Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі және "Батыс Транзит" АҚ арасында мемлекеттік-жеке серіктестіктер базасында концессиялық келісім жасалды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 қазандағы № 1008 қаулысына сәйкес Компания «Батыс транзит» АҚ акционерлерінің бірі бола отырып (жарғылық капиталдың 20% мөлшерінде), жобаны іске асыруға қатысады.
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 2006 жылғы сәуірде енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес концессиялық келісімдер негізінде салынған кернеуі 220 кВ және одан жоғары өңіраралық электр беру желілері, шағын станциялар мен тарату құрылғылары осы келісімдердің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ұлттық электр желісі құрамына беріледі.
Дивидендтік саясатқа сәйкес Компания жыл сайын акциялардың мемлекеттік пакетіне таза пайдадан 10% дивидендтер төлеп тұрды.
2004 жылы Компанияның инвестициялар мөлшері 10,9 млрд. теңгені құрады, 2005 жылы - 11,8 млрд. теңге, 2006 жылы 11,0 млрд. теңгені игеру жоспарланып отыр.
«Қазақ ақпарат агенттігі» ҰК» АҚ
«Қазақпарат» АҚ (бұдан әрі - Компания) «Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің «Қазақ ақпарат агенттігі» республикалық қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 8 қарашадағы № 1186 қаулысына сәйкес құрылды.
2004 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 2005 жылы кірістердің 207,5 млн. теңгеге дейін, яғни 75,83 млн. теңгеге немесе 57 %-ға, соның ішінде негізгі қызмет түрі бойынша 77,97 млн. теңгеге немесе 60,2 %-ға ұлғаюы байқалды. Бұл өсу, бірінші кезекте, мемлекеттік тапсырыс көлемінің ұлғаюымен және оның сапасының жоғарылауымен, өткізу нарықтарының кеңеюімен, өнім желісінің жаңғыруымен негізделген. 2006 жылы Компания кірістері 227,8 млн. теңгені құрайды, бұл ретте мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің веб-сайтын ақпараттық сүйемелдеу шеңберінде бөлінетін республикалық бюджет қаражаты негізгі кіріс көздері болып табылатынын атап өткен жөн.
Шығыстар құрылымында өндірілетін өнімнің 2004 жылы 79,53 млн. теңге және 2005 жылы 156,06 млн. теңге құраған өзіндік құны басым. Өткізілген қызметтердің өзіндік құнының үлес салмағы 75 %-дан астамды құрайды. 2004 жыл кезеңінің шығыстары 49,72 млн. теңгені және 2005 жылы 46,94 млн. теңгені құрады. 2006 жылы Компания шығыстары 120,70 млн. теңгеге жоспарланып отыр.
2004 жылы өндірістік-қаржылық қызмет нәтижесінде Компанияның таза кірісі 1,97 млн. теңгені құрады. Өткен жылдардағы шығын есебімен (-8, 643 млн. теңге) шығын 6,67 млн. теңгені құрады.
Компания 2005 жылы 6,17 млн. теңге мөлшерінде зиян шекті. 2006 жылдың қорытындылары бойынша 2,83 млн. теңге мөлшерінде таза кіріс алу көзделіп отыр.
2004 жылы салықтық аударымдар 11,28 млн. теңгені, 2005 жылы 45,12 млн. теңгені құрады.
«Қазғарыш» АҚ
Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазғарыш» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі - Компания) Қазақстан Республикасы Президентінің «2005 - 2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту туралы» 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 1513 Жарлығы мен «Қазғарыш» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 17 наурыздағы № 242 қаулысына сәйкес құрылды.
Компанияның миссиясы - Қазақстан Республикасының экономикалық өсуін, ғылыми-техникалық дамуын қамтамасыз ету және ұлттық қауіпсіздігін нығайту мақсатында қолда бар ғылыми-техникалық әлеуеті мен қазіргі ғарыштық технологияларды пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық ғарыш инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытуға, ғарыштық қызметті дамытуға ықпал ету.
