2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру
және байланыс агенттігі)
(ҚР Үкіметінің 2006.15.12. № 1220 Қаулысына 407-416-қосымшалар)
(үзінді)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналардың: 407, 408, 409, 410, 411, 412, 413, 414, 415, 416-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
407-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті органның
қызметін қамтамасыз ету»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 569276 мың теңге (бес жүз алпыс тоғыз миллион екі жүз жетпіс алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 9-бабы; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 21-24-баптары; «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңының 5-бабы; 2004 жылғы 5 шілдедегі «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 10 қарашадағы Жарлығы; «Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды сатып алудың (сатудың), тіркеудің, жобалаудың, салудың (орнатудың), пайдаланудың және шетелден әкелудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 қазандағы № 1293 қаулысы; «Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін радиосәуле шығаратын құралдардың деректерін есепке алудың бірыңғай жүйесін құру бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 114 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі № 724 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында ақпараттандыру және байланыс салаларының кезеңмен дамуы және жетілдіруі.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: халықаралық тәжірибені зерттеуге және халықаралық стандарттарды енгізуге негізделген байланыс және ақпараттандыру салаларының нормативтік құқықтық негізін жетілдіру;
өзінің қызметтік міндеттерін тиімді орындау және кәсіптік шеберлігін жетілдіру үшін қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес кәсіптік қызмет саласында білім бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімді, іскерлікті және кәсіби дағдыны шыңдауды жүзеге асыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | Байланыс және ақпараттандыру саласының нормативтік-құқықтық негізін жетілдіру; өз құзыреті шегінде қызмет түрлерін лицензиялау; байланыс және ақпараттандыру саласындағы және радиожиілік өрісін пайдаланудағы жеке және заңды тұлғалардың қызметіне мемлекеттік техникалық бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету; радиожиілік өрісінің мониторингінің толық түрде қызмет ететін жүйесінің құрылуы; мемлекеттік органдардың ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстардың мемлекеттік регистрін сүйемелдеу; ведомствоаралық ақпараттық жүйелердің қызметін техникалық қолдау; деректер беру желілеріне қол жеткізу жөніндегі және телефондық қызметтер үшін абоненттік және жалдық төлемдерді қамтитын ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелерін сүйемелдеу; 2 тақырып бойынша нормативтік құқықтық құжаттар әзірлеу: 1) телекоммуникация желілерінің ортақ пайдаланудағы телекоммуникация желілеріне қосылу және Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланудағы телекоммуникация желілерімен трафикті өткізуді реттеу мәселесі бойынша зерттеу жүргізу; 2) РЖС конверсиялауды жүргізудің нәтижелері бойынша халықаралық электробайланыс кеңесінің ұсыныстарға байланысты радиожиілік спектрді пайдаланудың гармонизациясы бойынша зерттеулер жүргізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі |
3 | | 002 | Аумақтық органдардың аппараттары | Байланыс және ақпараттандыру саласының нормативтік-кұқықтық негізін жетілдіру; өз құзыреті шегінде қызмет түрлерін лицензиялау; байланыс және ақпараттандыру саласындағы және радиожиілік өрісін пайдаланудағы жеке және заңды тұлғалардың қызметіне мемлекеттік техникалық бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету; радиожиілік өрісінің мониторингінің толық түрде қызмет ететін жүйесінің құрылуы; компьютерлік және ұйымдастыру техникасына техникалық қызмет көрсету; деректер беру желілеріне қол жеткізу жөніндегі және телефондық қызметтер үшін абоненттік және жалдық төлемдерді қамтитын ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелерін сүйемелдеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі |
4 | | 007 | Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру | Мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқыту жөніндегі қызметтерді сатып алу. | Ақпан-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі |
5 | | 009 | Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру | Алматы қаласы үшін стационарлық радиобақылау бекеттерін; Орал, Қызылорда, Павлодар, Тараз қалалары үшін 30 МГц-2 ГГц диапазондағы жылжымалы өлшеу-пеленгациялық кешендер; Ақтөбе, Ақтау, Петропавл, Талдықорған, Көкшетау, Жезқазған, Семей, Тараз қалалары үшін аз шулайтын күшейткіш; Ақтөбе, Ақтау, Петропавл, Талдықорған, Көкшетау, Жезқазған, Семей, Тараз қалалары үшін әртүрлі жиілілік диапазондарға бағытталған айықтырғыштар жинағын; Ақтөбе, Ақтау, Қарағанды, Петропавл, Тараз, Шымкент қалалары үшін көп функционалды тестілеу қабылдығышын (портативтік); Алматы, Талдықорған, Астана, Көкшетау, Атырау, Ақтау, Семей, Өскемен, Қарағанды, Жезқазған, Павлодар қалалары үшін аумақтық органдардың жабдықтарын Радиожиілік өрісінің мониторинг орталығының орталық серверімен түйістіру үшін жүйелік жабдықтар жинағын сатып алу. Орталық және аумақтық органдардың қызметін материалды-техникалық қамту. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі |
6 | | 017 | Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету | Ақпараттық жүйелерді техникалық, технологиялық және бағдарламалық қамтамасыз ету; интернетке кіру қызметтері; компьютерлік техниканы сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: байланыс қызметі нарығының және ақпараттандыру саласының тиімді қызмет етуі үшін ақпараттық-коммуникациялық саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, байланыс операторларының қызметін реттеу және бақылау жүргізу, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заң мүдделерін, сонымен қатар мемлекеттің ұлттық мүдделерін қорғау; мемлекеттік тілге 99 адамды оқыту, ағылшын тіліне 20 адамды оқыту.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасы ақпараттық-коммуникациялық секторының тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже: радиожиілік өрісін пайдаланғаны үшін мемлекеттік бюджетті түсімдермен толтыру.
