Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша 5000 шаршы метрден асатын жер учаскелерiне салық ставкалары 1 шаршы метрi үшiн 1,00 теңгеден 0,20 теңгеге дейiн төмендетiлуi мүмкiн.
§ 3. Өнеркәсiп жерiне салынатын салық ставкалары
334-бап. Елдi мекендерден тыс орналасқан өнеркәсiп жерлерiне салынатын базалық салық ставкалары
1. Елдi мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлерiне салынатын базалық салық ставкалары бiр гектарға шаққанда бонитет балына барабар мынадай мөлшерлерде белгiленедi:
Бонитет балы | Базалық салық ставкасы (теңге) | Бонитет балы Базалық салық ставкасы (теңге) |
1 | 2 | 3 4 |
0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 | 48,25 91,67 135,10 178,52 221,95 265,37 308,80 352,22 395,65 439,07 482,50 | 51 2634,45 52 2690,23 53 2745,95 54 2801,72 55 2857,46 56 2913,24 57 2968,96 58 3024,73 59 3080,47 60 3136,25 |
11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 | 530,75 592,41 654,08 715,68 777,35 839,01 900,67 962,29 1023,96 1084,66 | 61 3188,36 62 3247,75 63 3325,49 64 3364,61 65 3423,05 66 3489,25 67 3539,95 68 3598,39 69 3656,81 70 3715,25 |
21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 | 1138,70 1189,07 1239,35 1287,73 1340,29 1390,66 1441,07 1491,45 1541,88 1592,25 | 71 3769,29 72 3829,64 73 3890,53 74 3951,67 75 4012,79 76 4073,88 77 4135,02 78 4196,15 79 4257,23 80 4319,34 |
31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 | 1646,29 1693,03 1740,76 1788,47 1836,20 1883,87 1931,58 1979,31 2027,02 2074,75 | 81 4371,45 82 4432,57 83 4493,66 84 4554,80 85 4615,92 86 4677,01 87 4738,15 88 4799,27 89 4860,36 90 4921,50 |
41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 | 2126,86 2178,19 2228,61 2278,98 2329,41 2379,79 2340,22 2480,57 2531,00 2582,34 | 91 4975,54 92 5054,48 93 5134,32 94 5214,22 95 5294,09 96 5373,99 97 5453,83 98 5533,73 99 5613,59 100 5693,50 |
100-ден жоғары 5790,00 |
2. Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес басқа жер пайдаланушылар уақытша пайдаланатын жердi қоспағанда, қорғаныс мұқтажы үшiн берiлген жерлерге осы баптың 1-тармағында белгiленген ставкалар бойынша салық салынуға тиiс.
3. Қорғаныс мұқтажы үшiн берiлген, қорғаныс мұқтажы үшiн уақытша пайдаланылмайтын және ауыл шаруашылығы мақсаттары үшiн басқа жер пайдаланушыларға берiлген жерлерге осы Кодекстiң 338-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 329-бапта белгiленген ставкалар бойынша салық салынуға тиiс.
4. Магистралды темір жолдарды бойлай қорғаныштық екпе ағаштар орналасқан темір жол көлiгi кәсiпорындарының жерлерiне осы Кодекстiң 338-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 329-бапта белгіленген ставкалар бойынша салық салынады.
335-бап. Елдi мекендер шегiнде орналасқан өнеркәсiп жерлерiне салынатын салық ставкалары
1. Елдi мекендер шегiнде (осы баптың 3-тармағында аталған жерлердi қоспағанда) орналасқан өнеркәсiп жерлерiне (шахталарды, карьерлердi қоса алғанда) және олардың санитариялық-қорғаныш, техникалық және өзге де өңiрлерiне осы Кодекстің 338-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 332-бабында белгiленген базалық ставкалар бойынша салық салынады.
2. Елдi мекендер шегiнде, бiрақ селитебтi аумақтан тыс (осы баптың 3-тармағында аталған жерлердi қоспағанда) орналасқан өнеркәсiп жерлерiне (шахталарды, карьерлердi қоса алғанда) және олардың санитариялық-қорғаныш, техникалық және өзге де өңiрлерiне базалық ставкалар жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерiмен төмендетiлуi мүмкiн. Осы Кодекстiң 338-бабының 1-тармағында белгіленген төмендетуді ескере отырып, аталған жерлерге салық ставкасын жалпы төмендету базалық ставканың 30 процентiнен аспауы тиiс.
3. Елдi мекендер шегiнде орналасқан, аэродромдар алып жатқан өнеркәсiп жерлерiне осы Кодекстiң 338-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 334-бабында белгiленген базалық ставкалар бойынша салық салынады.
Елдi мекендер шегiнде орналасқан өнеркәсiп жерлерiне, аэродромдар алып жатқан жердi қоспағанда, әуежайлар алып жатқан жерлерге осы Кодекстiң 338-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 332-бапта белгiленген базалық ставкалар бойынша салық салынады.
Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн әуе кемелерiнiң ұшуын, қонуын, бұрылуын, тұрағын қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету үшiн арнайы дайындалып, жабдықталған жер учаскесi аэродром деп ұғылады.
§4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су
қорының жерлерiне салынатын салық ставкалары
336-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының жерлерiне салынатын салық ставкалары
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының ауыл шаруашылық мақсаттарында пайдаланылатын жерлерiне осы Кодекстiң 338-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 329-бабында белгiленген базалық ставкалар бойынша жер салығы салынады.
2. Жеке және заңды тұлғаларға ауыл шаруашылық мақсаттарынан өзге мақсаттарға пайдалануға берiлген ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының жерлерiне осы Кодекстiң 338-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 334-бабында белгiленген ставкалар бойынша салық салынуға тиiс.
§ 5. Автотұрақтар, автомобильге май құю станциялары және
базарлар орналасқан жер учаскелерiне салынатын салық
ставкалары
337-бап. Автотұрақтар, автомобильге май құю станциялары және базарлар орналасқан жер учаскелерiне салынатын салық ставкалары
1. Елдi мекендердiң автотұрақтар мен автомобильге май құю станциялары орналасқан жерлерiне, тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жердi қоспағанда, осы Кодекстiң 332-бабында елдi мекендер жерлерiне белгiленген базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салынуға тиiс.
Автотұрақтар мен автомобильге май құю станциялары орналасқан басқа санаттағы жерлерге, тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жердi қоспағанда, таяу орналасқан елдi мекендер жерлерi үшiн осы Кодекстің 332-бабында белгiленген базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салынуға тиiс.
Жерлерiне базалық ставкалар салықты есептеу кезiнде қолданылатын елдi мекендi жергiлiктi өкiлдi орган белгiлейдi.
Жергілікті өкілді органның шешiмi бойынша салық ставкасы кемiтiлуi мүмкiн, бiрақ ол осы Кодекстiң 332-бабында белгiленгеннен кем болмауға тиiс.
2. Жергiлiктi атқарушы орган белгiлеген сауда орындары тiкелей орналасқан елдi мекендердiң базарлар аумағына бөлiнген жерлерiне, тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жердi қоспағанда, осы Кодекстiң 332-бабында елдi мекендер жерлерiне белгiленген базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салынуға тиiс. Базарларға қызмет көрсету өңiрлерi алып жатқан өзге де базар аумағына осы Кодекстiң 332-бабына сәйкес белгiленген ставкалар бойынша салық салынады.
Жергiлiктi атқарушы орган белгiлеген сауда орындары тiкелей орналастырылған базарлар аумағына бөлiнген басқа санаттағы жерлерге, тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның қасындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жердi қоспағанда, осы Кодекстiң 332-бабында таяу орналасқан елдi мекендер жерлерi үшiн белгiленген базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салынуға тиiс. Базарларға қызмет көрсету өңiрлерi алып жатқан өзге де базар аумағына осы Кодекстiң 332-бабына сәйкес белгiленген ставкалар бойынша салық салынады.
Жерлерiне базалық ставкалар салықты есептеу кезiнде қолданылатын елдi мекендi жергiлiктi өкiлдi орган белгiлейдi.
Жергiлiктi өкiлдi органның шешiмi бойынша салық ставкасы кемiтiлуi мүмкiн, бiрақ ол осы Кодекстiң 332-бабында белгiленгеннен кем болмауға тиiс.
Осы тармақтың ережесi мал сату жөніндегі базарларға қолданылмайды, оларға жер салығы осы Кодекстiң 332-бабында белгiленген ставкалар бойынша салынады.
3. Осы бапта аталған коэффициенттер жерлердi автотұрақтар, автомобильге май құю станциялары және базарлар үшiн iс жүзiнде пайдаланған кезден бастап қолданылады.
§ 6. Салық ставкаларын түзету
04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 176-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 338-бап өзгертілді
338-бап. Базалық салық ставкаларын түзету
1. Жергілiктi өкiлдi органдар Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жүргiзiлетiн жерлердi өңiрлерге бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде жер салығының ставкаларын осы Кодекстiң 329, 330, 332, 334-баптарында белгiленген жер салығының базалық ставкаларынан елу проценттен аспайтындай етiп төмендетуге немесе жоғарылатуға құқығы бар.
Бұл ретте жекелеген салық төлеушiлер үшiн жер салығының ставкасын жеке-дара төмендетуге немесе жоғарылатуға тыйым салынады.
