2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006-2014 жылдарға арналған Стратегиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1678 Жарлығы, «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 240 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есірткі бизнесінің одан әрі таралуына қарсы тиімді мемлекеттік және қоғамдық іс-қимыл жүйесінің негізгі буындарын нығайту, кеден органдарын техникалық жарақтандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы әрекет тетігін дамыту, есірткі құралдарының заңсыз айналымына және олардың теріс пайдаланылуына бақылау жасау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың контрабандасын анықтау нысанына кедендік тексеріс сапасын жақсарту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 104 | | Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес | Қазақстан Республикасына есірткі құралдарының әкелінуінің алдын алу, елдегі есірткі ахуалын тұрақтандыруға жәрдем көрсету; нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-әрекет жасау саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту; есірткі құралдарының контрабандасы фактілерін анықтау; нашақорлықтың алдын алу үшін мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекет жасауды күшейту. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: есірткілердің заңсыз айналымына қарсы күресті тиімді ұйымдастыру үшін кедендік бақылау органдарына қажетті жабдықтарды сатып алу жолымен есірткі және жарылыс заттары контрабандасының жолын кесу.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігін нығайту, кедендік бақылау сапасын жақсарту.
Қаржы-экономикалық нәтиже: есірткі құралдарын айқындаудың фактісіне арналған шығындардың орташа құны - 228 мың теңге.
Уақтылығы: іс-шаралар жоспарының мерзіміне сәйкес қойылған міндеттерді іске асыру.
Сапасы: есірткі құралдарының кіруіне жол бермеу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
207-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Электрондық үкімет құру»
деген 112 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 3 259 520 мың теңге (үш миллиард екі жүз елу тоғыз миллион бес жүз жиырма мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет Кодексі; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 10 қарашадағы №
1471 Жарлығы; «Ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және мемлекеттік меншік жөніндегі деректердің ақпараттық базасын жүргізу жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 наурыздағы № 246 қаулысы; «Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 мамырдағы № 579 қаулысы; «Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1286 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ақпараттық технологияларды дамыту негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің органдары қызметінің айқындылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: 1) азаматтармен, шаруашылық жүргізуші субъектілермен, басқа органдармен ақпараттық-технологиялық өзара іс-әрекеттердің тиімділігін қамтамасыз ету;
2) мемлекет алдындағы міндеттемелерін орындау рәсімдерін біржолғы оңайлату кезінде азаматтар мен шаруашылық жүргізуші субъектілерге көрсетілетін қызметтердің аясын кеңейту;
3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуін кешенді дамыту мен жетілдіру, оның ішінде:
- Салықтардың, алымдардың және басқа міндетті төлемдердің және бюджетке түсетін өзге түсімдердің түсімін қамтамасыз ету, бюджетке міндетті төлемдердің толық және уақтылы аударылуы, шикізат секторы ұйымдарынан бюджетке түсімдер бөлігінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аудару бойынша;
- алкоголь өнімінің және этил спиртінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу бойынша;
- кеден төлемдері мен алымдарының бюджетке түсу толықтығын қамтамасыз ету бойынша;
- электрондық мемлекеттік сатып алудың көмегімен мемлекеттік сатып алудың жүргізілуін бақылау;
- республикалық меншік және жекешелендіру объектілерін басқару бойынша.
