ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 019 | | Жеңілдікті тұрғын үй кредиттері бойынша бағамдық айырманы төлеу | 2006 жыл үшін «Тұрғын үйқұрылысбанкі» ЖАҚ берген жеңілдікті тұрғын үй кредиттері бойынша бағамдық айырманы төлеу. | 2007 жылдың үшінші тоқсанының соңына дейін | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: «ЦентрКредитБанкі» АҚ жеңілдікті тұрғын үй кредиттері бойынша бағамдық айырмасын төлеу.
Түпкі нәтиже: жасалған кредит келісімдерінің ережелеріне сәйкес кредиттер бойынша берешекті өтеу бөлігінде орындалған міндеттемелер жөніндегі бағамдық айырманы өтеу жолымен жеңілдікті тұрғын үй кредиттерін алған азаматтарды мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже: жеңілдікті тұрғын үй кредиттері бойынша бағамдық айырманы өтеуді алған салымшылардың үлесі.
Уақтылығы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің «ЦентрКредитБанкі» АҚ алдындағы міндеттемелерінің орындалу уақтылығы.
Сапасы: «ЦентКредитБанкі» АҚ бағамдық айырмасын өтеу толықтығы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
202-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалары бюджеттеріне
бюджеттік түсімдердің шығындарын өтеуге
берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген 021 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 29 666 165 мың теңге (жиырма тоғыз миллиард алты жүз алпыс алты миллион бір жүз алпыс бес мың теңге).
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы кодексі, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексінің 38-бабы, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңы, «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 219 Заңы, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 220 Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жеке табыс салығының бірыңғай ставкасын 10% көлемінде белгілеу мен салық салу кезінде кірістерден есептік көрсеткіштің орнына жалақының ең төменгі мөлшерін алып тастаудан және жергілікті бизнеске түсетін ойын бизнесіне арналған акцизді жоюдан туындаған жергілікті бюджеттердің жоғалуларын өтеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жергілікті бюджеттердің шығыстарын уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 021 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалары бюджеттеріне бюджеттік түсімдердің шығындарын өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес бюджетке түсетін түсімдердің шығынын өтеуге республикалық бюджеттен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы ағымдағы трансферттерді аудару. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, жергілікті атқарушы органдар |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметінің стандарттық деңгейін ұсынуы.
Түпкі нәтиже: жергілікті бюджеттердің кредиторлық берешегінің болмауы.
Уақтылығы: жергілікті бюджеттік бағдарламаларды уақтылы қаржыландыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
203-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары бойынша сыйлықақылар төлеу» деген 024 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 346700 мың теңге (үш жүз қырық алты миллион жеті жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Заңы, «Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысының дамуының мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 маусымдағы № 1388 Жарлығы, «Тұрғын үй құрылысы ұзақ мерзімді қаржыландыру және ипотекалық несие беру жүйесін дамыту тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 тамыздағы № 1290 қаулысы, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 сәуірдегі № 364 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы бойынша мемлекеттік сыйлықақылар беру бөлігінде Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін дамытудың мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы бойынша мемлекеттік сыйлықақылар беру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 024 | | Тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары бойынша сыйлақылар төлеу | «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшыларына мемлекеттің сыйлықақысын төлеу. | 10 ақпанға дейін | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары бойынша мемлекеттік сыйлықақыларды төлеу.
Түпкі нәтиже: тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы банктерінің салымшылары санын көбейту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары бойынша мемлекеттік сыйлықақыларды төлеу ережелеріне сәйкес мемлекеттің сыйлықақысын алған «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшыларының саны.
Уақтылығы: заңнамаға сәйкес мемлекеттің сыйлықақысын төлеуге «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ корреспонденттік шотына қаражатты уақтылы аудару.
