2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі)
(ҚР Үкіметінің 2006.15.12. № 1220 Қаулысына 149-169-қосымшалар)
(үзінді)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналардың:
149, 150, 151, 152, 153, 154, 155, 156, 157, 158, 159, 160, 161, 162, 163, 164, 165, 166, 167, 168, 169-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
149-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон
саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 1 987 226 мың теңге (бір миллиард тоғыз жүз сексен жеті миллион екі жүз жиырма алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:«Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңы; «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі Заңы; «Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңы; «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңы; «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңы; «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңы; «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңы; «Жер асты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңы; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы; «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңы; «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңы; «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 27 ақпандағы Заңы; «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңы; «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына берілетін біржолғы төлемдер туралы» 1999 жылғы 13 желтоқсандағы Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық органдарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 желтоқсандағы № 1920 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: әлеуметтік қамсыздандыру саласында азаматтардың конституциялық кепілдерін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау және халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
- нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және іске асыру;
- еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау және халықтың көші-қоны саласындағы заңдардың сақталуын мемлекеттік бақылау;
- еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыспен қамту, әлеуметтік әріптестік, халықты әлеуметтік қорғау, зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік сақтандыру және көші-қон процестерін реттеу саласындағы салааралық үйлестіру;
- кәсіптік шеберлігін жетілдіру және қызметтік міндеттемелерін тиімді орындау мақсатында біліктілік талаптарына сәйкес кәсіптік қызмет саласында білім беру бағдарламалары бойынша дағдылар мен шеберлікті, теориялық және практикалық білімдерді жаңарту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | Әлеуметтік қызмет түрлері жүйесін, стандарттарды, МӘС және мүгедектерді оңалтуды, еңбек заңдарын одан әрі жетілдіру; нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу және іске асыру; әлеуметтік және еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтік әріптестік жүйесін реттеу жөніндегі ұсыныстарды іске асыру, сондай-ақ өз құзыры шеңберінде әлеуметтік әріптестік жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның жұмысын қамтамасыз ету; ақпараттық қамсыздандыру және әлеуметтік статистиканы дамыту; республикалық бюджеттен қаржыландырылатын зейнетақылар, жәрдемақылар, өтемақылық және біржолғы төлемдердің төленуін қамтамасыз ету; шетелдік жұмыс күшін тартуға көші-қон квоталарын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысқа мониторинг жасау; халықты еңбек рыногының жайы туралы ақпараттандыру; ішкі рынокті қорғау мақсатында инвестициялық келісім-шарттардың жобаларын қарау; Министрліктің Көші-қон жөніндегі комитетінің және аумақтық органдарының қызметін басқару және үйлестіру; жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарды еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон мәселелері бойынша әдістемелік басқару. Ұйымдармен еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон мәселелерді жетілдіру бойынша консультациялық қызметтер көрсету жөніндегі келісім-шарттар жасау. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша видеофильмдер және жарнама роликтер, анықталық әдебиеттер мен кітапшалар шығару қызметтерін сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
3 | | 002 | Аумақтық органдардың аппараттары | Мүгедектік тобын, еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу; республикалық бюджеттен қаржыландырылатын зейнетақыларды, жәрдемақыларды, өтемақылық және біржолғы төлемдерді, әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдерді тағайындау; еңбек, еңбекті қорғау, жұмыспен қамту, көші-қон, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңдардың орындалуын бақылау, тексерулер жүргізу; мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының орындалуына бақылау жасау; өндірістегі жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды тексеруге қатысу және олардың есебін жүргізу; құрылысы немесе қайта құруы аяқталған өндірістік объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысу; шетелдік жұмыс күшін тартуға берілетін рұқсат қағаздарда көрсетілген шарттардың орындалуын бақылау және тексеру; ұйымдарда еңбек заңнамасының сақталу күйін сипаттайтын көрсеткіштерді жинақтау, қорытындылау, жүйелеу және талдау жасау; еңбек, жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру, көші-қон мәселелері бойынша ұйымдарда, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндіру жұмысын жүргізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
4 | | 007 | Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру | Төмендегідей тақырыптар бойынша біліктілігін арттыру жөніндегі қызмет түрлерін сатып алу: 1. Еңбек және еңбекті қорғау туралы заңна- маның сақталуын мемлекеттік бақылау. 2. Көші-қон мәселелері 3. Медициналық- әлеуметтік сараптама және мүгедектерді оңалтудың өзекті мәселелері. 4. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аумақтық департаменттеріндегі бухгалтерлік есеп және есептілік. Мемлекеттік және ағылшын тілдеріне үйрету. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
5 | | 009 | Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру | Жүктелген функцияларды сапалы және тиімді орындау мақсатында Министрліктің орталық аппараты мен аумақтық органдарын материалды-жабдықтау жарақтандыру. | жыл ішінде | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
6 | | 017 | Ақпарат- тық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпарат- тық-техникалық қамтамасыз ету | Есептеу техникасы құралдарына және бағдарламалық өнімдерге техникалық қызмет көрсету, сүйемелдеу және әкімшілік ету қызметтерін төлеу. Шығыс және жинақтауыш материалдар, қосалқы бөлшектер сатып алу. Спутниктік байланыс каналын жалдау. Техникалық құралдарын сатып алу. Лицензияланған құралдарды сатып алу. Лицензияланған бағдарламалық өнімдерді сатып алу және орнату. | ақпан-желтоқсан қаңтар-желтоқсан қаңтар-желтоқсан ақпан-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
- әлеуметтік қамсыздандыру саласында азаматтардың конституциялық кепілдерін қамтамасыз ету.
