7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: 433 атаулар бойынша әлеуметтік-маңызды әдебиеттердің түрлерін шығару, жалпы көлемі 9337 басылым беттері, әр басылымның таралымы 2000-нан 3000 данаға дейін, 14 облысқа, Алматы, Астана қалаларына, республиканың аумағында орналасқан кітапханалар үшін 3495 бірлік құрамында жіберіледі.
Соңғы нәтиже: Қоғамның рухани әлеуеттігін бірыңғай мәдени-ақпараттық кеңістік арқылы нығайту, тарихи-мәдени мұраны, әлеуметтік-мәдени инфраструктураны дамыту және сақтау, кәсіби өнер мен халық шығармашылығының дамуы жағдайын қамтамасыз ету, мәдени мұраның, соның ішінде қазіргі ұлттық мәдениетті, фольклорды, салт-дәстүрдің ауқымды оқыту жүйесін құру, көпғасырлық жазба және ұлттық әдебиеттің тәжірибесін жинақтау, ғылымдық және көркемдік топтастырылған серияларды құру; әлемнің озық жетістіктер базасында мәдениет пен әдебиеттің, ғылыми ойлаудың гуманитарлық білімнің мемлекеттік тілдегі толыққанды қорын құру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір басылымды шығарудың орташа шығыны 329 теңгені құрайды.
Уақыттылығы: оқырмандардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін жоспарланған іс-шараларды уақтылы орындау.
Сапасы: оқырмандардың санын көбейту, елдегі халықтардың интеллектуалдық, рухани-білімділік және интеллектуалды-мәдени деңгейін көтеру, қазақ тілінде әлемдік көркем әдебиеттердің теңдесіз туындыларын шығару, өскелең ұрпақты жалпыәлемдік идеалдар құндылығы рухында тәрбиелеу, мемлекеттік тілді қолдану мен дамыту, әлеуметтік-коммуникативтік қызметті ұлғайту және нығайту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
№ 72-30 қосымша
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Ішкі саяси тұрақтылық және қоғамдық келісім саласында мемлекеттік
саясатты жүргізу» деген 018 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 299379 мың теңге (екі жүз тоқсан тоғыз миллион үш жүз жетпіс тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары» атты 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халықтары Ассамблеясының стратегиясы мен Қазақстан халықтары Ассамблеясының ережесі туралы» 2002 жылғы 26 сәуірдегі Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу мен нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» атты 2006 жылғы 20 наурыздағы № 68 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2006 жылғы 30 наурыздағы № 80 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 85 «Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың тұжырымдамасы туралы» қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Ішкі-саяси тұрақтылықты нығайтуға арналған мемлекеттік саясатты қалыптастыру, этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін жетілдіру, саяси реформаларды жүргізу, азаматтық қоғамды дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Азаматтық бейбітшілік пен қоғамның ілгері дамуына жағдай жасауға бағытталған, этносаралық қатынас саласындағы мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттардың тиімді түрде бірлесе іс-қимылы қамтамасыз етуге, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың бірлесе іс-қимыл ынтымақтастық жүйесін жетілдіруге бағытталған көлемді шараларды іске асыру.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 018 | | Ішкі саяси тұрақты- лық және қоғамдық келісім саласында мемлекет- тік саясатты жүргізу | Қоғамдық-саяси ахуалдың тоқсан сайынғы әлеуметтік мониторингі (4 өлшем) Жұмыс жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу мен нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның қызметін қамтамасыз ету. Мемлекеттік нышандар жөніндегі Республика- лық комиссия отырысы ҚР Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі Республикалық әлеу- меттік зерттеулер Қазақстан 2030 Стратегиялық дамудың негізгі ұстанымдарын іске асырудағы үгіт-насихат жұмыста- рында жаңа техноло- гияларды (пікір- талас технологиялары, әлеуметтік мониторинг және т.