2. Мынадай төлеушiлер салықты есептеген кезде тиiстi ставкаларға 0,1 коэффициенттi қолданады:
1) сауықтыру балалар мекемелері;
2) дiни бiрлестiктердi қоспағанда, осы Кодекстiң 120-бабында белгiленген заңды тұлғалар;
3) осы Кодекстiң 121-бабының 1-тармағында белгiленген заңды тұлғалар;
4) қызметiнiң негiзгi түрi ормандардың өртке қарсы құрылғысы, өртке қарсы, орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күрес, табиғи биологиялық ресурстарды ұдайы молайту және ормандардың экологиялық әлеуетiн арттыру жөніндегі жұмыстарды орындау болып табылатын мемлекеттік кәсiпорындар;
5) балықты ұдайы молайту мақсатындағы мемлекеттік кәсiпорындар;
6) ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау саласындағы мiндеттердi жүзеге асыратын мемлекеттік кәсiпорындар;
7) психоневрологиялық және туберкулез мекемелерi жанындағы емдеу-өндiрiстiк кәсiпорындар.
2-2. Осы Кодекстiң 121-бабының 2-тармағында айқындалған заңды тұлғалар салықты есептеген кезде тиiстi ставкаларға 0 коэффициентiн қолданады.
3. Осы баптың 2-тармағында аталған жер салығын төлеушiлер жер учаскесiн немесе оның бiр бөлiгiн (ондағы үйлермен, құрылыстармен, ғимараттармен бiрге не оларсыз) жалға, өзге де негiздерде пайдалануға беру немесе коммерциялық мақсаттарда пайдалану кезiнде салықты 0,1 коэффициенттi қолданбай, жалпы белгiленген тәртіппен есептейдi.
4. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдар жер салығын осы Кодекстiң 140-2-бабының 4-тармағында және 140-5-бабының 3-тармағында белгiленген ережелердi ескере отырып есептейдi.
55-тарау. Салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімдері
339-бап. Салықты есептеу мен төлеудiң жалпы тәртібі
1. Салықты есептеу әрбiр жер учаскесi бойынша жеке салық базасына тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы жүргiзіледi.
2. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, жер салығы салық төлеушiге жер учаскесi берiлген айдан кейiнгi айдан бастап есептеледi.
3. Жер учаскесiн иелену құқығы немесе пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда жер салығы жер учаскесiн iс жүзiнде пайдалану кезеңi үшiн есептеледi.
4. Бюджетке жер салығын төлеу жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша жүргiзiледi.
5. Салық жылы iшiнде елдi мекендi қоныстың бiр санатынан басқа санатына ауыстыру кезiнде ағымдағы жылғы жер салығы салық төлеушілерден осы елдi мекендер үшiн бұрын белгiленген ставкалар бойынша, ал келесi жылы - қоныстардың жаңа санаты үшiн белгiленген ставкалар бойынша алынады.
6. Елдi мекен таратылған және оның аумағы басқа елдi мекеннiң құрамына қосылған кезде, таратылған елдi мекеннiң аумағында жаңа ставка тарату iске асырылған жылдан кейiнгi жылдан бастап қолданылады.
7. Салық төлеушiлер орналасқан жер учаскелерi бонитетiнiң балдарын анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, жер салығының мөлшерi шектесiп орналасқан жерлердiң бонитет балы негiзге алына отырып анықталады.
8. Ортақ үлестiк меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша салық олардың осы жер учаскесіндегі үлесiне барабар есептеледi.
9. Ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi заңды тұлғалар үшiн бюджетпен есеп айырысуды арнаулы салық режимiнде жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жер салығын төлеу тәртібі осы Кодекстiң 385-390-баптарында белгiленген.
10. Қорғаныс қажетi үшiн берiлген жерлерге салынатын салықты алу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 340-бап өзгертілді
340-бап. Заңды тұлғалардың салықты есептеу тәртібі мен төлеу
мерзiмдерi
1. Заңды тұлғалар жер салығы сомаларын салық базасына тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы дербес есептейдi.
2. Заңды тұлғалар салық кезеңi iшiнде жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердi есептеуге және төлеуге мiндеттi.
3. Ағымдағы төлемдердің сомалары ағымдағы жылдың 20 ақпанынан, 20 мамырынан, 20 тамызынан, 20 қарашасынан кешіктірілмейтін мерзімдерде тең үлестермен төленуге тиіс.
Жаңа құрылған салық төлеуші құрылған күннен кейінгі кезекті мерзім ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.
Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін құрылған салық төлеушілер ағымдағы салық кезеңі үшін салық сомасын осы баптың 9-тармағында көзделген мерзімдерде төлейді.
4. Ағымдағы төлемдер мөлшері салық кезеңінің басында болған салық төлеу объектілері бойынша салық базасына тиісті салық ставкаларын қолдану жолымен белгіленеді.
5. Жер салығын төлеу бойынша салық мiндеттемелерi туындаған күннен кейiнгi, осы баптың 3-тармағында белгiленген кезектi мерзiм салық мiндеттемелерi туындаған кезде салық кезеңінде салықтың ағымдағы сомаларын төлеудiң бiрiншi мерзiмi болып табылады.
Осы Кодекстiң 324-бабы 3-тармағының 4) және 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға берген кезде салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға беру күнiнен кейiнгi кезектi мерзiм салықтың ағымдағы сомаларын төлеудiң бiрiншi мерзiмi болып табылады.