- 200 адамның кәсіптік деңгейін жоғарылату;
- 468 адамды мемлекеттік тілге оқыту.
- 35 адамды ағылшын тіліне оқыту.
Бір мемлекеттік қызметкердің біліктілігін арттырудың орташа шығыны 15,3 мың. теңге.
Бір мемлекеттік қызметкерді мемлекеттік тілге оқытудың орташа шығыны 17,4 мың. теңге.
Бір мемлекеттік қызметкерді ағылшын тіліне оқытудың орташа шығыны 30,0 мың. теңге.
Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің құқықтық-нормативтік базасын жетілдіру, мемлекеттік органдар жауапкершілігін арттыру, әлеуметтік қызметтер мен әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі мамандарының біліктілік деңгейін арттыру және қол жетімділігін кеңейту.
Қазіргі заманғы экономикалық жағдайлардағы кәсіби мемлекеттік қызмет талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
150-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Зейнетақы бағдарламасы»
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 (бұр.ред.қара) ; 2007.06.11. № 1052 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 293156678 мың теңге (екі жүз тоқсан үш миллиард бір жүз елу алты миллион алты жүз жетпіс сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының 13-бабы; «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңы 12-бабының 5-тармағы, 16-бабының 5 тармағы; «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 2 , 5-баптары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылуға конституциялық құқықтарын іске асыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- ағымдағы айдан кешіктірмей төлеу;
- зейнетақы төлемдері мен базалық зейнетақы төлемдерін уақытында қамтамасыз ету;
- Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен адамдарға, сондай-ақ олардың мұрагерлеріне зейнетақыға үстемеақы төлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламалардың) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 | | Зейнетақы бағдарламасы | | | |
2 | | 100 | Ортақ зейнетақыларды төлеу | Қажеттілікке сәйкес зейнеткерлік жасқа толған адамдарға ынты- мақты зейнетақылардың ай сайын төлемдерін ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
3 | | 101 | Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтардың зейнетақыларына үстемеақылар | Қажеттілікке сәйкес радиациялық қатер өңірлерінде тұрған және Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтардың зейнетақыларына ай сайынғы үстемеақы тө- лемдерін ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
4 | | 102 | Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдері | Қажеттілікке сәйкес зейнеткерлерге және зейнеткерлік жасқа толған мүгедектерге базалық ай сайынғы зейнетақы төлемдерін ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 (бұр.ред.қара); 2007.06.11. № 1052 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 7-тармақ өзгертілді
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: ынтымақты зейнетақыларды, Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтардың зейнетақыларына үстемеақылар және зейнеткерлік жасқа толған адамдарға арналған базалық зейнетақы төлемдерін төлеу.
Алушылардың орташа жылдық болжамды саны:
- Ынтымақты зейнетақы - 1635,1 мың адам;
- Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтардың зейнетақыларына үстемеақы алушылардың саны - 0,3 мың адам;
- базалық зейнетақы төлемдерін алушылар - 1671,9 мың адам;
Түпкі нәтиже: ағымдағы айдан кешіктірмей төлеу: ынтымақты зейнетақылар мөлшерін 8 пайызға көбейту және зейнеткерлік жасқа толған адамдардың барлығына 3000 теңге мөлшерінде базалық зейнетақы төлемдерін төлеу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
- зейнетақының ең төмен мөлшері - 7236 теңге;
- зейнетақының орташа мөлшері - 10855 теңге;
- зейнетақыларға үстемеақылардың орташа мөлшері - 17508 теңге.
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері - 3000 теңге.
