1. Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту: 1) "электрондық үкімет" Web-порталында халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту бойынша оқу-әдістемелік құралдарды және электрондық оқулықтарды орналастыру; 2) компьютерлік сауаттылықтың күрделі деңгейлеріне және олардың басып шығарылуына сәйкес компьютерлік сауаттылықты растайтын құжат түрін әзірлеу және бекіту; 3) халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту және сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жоспарлау, үйлестіру және бақылау, техникалық құралдарды және лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу және бөлу, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасау; 4) Қазақстан аумағындағы 75 компьютер сыныптарында орталық және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметкерлерін оқыту үшін: - техникалық құралдарды сатып алу; - жергілікті есептеу желісін тарту (ЖЕЖ); - техникалық жабдықтарға жүйелік-техникалық қызмет көрсету (ЖТҚ); - Интернет желісіне қол жеткізу қызметтері; 5) Әлеуметтік бағдарламалар мен жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыз халықты және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерін Қазақстанның аумағында аумағындағы 300 компьютер сыныптарында оқыту үшін: - жергілікті есептеу желісі үшін жиынтықталған компьютерлік, түкпірлік құралдарды сатып алу; - бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу; - жергілікті есептеу желісін тарту; - техникалық құралдарға жүйелік-техникалық қызмет көрсету; - Интернет желісіне қол жеткізу қызметтері; 6) Қазақстан Республикасының әскери бөлімдерде әскери қызметшілерді 68 компьютерлік сыныптарда компьютерлік сауаттылыққа оқыту үшін: - жергілікті есептеу желісі үшін жиынтықталған компьютерлік түкпірлік құралдарды сатып алу; - бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу; - жергілікті есептеу желісін тарту; - техникалық құралдарға жүйелік-техникалық қызмет көрсету. 7) Балалар үйіндегі 69 компьютер сыныптарда оқыту үшін: - жергілікті есептеу желісі үшін жиынтықталған компьютерлік түкпірлік құралдарды сатып алу; - бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу; - жергілікті есептеу желісін тарту; - техникалық құралдарға жүйелік техникалық қызмет көрсету; - Интернет желісіне қол жеткізу қызметтері. 8) Қазақстан өңіріндегі 2000 компьютер сыныптарында бюджеттен тыс және өзге де санаттағы азаматтарды бір ай ішінде оқыту үшін: - техникалық құралдарға жүйелік-техникалық қызмет көрсету; - Интернет желісіне қол жеткізу қызметтері. 2. Мониторингі жүйесін құру және бағдарламаны іске асырудың мерзімдік талдауын жүргізу: 1) Халықтың компьютерлік сауаттылығының көрсеткішін әкімдердің қызметін рейтингілік бағалау жүйесіне қосу; 2) халықты компьютерлік сауаттылыққа оқытудың нәтижесінің талдау және оны одан әрі тиімді оқыту жөніндегі ұсынысты қалыптастыру. 3) Қазақстан халқының өмірінде Интернеттің маңыздылығының дәрежелері мен өлшемдерін анықтау жөніндегі жұмыстарды жүргізу және Интернет қызметтеріндегі халықтың қызығушылығын қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды өңдеу; 4) Қазақстанда ақпараттық теңсіздікті төмендету бойынша іс-шараларды іске асыруға қатысу үшін жеке бизнесті тарту тетігін әзірлеу бойынша жұмыстарды жүргізу. 3. Отандық АТ-мамандарды дайындау: 1) Менеджменттер мен ақпараттық технологиялар саласында қашықтықтан және күндізгі оқытудың оқу-консалтингтік орталығын құру: - техникалық құралдарды сатып алу; - бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу; - қашықтықтан және күндізгі оқу үшін әдістемелік материалдарды әзірлеу; 2) ақпараттық технологиялардың қазақстандық ақпараттық-білім Интернет-университетін ұйымдастыру: - сертификатталған электрондық курстардың бағдарламалық қамтамасыз етуін сатып алу; - веб-сайтты әзірлеу және оның алғашқы толықтырылуы. 4. Ақпаратты-коммуникациялық технологияларды (АКТ) игеруді азаматтардың қызығушылығын қалыптастыру: 1) ақпаратты-танымдық, ақпараттық іздеу порталдарында ақпараттық ресурстардың зияткерлік іздестіру жүйесін әзірлеу және ақпараттық қамтамасыз ету; 2) ақпараттық технологиялар саласында ақпаратты-танымдық веб-порталды құру және жаңалануын қамтамасыз ету. 5. Мемлекеттік және орыс тілдерінде бағдарламаның іс-шараларының орындалуына қоғамдық қолдауды қалыптастыру: 1) Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету жөніндегі халықаралық сарапшылардың қатысуымен бейне конференцияларды, семинарларды өткізу; 2) Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасының іс-шараларын іске асыру барысында БАҚ (жарнамалық материалдар, РR-мақалалар, ТД-роликтері, презентациялық фильмдер, баспаматериалдары - үндеу хаттар, плакаттар және веб-сайттар) Веб-сайттар, "дөңгелек үстел" конференциялар арқылы мемлекеттік және орыс тілдерінде жария етуді ұйымдастыру. |