ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: бір ТЭН әзірлеу ұйымдастыру техникаларын сатып алу.
Түпкілікті нәтиже: "Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау 2-фаза" жобасының толық ауқымдағы техникалық-экономикалық негіздемесін алу.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: Арал теңізі маңындағы 600 мың тұрғындардың хал жағдайы жақсару үшін 1 ТЭН алу.
Уақтылығы: жұмыс 25 % орындалады.
Сапасы: ТЭН дұрыс қорытынды алу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
96-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынақтан өткізу»
деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 109788 мың теңге (бір жүз тоғыз миллион жеті жүз сексен сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 13 шілде 1999 жылғы «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы; 8 ақпан 2003 жылғы «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы; «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Селекциялық жетістіктерді сынау және қорғау» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынды қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 11 ақпандағы № 204 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің егу үшін Қазақстан республикасында пайдалануға рұқсат етілген Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылығы дақылдары сорттарының тұқымын пайдалануы.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: сапасы жағынан өнімді және құнды сорттарды айқындау, селекциялық жетістіктердің патенттік қабілеттілігі мен шаруашылыққа пайдалығы шарттарына сәйкестігі туралы қорытынды беру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 013 | | Ауыл шаруа- шылығы дақыл- дарының сорттарын сынақтан өткізу | Мемлекеттік мекеменi штат саны 36 адамнан тұратын "Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынақтан өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия", штат саны 212 адамнан тұратын ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынақтан өткізу жөнінде 12 облыстық және 3 аймақтық инспекту- раларын Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялы жетістіктердің мемлекеттік тізбесіне енгізілген сапасы жағынан анағұрлым өнімді айқындалған сорттарды енгізу мақсатымен 6550 дейін сорттық тәжірибе жүргізе отырып 115 ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша сапалы және өнімдi сорттарды айқындауға, 16000 гектар алаңда агротехникалық іс-шаралар кешенін орындау арқылы ауыл шаруашылығы дақылдары- ның патенттік қабілеттілігі мен шаруашылыққа пайдалы- ғына мемлекеттік сорттық сынақты жүргізуін қамтамасыз ету. Барлық агротех- никалық жұмыстардың көлемін толық орындау үшін автомашина, астық жинайтын комбайн, шынжырлы және дөңгелекті тракторлар, тіркеме жабдықтар алу. | қаңтар- желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касының Ауыл шаруашы- лық министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижелері:
Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне сапасы жағынан анағұрлым өнімді сорттарды енгізу мақсатымен 115 ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша барлығы 890 сорттар сынақтан өтеді.
Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынақтан өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссияны, өңірлік және облыстық инспектураларды ауыл шаруашылығы техникасымен жарақтандыру: автомашина - 2 бірлік, астық жинаушы комбайн - 1 бірлік, шынжырлы трактор - 2 бірлік, дөңгелекті трактор - 2 бірлік, тіркеме жабдықтар - 6 бірлік.
Түпкілікті нәтижелері:
ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынақтан өткізу нәтижелерi
бойынша 45-50 сорт өндіріске жіберілетін болады және республика облыстарында аудандастырылады.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: ауыл шаруашылығы дақылдарының
1 сорттық тәжірибесіне жұмсалатын жалпы шығындар 13555 теңгені құрайды.
Уақтылығы: осы бағдарламада көзделген іс-шараларды белгіленген мерзімде орындау.
Сапасы: Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын пайдаланудың үлес салмағы кемінде 85% құрайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
97-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру»
деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 77099 мың теңге (жетпіс жеті миллион тоқсан тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру" жобасының 2 фазасын әзірлеуге грант бөлу туралы Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкі арасындағы Келісім-Хатқа қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 2 тамыздағы № 804 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қызметтерінің экономикалық және қаржы тұрақтылығын ұлғайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: "Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру" жобасының екінші фазасының техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) әзірлеуді аяқтау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 014 | | Иррига- циялық және дренаждық жүйелердi жетілдіру | | | |
2 | | 006 | Жобаны республи- калық бюджеттен грантты бірлесіп қаржы- ландыру есебінен іске асыру | Қосымша құнға салық төлеу. "Операциялық шығындар" және "тауар" категориясы бойынша грантты үлестік қатыста бірлесіп қаржыландыруды қамтамасыз ету. | қаңтар- желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігінің Су ресур- стары жөніндегі комитеті |
3 | | 018 | Жобаны грант есебінен іске асыру | Кеңес беруші ұйымдардың қызметін техникалық- экономикалық негіздемесін әзірлеу үшін сатып алу. Жеке кеңесшілердің қызметін сатып алу. Кеңесшілердің операциялық шығындары. | үшінші тоқсан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігінің Су ресур- стары жөніндегі комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: "Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру" жобасының екінші фазасының техникалық-экономикалық негіздемесін алу.