б) қолдану жөніндегі Республика- лық семинар Үкіметтік емес ұйым- дардың әлеуметтік мәні бар жобаларын іріктеу жөніндегі конкурс Ұлтаралық келісім - мемлекеттік тұрақты- лық кепілі»дөңгелек үстелі Елбасының жыл сайынғы Жолдауын насихаттау мен түсіндіру жөнін- дегі Республикалық семинар-отырыс ҚР этносаралық және конфессияаралық ахуал жөніндегі сарапшылық сұрақнама Қазақстан халықтары Достастығы Республи- калық Фестивалі Ұлттар мәдениетін дамыту мәселесі жөніндегі аймақтық семинар Әлеуметтік-саяси сипаттағы өзекті мәселелер бойынша студенттік пікір-сайыс ойындары ұлттық турнирі "Қолданбалы әлеумет- тік зерттеулерге жаңа әдістерді енгізу" Республикалық оқу-әдістемелік семинары Салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі республикалық конфе- ренция (Қотыркөл оқулары) Аймақтық ынтымақтастық пен қауіпсіздікті қамта- масыз ету мәселелері жөніндегі Халықара- лық конференция Әлеуметтік техноло- гиялар жөніндегі Республикалық семинар "Шаңырақ»этножурна- листика саласындағы республикалық акция: этножурналистика саласындағы семинар мен шығармашылық конкурс Әлеуметтік-саяси сипаттағы өзекті мәселелер бойынша халықаралық мәрелік жобалық ұйымдастыру- шылық пікір-сайыс ойындары Ауылдық жергілікті жердегі этносаралық ахуалды зерделеу жө- ніндегі Республикалық әлеуметтік зерттеулер Әлеуметтанушылармен "Фокус-топтарды ұйым- дастыру мен өткізу» атты оқыту семинары "Мемлекеттік әлеумет- тік тапсырыс: ой түйінін іске асыру" Республикалық конференциясы Қоғамның демократия- лануы жөніндегі (Президент имиджі) Республикалық әлеу- меттік зерттеулері "Қолданбалы әлеумет- тік зерттеулерді өткізудің әдісі мен техникасы»Республика- лық оқыту-әдістемелік семинары Азаматтық қоғам инс- титуттары мен орталық атқарушы органдар өкілдерінің қатысуы- мен болатын корруп- циялық заң бұзушылық- тардың алдын алу мәселелері жөніндегі "дөңгелек үстел" Ақпараттық-насихаттық топтардың қызметі жө- ніндегі Республикалық конференция "2006-2008 жылдарға арналған этностық және конфессиялық келісімнің қазақстан- дық моделін жетілді- ру" жөніндегі бағдар- ламаны іске асыру шаралары Қазақстан Республикасының азаматтарын патриоттық тәрбиелеудің 2006-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде іс-шараларды іске асыру, оның ішінде: халықтың Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік нышандарды қабылдау деңгейін және олардың қазақстандықтарды патриоттық тәрбиелеудегі рөлін зерделеу жөнінде социологиялық зерттеу жүргізу; Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын республикалық деңгейде насихаттау жөнінде дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізу; республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізу. | жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Мәдениет және ақпарат министр- лігі |
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей қорытынды:
- Қоғамдық-маңызды сипаттағы жалпыреспубликалық 15 іс-шаралар өткізу.
Қазақстан Республикасындағы демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу мен нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның кемінде 4 тұрақты жұмыс істейтін отырысын және жұмыс тобының кемінде 6 отырысын өткізу;
Қазақстан қоғамындағы демократиялық процестерді одан әрі дамыту мәселелері бойынша кемінде 2 ғылыми-практикалық конференция және кемінде 6 социологиялық зерттеу жүргізу;
мемлекеттік нышандар жөніндегі республикалық комииссияның 2 отырысын өткізу;
- Аймақтық қауіпсіздіктің қазіргі маңызды мәселелеріне қатысты (соның ішінде 3 саясимәдениетті мемлекеттердегі этносаралық және конфессияаралық келісім мәселесі жөнінде) 5 халықаралық конференцияны дайындау мен өткізу.
- Жастар мен студенттер арасында белсенді өмір салты ұстанымын қалыптастыруға шақыратын 2 үлкен көлемді жоба өткізу.
- Этносаралық және саяси-қоғамдық ахуалды болжау мен зерттеуге бағытталған 4 әлеуметтік мониторинг, 3 әлеуметтік зерттеу және 1 (бір) сараптық сұрақнама өткізу.
- 80 әлеуметтік маңызды жобалардың қоғамдық бірлестіктер тарапынан іске асуына қолайлы жағдай жасау.
- Насихаттық жаңа технологияларды қолдану жөнінде мемлекеттік қызметкерлерге арналған 4 оқыту семинарын өткізу.
- Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін насихаттауға бағытталған 11 үлкенкөлемді іс-шара өткізу (тікелей қатысатындар саны - 8 600 адам).
Халықтың Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік нышандарды қабылдау деңгейін және олардың қазақстандықтарды патриоттық тәрбиелеудегі рөлін зерделеу жөнінде бір социологиялық зерттеу жүргізу;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын республикалық деңгейде насихаттау жөнінде кемінде екі дөңгелек үстел мен семинарлар өткізу;
бір республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізу.