Компания өзінің қызметін жүзеге асыруды 2005 жылы бастады. Осы кезеңде маңызды экономикалық көрсеткіштер былайша қалыптасты. Компанияның 2005 жылғы жалпы кірістері 708 442 мың теңгені, жалпы шығыстар - 708 902 мың теңгені құрады. Компанияның 2005 жылғы шығыны 460 мың теңгені құрады.
Компанияның 2006 жылғы жалпы кірісі 2 140 072 мың теңге, жалпы шығыстар - 2 104 631 мың теңге мөлшерінде жоспарланып отыр. 2006 жылы Компания 35 440 мың теңге мөлшерінде таза кіріс алуды жоспарлап отыр.
Акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтерді төлеу жоспарланып отырған жоқ.
2007 - 2009 жылдарға арналған перспективалар
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (бұдан әрі - Компания) өз алдына мынадай ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарды қояды:
1) қаржы-экономикалық көрсеткіштерді жақсарту;
2) қорларды өсіру;
3) өндірісті өсіру;
4) ірі мұнай-газ жобаларының экономикалық тиімділігін арттыру;
5) көлік мүмкіндіктерін дамыту;
6) мұнай-химияны дамытуға жәрдемдесу;
7) басқару жүйесін жетілдіру.
2007 - 2009 жылдар кезеңінде Компанияның мұнай өндіруші кәсіпорындарының өндірістік қуаттарын дамыту жер үсті объектілерін салуға, қайта жаңартуға және жаңғырту, сенімді әрі өнімділігі жоғары жер асты жабдығын қолдануға, компьютерлік геологиялық модельдер негізінде кен орындарын игеруді бақылаудың тиімділігі жоғары жүйесін құруға келіп тіреледі.
2007 - 2009 жылдар кезеңінде мұнай өндірудің жыл сайынғы көлемі 9,5 млн. тонна деңгейінде сақталады. 2007 - 2009 жылдар кезеңінде мұнай өндірудің есепті өсу қарқыны геологиялық-кәсіпшілік зерттеу деректері мен Өзен кен орнын игерудің ағымдағы жай-күйіне негізделеді.
Магистральдық мұнай құбырларымен 2007 жылы 44,4 млн. тонна, 2008 жылы - 46,7 млн. тонна, 2009 жылы - 47,8 млн. тонна деңгейінде мұнай тасымалдау жоспарланып отыр. Мұнай тасымалдаудың жоспарланып отырған көлемі нарықтық жағдайлар конъюнктурасы мен көлік жүйелерінің өткізу қабілетін есепке ала отырып, Республикада мұнай өндірудің болжамды деңгейі негізінде айқындалған.
Магистральдық газ құбырлары арқылы 2007 жылы 122,5 млрд. текше м., 2008 жылы - 123,7 млрд. текше м., 2009 жылы - 124,4 млрд. текше м. деңгейінде табиғи газ тасымалдау жоспарланып отыр.
Ішкі нарықта газ өткізу көлемі 2007 жылы 2,4 млрд. текше м., 2008 жылы - 2,3 млрд. текше м., 2009 жылы - 2,3 млрд. текше м. деңгейінде жоспарланып отыр. 2009 жылы - 3,9 млн. тонна деңгейінде жоспарланып отыр.
Компания кірістерінің болжамды көрсеткіштері 2007 жылы 650,99 млрд. теңге, 2008 жылы - 682,51 млрд. теңге, 2009 жылы - 676,18 млрд. теңге деңгейінде жоспарланып отыр.
2007 - 2009 жылдар кезеңінде шығыстардың көрсеткіштері мынадай деңгейде жоспарланып отыр: 2007 жылы - 416,22 млрд. теңге, 2008 жылы - 415,14 млрд. теңге, 2009 жылы - 416,98 млрд. теңге.
Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері бойынша Компания 2007-2009 жылдар кезеңінде мынадай мөлшерде таза кіріс алуды жоспарлап отыр: 2007 жылы - 99,13 млрд. теңге, 2008 жылы - 140,67 млрд. теңге және 2009 жылы - 135,85 млрд. теңге.
2007 - 2009 жылдар ішінде Компания мемлекеттік бюджетке ірі салық төлеушінің позициясын сақтайды. 2007 - 2009 жылдар кезеңінде бюджетке болжамды төлемдер 500,06 млн. теңге көлемінде жоспарланып отыр: 2007 жылы - 175,35 млн. теңге; 2008 жылы - 164,21 млн. теңге; 2009 жылы - 160,50 млн. теңге.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ
2007 - 2009 жылдары жоспарланып отырған кезеңге арналған кезеңде жаңа өндірістерді құру, негізгі құралдарды одан әрі жаңарту және әлемдік нарықтарда ұстанымын бекіту есебінен жұмыстың тұрақты және серпінді режиміне шығу басым міндет болып табылады.
2007 - 2009 жылдарға арналған өндірістік мүмкіндіктер мен әлемдік нарықтарда әрбір өнім бойынша сұранысын сараптай келе, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (бұдан әрі - Компания) дамудың мынадай басымдықтарын айқындайды:
Табиғи уран өндірісінде:
1) қолданыстағы кен орындарында («Шығыс Мыңқұдық», «Қанжуған», «Ақдала») уран өндіру көлемдерін өсіру;
2) «Ыңғай», «Мойынқұм», «Төртқұдық», «Заречное», «Иіркөл», «Қарасан», «Орталық Мыңқұдық», «Оңтүстік Ыңғай», «Батыс Мыңқұдық», «Буденовское» кен орындарында жаңа рудниктер салу;
3) табиғи уранның химиялық концентратын тотықша-тотыққа дейін қайта өңдеу жөніндегі қуаттарды дамыту;
4) Степногорск кен-химия комбинатында қуаты 80 мың тонна Күкірт қышқылы зауытын іске қосу.
Уран өнімін өндіруде:
1) құрамында уран бар материалдар мен қалпына келтірілген уранды ресейлік дизайндағы реакторларға арналған отын таблеткаларына дейін қайта өңдеу қызметтері бар ресейлік нарықтағы өз позициясын сақтау;
2) құрамында уран бар ашылуы қиын қайталама балқымаларды қайта өңдеудің әлемдік нарығындағы монополист позициясын сақтау;
3) табиғи байытылған, төмен байытылған, "әлсіз байытылған" уран диоксидінің ұнтақтарымен сыртқы нарықтарға шығу;
4) батыстық дизайндағы реакторларға арналған таблеткалармен әлемдік нарыққа шығу.
Бериллий өнімін өндіруде:
1) Қытай нарығына бастапқы бериллий өнімдерін жеткізуде жетекші позицияларға шығу;
2) АҚШ нарығындағы позицияны кеңейту;
3) Ресей нарығындағы монополиялық мәртебені сақтау;
4) Еуропа нарығындағы позицияларды нығайту және кеңейту.
Тантал-ниобий өнімін өндіруде:
1) өндірісті шикізатпен қамтамасыз ету;
2) жоғары технологиялық өнімдерді:
- сыйымдылығы жоғары тантал конденсаторлық ұнтақтарын;
- танталдан жасалған өнімнің жетілдірілген түрлерін шығару жөніндегі өндірістерді ұйымдастыру есебінен тантал өндірісі өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
2007 - 2009 жылдар кезеңінде мынадай мөлшерлерде:
2007 жылы - 17 191,70 млн. теңге;
2008 жылы - 26 476,29 млн. теңге;
2009 жылы - 36 773,97 млн. теңге таза кіріс алу жоспарланып отыр.