4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жүйесі органдарының құзыретін әкімшілендіру рәсімдерінің тиімділігін, ақпараттық ашықтығын және айқындылығын арттыру;
5) Қаржы министрлігінің жүйесінде ақпараттық технологиялардың жұмыс қабілетін қамтамасыз ету үшін Қаржы министрлігі жүйесінің ақпараттық-техникалық және аппаратты инфрақұрылымын қайта жарақтандыру мен жаңғырту;
6) ақпараттық қызметтерді біріктіру, мемлекеттік органдармен ақпараттық өзара іс-әрекеттерді жетілдіру мен арттыру;
7) ақпараттық жүйелердің ақпараттық-техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 112 | | Электрондық үкімет құру | | | |
2 | | 100 | «Электрондық кеден» ақпараттық жүйесін құру | 1. Жаңа компоненттерді әзірлеу бөлігінде «Электрондық кеден» ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуін дамыту және кеңейту. Жүйені енгізу және оны пайдаланушыларды оқыту. 2. Серверлік және компьютерлік жабдықтар сатып алу. 3. Материалдық емес активтерді сатып алу | Жыл ішінде | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
3 | | 101 | Кедендік автоматтандырылған ақпараттық жүйесін дамыту "КААЖ" | 1. «Сыртқы сауданың кеден статистикасы деректерінің статистикасы, талдау, оған қол жеткізуді ұйымдастыру» компоненттерін әзірлеу бөлігінде КААЖ ақпараттық жүйесін дамыту және кеңейту. Жүйені енгізу және оны пайдаланушыларды оқыту. 2. Кедендік әкімшілендірудің қолданбалы модульдері мен компоненттерін әзірлеу бөлігінде КААЖ ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуін дамыту және кеңейту. Жүйені енгізу және оны пайдаланушыларды оқыту. 3. Компьютерлік, телекоммуникациялық жабдықтар мен желілерді қорғау жабдықтарын сатып алу. 4. Лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу. | Жыл ішінде | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
4 | | 102 | Біріккен салықтық ақпараттық жүйесін дамыту «ҚР БСАЖ» | 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің ақпараттық жүйелерін дамыту және жұмыс істеуін кеңейту. 2. Серверлік, компьютерлік, телекоммуникациялық жабдықтар мен желілерді қорғау жабдықтарын сатып алу. 3. Лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді, ақпарат қорғау жүйелерінің лицензияларын, вирусқа қарсы бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу. 4. Серверлік үй-жайлар салу (монтаждау бойынша жабдықтар мен жұмыстар сатып алу). 5. Қосымша құрылымдалған кабель желілерін ұйымдастыру жөніндегі жабдықтар мен қызметтерді, оның ішінде қосымша жұмыс орындарды сатып алу. 6. Шұғыл жадуал модульдерін, дискілік кіші жүйелерді серверлік жабдықтарды жаңғырту үшін сатып алу. 7. Ақпараттық жүйелерді біріктірудің өнеркәсіп платформасын сатып алу және оны енгізу (қызметтер, жабдықтар, бағдарламалық қамтамасыз ету сатып алу). | Жыл ішінде | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
5 | | 103 | «СТжСО» Салық төлеушілердің және салық салынатын объектілердің тізілімі" ақпараттық жүйесін дамыту | 1. «Салық төлеушілердің және салық салу объектілерінің тізілімі» ақпараттық жүйесін дамыту және жұмыс істеуін кеңейту, енгізу және даналау, оның ішінде «МДҚ-мен өзара байланыс» және «Біржолғы талондарды» беруді есепке алу компоненті. 2. Шұғыл жадуал модульдерін, дискілік кіші жүйелерді серверлік жабдықтарды жаңғырту үшін сатып алу. 3. Лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу. | Жыл ішінде | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
6 | | 104 | Мемлекеттік сатып алу ақпараттық жүйесін құру | 1. «Электрондық мемлекеттік сатып алу» автоматтандырылған біріктірілген ақпараттық жүйесін дамыту және жұмыс істеуін кеңейту. Жүйені енгізу және оны пайдаланушыларды оқыту. 2. Компьютерлік жабдықтар мен Web-портал жұмыс істеуі үшін лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу. | Жыл ішінде | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
7 | | 107 | «Мемлекеттік меншік тізілімі» ақпараттық жүйесін дамыту | 1. «Мемлекеттік меншік тізілімі» ақпараттық жүйесін дамыту және жұмыс істеуін кеңейту. 2. Серверлік, компьютерлік және телекоммуникациялық жабдықтар сатып алу. 3. Лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу. | Жыл ішінде | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: кедендік төлемдер мен алымдардың бюджетке түсу толықтығын қамтамасыз ету жөніндегі рәсімдерді жетілдіру, оның ішінде:
кедендік рәсімдерге теріс пиғылды қатысушыларды анықтау;
кедендік рәсімдерді оңайлату және жеделдету;
контрабандаға және әкімшілік кедендік құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің тиімділігін арттыру;
лицензиялар мен квоталарды пайдалану бойынша бақылаудың тиімділігін арттыру;