Түпкілікті нәтиже: ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қызметтерінің экономикалық және қаржы тұрақтылығын ұлғайту.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: жұмыстың үлестік құны (1 гектарға шаққанда) 300-400 теңге/гектар.
Уақытылығы: жоспарланған жұмыстардың 100% орындалуы.
Сапасы: "Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру" жобасының 2-фазасының техникалық-экономикалық негіздемесіне дұрыс қорытынды алу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
98-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Ауыл шаруашылығын жекешелендіруден кейінгі қолдау»
деген 016 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 230483 мың теңге (екі жүз отыз миллион төрт жүз сексен үш мың теңге).
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму банкі арасында Қарыз туралы келісім (Ауыл шаруашылығын екінші жекешелендіруден кейінгі қолдау жобасы) жасау туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2005 жылғы 19 наурыздағы № 255 қаулысы; Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Ауыл шаруашылығын қолдаудың жекешелендіруден кейінгі екінші жобасы) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 14 желтоқсандағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: фермерлердің, ауылдық шағын және орта кәсіпорындардың, ауылдық жердегі бизнес өкілдерінің қаржылық қызметке қол жеткізуін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ауылдық қаржылық консультациялық қызметке қол жеткізетін ауылдық аудандар тұрғындарының пайызын барынша ұлғайту; ауылдық қаржылық консультациялық қызмет жүйесін дамыту; ауыл шаруашылығын кредиттеу тәуекелін барынша азайту; ұзақ мерзімді ауыл шаруашылық инвестицияларды бағалау бойынша коммерциялық банктер мен лизингтік компаниялардың функционалдық мүмкіндіктерін бекіту; микроқаржылық ұйымдарды институционалды дамыту.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 016 | | Ауыл шаруа- шылығын жекеше- ленді- руден кейінгi қолдау | | | |
2 | | 016 | Жобаны респуб- ликалық бюджеттен сыртқы қарыз- дарды бірлесіп қаржы- ландыру есебінен іске асыру | Ауылдық қаржылық консультациялық қызмет жүйесін құру компоненті бойынша техникалық көмек беру және облыстық және аудандық деңгейдегi консультанттарды оқыту үшін жергілікті консалтингтік компанияның, 3 шетелдік және 3 жергілікті жеке консультанттардың консультациялық қызмет көрсетуін сатып алу. Ауылшаруашылық және бағалық тәуекелдi басқару жөніндегі техникалық көмек беру үшін 2 халықаралық компанияның консультациялық қызмет көрсетуін сатып алу. Ауылдық инвестициялық жобаларды кредиттеу мәселелері бойынша жобаның кредиттік жолын іске асыруға қатысатын 2-ші деңгейдегі банктердің облыстық және аудандық бөлімшелерінің кредиттік офицерлерін және лизингтік компанияларды оқыту және техникалық көмек беру үшін жергілікті консалтингтік компанияның, 2 шетелдік жеке консультанттардың консультациялық қызмет көрсетуін сатып алу. Микроқаржыландыру компоненті шеңберінде іріктеп алынатын микроқаржылық ұйымдардың әлеуетін дамыту бойынша техникалық көмек беру үшін 4 шетелдік жеке консультанттардың және Микроқаржылық ұйымдардың қауымдастығының консультациялық қызмет көрсету сатып алу. Жобаны іске асыру үшін 4 адамнан тұратын жергілікті консуль- танттардың қызмет көрсетуін, операция- лық қызмет көрсетуді төлеуді қоса алғанда төлеу. Тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетуді сатып алу бойынша конкурстар өткізу туралы хабарландыру- ларды төлеу Қарыз бергені үшін Дүниежүзілік Банкке бір жолғы комиссиялық алым төлеу.. | 2006 жылғы қаңтар- желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касының Ауыл шаруашы- лығы министр- лігі |
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: өз кезегінде аудандық деңгейдегі 200 консультантты оқытатын консалтингтік компания оқытқан 5 облыстан 30 оқытушы-жаттықтырушы; өсімдік шаруашылығында сақтандыру мен тауар биржалары жөніндегі нормативтік құқықтық базаны талдау жүргізілді; жергілікті консалтингтік компания мен шетелдік жеке консультанттар оқытқан қатысушы банктер мен лизингтік компаниялардың кредит беру бөлімдерінің 80 қызметкері; ауылда жұмыс істейтін микроқаржылық ұйымдардың әлеуеттік мүмкіндіктері зерттеледі және талдау негізінде кейінгі жылдары жобаны іске асыру кезінде микроқаржыландыру үшін қаржы ресурстарын беру және олардың персоналын оқыту үшін микроқаржылық ұйымдардың бірқатары іріктеп алынады.