Бюджетке салықтар сомасы және басқа да міндетті төлемдер 2007 жылы 15 332,94 млн. теңгені, 2008 жылы - 18 859,89 млн. теңгені және 2009 жылы 23 876,64 млн. теңгені құрайды.
Инвестициялық басымдықтар және Компанияның өндіруші кәсіпорындарының даму бағыттары Қазақстан Республикасының уран кен орындарын одан әрі игеруге бағдарланған.
«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ
«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ-тың (бұдан әрі - компания) 2007 - 2009 жылдардағы қызметінің негізгі мақсаты елдің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, астық бағасы демпингінің алдын алу, астық өткізу нарықтарын кеңейту, мақтаны қайта өңдеу саласын дамыту, мақта талшығының бәсекеге қабілеттілігін арттырудан тұрады.
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін Компанияның алдында мынадай міндеттер тұр:
мемлекеттік астық ресурстарын сақтауды және жаңартуды қамтамасыз ету;
отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден жыл сайын астық сатып алуды жүзеге асыру;
қазақстандық астықты әлемдік нарықтарға жылжыту және дәстүрлі нарықтардағы позицияларды нығайту;
Қазақстанда өндірілетін мақта талшығының бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
2007 - 2009 жылдары қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін мынадай шаралар көзделеді:
тұқымдық материал сапасын жақсарту жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
ішкі нарықтағы астық бағасын реттеу;
мемлекеттік азық-түліктік астық резервінің сақталу сенімділігін арттыру;
қазақстандық астықты, оның ішінде оны тасымалдау жөніндегі проблемаларды шешу жолымен өткізудің тиімділігін жоғарылату;
астық өңдеуші ұйымдарға астық өткізудің тәртібін, оның уақтылылығы және тиімді өткізілуін қамтамасыз ету мақсатында жетілдіру;
қазақстандық астықты халықаралық нарықтарға жылжыту;
ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің мақта өсіру жөніндегі тиімді қызметін ұйымдастыру;
өндірілетін мақта талшығының сапасын арттыру;
мақта шикізатына тұрақты баға белгілеуді қамтамасыз ету;
мақта-тоқыма кластерінің қызметін - қамтамасыз ететін тиімді көлік жүйесін құру мақсатында өндірілетін мақта талшығының және мақта шикізатының сапасына міндетті сараптаманы жүргізу.
2006 жылмен салыстырғанда 2007 жылы негізгі қызметтен түскен кірістің 11,6%-ға өзгеруі есебінен жалпы кірістердің 11,2 %-ға өсуі жоспарланып отыр. Бұл үлкен дәрежедегі болжанып отырған сату бағасының өсуімен, сондай-ақ астық сату көлемінің ұлғаюымен түсіндіріледі. Осыған сәйкес шығыстардың өсуі болжанып отыр.
Мәселен, 2007 жылға арналған жалпы кірістері 34 650,1 млн. теңге мөлшерінде жоспарланған, оның ішінде:
мемлекеттік астық ресурстарын басқарудан түсетін кіріс - 8 947,9 млн. теңге;
меншікті қаржы-шаруашылық қызметінен түсетін кіріс - 25 702,2 млн. теңге.
2007 жылға арналған жалпы шығыстар 34 175,7 млн. теңге мөлшерінде жоспарланған, оның ішінде:
мемлекеттік астық ресурстарын басқарудан болған шығыстар - 8 924,7 млн.теңге;
меншікті қаржы-шаруашылық қызметінен болған шығыстар - 25 251,0 млн.теңге.
2007 жылы 467,4 млн. теңге мөлшерінде таза кіріс алу жоспарланып отыр, оның ішінде меншікті қызметінен түсетін таза кіріс 451,2 млн. теңгені, мемлекеттік астық ресурстарымен жасалған операциялардан - 16,2 млн. теңгені құрайды.
2007 жылы бюджетке акциялардың мемлекеттік пакетіне 225,6 млн. теңге мөлшерінде дивидендтер аудару жоспарланады.
