«Солтүстiк Қазақстан - Ақтөбе облысы» өңiраралық электр беру желісі құрылысының
жобасын iске асыру жөніндегі шаралар туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 қазандағы № 1008 Қаулысы
"Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығын орындау үшін және мемлекеттің энергетикалық тәуелсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң "Солтүстiк Қазақстан - Ақтөбе облысы" өңiраралық электр беру желісі құрылысының жобасын iске асыру қажеттілiгi туралы ұсынысына келісім берілсін.
2. Қоса берiліп отырған "Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" өңiраралық электр беру желісі құрылысының жобасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекiтілсiн.
3. Орталық атқарушы органдар, сондай-ақ өзге де мүдделi мемлекеттік органдар мен ұйымдар (келісім бойынша) Жоспарды iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2005 жылғы 7 қазандағы
№ 1008 қаулысымен
Бекiтiлген
«Солтүстiк Қазақстан - Ақтөбе облысы» өңiраралық электр
беру желісі құрылысының жобасын icке асыру жөнiндегі
iс-шаралар жоспары
Р/с № | Iс-шараның атауы | Аяқталу нысаны | Орында- луына жауаптылар | Аяқталу мерзiмi |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | "KEGOC" АҚ-тың 20%-дан аспайтын қатысуымен концессионер компанияның жарғы- лық капиталын құру және құрылым- дау жөнiндегі iс-шараларды жүзеге асыру | Қазақстан Республика- сының Үкіметіне ақпарат | ЭМРМ (жинақтау), ТМРА, "KEGOC" АҚ (келісім бойынша) | 2005 жылғы қазан |
2 | Техника-экономи- калық негiздеме әзiрлеудi және оның мемлекеттік сараптамасын ұйымдастыру | Қазақстан Республика- сының Үкіметіне есеп | ЭМРМ (жинақтау), "KEGOC" АҚ (келісім бойынша) | 2005 жылғы қазан |
3 | "Солтүстiк Қазақстан - Ақтөбе облысы" өңiраралық электр беру желісін салуға және пайдалануға арнал- ған концессиялық келісімдi жасасу туралы" Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулысының жобасын әзiрлеу | Қазақстан Республика- сының Үкіметі қаулысының жобасы | ЭМРМ (жинақтау), Қаржымині, ЭБЖМ, ТМРА | 2005 жылғы қазан |
4 | "Солтүстiк Қазақстан - Ақтөбе облысы" өңiраралық электр беру желісін салу және пайдалану жөніндегі концес- сиялық келісім шеңберiнде мемлекеттің кепiлдемесiн беру туралы" Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулысының жобасын әзiрлеу | Қазақстан Республика- сының Үкіметі қаулысының жобасы | ЭМРМ (жинақтау), Қаржымині, ЭБЖМ | 2005 жылғы қазан |
5 | "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына концессия- лық келісімдер шеңберiнде құрылған электр беру желiлерiн олардың қолданылу мерзiмiнде ұлттық электр желісінiң құрамынан шығару, сондай-ақ заңнама- дағы олқылықты жою және Заңға "өңiраралық электр беру желiсі" ұғымын енгізу бөлiгiнде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | ЭМРМ (жинақтау), Қаржымині, ЭБЖМ | 2005 жылғы қазан |
6 | Инфрақұрылым облигацияларын шығару және бiрiнші кезекте, жинақтаушы зейнет- ақы қорлары, сондай-ақ басқа институционалдық инвесторлар арасында орналас- тыру жөніндегі жұмысты ұйымдас- тыру | Қазақстан Республика- сының Үкіметіне ақпарат | ЭМРМ (жинақтау), концессио- нер, ҚҚА, (келісім бойынша) | 2005 жылғы қараша |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Қаржыминi - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
ҚҚА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі
ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi
"KEGOC" АҚ - "Электр желiлерiн басқару жөніндегi Қазақстан компаниясы "KEGOC" акционерлік қоғамы