Түпкілікті нәтиже: ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің, ауылдық жердегі бизнес өкілдерінің бизнес-жоспар жасау, кредиттік құжаттарды рәсімдеу бойынша мүмкіндіктері артады; банктердің аграрлық секторға сенімі артады және ауылдық бизнеске кредит ресурстарының ағымы ұлғаяды.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: консультанттар тобын ұстау, халықаралық және жергілікті консультанттарды тарту бойынша шығындар инвестициялық жобалар бойынша бекітілген лимиттерден аспайды. Қысқа мерзімді жергілікті консультанттың 1 адам - ай қызмет көрсетуі 127 мың теңгеден аспайды, халықаралық консультанттың - 2 286 мың теңге.
Ауылдық қаржылық консультациялық қызмет жүйесін құру шеңберінде 1 консультантты оқытуға шығындар 30,5 мың теңгеден аспайды.
Уақтылығы: бағдарлама бойынша іс-шаралар осы бағдарлама паспортымен көзделген мерзімдерде жасалады.
Сапасы: ауылдық қаржылық консультациялық қызметпен қанағаттанған фермерлердің 40%-ы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
99-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне сумен жабдықтау жүйелерін дамытуға
берілетін нысаналы даму трансферттері»
деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 7308497 мың теңге (жеті миллиард үш жүз сегіз миллион төрт жyз тоқсан жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасының 2004-2010 жылдарға арналған ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі Жарлығы; «2002-2010 жылдарға арналған «Ауыз су» салалық бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 93 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ауылдық елді мекендер, қалалар және кіші қалаларды қажетті көлемде және кепілді ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ауылдық елді мекендер, қалалар және кіші қалаларды қажетті көлемде және кепілді ауыз сумен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 017 | | Облыстық бюджет- терге, Астана және Алматы қалала- рының бюджет- теріне сумен жабдықтау жүйелерін дамытуға берілетін нысаналы даму транс- ферттерi | "2006 жылғы республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге туралы" 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының 2 қосымшасына сәйкес, сонымен қатар 2002-2010 жылдарға "Ауыз су" бағдарламасы шеңберінде - 2120722 мың теңге, 2004-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамыту мемлекеттік бағдарламасының дамыту шеңберінде - 5187775 мың теңге Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығына сай бекітіп, мемлекеттік сарапта- мадан өтіп, бекітілген жобалау-құжаттарына сәйкес, сумен жабдықтау жүйелерін дамытуға арналған іс-шаралар тізбесi бойынша және белгіленген сомалар шегінде ауыз сумен қамтамасыз ету нысаналарын қайта жаңарту және салуға, инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған облыс бюджеттерін, Астана мен Алматы қалаларының бюджеттерін дамытуға арналған мақсатты трансферттерді жүзеге асыру. | 2006 жылғы қаңтар- желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігінің Су ресур- стары жөніндегі комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: ауыз сумен жабдықтау объектілерін қайта жаңарту және салу бойынша жұмыс көлемінің орындалуы.
Түпкілікті нәтиже: Қазақстан халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін ауыз сумен жабдықтау объекттерін пайдалануға енгізілуі.
