3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының имиджін және инвестициялық тартымдылық рейтингін арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: инвестициялық жобалар аудитін уақтылы өткізу және тиісті халықаралық қаржы ұйымдарына аудиторлық тексеру есептерін беру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағ- дар лама коды | Кіші бағ дар лама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 | | Инвестициялық жобалардың аудитін жүзеге асыру | Үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен қаржыландырылатын тоғыз инвестициялық жобалардың аудитін жүргізу: 1. «Су қорларын басқару және жерді қалпына келтіру» жобасы бойынша аудит (Арнайы операциялар, Кәдімгі операциялар); 2. «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау (1 фаза)» жобасы бойынша аудиті; 3. «Ауылдық аумақтарды сумен жабдықтау және кәріз» жобасы бойынша аудиті (Жай операциялар); 4. «Жол көлігі саласын қайта құрылымдау» жобасы бойынша аудиті (Алматы-Астана); 5. «Автомобиль жолдары саласын дамыту» жобасы бойынша аудиті (Алматы-Бішкек); 6. «Алматы - Бішкек» жолын қайта жаңарту» жобасы бойынша аудиті (Қарапайым операциялар); 7. «Автожол саласын (Атырау-Ақтау) қайта құрылымдау» жобасы бойынша аудиті; 8. «Ауыл шаруашылығын қолдауды жекешелендіруден кейінгі екінші жобасы» жобасы бойынша аудиті; 9. «Ауыл шаруашылығы өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» жобасы бойынша аудиті. Берілген инвестициялық жобалар аудитін жүзеге асыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. | Қаңтар-маусым | Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Қазақстан Республикасының Парламенті бекіткен Қарыз туралы келісімінің міндетті шарттарының бірін орындау.
Тікелей нәтиже: 13500 мың теңге сомасына 9 инвестициялық жобалар аудитін жүргізу.
Түпкі нәтиже: қарыз қаражатын пайдалану айқындылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін 9 инвестициялық жобалар аудитін жүргізу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір инвестициялық жобаның аудитін жүргізуге арналған шығынның шартты құны 2007 жылы 1500 мың теңгені құрайды.
Уақтылығы: 2007 жылдың бірінші жарты жылдығы ішінде 9 инвестициялық жобалар аудитін 100% жүргізу.
Сапасы: халықаралық қаржы институттарының тәуелсіз аудиторлық есептерге мұқтаждығын 100% қанағаттандыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
190-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Тарату және банкроттық рәсімдерді жүргізу» деген
003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 112352 мың теңге (бір жүз он екі миллион үш жүз елу екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жоқ және әрекетсіз борышкерлерді тарату және банкроттау, оның ішінде Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 49-бабына сәйкес ұйымдарды тарату рәсімдерін жүргізу жолымен салық төлеушілердің тізілімін тазартуды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жоқ және әрекетсіз борышкерлердің санын қысқарту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 | | Тарату және банкроттық рәсімдерді жүргізу | Жоқ және әрекетсіз борышкерлерді тарату және банкроттық рәсімдерді жүргізу. Банкроттық туралы іс бойынша хабарландыруларды жариялау. Тарату және банкроттық рәсімдерді жүргізуге байланысты шығындарды төлеу. Салық комитетінің мәліметі бойынша таратуға жататын борышкерлердің күтілетін саны - 1400. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
- клиент: салық органдары;
- тікелей нәтиже: 1400 жоқ және әрекетсіз борышкерлерді тарату;
- түпкі нәтиже: салық төлеуші - дәрменсіз борышкерлердің тізілімін тазарту (жоқ және әрекетсіз);
- қаржы - экономикалық нәтиже: бір ұйымды таратуға жұмсалатын шығындар орта есеппен 80 251 (сексен мың екі жүз елу бір) теңгені құрайды;
- уақтылығы: «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабына сәйкес дәрменсіз борышкерді таратудың негізгі мерзімі 9 айды құрайды;
- сапасы: Қазақстан Республикасының салық салынатын базасын тазарту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№№1220 қаулысына
191-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Республикалық бюджет алдындағы борышты өтеуге арналған
облыстық бюджеттерге ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 116984 мың теңге (бір жүз он алты миллион тоғыз жүз сексен төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою жөніндегі шаралар және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 қыркүйектегі № 908 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Атырау облысы жергілікті бюджеті шығындарының орнын толтыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджеттің алдындағы борышын өтеуді қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 004 | | Республикалық бюджет алдындағы борышты өтеуге арналған облыстық бюджеттерге ағымдағы нысаналы трансферттер | | | |