кедендік төлемдердің дұрыстығы мен есептелу жеделдігін арттыру және кедендік төлемдердің түсуін бақылаудың тиімділігін арттыру;
кеден статистикасы мен сыртқы сауда статистикасын жүргізу;
басқа ведомстволармен және басқа мемлекеттердің кеден органдарымен ақпараттық өзара байланыс;
кедендік төлемдер мен алымдардың бюджетке түсу толықтығын қамтамасыз ету жөніндегі ақпараттың жеделдігін арттыру және оның сапасын қамтамасыз ету; қабылданатын шешімдердің жеделдігі мен сапасын арттыру;
салықтардың, алымдардың және басқа да міндетті төлемдердің және бюджетке өзге де түсімдердің түсуін, міндетті төлемдерді бюджетке аударудың, шикізат секторы ұйымдарынан бюджетке түсімдер бөлігі ҚР Ұлттық қорына аударудың толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету жөніндегі рәсімдерді жетілдіру, оның ішінде:
салық төлеушілердің салық және басқа есептілігін жедел қабылдау және өңдеу;
салық әкімшілендіру рәсімдерін автоматтандыру;
салық есептілігін электрондық камералдық бақылау тізбесін кеңейту; ҚҚС төлеушілердің тізілімін жүргізу;
салық төлеушілерді жедел тіркеу, салық төлеушілердің тізілімін жүргізу;
салықтар мен алымдар туралы заңнаманың толық сақталуын, анықталған жолсыздықтар жөніндегі шараларды жедел қабылдау және осының салдары ретінде, салықтар мен алымдардың барлық деңгейлі бюджеттерге және мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға тұрақты түсуін бақылауды арттыру;
екінші деңгейлі банктермен, басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекет;
уәкілетті органдардан ССОТ-қа мәліметтерді қабылдау және өңдеу;
салық төлеушілерге ақпараттық сервис пен көрсетілетін қызметтерді кеңейту;
салық міндеттемелерін орындау кезінде салық төлеушілерге тең, белгілі және бірыңғай шарттарды қамтамасыз ету, салық төлеушілердің салықтық сауаттылығын және хабардар болуын арттыру;
салық салу объектілерінің қызметін барлық көлемін қамтитын салық төлеушілердің есеп жүйесін құру және оны шұғыл бақылау. Азаматтардың кірістері мен мүлкі туралы деректерді жинау оларды әлеуметтік сипаттағы мәселелерін шешу үшін пайдалануға мүмкіндік береді.
алкоголь өнімі мен этил спиртінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу бойынша қамтамасыз ету жөніндегі рәсімдерді жетілдіру;
электрондық мемлекеттік сатып алудың көмегімен мемлекеттік сатып алу өткізуді бақылау бойынша қамтамасыз ету жөніндегі рәсімдерді жетілдіру; оның ішінде:
мемлекеттік сатып алу процесінің барлық кезеңдерінің айқындылық деңгейін, мемлекеттік сатып алу жүйесінің барлық ықтимал берушілері үшін ашық және қол жетімділікті арттыру;
банкроттық рәсімдердің (банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), сондай-ақ дәрменсіз борышкерді соттан тыс таратудың жүргізілуін бақылау бойынша қамтамасыз ету жөніндегі рәсімдерді жетілдіру;
қосымша мамандандырылған бағдарламалық өнімдерді пайдаланушыларды инсталляциялауды болдырмауға мүмкіндік беретін веб-технологиялар арқылы «Мемлекеттік меншік тізілімі» ақпараттық жүйесіне пайдаланушылардың төте және тікелей қол жеткізуін қамтамасыз ету.
Түпкі нәтиже:
Бюджеттік бағдарламаның іс-шараларын іске асыру мемлекеттік бюджетті есепке алудың барлық салаларына, оның ішінде, басқару шешімдерін қабылдау мерзімін жеделдетуге және оның сапасы мен тиімділігін арттыруға кезеңді ықпал етеді.
Ақпараттық жүйелерді, атап айтқанда, салық, кеден, қазынашылық жүйесін, оның ішінде мемлекеттік сатып алу жүйесін, банкроттық рәсімдерді, мемлекеттік меншіктің тізілімін жүргізу рәсімдерін жүзеге асыру жүйесін, қаражат мониторингі және кірістер түсімін талдау, мемлекет шығыстарының тиімділігі бойынша жүйелерді біріктіру елеулі мәнге ие болады.
Бюджеттік бағдарламаның осы бөлігінің әсері салықтардың жиналымдылығын арттыру мен олардың түсу толықтығын қамтамасыз етуден көрінетін болады, салық, кеден органдарының, қазынашылық және қаржылық бақылау органдарының және мемлекеттік бюджет қаржысын есепке алу жүйесінің басқа органдарының іс-әрекеттерін үйлестіру мүмкіндігін, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны түбірімен жою мүмкіндігін арттырады, елдің қауіпсіздігін арттыруға қабілет береді.
Бюджеттік бағдарламаның іс-шарасы Қаржы министрлігінің жүйесі органдарының ішіндегі сынды, азаматтармен және шаруашылық жүргізуші субъектілермен де ақпараттық алмасу процесін жылдамдатуды қамтамасыз етеді. Қажетті өндірістік функцияларды жүзеге асыруға шығынды қысқартуға, қағазсыз құжат айналымының үлесін ұлғайтуға мүмкіндік беретін, оның ішінде халықпен жұмыс кезінде ақпараттық технологиялардың құралдары мен аспаптарын пайдаланатын халық және шаруашылық жүргізуші субъектілер үлесінің өсуіне жанама индикатор болады.