Бір мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік тілге оқытудың орташа шығыны - 12,5 мың теңге.
Бір мемлекеттік қызметшіні ағылшын тіліне оқытудың орташа шығыны - 20,6 мың теңге.
Уақтылығы: мемлекеттік органға жүктелген міндеттерді уақытылы орындау.
Сапасы: мемлекеттік тілге оқыту курсынан өткеннен кейін мемлекеттік тілде іс жүргізуге көшетін мемлекеттік қызметшілердің үлесі 60 пайызды құрайды;
ағылшын тілге оқыту курсынан өткеннен кейін ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің үлесі 30 пайызды құрайды;
радиожиілік өрісінің және радиоэлектрондық құралдарды заңсыз қолданушыларды, лицензиялық заңды бұзуларды кесіп өту және оперативті ашу, байланыс саласының қызметі нарығының және ақпараттандыру саласының мемлекеттік реттеуін дамыту.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
408-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Ақпараттандыру және байланыс саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 32500 мың теңге (отыз екі миллион бес жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 8-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы; «Республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын қолданбалы ғылыми зерттеулер құру мен іске асырудың кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы № 145 қаулысы; «Қазақстан Республикасында телекоммуникация саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 маусымдағы № 519 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстанның бәсекелестік экономикасын одан әрі құрудың негізгі жағдайларының бірі ретінде инфо-коммуникациялық сектордың озық дамуын қамтамасыз ету, ақпараттандыру үрдістері мониторингінің ғылыми-әдістемелік базасын құру, оның ішінде Қазақстан халқының компьютерлік сауаттылығын және оның «электрондық үкімет» қызметтерін пайдаланудың дайындығын жоғарылату.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: транзиттік телекоммуникациялық мүмкіндіктерін дамыту және отандық байланыс операторларын шетел нарығына шығару ұсыныстарын әзірлеу және зерттеулер жүргізу; телекоммуникация саласының инновациялық-техникалық дамуына зерттеу жүргізу; радиожиілік спектрінің конверсия шығындарының технико-экономикалық негіздемесінің әдістемесін әзірлеу жөніндегі зерттеулер жүргізу; радиожиілік спектрінің конверсия бойынша шаралар жүргізуге кететін шығындарды өтеу жөніндегі әдістемеге зерттеулер жүргізу; әртүрлі мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың негізгі бағыттағы радиотолқындар жолақтарын пайдалануды анықтау үшін ғылыми-негізделген пікірлер жөнінде зерттеулер жүргізу; жиілік-аумақтық таратудың нормаларына және жиіліктің жалпы өрістерін азаматтық және әскери радиожүйелерімен бірлесе пайдалануының ғылыми-негізделген нормаларына зерттеулер жүргізу; халықтың компьютерлік сауаттылық иңдикаторларын анықтау және ақпараттандыру саласындағы тіркеу және баға беру жөніндегі статистикалық есеп беруді әзірлеу жөніндегі зерттеу жұмыстарын жүргізу; Қазақстанның ақпараттық қоғамға дайындығы ретінде Қазақстан Республикасы аймақтарының «электрондық үкіметке» дайындығының ғылыми негізделген зерттеу жұмыстарын жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 | | Ақпараттандыру және байланыс саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер | 1. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы 8 тақырып бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу, оның ішінде: 1) транзиттік телекоммуникациялық мүмкіндіктерін дамыту және отандық байланыс операторларын шетел нарығына шығару ұсыныстарын әзірлеу және зерттеулер жүргізу; 2) телекоммуникация саласының инновациялық-техникалық дамуына зерттеу жүргізу; 3) радиожиілік спектрінің конверсиясы шығындарының техникалық-экономикалық негіздемесінің әдістемесін әзірлеу жөніндегі зерттеулер жүргізу; 4) радиожиілік спектрінің конверсиясы бойынша шаралар жүргізуге кететін шығындарды