2 | | 100 | Атырау облысының облыстық бюджетіне төтенше жағдайлар салдарын жою жөніндегі шараларды жүзеге асыру үшін борышты өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Төтенше жағдайларды жоюмен байланысты Үкіметтің арнайы резервінен кассалық алшақтықты жабуға арналған кредитті алудан туындаған республикалық бюджеттің алдындағы борышты өтеуге және сол бойынша сыйақы мен өсімпұл төлеуге жұмсалған жергілікті бюджет шығыстарының орнын толтыру үшін Атырау облыстық бюджетіне 116 984,0 мың. теңге сомасында республикалық бюджеттен ақша қаражатының бөлінуі. | Қаңтар | Қаржы Министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Атырау облыстық бюджетіне қаражаттың 100 пайыз аударылуы.
Түпкі нәтиже: жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджет алдындағы борышының төмендеуі.
Уақтылығы: республикалық бюджет алдындағы борыштың уақытылы жабылуы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№№1220 қаулысына
192-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Халықаралық қаржы ұйымдарының акцияларын сатып алу»
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 369494 мың теңге (үш жүз алпыс тоғыз миллион төрт жүз тоқсан төрт мың теңге.
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкіне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігіне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөніндегі Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкіне, Азия Даму Банкіне, Ислам Даму Банкіне мүшелігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заңының 1-бабы, 2-бабының 1, 2-тармақтары, 4-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының оларға мүше болу Қазақстан Республикасына кредит ресурстарына, оның ішінде экономика мен қаржы саласындағы реформаларды қолдауға, техникалық көмек пен гранттарды алуға жеңілдікті шарттарда қол жеткізу құқығын беретін Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі, Азия Даму Банкі, Ислам Даму Банкі сияқты бірқатар ірі беделді халықаралық қаржылық ұйымдарында акционер мәртебесін сатып алуға байланысты қабылданған өз міндеттемелерін орындауы.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Халықаралық қаржы ұйымдарының акцияларын сатып алу. Халықаралық қаржы ұйымдары Қазақстан Республикасы үшін көздеген төлемдер кестесіне сәйкес халықаралық қаржы ұйымдарына мүшелік жарналарды тұрақты төлеуді қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 006 | | Халықаралық қаржы ұйымдарының акцияларын сатып алу | 1. ХҚДБ - ХҚДБ акционерлік капиталына негізгі жазылу есебіне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған 30.06.1997 ж. № 5/5025 қарапайым вексель қаражатының бөлігін инкассациялау; 2. ЕҚДБ - ЕҚДБ акционерлік капиталына, қосымша жазылу есебіне қаражат бөліктерін, оның ішінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған 07.05.2003ж. № ҚЕӘД-1-2/4082 қарапайым векселінің бесінші бөлігін, 01.04.2004ж. № ҚЕӘД-1-2/3135 қарапайым векселінің төртінші бөлігін, 06.04.2005ж. № ХҚҚД-2-2-5/2987 қарапайым векселінің үшінші бөлігін инкассациялау; 3. АДБ - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған 17.05.96 ж. № 27-3-10/3719 және 17.05.1996 ж. № 27-3-10/3720 қазынашылық вексельдері қаражатының бөліктерін АДБ акционерлік капиталына қосымша жазылу есебіне инкассациялау; 4. ИДБ - ИДБ акционерлік капиталына қосымша жазылу есебіне үшінші мүшелік жарнаны төлеу; 5. ХДҚ - ХДҚ акционерлік капиталына қосымша жазылуды төлеу. | 2007 жылғы II, IV тоқсан 2007 жылғы II тоқсан 2007 жылғы III тоқсан 2007 жылғы IV тоқсан 2007 жылғы IV тоқсан | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: жалпы сомасы 55943,7 мың теңгеге Банк төлемдерінің кестесіне сәйкес құны 10000 Ислам динары Ислам Даму Банкінің 30 акцияларын сатып алу, ХДҚ жалпы жарғылық капиталының 0,26 пайызға мөлшерінде Қазақстан Республикасының Қауымдастықтағы үлесін қолдау мақсатында ХДҚ акционерлік капиталына қосымша жазылу бойынша 5316,5 мың теңге төлеу, сондай-ақ жалпы сомасы 315599,7 мың теңге мөлшерінде Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі, Азия Даму Банкінің акционерлік капиталына жазылу есебіне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған жай векселдерді инкассациялау.