Уақтылығы: кестеге сәйкес ай сайын 25 күнге дейін уақытында төлеу. Сапасы:
- тағайындалған зейнетақылар мен базалық зейнетақы төлемдерін 100 пайызға төлеу, радиациялық қатер өңірлерінде тұрғаны үшін және Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтардың зейнетақыларына ай сайынғы үстемеақы төлемдерін Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық ұсынған қажеттілікке сәйкес 100 пайызға төлеу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
151-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар»
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 (бұр.ред.қара) ; 2007.06.11. № 1052 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 73321815 мың теңге (жетпіс үш миллиард үш жүз жиырма бір миллион сегіз жүз он бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мүгедектігі, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты әлеуметтік қамсыздандыруға мұқтаж азаматтарға ақшалай қаражат төлеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- ағымдағы айға төлеу;
- мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін ең төмен күнкөріс деңгейі шамасынан еселеп есептеу;
- мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың жаңа мөлшерлерін ескере отырып уақытында төленуін қамтамасыз ету:
- жасына байланысты;
- мүгедектігі бойынша;
- асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 | | Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар | | | |
2 | | 100 | Мүгедектігі бойынша | Мүгедектігі бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды ай сайын төлеуді қажеттілікке сәйкес ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
3 | | 101 | Асыраушысынан айрылуына байланысты | Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды ай сайын төлеуді қажеттілікке сәйкес ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
4 | | 102 | Жасы бойынша | Жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды ай сайын төлеуді қажеттілікке сәйкес ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 (бұр.ред.қара) ; 2007.06.11. № 1052 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 7-тармақ өзгертілді
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу.
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар алушылардың орташа жылдық болжамды саны:
- мүгедектігі бойынша - 404,7 мың адам;
- асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша - 223,5 мың адам;
- жасына байланысты - 12,9 мың адам.
Түпкі нәтиже: ағымдағы айға төлеу; мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың кірістерін көбейту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың орташа мөлшері
- мүгедектігі бойынша - 9316 теңге;
- асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша - 8244 теңге;
- жасына байланысты - 4431 теңге.
Уақтылығы: кестеге сәйкес ай сайын 25 күнге дейін уақытында төлеу.
Сапасы: мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты тағайындалған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды 100 пайызға төлеу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
152-ҚОСЫМША
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар»
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 41089918 мың теңге (қырық бір миллиард сексен тоғыз миллион тоғыз жүз он сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңы; «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 161 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: азаматтардың жеке санаттарына қосымша материалдық қолдау көрсету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу ағымдағы ай үшін;
- арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін жаңа мөлшерінде уақытылы қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаyың) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 004 | | Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар | | | |
2 | | 100 | ҰОС мүгедектері | ҰОС мүгедектеріне арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін ай сайын қажеттілікке сәйкес ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
3 | | 101 | ҰОС қатысушылары | Қажеттілікке сәйкес ҰОС қатысушыларына арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін ай сайын ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
4 | | 102 | ҰОС мүгедектеріне теңестірілген адамдар | Қажеттілікке сәйкес ҰОС мүгедектеріне теңестірілген адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін ай сайын ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
5 | | 103 | ҰОС қатысушыларына теңестірілген адамдар | Қажеттілікке сәйкес ҰОС қатысушыларына теңестірілген адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін ай сайын ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
6 | | 104 | ҰОС қаза болған жауынгерлердің жесірлері | Қажеттілікке сәйкес ҰОС қаза болған жауынгерлердің жесірлеріне арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін ай сайын ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
7 | | 105 | Қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің әйелдері (күйеулері) | Қажеттілікке сәйкес қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің әйелдеріне (күйеулеріне) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін ай сайын ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
8 | | 106 | Совет Одағының батырла- ры, Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орден- дерінің иегер- лері | Қажеттілікке сәйкес Совет Одағының батырларына, Социалистік Еңбек Ерлеріне, Даңқ орденінің үш дәрежесінің, Еңбек Даңқы орденінің үш дәрежесінің иегерлеріне арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін ай сайын ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
9 | | 107 | ЧАЭС оқиғасында апат салдарын жою кезінде қаза болған (қайтыс болған, хабар ошарсыз кеткен), әскери қызметкерлерінің, ішкі істер органдары қызметкерлерінің және қаза болған адамдардың отбасылары | Қажеттілікке сәйкес қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) әскери қызметшілердің, ішкі істер органдары қызметкерлерінің ЧАЭС апаттың салдарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін ай сайын ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
10 | | 108 | Ұлы отан соғысы жылдарындағы тыл еңбекшілері | Қажеттілікке сәйкес ҰОС жылдарындағы тыл еңбекшілеріне арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін ай сайын ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |
11 | | 109 | Көшіру күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда Қазақстан Республикасынан шеттету және қоныс аудару аймағынан көшірілген ЧАЭС | Қажеттілікке сәйкес қоныс аудару күнінде құрсақта болған балаларын қоса, оқшаулау және көшіру аймағынан Қазақстан Республикасына қоныстанған ЧАЭС апаттың салдарын жоюға қатысушыларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін ай сайын ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. |