Уақтылығы: жасалынған келісім-шартқа, жұмыс жоспары-тізбесіне сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
100-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Жұқпалы аурулардан сақтануды қамтамасыз ету»
деген 018 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 6203618 мың теңге (алты миллиард екі жүз үш миллион алты жүз он сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 8, 10, 11, 12, 20, 24, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 35-баптары; «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ведомстволық бағыныстағы жекелеген ұйымдардың мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1431 қаулысы; «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан азаматтарын және жануарлар әлемін адамдар, жануарлар және құстар үшін ортақ аурулардан диагностикалық, алдын алу және жою іс-шараларын жүргізу арқылы қорғау.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi зертхана жабдықтарын халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкес келтіру; ветеринарлық зертханалардың мамандарына зерттеудің қазіргі заманғы әдістерін оқыту: республикада жануарлар мен құстардың жұқпалы ауруларының таралуына жол бермеу; ауыл шаруашылығы жануарларының бруцеллезі және/немесе туберкулезі бойынша қолайсыз пункттерді сауықтыру; жануарлар мен құстардың тез тарайтын жұқпалы ауруларының ошақтарын оқшаулау және жою; шекаралас мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына жануарлар мен құстардың тез тарайтын жұқпалы аурулары енуіне тосқауыл қою; уақтылы диагноз қою.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 018 | | Жұқпалы аурулар- дан сақтануды қамта- масыз ету | | | |
2 | | 100 | Ветери- нариядағы монито- ринг, рефе- ренция, зертха- налық диагнос- тика және әдіснама ұлттық орталығы | Мына жұмыстарды орындау мақсатында штат саны 84 адамдық мемлекеттік мекеме ұстау: - жануарлардың ауруларына диагноз қоюды әдістемелік қамтамасыз ету; - жабайы фаунаның эпизоотиялық мониторингін жүргізу; - жануарлардың ауруларына диагноз қою кезіндегі референттік функция (даулы жағдайларда немесе басқа зертханаларда диагноз қою қиын болған кезде түпкілікті диагноз қою); - Ветеринарияда пайдаланылатын микроорганизмдердің депондалған штаммдарының ұлттық коллекциясын жүргізу; - малдардың организміндегі, малдан өндірілетін өнімдер мен шикізат- тардағы өте улы немесе радиоактивтi заттарды анықтау; - малдан өндірілетін өнімдер мен шикізат- тарды, жемдердің, жем қоспаларының, ветери- нариялық препараттар- дың импорты, экспорты және транзит кезінде олардың ветеринария- лық-санитариялық сараптамасының даулы жағдайларындағы зертханалық зерттеулер; - жұмысшыларының біліктілігін көтеру және 10 маманды оқыту жөніндегі алыс және жақын шетелдердің және халықаралық референттік орталық- тардың ғылыми зерттеу мекемелері көрсететін қызметтерді сатып алу; Мыналарды сатып алу: - жоғары мүмкіндік- тегі газды хромато- графиялық компьютер- ленген микроорганизмдi идентификациялау жүйесі; - микропроцессормен басқарылатын және СО2 ұстайтын инфрақызыл детекторы бар СО2- инкубатор; - салқындату жүйесi бар, бір ротор ұясының сыйымдылығы 100 милилитрге дейін жететін центрифуга; - ауруларға диагноз қоюға арналған препараттар (диагностикумдар), химреактивтер және құралдар, зертханалық жануарларға арналған азықтар; - іс қағаздарын жүргізу үшін компьютер принтерімен; - мүйізді ірі қара; - жылқы (жабағы). «; - зертханалық жиһазды - 1 жиынтық; стандарттар, реагенттер мен шығыс материалдары жиынтығымен бірге микроорганизмдердің нуклеин қышқылдары құрамын анықтауға арналған аппарат - 1 бірлік; стандарттар, реагенттер мен шығыс материалдары жиынтығымен бірге олигонуклеотидтерді (нуклеин қышқылдары) уландыруды синтездеуге арналған аппарат - 1 бірлік; стандарттар, реагенттер мен шығыс материалдары жиынтығымен бірге бағдарламалық қамтамасыз ететін микробиологиялық талдауыш 1 бірлік; бағдарламалық қамтамасыз етумен, стандарттар, реагенттер мен шығыс материалдары жиынтығымен бірге шикізат пен өнімдердегі улы және химиялық заттарды анықтауға арналған аппарат - 1 бірлік; люминесцентті микроскоп - 2 бірлік; картридждер жиынтығымен бірге суды жоғары тазалау жүйесі аппараты - 1 бірлік; персонал мен өнімдерді қорғаудың микробиологиялық боксы (3 сыныпты) - 3 бірлік; персонал мен өнімдерді қорғаудың микробиологиялық боксы (2 сыныпты) - 2 