2007 жылы барлығы 200,3 млн. теңге сомасында салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді бюджетке аудару жоспарланып отыр.
2008 жылға арналған жалпы кірістер 37 075,5 млн. теңге мөлшерінде жоспарланды, оның ішінде:
мемлекеттік астық ресурстарын басқарудан түсетін кіріс - 9 574,2 млн. теңге;
меншікті қаржы-шаруашылық қызмет бойынша кіріс - 27 501,3 млн. теңге.
2008 жылға арналған жалпы шығыстар 36 568,0 млн. теңге мөлшерінде жоспарланды, оның ішінде:
мемлекеттік астық ресурстарын басқарудан болған шығыстар - 9 549,4 млн. теңге;
меншікті қаржы-шаруашылық қызметінен болған шығыстар - 27 018,6 млн. теңге.
2008 жылы 500,1 млн. теңге мөлшерінде таза кіріс алу жоспарланып отыр, оның ішінде меншікті қызметінен түсетін таза кіріс 482,7 млн. теңгені, мемлекеттік астық ресурстарын басқарудан - 17,4 млн. теңгені құрайды.
2008 жылы бюджетке акциялардың мемлекеттік пакетіне 241,4 млн. теңге мөлшерінде дивидендтер аудару жоспарланады.
2008 жылы барлығы 457,5 млн. теңге мөлшерінде салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді бюджетке аудару жоспарланып отыр.
2009 жылға арналған жалпы кірістер 39 670,8 млн. теңге мөлшерінде жоспарланды, оның ішінде:
мемлекеттік астық ресурстарын басқарудан түсетін кіріс - 10 244,4 млн. теңге;
меншікті қаржы-шаруашылық қызмет бойынша кіріс - 29 426,4 млн. теңге.
2009 жылға арналған жалпы шығыстар 39 127,8 млн. теңге мөлшерінде жоспарланды, оның ішінде:
мемлекеттік астық ресурстарын басқарудан болған шығыстар - 10 217,9 млн. теңге;
меншікті қаржы-шаруашылық қызметінен болған шығыстар - 28 909,9 млн. теңге.
2009 жылы 535,1 млн. теңге мөлшерінде таза кіріс алу жоспарланып отыр, оның ішінде меншікті қызметінен түскен таза кіріс 516,5 млн. теңгені құрайды.
2009 жылы бюджетке акциялардың мемлекеттік пакетіне 258,3 млн. теңге мөлшерінде дивидендтер аудару жоспарлануда.
2009 жылы бюджетке барлығы 475,8 млн. теңге сомасында салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді аудару жоспарланып отыр.
Корпорацияның орта мерзімді кезеңдегі инвестициялық саясатының негізгі басым бағыттары қазақстандық өнім өткізу нарықтарын кеңейту, оның экспорт көлемін арттыру, мақта өндірушілерге қолдау көрсету, сондай-ақ Компанияның одан әрі серпінді дамуы үшін корпорацияны капиталдандыру деңгейін ұлғайту болып табылады.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ
Осыған байланысты «Электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2007 жылға арналған негізгі міндеттері:
жобаларды басқару және «электрондық үкімет» инфрақұрылымына қызмет көрсету, қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді құру және ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік органдардың жүйелерін ықпалдастыру;
желілік техникалық қызмет көрсету және мемлекеттік органдардың ақпараттық желілерін сүйемелдеу үшін Қоғамның сервис орталықтарын құру, телекоммуникациялық қызмет көрсету болып табылады.
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін 2007 жылы Қоғам қызметтің мына бағыттарын дамытуды жоспарлап отыр:
тәжірибені зерделеу және ақпараттық технологиялар саласында озық халықаралық компаниялармен ынтымақтастық;
біліктілігі жоғары ұжымды оқыту және қалыптастыру;
Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымының нормативтік құқықтық базасын қалыптастыруға және жетілдіруге қатысу.