өтеу жөніндегі әдістемеге зерттеулер жүргізу; 5) әртүрлі мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың негізгі бағыттағы радиотолқындар жолақтарын пайдалануды анықтау үшін ғылыми-негізделген пікірлер жөніндегі зерттеулер жүргізу; 6) жиілік-аумақтық таратудың нормаларына және жиіліктің жалпы өрістерін азаматтық және әскери радиожүйелерімен бірлесе пайдалануының ғылыми-негізделген нормаларына зерттеулер жүргізу; 7) халықтың компьютерлік сауаттылық индикаторларын анықтау және ақпараттандыру саласындағы тіркеу және баға беру жөніндегі статистикалық есеп беруді әзірлеу жөніндегі зерттеу жұмыстарын жүргізу; 8) Қазақстанның ақпараттық қоғамға дайындығы ретінде Қазақстан Республикасы аймақтарының "электрондық үкіметке" дайындығының ғылыми негізделген зерттеу жұмыстарын жүргізу. 2. Мемлекеттік ғылыми-техникалық экспертизаны іске асыру жөніндегі қызметтерін төлеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: барлығы 8 ғылыми-зерттеу есеп беру әзірленеді.
Түпкі нәтиже: республикада ақпараттық-коммуникациялық саладағы нормативтік құқықтық базасын жетілдіруді қамтамасыз ету, ақпараттандыру үрдістерін, оның ішінде Қазақстан халқының компьютерлік сауаттылық деңгейін талдау және сапалы мониторинг жүргізу жүйесін құру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: қолданбалы ғылыми зерттеулердің 1 тақырып бойынша орташа құны 4062,5 мың теңгені құрайды.
Уақтылығы: қаржыландыру жоспарына сәйкес - 100 пайыз.
Сапасы: радиожиілік спектрін пайдаланудың және Қазақстан Республикасының транзиттік телекоммуникациялық мүмкіндіктерінің тиімділігі жоғарылайды; Қазақстан Республикасында ақпараттандыру үрдістерінің динамикасын тексеру мүмкіндіктері жоғарылайды және сонымен қатар, Агенттіктің басқару шешімдерін қабылдау үшін аналитикалық база жақсарады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
409-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Байланыс пен хабар таратудың ұлттық спутниктік жүйесін дамыту»
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 8510000 мың теңге (сегіз миллиард бес жүз он миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 1513 «Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдарға арналған ғарыштық қызметті дамыту туралы» Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1355 «Байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигін жасау және ұшырудың кейбір мәселелері» қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Байланыс және телехабар тарату инфрақұрылымын жеделдете дамыту, қатынасу қиынға түсетін аудандарды байланыспен қамтамасыз ету, байланыс және телехабар таратудың халықаралық спутниктік жүйелерімен үйлесімділік, Қазақстан Республикасының жердегі инфрақұрылымымен келісе қызмет көрсету, спутниктік байланыстың жаңа технологияларын енгізу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: «KazSat»-2 екінші ұлттық геостационарлық байланыс және хабар тарату спутнигін жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 004 | | Байланыс пен хабар таратудың ұлттық спутниктік жүйесін дамыту | "KazSat-2" байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигін жасау және ұшыру бойынша жұмыстарды жүргізу үшін "Ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электр магниттік үйлесімділігі республикалық орталығы" АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: жалпы көлемнен "KazSat-2" байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық екінші спутнигін құру және ұшыру жөніндегі жұмыстардың 50 пайыз орындалатын болады.
Түпкі нәтиже: "KazSat-2" байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық екінші спутнигін құру және ұшыру жөніндегі жұмыстардың дайындығын жүргізу.
Қаржы-экономикалық нәтиже: жоба аяқталғаннан кейін байланыс және хабар тарату спутнигін пайдаланудың барлық мерзімінде бюджеттік тиімділік 125 пайыз құрайды, экономикалық тиімділігі 129 пайыз құрайды.
