«Кейбір акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін «Самұрық»
мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі»
акционерлік қоғамының жарғылық капиталына беру туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 қазандағы № 1020 Қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, осы қаулының 2-тармағында көрсетілген іс-шаралар орындалғаннан кейін заңнамада белгіленген тәртіппен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - «Самұрық» холдингі» АҚ) жарияланған акцияларының санын ұлғайтуды және осы қаулыға қосымшада көрсетілген акционерлік қоғамдар (бұдан әрі - акционерлік қоғамдар) акцияларының мемлекеттік пакеттерін беру жолымен орналастырылатын акцияларды төлеуді қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен акционерлік қоғамдардың «Самұрық» холдингі» АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін акцияларының мемлекеттік пакеттеріне бағалау жүргізуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі осы қауылдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 24 қазандағы № 1020
Қаулысына қосымша
Акцияларының мемлекеттік пакеттері« «Самұрық» мемлекеттік
активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі
акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге
берілетін акционерлік қоғамдардың тізбесі
Р/с № № | Ұйымның атауы | Акциялардың мемлекеттік пакеті, (%) |
1 | «ҚазҚуат» акционерлік қоғамы | 100,00 |
2 | «Екібастұз энергия орталығы» акционерлік қоғамы | 100,00 |
3 | Академик Ш.Ч. Чокин атындағы Қазақ энергетика ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамы | 50,00 |
4 | «Бұқтырма су электр станциясы» акционерлік қоғамы | 90,00 |
5 | «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» акционерлік қоғамы | 100,00 |
6 | «Шүлбі СЭС-сі» акционерлік қоғамы | 92,13 |
7 | «Өскемен су электр станциясы» акционерлық қоғамы | 89,99 |
8 | «Астанаэнергосервис» акционерлік қоғамы | 61,72 |
9 | «Эйр Астана» акционерлік қоғамы | 51,00 |
10 | «Маңғыстау таратушы электр желісі компаниясы» акционерлік қоғамы | 94,25 |
11 | «Қазтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы» акционерлік қоғамы | 50,00 |
12 | «Қазақстан инжиниринг» (Kazakhstan engineering)» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы | 100,00 |
13 | «Майқайыңалтын» акционерлік қоғамы | 25,00 |
14 | «Павлодар әуежайы» акционерлік қоғамы | 100,00 |
15 | «Ақтөбе халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамы | 100,00 |
16 | «Астана халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамы | 100,00 |
17 | «Ақбақай тау-кен металлургия комбинаты» акционерлік қоғамы | 33,00 |