Көрсетілетін жұмыстар мен қызметтердің 2007-2009 жылдарға арналған көлемінің өзгеру серпіні (негізгі қызметтен түсетін кірістер) былайша болжанып отыр:
2007 жыл - 951,99 млн. теңге, оның ішінде: телекоммуникациялық қызметтер - 10 млн. теңге, сервистік желілік техникалық қызмет көрсету және ақпараттық желілерді сүйемелдеу бойынша - 324,6 млн. теңге, Мемлекеттік бағдарлама іс-шаралары - 617,4 млн. теңге. 2006 жылға қатысты өсу 10,7 %-ды құрайтын болады.
2008 жыл - 1 054,96 млн. теңге, оның ішінде:
телекоммуникациялық қызметтер - 5 млн. теңге, сервистік желілік техникалық қызмет көрсету және ақпараттық желілерді сүйемелдеу бойынша - 340,8 млн. теңге, Мемлекеттік бағдарлама іс-шаралары - 679,1 млн. теңге, басқалары - 30 млн. теңге.
2007 жылға қатысты өсу 10,8 %-ды құрайтын болады.
2009 жыл - 1148,00 млн. теңге, оның ішінде: сервистік желілік техникалық қызмет көрсету және ақпараттық желілерді сүйемелдеу бойынша - 3740,9 млн. теңге, Мемлекеттік бағдарлама іс-шаралары - 713 млн. теңге, басқалары - 60 млн. теңге. 2008 жылға қатысты өсу 8,8 %-ды құрайтын болады.
Жиынтық кірістер көлемі мына мөлшерлерде жоспарланып отыр:
2007 жыл - 957,99 млн. теңге, 2008 жыл - 1061,46 млн. теңге, 2009 жыл 1155,00 млн. теңге.
Қоғамның 2007-2009 жылдар кезеңі бойынша жиынтық шығыстары мына мөлшерде жоспарланып отыр: 2007 жыл - 908,06 млн. теңге, 2008 жыл - 996,89 млн. теңге, 2009 жылы - 1093,04 млн. теңге.
Болжам бойынша таза кірістің сомасы 2007 жылы - 49,93 млн. теңгені, 2008 жылы - 64,56 млн. теңгені, 2009 жылы 61,96 млн. теңгені құрайтын болады.
Қоғам мемлекеттік акциялар пакетіне таза табыстан 30 % мөлшерінде:
2007 жылы - 14,98 млн. теңге;
2008 жылы - 19,37 млн теңге;
2009 жылы - 18,59 млн. теңге дивиденд төлеуді жоспарлап отыр.
Қоғам 2007 жылы салықтарды және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді 271,4 млн. теңге сомасында төлеуді жоспарлап отыр.
«Қазпочта» АҚ
Қоғамның таяудағы үш жылдағы мақсаты жоғары сапалы деңгейде ұсынылатын почта-жинақтау қызметтеріне еркін қол жетімділікті қамтамасыз ете алатын өңірлік инфрақұрылымды дамыту және жаңғырту болып табылады.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
Қоғамның материалдық-техникалық базасын жетілдіру және қазіргі заманғы технологияларды енгізу;
почта-жинақтау қызметтерін ұсыну сапасын арттыру;
көрсетілетін қызметтер аясын кеңейту және қазіргі заманғы банктік өнімдер мен Интернетке бағдарланған қызметтерді енгізу үшін технологиялық база құру;
почта-жинақтау қызметтерін дамыту үшін қаржы тетіктерін қалыптастыру;
басқарудың қазіргі заманғы технологияларын енгізу.
2007 жылы негізгі мақсат оларды іргелі орналастыру, техникалық нығайту мен ақпараттық-коммуникациялық және банктік жабдықтармен жарақтандыру жолымен почта байланысы бөлімшелерінің бөлшек желілерін жетілдіруге бағытталған.
