2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын
бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі)
(ҚР Үкіметінің 2006.15.12. № 1220 Қаулысына 441-қосымша)
(үзінді)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналардың:
441-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2003 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
441-ҚОСЫМША
637 - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қызметін
қамтамасыз ету» деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 172551 мың теңге (бір жүз жетпіс екі миллион бес жүз елу бір мың теңге)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2737 Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы мен мүшелерінің қызметін қамтамасыз ету туралы» 1996 жылғы 28 наурыздағы № 2920 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Республиканың бүкіл аумағында Конституцияның жоғары тұруын және тікелей қолданылуын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау; кәсіби мемлекеттік қызмет талаптарына сай, қазіргі экономикалық жағдайға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Бағдар- ламаның (кіші бағдар- ламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қызметін қамтамасыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | Конституциялық іс жүргізу нысаны болып отырған немесе болуы мүмкін нормативтік құқықтық актілерге, халықаралық шарттарға құқықтық сараптау жүргізу; Конституцияның нормаларына ресми түсіндірме беру; дау туған жағдайда Республика Президентінің, Парламент депутаттарының сайлауын өткізудің және республикалық референдум өткізудің дұрыстығы туралы мәселені шешу; Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестігін Президент қол қойғанға дейін қарау; Республиканың халықаралық шарттарын бекіткенге дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарау; соттардың заңды немесе өзге бір нормативтік құқықтық актіні Конституцияға сәйкес емес деп тану туралы өтініштерін қарау; Парламентке елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауды жіберу; конституциялық құрылыс процесінде тәжірибе алмасу мақсатында халықаралық ұйымдармен және шет елдердің конституциялық бақылау органдарымен одан әрі ынтымақтасу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі |
3 | | 007 | Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру | Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жөніндегі мынадай бес тақырып бойынша қызметтер сатып алу: 1) Қазақстан Республикасындағы бюджеттік процесс және бюджет саясаты; 2) мемлекеттік сатып алулар; 3) іс жүргізуді және құжаттануды ұйымдастыру; 4) Қазақстан Республикасындағы құқық шығармашылығы және заң шығару процесі; 5) басқарушылық шешімдер қабылдауға арналған ақпараттық база құру. Мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқып-үйрену. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі |
4 | | 009 | Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру | Қазақстан Республикасы конституциялық Кеңесінің қызметін материалдық-техникалық жабдықтау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі |
5 | | 017 | Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету | Есептеу техникасын сатып алу - ақпан. Лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етуші - ақпан. Есептеу техникасы құралдарына техникалық қызмет көрсету - жыл бойы. Локальді міндеттерді сүйемелдеу - жыл бойы. Интернет желісіне қол жеткізу қызметі - жыл бойы. Шығындық материалдар сатып алу - сәуір-қыркүйек. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
1) Республиканың бүкіл аумағында Конституцияның жоғары заңдық күшін, оның тікелей қолданылуын қолдау үшін және беделін нығайту үшін қажетті жағдай жасау;
2) 5 адамның кәсіби деңгейін арттыру, 37 адамға мемлекеттік тілді үйрету, 10 адамға ағылшын тілін үйрету.
Түпкі нәтиже:
Негізгі Заңның нормаларын барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың, ұйымдар мен азаматтардың бірізді түсініп, қолдануын қамтамасыз ету;
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
1) Кеңестің бір мемлекеттік қызметшісінің біліктілігін арттыруға кететін орташа шығыс - 66,0 мың теңге;
2) Кеңестің бір мемлекеттік қызметшісіне мемлекеттік тілді үйретуге кететін орташа шығыс - 46,7 мың теңге;
3) Кеңестің бір мемлекеттік қызметшісіне ағылшын тілін үйретуге кететін орташа шығыс - 24,6 мың теңге.
Уақтылығы:
1) жоспарланған іс-шараларды белгіленген мерзімде орындау;
2) жасалынатын шарттарға сәйкес жыл бойы оқыту;
Сапасы:
1) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қорытынды шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілмеуі;
2) мемлекеттік тілді оқыту курстарынан өткен соң мемлекеттік тілде іс жүргізуге көшетін мемлекеттік қызметшілердің үлес салмағы - 30%;
3) ағылшын тілін оқыту курстарынан өткен соң ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің үлес салмағы - 30%.