Түпкі нәтиже: халықаралық ұйымдарға төлеуді 100 пайыз қамтамасыз ету.
Уақтылығы: төлем кестелеріне сәйкес халықаралық қаржы ұйымдарына мүшелік жарналарды уақтылы төлеу.
Сапасы: халықаралық қаржы ұйымдарына мүшелік жарналар төлеу бойынша осы ұйымдардың кінә қоюларын 100 пайыз болдырмау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№№1220 қаулысына
193-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі органдарының ақпараттық
жүйелерін құру және дамыту"
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1814293 мың теңге (бір миллиард сегіз жүз он төрт миллион екі жүз тоқсан үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет Кодексі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ақпараттық технологиялар негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі органдары қызметінің айқындылығын және тиімділігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: басқа мемлекеттік органдармен ақпараттық-технологиялық өзара іс-әрекеттің тиімділігін арттыру; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуін дамыту және жетілдіру; мемлекеттік бюджеттің атқарылуына бақылау рәсімдерінің тиімділігін, ақпараттық ашықтығын және айқындылығын арттыру; ақпараттық жүйелердің ақпараттық-техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 007 | | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі органдарының ақпараттық жүйелерін құру және дамыту | | | |
2 | | 100 | Қазынашылықтың ақпараттық жүйесін құру | 1. Қазынашылықтың ақпараттық жүйелерін дамыту, жұмыс істеуін кеңейту. 2. Қазынашылық ақпараттық жүйесінің резервтік орталығын құру. 3. Компьютерлік жабдық және серверлік үй-жай жабдығын сатып алу. 4. Oracle Аррlications лицензияларын сатып алу | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі. |
3 | | 102 | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелерін құру және дамыту | 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелерін дамыту және жұмыс істеуін кеңейту. Пайдаланушыларды оқыту. 2. Серверлік, компьютерлік және белсенді желілік жабдықтар сатып алу. 3. Лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: ақпараттық жүйені қолдану негізінде мынадай рәсімдерді орындауды қамтамасыз ету:
- барлық деңгейдегі мемлекеттік бюджеттің атқарылуын бақылауды, уақытылы және негізделген қаржы-экономикалық шешімдерді қабылдауды; мемлекеттік органдардың жұмысына талдау мен бағалау жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметін және басқа да мүдделі тараптарды мемлекеттік бюджеттің атқарылуына және оны бақылауға қатысы бар жедел ақпаратпен қамтамасыз ету.