Бұл мына міндеттердің орындалуын болжамдайды:
қалалық, аудандық және ауылдық деңгейде өңірлік жүйені дамытуға қаржыландыру көздерін жұмылдыру;
почта байланысының жаңадан орналастырылған бөлімшелерінде көрсетілетін қызмет аясын кеңейту;
почта-жинақтау қызметін көрсету сапасын жоғарылату.
Алға қойылған мақсаттарға табысты қол жеткізу үшін олардың жаңа түрлерін енгізу жолымен көрсетілетін қызметтер аясын кеңейту жәрдемдесетін болады, оның ішінде:
EMS Kazpost курьерлік қызметін дамыту және халықаралық жедел почта саласында әлемнің аса ірі почта әкімшіліктерімен ынтымақтастық;
"электронды үкімет" желісіне қосылу үшін теле- және ақпараттық-коммуникациялық қызметті дамыту;
Интернет-бағдарланған қызметтерді енгізу;
сақтандыру ұйымдарымен, банктер және зейнетақы қорларымен шарттар жасасу, кредиттер мен тұрғын үй құрылыс жинақтарына қызметтер көрсету бойынша агенттік қызмет саласын кеңейту.
2007 жылы банкоматтар мен POS-терминалдардың өзіндік желісі базасында почта төлем карточкаларын шығару және қызмет көрсету сияқты жаңа жоғары технологиялық қызметтерді өсіруге, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар үшін бағалы қағаздар бойынша мәмілелерді тіркеу пункттерін құру жолымен трансфер-агенттік қызметтерді дамытуға ерекше назар аударылатын болады.
2007-2009 жылдары почта байланысы қызметтері бойынша 2006 жылдың күтіліп отырған деңгейіне қатысты төлемдік почта алмасуды 245,97 бірлікке дейін немесе 12,4% ұлғайту жоспарланып отыр.
2007 жылы мыналар Қоғам қызметінің аса маңызды көрсеткіштері болып табылады. Жиынтық кірістердің жоспарланып отырған деңгейі 10 619,73 млн. теңгені құрайтын болады, бұл кірістердің почта қызметтерінен 11,9 %-ға, қаржы қызметінен 21,6 %-ға өсуінің нәтижесінде 2006 жылғыдан 9,8 %-ға жоғары. Жиынтық шығыстар 10 389,71 млн. теңге сомасында жоспарланып отыр, өсім 2006 жылмен салыстырғанда 9,6 %-ды құрады. Таза кіріс 230,02 млн. теңгені құрайтын болады, бұл 2006 жылғы көрсеткіштен 21,0% көп.
2008 жылы бұл көрсеткіштер мына мөлшерде жоспарланып отыр:
жиынтық кіріс - 11 775,75 млн. теңге, жиынтық шығыс - 11 473,69 млн. теңге, таза кіріс - 300,06 млн. теңге.
2009 жылы осы көрсеткіштер: жиынтық табыс - 12 890,15 млн. теңге, жиынтық шығыс - 12 530,07 млн. теңге мөлшерінде жоспарланып отыр.
Кірістердің өсуіне тұтынушылардың почта-жинақтау қызметіне қажеттілігінің өсуі, сондай-ақ баға түзілімінің тарифтік ставкаларын (комиссиялық сыйлықақыны) олардың қол жетімділігін сақтай отыра әлеуметтік мәні бар қызмет көрсетулер бойынша нақты шығыстар деңгейіне дейін теңестіруді көздейтін оңтайлы стратегияны қалыптастыру есебінен қол жеткізу жоспарланып отыр.
Қоғамның 2007-2009 жылдардағы шығыстарын қалыптастырған кезде қызметкерлердің еңбекақыларын, қызмет көрсету өлшемдерінің сапасын арттыруға байланысты өндірістік шығыстарды жыл сайын ұлғайту, сондай-ақ өндірістік қорларды жаңарту мен кеңейтудің нәтижесінде негізгі қорларға қызмет көрсетуге арналған амортизациялық төлемдер мен шығыстарды ұлғайту жоспарланып отыр.