Қазақстанның географиялық ережелерінің ерекшеліктері, өндірісті орналастыру құрылымы ақпараттық технологиялардың ерекше маңызын және халық пен бизнесті қажетті консультациялық қызметтермен қамтамасыз ету үшін ақпаратқа үзілген қол жеткізу жүйесін анықтайды. Қаржы министрлігінің жүйесінде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды енгізу әлеуетті түрде барлық азаматтарға «электрондық үкімет» шеңберінде мемлекеттік қызметтерді жедел алуға мүмкіндік береді. Бұл жариялылықты дамыту және ақпарат саласында барлық азаматтардың тең құқықтарын анық қамтамасыз ету жолында маңызды қадам болады. Іnternet пайдаланушылардың саны және үзілген қол жеткізу жүйесінің көмегімен берілетін қызметтердің көлемі индикатор болады.
Бағдарламаны іске асыру Қазақстанды дүниежүзілік коммуникация мен стандарттар жүйесіне біріктіру үшін қажетті және жеткілікті жағдайлар құрады.
ҚР Қаржы министрлігінің жүйесінде «электрондық үкімет» технологиясын енгізу қызметтің тиімділігін арттырады, сыбайлас жемқорлықтың және әкімшілік барьерлердің азаюына әкеледі.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
30 %-дан аспайтын деңгейге дейін кеден шекарасында физикалық инспекциялардан алынатын импорт декларацияларының санын қысқарту;
10 %-ға алдын ала операцияларды ескере отырып, шекарада кедендік тазалаудың орташа уақытын қысқарту;
50 %-ға кедендік тазалаудан кейін тауарлардың кеден аумағына кіргеннен бастап шыққанға дейінгі уақытын өлшеу кезінде кедендік тазалаудың орташа ұзақтығын қысқарту;
декларация берілгеннен бастап 50 %-ға тауарларды шығаруға рұқсат берілгенге дейінгі уақытты өлшеу кезіндегі кедендік тазалаудың орташа ұзақтығын қысқарту;
тапсырыстарды өңдеу, статистикалық және талдамалы есептілікті (сағат) қалыптастыру уақытын қысқарту;
камералдық бақылау қорытындылары және салықтық тексеру актілері бойынша есептеулерге дейінгі соманы ұлғайту (теңге);
мемлекеттік мұқтаждықтар үшін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға бюджет шығыстарын азайту, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізуге шығындарды азайту, өнім берушілер арасында бәсекелестіктің тең жағдайларын құру, жиналған ақпаратқа жедел қол жеткізу;
мәні бар ақпараттан шығындарды қысқарту;
инспекторлардың уақытын тиімсіз пайдалануынан болатын шығынды қысқарту;
мемлекеттік мұқтаждықтар үшін сатып алуды ұйымдастыруға, дайындауға және жүргізуге бюджет қаражатын 15 %-ға дейін үнемдеу;
әртүрлі берушілердің баға конъюнктурасының айқындығын қамтамасыз ету есебінен бюджет қаражатын 8-10 %-ға үнемдеу; берушілердің арасында бәсекелестікті күшейту есебінен сатып алу бағасын 5-7 %-ға қосымша төмендетуден бюджет қаражатын үнемдеу және шоғырландырылған лоттар бойынша бір түрлі өнімдердің сатып алынатын топтамаларын ірілендіру. Осылайша, жиынтық экономикалық әсер мемлекеттік сатып алуға бөлінетін бюджет қаражаты сомасының кем дегенде 30 %-ын құрай алады;
қазынашылық органдарына құжаттарды беру кезіндегі мемлекеттік мекемелердің шығынын азайту, құжат айналымы уақытын қысқарту және басқалар.
Уақтылығы:
Қарттардың белгіленген мерзіміне сәйкес.
Сапасы:
Есептер, ақпараттық қызметтер беретін ақпараттық жүйелердің жұмыс сапасы қанағаттандаратын пайдаланушылардың ең жоғарғы санына қол жеткізуге талпыну.
Мемлекеттік сатып алу процесін қалыптастыру және жүргізудің бірыңғай тәртібі, мемлекеттік сатып алу процесіне қатысушылардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтауын сапалы бақылау, мемлекеттік сатып алу процесінде құқық бұзушылықтардың санын азайту, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің ақпараттық мәдениет деңгейін арттыру.
Мемлекеттік органдардың ақпараттық ашықтығын арттыру және олардың қызметінің үлкен айқындылығы мемлекетке деген азаматтардың сенімін арттыруға мүмкіндік береді және мемлекеттік шығыстарды бақылауды күшейтуге қабілет береді.