Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 желтоқсандағы № 1299 Қаулысы
(2014.19.09. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. «Астана халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамы акцияларының 100 (бір жүз) пайыз мөлшеріндегі мемлекеттік пакеті республикалық меншіктен Астана қаласының коммуналдық меншігіне берілсін.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтыру мен өзгерістер бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Астана қаласының әкімімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1299 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін толықтыру мен өзгерістер
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
1) Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 107-6-жолмен толықтырылсын:
«107-6 «Астана халықаралық әуежайы» АҚ»;
2) Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана» деген бөлімдегі реттік нөмірі 21-30-жол алынып тасталсын.
2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 46, 582-құжат):
көрсетілген қаулыға қосымшада:
«Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне» деген бөлімдегі реттік нөмірі 160-14-жол алынып тасталсын.
3. ҚР Үкіметінің 2014.19.09. № 995 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. «Кейбір акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамының жарғылық капиталына беру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 24 қазандағы № 1020 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
реттік нөмірлері 8 және 16-жолдар алынып тасталсын.