Уақтылығы: қаржыландыру жоспарымен сәйкес.
Сапасы: деректерді беру қызметтері тарифтерінің төмендеуі 5-10 пайыз, бүкілдүниежүзілік Интернет желісіне қол жеткізу мүмкіндігінің сапасын жақсарту, байланыстың жаңа түрлерін дамыту, телекоммуникациялық қызметтерді кеңейту.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
410-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Радиожиілік өрісінің және радиоэлектрондық құралдардың
мониторинг жүйесін техникалық сүйемелдеу»
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 121195 мың теңге (бір жүз жиырма бір миллион бір жүз тоқсан бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Өлшеулердің біркелкілігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылдың 7 маусымдағы Заңы; «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 5 шілдедегі Заңы;»Байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигін жасау және ұшырудың кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылдың 30 желтоқсандағы № 1355 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: радиожиілік спектрі мониторингі жүйесі қызметінің үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: радиобақылау және радиоөлшегіш жабдықтарын, арнайы көлік, сондай-ақ радиобақылау пунктілерін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 006 | | Радиожиілік өрісінің және радиоэлектрондық құралдардың мониторинг жүйесін техникалық сүйемелдеу | Радиожиілік спектрі мен радиоэлектрондық құралдардың мониторингі жүйесін техникалық қамтамасыз етуін жүргізу: тұрақты радиобақылау пунктілерінің (бұдан әрі - ТРБП) жайларын қорғау; ТРБП үшін жайларды жалға алу; арнайы көліктер үшін бокстарды жалға алу; азаматтық- құқықтық жауапкершілікті сақтандыру; коммуналды қызметтерді төлеу; электрлік энергияны төлеу; жылуды төлеу; ЖМЗ, өзге шығын заттарын сатып алу; байланыс қызметтері; штаттан тыс қызметкерлерге төлеу; өлшеу құралдарын тексеруден өткізумен байланысты іссапарлық шығындарды төлеу; өлшеу құралдарын метрологиялық қамтамасыз ету - 30 бірлік; радиожиілік спектрімен радиоэлектрондық құралдардың мониторингі жүйесін қоғаммен инженерлік-техникалық қамтамасыз ету. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: «Ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электр магниттік үйлесімділігі республикалық орталығы» акционерлік қоғамымен 12 тұрақты радиобақылау пунктілерін (ТРБП) техникалық қамтамасыз ету; өлшеу құралдарын тексеруден өткізу және инженерлік-техникалық қамтамасыз ету.
Түпкі нәтиже: радиожиілік спектрі мен радиоэлектрондық құралдардың мониторингі жүйесі қызметінің нақтылы жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже: 12 ТРБП қамтамасыз ету үшін кететін орташа шығын - 23 341 мың теңге, өлшеу құралдарын тексеруден өткізуге - 2 000 мың теңге, жылына мониторингтеу жүйесін инженерлік-техникалық қамтамасыз етуге - 95 854 мың теңге.
Уақтылығы: жасасқан шарттарға сәйкес.
Сапасы: радиожиілік спектрі мен радиоэлектрондық құралдардың мониторинг жүйесінің қызметін пайдаланушылардың жұмыс сапалығымен қанағаттандырылуы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
411-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Ведомствоаралық ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету»
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 1731390 мың теңге (бір миллиард жеті жүз отыз бір миллион үш жүз тоқсан мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 5-бабы; «Ақпараттандыру туралы» 2003 жылғы 8 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 5 , 7-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында электрондық үкімет қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы ұлттық операторы туралы» 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 44 қаулысы; Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1286 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының»электрондық үкімет»ақпараттық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымында біріктірілетін мемлекеттік ақпараттық жүйелерін сүйемелдеу және бағдарламалық-аппараттық құралдарына жүйелік-техникалық қызмет көрсету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 010 | | Ведомствоаралық ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету | 1. Электрондық»үкіметтің ақпараттық жүйелерін сүйемелдеу. 2. Жабдықтарға, жүйелер мен желілерге жүйелік-техникалық қызмет көрсету, соның ішінде алаңдарды жалға алу. 3. Сервер орталығының пайдаланушылық шығындары. 4. Мемлекеттік органдарда АТ-бөлімшелерін құру. 5. Жабдықтарға техникалық және жүйелік қызмет көрсету. 6. Техникалық құралдарды сатып алу. 7. Лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу. 8. Телекоммуника- циялық қызметтерді сатып алу. | қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Электрондық үкімет шеңберінде құрылған ақпараттық жүйелердің, деректер қорының және ақпараттық ресурстардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;