- қаражат мониторингі және кірістердің түсімін, мемлекеттің шығыстардың тиімділігін, дәлелсіз шығындар жібермеуін, нысаналы мақсат бойынша пайдалануды талдау;
- мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелер мен төлемдер жөніндегі бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламалардың) қаржыландыру жоспарларын және жиынтық қаржыландыру жоспарын жасауды, бекітуді, өзгерістер мен толықтырулар енгізу процесін;
- мемлекеттік бюджеттің атқарылу барысы туралы жедел деректерді қалыптастыру, мемлекеттік бюджеттің күтілетін атқарылуын болжамдау, есептілікті қалыптастыру және мемлекеттік бюджеттің атқарылуын талдау;
Түпкі нәтиже:
- қазынашылық ақпараттық жүйесінің 100% тұрақты және үздіксіз жұмыс істеуі;
- мемлекеттің қаржы ресурстарын, мемлекеттің міндеттемелері мен төлемдерін 100% тиімді және уақтылы басқару;
- республика бюджетінің кез келген деңгейін атқару бойынша операцияның 100% айқындылығы;
- Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің бақылау қызметін тиімді жоспарлау және жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша мәліметтерді жинау және жинақтау мерзімін қысқарту;
- Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі органдарының қаржы-шаруашылық қызметін тиімді жедел басқару;
- күрделі сұрау салуларды өңдеу уақытын азайту үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің органдары қызметкерлерінің уақтылы ақпаратқа қол жетімділігі.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің органдарында бюджеттік процестерді және мемлекеттік бюджетке қазынашылық қызмет көрсетуді автоматтандыруды ескере отырып еңбек шығындарын төмендету.
Уақтылығы:
- міндеттемелер мен төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарларына сәйкес белгіленген мерзімге сай жоспарланған іс-шараларды орындау.
Сапасы:
- төлемдерді жүргізу және есептерді беру айқындылығы, уақтылығы.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 193-1-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
193-1-ҚОСЫМША
217-Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Халықтың қаржы сауаттылығын арттыру»
деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 600000 мың теңге (алты жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негіздері: Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауы,»«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңы, Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 1284 қаулысымен мақұлданған, «Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 қаулысы 11.3 тармағы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Инвестициялық мәдениетті арттыру және елдің экономикалық өсуіне халықтың жинақ ақшасының қатысуын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: қаржы құралдарының инвестициялық мүмкіндіктерін кеңінен насихаттау арқылы Қазақстан халқының инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу. Бағдарлама шеңберінде - нысаналы аудиторияны барынша қамтитын қажетті және жеткілікті коммуникация құралдарын қолдана отырып, республика халқының қаражатын экономиканың қаржы секторына тарту жөніндегі бірыңғай тұжырымдама құру және ілгері жылжыту. қарапайым және тиімді креативті идеяларды іске асыру арқылы халықтың инвестициялық санасына әсер ету бойынша оңтайлы шешімдерді таңдау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Бағдар- ламаның (кіші бағдар- ламаның атауы) | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар (кіші бағдарламалар) | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 008 | | Халықтың қаржы сауатты- лығын арттыру | Халықтың дайындық деңгейін және аумақтық-өңірлік ерекшелігін ескеретін, халыққа ақпараттық іс-қимылдың бірыңғай РR-компаниясын құру және ілгері жылжыту үшін статистикалық деректер негізінде нысаналы топтарды айқындау. Медиа-жоспар жасау. Бағдарламаның жалпы РR-тұжырымдамасын, бірыңғай стилін әзірлеу. Бейне және аудио жарнама, ТД мен радиоға бағдарламалар мен хабарлар; баспасөз бен сыртқы жарнама үшін, тақырыптық жарнамалық және ақпараттық хабарламалар; оқыту әдебиетіне арналған материалдарды әзірлеу және шығару; лекциялар, ойындар, викториналар, промо-акциялар өткізу үшін сценариялар жазу. Сыртқы жарнама үшін дизайн мен рrе-рrеss, полиграфия мен кәде сый