғамдық ұйымдарға, мемлекеттік басқару органдары мен азаматтарға, оларға берілген қол жеткізу құқықтарына сәйкес, барлық қолжетімді көздердің ақпаратына электронды сәйкестендірілген құжатта негізделген әмбебап қол жеткізуді қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 | | Заң жобалары мониторингінің автоматтандырылған жүйесін құру | «Заң жобаларының мониторингісі» жобасын басқару; ҚРП АЖ («Парламент кітапханасы», «Деректер қоймасы» к/ж) құрудың 2-ші кезеңіне арналған техникалық жобаны әзірлеуді жалғастыру; Деректер базасымен қоса «Деректер қоймасы» кіші жүйесін құру; Деректер базасымен қоса «Парламент кітапханасы» кіші жүйесін құру; «Депутат сайты» кіші жүйесін құруды жалғастыру; «Заң жобасы» кіші жүйесін құруды жалғастыру, 1-ші кезең (құрамына «Салыстырма кесте», «Стенографиялық есеп», «Басқа кіші жүйелерге кірігу» атты үш блок кіретін «Деректер базасы»); АЖ құрудың 3-ші кезеңіне арналған техникалық жоба әзірлеу («Отырыс» кіші жүйесі); Негізгі құрал-жабдықты сатып алу; Материалдық емес активтерді сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындалудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
Енгізілген кіші жүйелер.
- «Заң жобасы». Кіші жүйенің негізгі бағыты: Парламент, Сенат пен Мәжіліс регламенттеріне сәйкес қаралатын заң жобаларын қадағалау және бақылау, заңдық процедуралардың барлық операцияларын қолдау, архивтерді жүргізу және Интернет жергілікті желісі мен Интернеттің ғаламдық желісінде деректерді көрсету;
- «Парламенттің ақпараттық қоры». Кіші жүйенің негізгі бағыты. Қазақстан Республикасы Парламентінің заң қызметі жөніндегі ағымдағы жұмысы мен жұмыс кезеңдері туралы ақпаратпен қамтамасыз ету, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат пен Мәжіліс палаталарының, сонымен қатар олардың құрылымдық бөлімшелерін, заң жұмысына байланысты ақпараттың барлық түрлеріне жедел және шынайы қол жеткізу;
- «Электоратпен байланыс» Кіші жүйенің бағыты: Интернеттің ғаламдық желісінде сайлаушылармен сұхбатты қамтамасыз ету, интерактивті сауалтерімді және форумдар өткізу, бекітілген тақырыптама бойынша аудио-, бейнеконференциялар және брифингтер өткізу;
- «Депутат сайты». Кіші жүйенің негізгі бағыты: Интернеттің ғаламдық желісін және Парламенттің ішкі желісін пайдаланушыларға әр депутат бойынша көлемді ақпаратты және электоратпен кері байланысты беру.
Әзірленетін кіші жүйелер:
- «Деректер қоймасы». Кіші жүйенің негізгі бағыты: материалдарды сақтау, сұралынған ақпарат енгізу, іздеу және шығаруды автоматтандыру;
- «Парламент кітапханасы». Кіші жүйенің бағыты: Парламенттің кітапханалық қорын есептеудің технологиялық процесін, енгізуді, тіркеуді, сонымен қатар электрондық түрдегі кітаптар мен периодикаға қол жеткізуді автоматтандыру;
- «Отырыс». Кіші жүйенің бағыты: бюро, пленарлық және бірлескен отырыстарды өткізу кезінде барлық ілеспелі ақпарат электрондық түрде беру.
Түпкі нәтиже:
Парламент жұмысынан айқындылығын және жұртшылықпен кері байланыстың болуын қамтамасыз ету; депутаттық корпустың заң шығармашылық қызметіне қажетті ақпараттың барлық түрлеріне бірегей қол жеткізуін қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық тиімділігі:
Жобаны жүзге асырудың экономикалық тиімділігі заң жобаларын қарауға арналған шығыстарды азайту есебімен түскен табыс өсімімен көрсетілген, яғни заң күшін алған қаралудағы заң жобаларының санын өсіру есебімен.
Заң жобаларын қарау шығыстары бағдармен 22 % қысқартылады.
Уақтылығы:
Мемлекеттік сатып алу туралы жасалынған шарттарда көрсетілген мерзімдерге сәйкес.
Сапасы:
Қазақстан Республикасы Парламентінің заң шығармашылық қызметі туралы уақытылы және сенімді ақпарат алу.