бірлік; ампулаларды вакуум арқылы дәнекерлеуге арналған аксессуарлары бар биологиялық заттарды лиофильді кептіруге арналған аппарат - 1 бірлік; бағдарламалық қамтамасыз етілген сандық бейнекамерасы бар микроскоп - 2 бірлік; төмен температуралы мұздатқыш (86-93С) - 2 бірлік; көлемі кемінде 200 л термостат (+20-60С) - 3 бірлік; стерилизациялауға және кәдеге жаратуға арналған автоклав - 3 бірлік; жұмыртқаларды инкубациялауға арналған аппарат (+20-60С) - 3 бірлік; СО2 - көлемі кемінде 100 л инкубаторлар, инфрақызыл датчиктер және ылғалдылықты бақылау - 2 бірлік; 210 г-ға дейінгі электронды (талдамалы) таразылар, д-0,001 - 3 бірлік; инвертирленген микроскоп, бинокуляр, жарық алаң, фазалық айқындылық - 3 бірлік; салқындатқышы бар мультифункциональды (жоғары жылдамдықты) центрифуга - 3 бірлік; қоректі орта дайындауға арналған аппарат - 3 бірлік; Дьюар ыдысы СДС - 4 жиынтық.. | Жыл бойында | Қазақстан Республи- касының Ауыл шаруашы- лығы министр- лігі |
3 | | 101 | Жануарлар аурула- рының диагнос- тикасы | Қазақстан Республика- сының Yкіметі бекіткен тізбеге сәйкес жануарлар мен құстар- дың аурулары бойынша серологиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық 18,0-23,0 млн. диаг- ностикалық зерттеу жүргізу жөніндегі іс- шараларды орындау бойынша көрсетілген қызметтерге ақы төлеу. | Жыл бойында | Қазақстан Республи- касының Ауыл шаруашы- лығы министр- лігі |
4 | | 102 | Эпизоо- тияға қарсы шаралар | Қазақстан Республика- сының Yкіметі бекіткен тізбеге сәйкес жануар- лар мен құстардың ауруларына қарсы эпизоотияға қарсы мынадай іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз ету: жануарлар мен құстардың аса қауіптi ауруларының алдын алуға арналған ветеринариялық препараттардың 170,0-220,0 млн. дозасын және ветеринариялық препараттардың республикалық қорын толықтыру үшін 10000- 15000 литр дезинфек- циялық заттар сатып алу; ветеринариялық препараттарды соның ішінде ветеринариялық препараттардың республикалық қорын белгіленген орнына тасымалдау қолданыл- ғанға дейін ветерина- риялық препараттардың сақталуы; ветеринариялық препараттардың республикалық қорының сақталуы; ветеринариялық препараттарды жергілікті жерлерде қолдану, оған қоса: 1) серологиялық зерттеулер үшін қанның сынамаларын алу және жеткізу - 18,0-23,0 млн. сынама; 2) 120,0-150,0 млн. ветеринариялық препарат дозасын жануарларға егу. Ауыл шаруашылығы жануарларының бруцеллезі және/немесе туберкулезі бойынша қолайсыз 55-65 пунктті белгіленген тәртіпке сәйкес сауықтыру, оған қоса мыналарды өткізу: кері нәтиже алғанға дейін жануарларды зерттеу; ауру жануар- ларды өткізу; жануарларды егу; ауру жануарлар ұсталған жайларды дезинфекция- лау. | Жыл бойында | Қазақстан Республи- касының Ауыл шаруашы- лығы министр- лігі |
5 | | 103 | Жануарлар мен құс- тардың қауіпті жұқпалы аурула- рының ошақтарын жою | Қазақстан Республика- сының Үкіметі анық- таған тізбе бойынша жануарлар мен құстар- дың ауруы шығады деп күтілген ошақтарды 100% оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру арқылы мыналарды қамту: ветеринариялық препараттар мен дезинфекциялау құралдарын жеткізу; өлген малдар мен құстардың өлекселерін өртеп жіберу арқылы жою; алынып жойылған малдың, азықтың, азық қоспаларының және ветеринариялық препараттардың құнын өтеу; эпизоотологиялық ошақта және қатерлi аймақта малдар мен құстарды мәжбүрлеп ету; малдар мен құстар ұсталған жайларды дезинфекциялау; зертханалық зерттеу үшін қан сынамалары мен патологиялық материал алу және жеткізіп беру; созылмалы ауруларға арналған бақылау зерттеулерін жүргізу; карантин кезінде карантиндік бекеттер, дезинфекциялық кедергілер орнату және оларда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыру. Шекаралас мемлекет- терде жануарлар мен құстардың аса қауіптi инфекциялық аурулары шыққан кезде республикаға инфекция әкелінуіне жол бермеу жөнінде шекаралық карантиндік уақытша бекеттер ұйымдастыру жүзеге асырылады, онда мыналар қамтылады: дезинфекциялық заттарды республикалық қордан осы бекеттерге дейін жеткізу; шекаралас мемлекет- терде эпизоотиялық жағдай тұрақтанғанша көлік құралдарын дезинфекциялау үшін дезинфекциялық уақытша кедергілер орнату немесе бар дезинфек- циялық кедергілерді жөндеу және оларда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыру. | Жыл бойында | Қазақстан Республи- касының Ауыл шаруашы- лығы министр- лігі |