Сапасы: тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары бойынша мемлекеттің сыйлықақысын дұрыс және толық есептеу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
204-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Кедендік бақылау және кедендік инфрақұрылым объектілерін салу» деген 026 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1530818 мың теңге (бір миллиард бес жүз отыз миллион сегіз жүз он сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуірдегі Кеден кодексі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықаралық стандарттарға және талаптарға сәйкес мемлекеттік шекарада тауарлар мен көлік-құралдарына бірлескен бақылауды, мемлекеттік шекараны қорғау мен сақтауды, Қазақстанның егемендігіне және аумақтық тұтастығына қол сұғушылыққа тыйым салуды, орын ауыстыратын объектілердің ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, өсімдіктердің карантині жөнінде бақылауды, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын сақтауды жүзеге асыру, ұлттық, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін қолайлы жағдай жасау, қарудың, есірткі заттарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың контрабандасын анықтау тұрғысынан нақты тексерудің сапасын жақсарту, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік әлеуетті арттыру.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 026 | | Кедендік бақылау және кедендік инфрақұрылым объектілерін салу | «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің сәйкес сомалардың шегінде инвестициялық жобаларды мыналар бойынша іс-шараларға арналған белгіленген тәртіпте бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес іске асыру: 1. Мынадай: - Атырау облысының «Котяевка»; - Атырау облысының «Оңтүстік Қарабатан»; - Маңғыстау облысының «Баутино» бірыңғай бақылау-өткізу пункттерін салуды аяқтау (21.04.2004 жылғы № 7-07-КБ/2004 үлгілік жобаға мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); 2. Мынадай: - Батыс Қазақстан облысының «Бірлік» (17.02.2006 жылғы № 7-74-1/06 техникалық-экономикалық негіздеме бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); - Солтүстік Қазақстан облысының «Бидайық» (17.02.2006 жылғы № 7-74-1/06 техникалық-экономикалық негіздеме бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысы) бірыңғай бақылау-өткізу пункттерінің жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу, мемлекеттік ведомстводан тыс сараптама жүргізу және құрылысын салу; 3. Мынадай: - Ақтөбе облысының «Қарғалы» (17.02.2006 жылғы № 7-74-1/06 техникалық-экономикалық негіздеме бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); - Жамбыл облысының «Ауқатты» (17.02.2006 жылғы № 7-74-1/06 техникалық-экономикалық негіздеме бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); - Жамбыл облысының «Сортөбе» (17.02.2006 жылғы № 7-74-1/06 техникалық-экономикалық негіздеме бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысы) кеден бекеттері инфрақұрылымының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу, мемлекеттік ведомстводан тыс сараптама жүргізу және құрылысын салу; 4. Солтүстік Қазақстан облысы «Жаңажол» (17.02.2006 жылғы № 7-74-1/06 техникалық-экономикалык негіздеме бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысы) кеден бекеті жолаушылар терминалының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу, мемлекеттік ведомстводан тыс сараптама жүргізу және құрылысын салу. 5. Маңғыстау облысының Ақтау қаласында кедендік ресімдеу орталығы, кедендік бақылау орталығы бар Кедендік бақылау департаментін салу (техникалық-экономикалық негіздеме бойынша мемлекеттік сараптаманың 2007 жылғы 24 наурыздағы № 15-102/07 қорытындысы). | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 (бұр.ред.қара); 2007.28.08. № 747 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 7-тармақ өзгертілді
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Атырау, Маңғыстау облыстарында 3 объектіні аяқтау; Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында 7 объекті бойынша мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамадан өткен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама; Батыс Қазақстан облысының «Бірлік», Солтүстік Қазақстан облысының «Бидайық» бірыңғай бақылау-өткізу пункттерінің, Ақтөбе облысының «Қарғалы», Жамбыл облысы «Ауқатты», Жамбыл облысы «Сортөбе» кеден бекеттері инфрақұрылымының, Солтүстік Қазақстан облысы «Жаңажол» кеден бекеті жолаушылар терминалының құрылысы жөніндегі орындалған жұмыстардың көлемі және Маңғыстау облысының Ақтау қаласында кедендік ресімдеу орталығы бар Кедендік бақылау департаментін салу бойынша орындалған жұмыстардың көлемі.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігін нығайту үшін кедендік бақылау және кедендік инфрақұрылым объектілерін пайдалануға енгізу.
Уақтылығы: жұмыстарды жүргізу кестесіне және жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
205-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Еуразия даму банкіне қатысушы мемлекеттердің нарықтық экономикасының қалыптасуы мен дамуына, олардың экономикалық өсуі мен сауда-экономикалық байланыстарын кеңейтуге жәрдемдесу»
деген 027 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 23400000 мың теңге (жиырма үш миллиард төрт жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық-негізі: «Еуразия даму банкін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 12 сәуірдегі Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықаралық қаржылық-экономикалық ынтымақтастықтың нығаюына септігін тигізу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының Еуразия даму банкінің жарғылық капиталын қалыптастыруға қатысуы.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 027 | | Еуразия даму банкіне қатысушы мемлекеттердің нарықтық экономикасының қалыптасуы мен дамуына, олардың экономикалық өсуі мен сауда-экономикалық байланыстарын кеңейтуге жәрдемдесу | Қазақстан Республикасының Еуразия даму банкінің жарғылық капиталындағы үлесін төлеу | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасының Еуразия даму банкінің жарғылық капиталындағы акциялардың 40 пайызын сатып алуы.
Түпкі нәтиже: Еуразия даму банкінің жарғылық капиталына төлемдерді 100 пайыз қамтамасыз ету.
Уақтылығы: Еуразия даму банкін құру туралы келісімде көрініс тапқан қаржыландыру мерзімдері мен шарттарын сақтау.
Сапасы: жүзеге асырылатын инвестициялар арқылы Қазақстан Республикасының экономикасын дамыту.
