2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Адам
құқықтары жөніндегі ұлттық орталығы)
(ҚР Үкіметінің 2006.15.12. № 1220 Қаулысына 13-қосымша)
(үзінді)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Мыналардың:
13-қосымшаға сәйкес Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
13-ҚОСЫМША
106 - Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметін қамтамасыз ету»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 41683 мың теңге (қырық бір миллион алты жүз сексен үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңы; «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңы» Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік аппараттың жұмысын жақсарту, төрешілдікке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы» 2000 жылғы 31 шілдедегі № 427 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін белгілеу туралы» 2002 жылғы 19 қыркүйектегі № 947 Жарлығы; «Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 992 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін жетілдіру, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалауды, адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру жөніндегі шаралар қабылдауды жүзеге асыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметін қамтамасыз ету және оған адамның және Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын бақылауды жүзеге асыруда, Қазақстан Республикасының құқықтар мен бостандықтар және халықты құқықтық ағарту саласындағы заңдарын жетілдіруде, жан-жақты жәрдемдесу. Өзінің қызметтік міндеттерін тиімді орындау және кәсіптік шеберлігін жетілдіру жөнінде қойылған біліктілік талаптарына сәйкес, білім беру бағдарламалары бойынша кәсіптік қызмет саласында теориялық және практикалық білімін, іскерлігін, кәсіби дағдысын шыңдауды жүзеге асыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметін қамтамасыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | Мониторингті жүзеге асыру, ақпаратты қорту, жүйелеу және талдау; адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдік азаматтардың және азаматтығы жоқ адамдардың лауазымды адамдар мен ұйымдардың олардың Қазақстан Республикасы Конституциясымен және халықаралық шарттарымен кепілдік берілген құқықтарын және бостандықтарын бұзатын іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағымдарын қарауы; адам құқықтары жөніндегі уәкіл жүргізген тексерулердің нәтижелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін ресми хабарлар дайындау; іс-әрекеттері адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға әкеп соққан адамдарды заңда белгіленген жауапкершілікке тарту туралы тиісті мемлекеттік органға адам құқықтары жөніндегі уәкіл енгізетін ұсынымдарды дайындау; адам құқықтарымен бостандықтары саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері жөніндегі қорытындылардың жобаларын даярлау. Құқық қорғау іс-шараларын өткізу. | Жыл бойы | Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық |
3 | | 007 | Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру | Мемлекеттік тілді және ағылшын тілін оқыту бойынша қызметтер сатып алу. | Жыл бойы | Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық |
4 | | 009 | Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру | Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықты материалдық-техникалық жарақтандыру. | Жыл бойы | Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық |
5 | | 017 | Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету | Ақпарат жүйелерін техникалық және технологиялық, бағдарламалық сүйемелдеу және күтушілік қызметімен қамтамасыз ету: Интернет, негізгі дерек "Заң", программа 1С-бұғалтер. | Жыл бойы | Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
- Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің есебін мемлекеттік және орыс тілдерінде шығару және Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі туралы хабардар ету үшін Президентке, Парламентке, Үкіметке, Жоғарғы сотқа, Бас прокуратура мен басқа да орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға жіберу, Қазақстан Республикасының елшіліктері мен халықаралық ұйымдарына жіберу;
- мемлекеттік тілге 15 адамды оқыту;
- ағылшын тіліне 5 адамды оқыту;
- мекеме жабдықтарымен және шаруа товарларымен қамтамасыз ету;
- жиhазбен және компьютерлік техникамен қамтамасыз ету.
Түпкі нәтиже:
- адам мен азаматтың, шетелдік азаматтардың және азаматтығы жоқ адамдардың бұзылған, Конституциямен және Қазақстан Республикасы халықаралық шарттармен кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру;
- мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді оқытумен 100 пайызға қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
- республикалық бюджеттің қаражатын тиімді жұмсау;
- Ұлттық орталықтың бір мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік тілге оқытуға жұмсалатын орташа шығындары - 23,8 мың теңге;
- Ұлттық орталықтың бір мемлекеттік қызметшіні ағылшын тіліне оқытуға жұмсайтын орташа шығыны - 23,8 мың теңге.
Уақтылығы:
- азаматтардың шағымдарын заңнамада белгіленген мерзімде қарау;
- орталықтың жоспарына сәйкес жоспарланған іс-шараларды орындау және көрсетілген уақыт мерзімімен орындау;
- жасатылатын шарттарға сәйкес жыл бойы оқыту.
Сапасы:
- қарауға қабылданған азаматтардың шағымдарын қанағаттандыру және олар бойынша шағым иелеріне жауаптар жіберу;
- кәсіптік мемлекеттік қызмет талаптарына сай, қазіргі заманға экономикалық жағдайларға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіптік деңгейін арттыру; мемлекеттік тілді оқыту курстарынан өткеннен кейінгі іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге көшкен мемлекеттік қызметшілердің үлесі - 40 пайыз.