өнімдерін әзірлеу. Бағалы қағаздарға инвестициялау мәселелері бойынша телебағдарламалар мен роликтерді орыс және қазақ тілдерінде әзірлеу және орналастыру. Баспасөзде жарнамалық модульдерді, мақалаларды, материалдарды орналастыру. Сыртқы жарнаманы орналастыру және шығару. Жарнамалық және оқыту полиграфиялық өнімдерін өндіру және тарату. Лекция, промо-акциялар, ойындар, викториналар өткізу. Интернет жарнама, оның ішінде қаржы порталын құру. «Қазпочта» Акционерлік қоғамының трансфер-агенттік желісі базасында ақпараттық орталықтардың жұмыс істеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету. Қор нарығының мәселелері бойынша Алматы қаласында «call-орталығын» ашу және жұмыс істеу. Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақстан Экономикалық университетінің базасында орташа кәсіптік және жоғары кәсіптік білім беретін білім ұйымдары оқытушыларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру. | шілде- желтоқсан | Қазақстан Республи-касының Қаржы министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: тікелей нәтиже: Қор нарығында инвестициялау тетігін пайдаланатын халықтың үлесін арттыру. Отандық нарықтағы инвестициялық процестердің оң имиджін құру. Инвестициялық жобаларға тартылған халықтың қаражатын арттыру. Экономикалық дамуды жеделдету мақсатында халықтың ақша қаражатын экономикаға тарту. Қаржы ағымының ашықтығын арттыру. Республика азаматтарының жинақ ақшаларының жылжымайтын мүлкін тәуекелді инвестициялық операцияларға тәуелділігін төмендету. Қаржылық инфрақұрылымды дамыту;
түпкі нәтиже: халықтың әл-ауқатын көтеру, сондай-ақ инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылықты арттыру арқылы республика экономикасына оның жинақ ақшасын тарту;
уақтылығы: белгіленген кестеге сәйкес іс-шараларды уақтылы орындау;
сапасы: қор нарығына халықтың қатысуын тарату үшін жағдай жасау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
194-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және
Алматы қалаларының бюджеттеріне мемлекеттік қызметшілерге, мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне жалақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 89469724 мың теңге (сексен тоғыз миллиард төрт жүз алпыс тоғыз миллион жеті жүз жиырма төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексі; Елбасының «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауы; Қазақстан Республикасы Президентінің»"Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығы; «Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысы; «Базалық лауазымдық жалақы мен түзету коэффициентінің мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 қаңтардағы № 74 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын жеке сектордың жалақысына біртіндеп жақындату.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жалақының 2005 жылғы 1 шілдеден бастап 32%-ға, 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап орташа есеппен 30%-ға көтерілуіне байланысты 89 469 724 мың теңге сомасында жергілікті бюджеттер шығыстарының көбеюіне өтемақы төлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 009 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мемлекеттік қызметшілерге, мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне жалақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Республикалық бюджеттен Ақмола облысының бюджетіне - 455388 мың теңге, Ақтөбе облысының бюджетіне - 4490992 мың теңге, Алматы облысының бюджетіне - 6215893 мың теңге, Атырау облысының бюджетіне - 3420551 мың теңге, Шығыс Қазақстан облысының бюджетіне - 7338533 мың теңге, Жамбыл облысының бюджетіне - 5735978 мың теңге, Батыс Қазақстан облысының бюджетіне - 4178255 мың теңге, Қарағанды облысының бюджетіне - 7975494 мың теңге, Қостанай облысының бюджетіне - 5204640 мың теңге Қызылорда облысының бюджетіне - 6922919 мың теңге, Маңғыстау облысының бюджетіне - 2831552 мың теңге, Павлодар облысының бюджетіне - 4476595 мың теңге, Солтүстік Қазақстан облысының бюджетіне - 4363444 мың теңге, Оңтүстік Қазақстан облысының бюджетіне - 13090070 мың теңге, Алматы қаласы бюджетіне - 5566789 мың теңге, Астана қаласы бюджетіне - 3104138 мың теңге, мақсатты трансферттер аудару. | Жыл бойы | Қаржы министрлігі. |