2007 жылы таза кірістің өсуі алдыңғы жылмен салыстырғанда 21,0%, 2008 жылы - 30,5% мөлшерінде жоспарланып отыр. Республикалық бюджеттің қаражатын игерудің аяқталуы бойынша Қоғамның жарғылық қорын толықтыруға таза табыс 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 20%-ға өсіп, 360,07 млн. теңгені құрайтын болады.
2007-2009 жылдар ішінде Қоғам республикалық және жергілікті бюджеттерге 8277,6 млн. теңге сомасында салық төлемдерін жіберуді жоспарлап отыр.
Қоғамның инвестициялық бағдарламасының негізгі басымдығы почта-жинақтау инфрақұрылымын жетілдіру болып табылады. Бұл 2007-2009 жылдары мынадай міндеттерді шешуді болжайды:
почта және банк қызметінің кең аясын көрсетуді ұсынуға қабілетті жеке бөлшек сауда желісін құру;
магистральды тасымалдау жүйесін жетілдіру;
есептеу орталығын құру;
инфо-логикалық желі құру.
«Қазақтелеком» АҚ
Экономиканың өрлеуімен, іскерлік белсенділіктің жандануымен, халық табысының біршама өсуімен сипатталатын қолайлы макроэкономикалық факторлар болжанып отырған кезеңде телекоммуникация қызметтерін көрсетуге деген көтеріңкі сұранысты қалыптастырады және телекоммуникациялар нарығының серпінді дамуына септігін тигізеді.
«Қазақтелеком» АҚ-тің (бұдан әрі - Компания} 2007 жылға арналған басты мақсаттары мен міндеттері:
жоғары деңгейде сервиспен қамтамасыз етумен бір мезгілде клиенттерге қызметтің барынша кең тізбесін ұсыну;
әкімшілік менеджментті жетілдіру негізінде бәсекелестік нарық жағдайында нарықтық позицияны ұстап қалу үшін сыртқы өзгерістерге жылдам назар аударатын бизнес-бағдарлы компанияны қайта құру болып табылады;
Қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жолдары:
қазіргі заманғы телекоммуникациялық инфрақұрылымды қалыптастыруды аяқтау;
жоғары табысты сегменттерде бизнесті жандандыру;
жаңа нарықтарға шығу.
Болжау деректеріне сәйкес Компанияның жиынтық кірісі 2007 жылы - 111 101,0 млн. теңгені, 2008 жылы - 110 597,8 млн. теңгені, 2009 жылы 107 781,4 млн. теңгені құрайды.
Компанияның 2007-2009 жылдардағы жиынтық шығыстары:
2007 жылы - 85 209,7 млн. теңге, 2008 жылы - 87 414,8 млн. теңге, 2009 жылы - 87 253,4 млн. теңге деңгейінде жоспарланған.
2007 жылы таза пайда 25 957,8 млн. теңге, 2008 жылы - 23 258,8 млн. теңге, 2009 жылы 23 026,2 теңге деңгейінде жоспарланып отыр.
Салықтар сомасы мен мемлекеттік бюджетке міндетті басқа да төлемдердің мөлшері: 2007 жылы 22 168 млн. теңге, 2008 жылы - 22 657 млн. теңге, 2009 жылы 21 834 млн. теңге жоспарланып отыр.
Компанияның инвестициялық саясатының инновациялық сипаты бар және жетекші әлемдік байланыс өндірісшілерінің ең жаңа технологиялары негізінде осы заманғы телекоммуникациялық инфрақұрылымды қалыптастыруға және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ақпараттық ағынның транзитін молайтуға бағытталған.
Компанияның инвестициялық саясаты телекоммуникациялар желісін жаңарту мен дамытудың мынадай басым бағыттарына негізделген:
ұлттық ақпараттық супермагистраль салуды жалғастыруға;