Соңғы қорытынды: Ел азаматтарының саяси өмірінің либералдануы және саяси мәдениетінің қалыптасуы. Мемлекеттік органдардың үкіметтік емес сектормен, саяси партиялармен және қозғалыстармен конструктивті түрдегі бірлесе іс-қимылы. Қазақстан азаматтарының патриотизмі, рухани-салттық потенциалының дамуы. Қазақстан Республикасының халықаралық қауымдастық алдындағы имиджінің көтерілуі.
Қаржылық-экономикалық тиімділік:
Республикалық көлемдегі бір іс-шараны өткізуге жұмсалатын шығындардың орташа бағамы - 1 535 мың теңге;
Аймақтық көлемдегі бір іс-шараны өткізуге жұмсалатын шығындардың орташа бағамы - 630 мың теңге;
Бір әлеуметтік маңызды жобаны өткізуге жұмсалатын шығындардың орташа бағамы - 2439 мың теңге;
Бір әлеуметтік зерттеудің орташа бағамы - 1360 мың теңге.
Кезектілік: Әлеуметтік-маңызды іс-шараларды бекітілген жоспарға сәйкес өткізу.
Сапа: Ұлтаралық бірлік, қоғамдық келісім мен ішкі саяси тұрақтылықты сақтап қалу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
№ 72-31 қосымша
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Бұқаралық ақпарат құралдарын институционалдық дамыту»
деген 019 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1 315 000 мың теңге (бір миллиард үш жүз он бес миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 1999 жылғы 23 шілдедегі «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 2003 жылғы 15 тамызда № 1165 «2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму Стратегиясы жүзеге асырылуының әрі қарайғы шаралары» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жоғары сапалы телевизия және радио бағдарламаларын өндіру; Қазақстанда телекоммуникациялық инфрақұрылымдар арқылы телерадио бағдарламалары таратылуының қазіргі заманға сай жүйесін құру, қазіргі әлемдік технологиялық жабдықтарымен қамту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: тұрғындарды "Қазақстан" ұлттық телеканалының, "Қазақ радиосы" бағдарламаларымен кең көлемде қамтуға қол жеткізу; жоғары сапалы телевизия және радио бағдарламаларын жасау; осы саланы қаржыландыру үшін қолайлы жағдай және тиімді өндірістік-техникалық базасын құру, мемлекеттік қауіпсіздіктің ақпаратттық жүйесін қалыптастыру, тәуелсіз Қазақстанның электронды шежіресін жасау, елдің тұңғыш Президенті туралы киновидеоматериалдардың шығармашылық және технологиялық көрсеткіштері жағынан жоғары сапалы өндіру, Қазақстан Республикасының жағымды имиджі туралы кинобейнефильмдерді жасау, Республикада өткізілген әртүрлі халықаралық шаралардың, сапалы және тақырыптық кино, аудио және бейне материалдардың берілуі, ғылыми-танымдық және көңіл көтеру-ойын жанрындағы компьютерлік бағдарламалар мен циклдер, бейнесериалдарды жасау, Қазақстанның халықтық музыкалық мұраларының және өткен жылдардағы қазақ фильмдерін өңдеп, қайта жасап, тарату.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 019 | | Бұқаралық ақпарат құралда- рын институ- ционалдық дамыту | "Қазақстан" республи- калық телерадиокор- порация" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын телевизия- лық қондырғылар алу үшін толықтыру, "Қазақстан" республи- калық телерадиокорпо- рациясы" ғимараты құрылысының жобалық- сметалық құжаттарын өңдеу. | қаңтар- желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касы Мәдениет және ақпарат министр- лігінің Ақпарат және мұрағат комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Қазақстанның бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыру, мемлекет пен қоғам, тұлғаның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Тікелей нәтиже: 2005 жылдың 31 қаңтарына қоғамның жарғылық капиталы 2 025 568 000 теңгені құрайды. Бюджеттік бағдарламаның орындалу нәтижесінде жарғылық капитал 64,92 пайызға өсіп, 3 340 568 000 теңгені құрайды. Бұл акцияның қосымша таралымын тартып, негізгі қаржылық және өндірістік көрсеткіштердің тұрақты өсуі сақталады. "Қазақстан" Республикалық Телерадиокорпорациясының ғимараты құрылысына жобалы-сметалық құжаттама дайындалады.
Соңғы нәтиже: ақпараттық кеңістікте мемлекеттің қатысуын кеңейту, мемлекеттік электронды БАҚ ұстанымдарын нығайту, "Қазақстан" Республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік қоғамының үлесіндегі мемлекеттің қатысуын нығайту. "Қазақстан" Республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік қоғамының жарғылық шешімдерінің сапалы орындалуы үшін материалдық базаны жақсарту.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Номиналды құны 10 000 (он мың) теңге 131 500 дана акцияның қосымша таралымы.