ҚР Үкіметінің 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен 205-1 қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
205-1-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшілігі
2007 жылға арналған
049 - «Қазақстандық ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры»
АҚ жарғы капиталын ұлғайту»
деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1 025 000 мың теңге (бір миллиард жиырма бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспары аясында екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық несиелер беруі кезінде тұрғын үйді қаржыландыру жүйесінің тұрақтылығын сақтау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: «Қазақстандық ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры» АҚ қаржыландыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ | Бағдарламаның коды | Кіші бағдарлама- ның коды | Кіші бағдарламалардың (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарла- маны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 049 | | «Қазақстандық ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры» АҚ жарғы капиталын ұлғайту | «Қазақстандық ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры» АҚ жарғы капиталын толықтыру | 2007 жылғы қараша желтоқсан | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтижесі: «Қазақстандық ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры» АҚ жарғы капиталының толығуы.
Түпкі нәтижесі: екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық несиелер беруі кезінде тұрғын үйді қаржыландыру жүйесінің тұрақтылығын сақтау. Бұл ретте 1:20 қатынастағы капитал жеткіліктілігінің халықаралық стандарттарына сәйкес»«ҚИНКҚ» АҚ жарғылық капиталын ұлғайтуға көзделген 1,025 млрд. теңге 20,5 млрд. теңге мөлшерінде ипотекалық несиелендірудің жалпы көлемінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қаржы-экономикалық тиімділік: ипотекалық несиелендіру кезіндегі тәуекелді төмендету жолымен»«Қазақстандық ипотекалық қоры» АҚ мен екінші деңгейдегі банктердің қаржылық тұрақтылығын арттыру.
Уақтылылығы: ақшалай қаражатты уақтылы аударылуы.
Сапасы: «Қазақстандық ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры» АҚ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтерді, халықаралық рейтингтік агенттіктердің ұсынымдарын және қазіргі таңдағы халықаралық стандарттарды орындауын қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен 205-2 қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
205-2-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
050 - 2007 жылға арналған «Қазақстан ипотекалық компаниясы»
АҚ жарғылық капиталын арттыру»
деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 8 500 000 мың теңге (сегіз миллиард бес жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар Жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қараша № 1039 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар Жоспары шеңберінде екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық кредиттер беруін тұрақтандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ | Бағдарламаның коды | Кіші бағдарламаның коды | Кіші бағдарламалардың (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдар- ламаны) іске сыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 050 | | «Қазақстандық ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры» АҚ жарғы капиталын ұлғайту | «Қазақстандық ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры» АҚ жарғы капиталын толықтыру | 2007 жылғы қараша- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтижесі: «Қазақстандық ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры» АҚ жарғы капиталын толықтыру.
Түпкі нәтижесі: екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық кредит беруін тұрақтандыру. «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ жарғылық капиталын ұлғайтуға көзделген 8,5 млрд. теңгеден 3,5 млрд. теңгенің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етеді 5 млрд. теңгесі «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ талаптарына сәйкес екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық кредиттер бойынша талаптар құқығын иеленуге.
Қаржы-экономикалық тиімділік: «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ талаптарына сәйкес екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық кредиттер бойынша талаптар құқығын иелену жолымен өтімділігін көтеру.
Уақтылылығы: ақшалай қаражатты аудару уақтылылығы.
Сапасы: «Қазақстан ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры» АҚ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген пруденциялдық нормативтерді, халықаралық рейтингтік агенттіктер мен бар халықаралық стандарттардың ұсыныстарын орындауын қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен 205-3 қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
205-3-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
051 - «2007 жылғы тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға арналған
«Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ кредиттеу
деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 12 000 000 мың теңге (он екі миллиард теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар Жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қараша № 1039 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар Жоспары шеңберінде екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық кредиттер беруін тұрақтандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша бірінші кезектегі іс-әрекет Жоспары шеңберінде екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық кредит беруін тұрақтандыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ | Бағдарламаның коды | Кіші бағдарламаның коды | Кіші бағдарламалардың (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 051 | | Тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға арналған «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ кредиттеу | Екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық кредиттер бойынша талаптар құқығын иеленуге «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ жеңілдетілген сыйақы ставкасы бойынша ұзақ мерзімді бюджеттік кредит беру | 2007 жылғы қараша- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтижесі: «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ талаптарына сәйкес екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық кредиттер бойынша талаптар құқығын иеленуге «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ ұзақ мерзімді жеңілдетілген кредитін алу.
Түпкі нәтижесі: екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық кредит беруін тұрақтандыру.
Қаржы-экономикалық тиімділік: Қаржы секторы мен әлеуметтік-экономикалық дамуды тұрақтандыру үшін екінші деңгейдегі банктердің өтімділігін көтеру.
Уақтылылығы: бюджет кредитінің уақытылы бөлінуі.
Сапасы: республикалық бюджетте көзделген кредит қаражатының толық мөлшерде бөлінуі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
206-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне
қарсы күрес» деген 104 республикалық
бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 45883 мың теңге (қырық бес миллион сегіз жүз сексен үш мың теңге).