Сапа: Әлемдік стандарттарға сай келетін сапалы телерадиобағдарламаларының таралымын, сонымен қатар тұрғындардың толыққанды ақпараттануын көбейту. Телевизиялық және радиобағдарламалардың техникалық сапасын арттыру, "Қазақстан" РТРК материалдық базасын техникалық жаңғыртуды қамтамасыз ету, жарғылық капиталдың салымы ретінде технологиялық қондырғыларды сатып алу, ақпараттық өнімнің сапасын жақсарту, өткізу нарығын кеңейту, дамыту стратегиясына бағытталған - бизнес құру, материалды-техникалық жарықтандыруды жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
№ 72-32 қосымша
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Мемлекеттік мәдениет ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру
және оларды қайта даярлау»
деген 020 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 37619 мың теңге (отыз жеті миллион алты жүз он тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қарашадағы № 1161 «Мәдениет саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің шығармашылық кәсіби деңгейін жоғарылату арқылы мәдениет саласының дамуына жағдай жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын білікті кадрлармен қамтамасыз ету. Нарық экономикасы талаптарының өсуіне, өндіріс пен әлеуметтік саладағы құрылымдық өзгерістерге сәйкес қызметкерлердің теориялық білімін, кәсіби шеберлігін жетілдіру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 020 | | Мемлекет- тік мәдениет ұйымдары кадрлары- ның білікті- лігін арттыру және оларды қайта даярлау | Мәдениет ұйымдары кадрларының білікті- лігін мәдениет пен өнер саласының негі- згі бағыттарында арт- тыру және қайта даяр- лау арқылы қызметте- рін сатып алу. Мәде- ниет қызметкерлерін шет елдерде тәжірибе- ден өткізу. | ақпан- желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касы Мәдениет және ақпарат министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің ел ішінде - 690 адам санында теориялық және практикалық білімдерді жаңартуы, кәсіптік дағдыларды қалыптастыруы және бекітуі:
- тарихи-мәдени мұра 172 адам;
- мәдени-бос уақыт жұмыстары 172 адам;
- театр-концерт қызметі 172 адам;
- кітапхана ісі 174 адам;
Мамандарды шет елдерде тәжірибеден өткізу - 30 адам.
Соңғы нәтиже: Мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің білімі мен кәсіби шеберлігін арттыру арқылы қоғамның рухани байлықтары мен мәдени мұраларын сақтап қалу.
Мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру қажеттілігін 2,9% қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының бір қызметкерін оқытуға кететін шығынның орташа құны:
- ел ішінде 25,5 мың теңге;
- шет елдерде 666,6 мың теңге.
Уақытында: жоспарланған шараларды оқу жоспарына сәйкес орындау.
Сапасы: Мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің кәсіби білімін және шеберлігін арттыру және тереңдету.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
№ 72-33 қосымша
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес»
деген 104 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 24 131 мың теңге (жиырма төрт миллион жүз отыз бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері» № 1130 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есірткі бизнесіне тиімді қарсы тұруды одан әрі тарату жүйесінің негізгі буындарын бекіту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: есірткі қолданудың профилактикасы, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы өңірлік комиссияның жұмысы, жастардың есірткіге қарсы сана-сезімін қалыптастыру; әлеуметтік есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыруға, салауатты өмір салтының мәдениетіне бағытталған, «Хабар», «Ел-Арна», «Қазақстан» телеканалдарындағы «Есірткісіз өмір», «Есірткі - құрдымға апарар жол», «Есірткісіз спорт» атты қазақ және орыс тілдеріндегі бейнероликтердің прокаты, нашақорлыққа апарар факторлармен жастардың хабардар болуын арттыру; нашақорлық пен есірткі бизнесімен күрес, нашақорлыққа қарсы күрес туралы ақпарат тарату; ұйымдасқан есірткі топтарын анықтауын, ұстауын мемлекеттік органдар жұмыстары туралы ақпарат тарату.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 104 | | Нашақор- лыққа және есірткi бизнесіне қарсы күрес | Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі теледидар бағдарламаларын өндіру мен трансляциялау. Мемлекеттік және орыс тілдеріндегi радиобағдарламалар өндіру мен трансляциялау. Мемлекеттік және орыс тіліндегі жалға алған бейнероликтердi жалға беру мен өндіру. Мемлекеттік және орыс тіліндегі аудиороликтерді жалға беру мен өндіру қызмет ақысын төлеу. Республикалық газеттерге материалдар жариялау қызмет ақысын төлеу | жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Мәдениет және ақпарат министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: "Есірткіге қарсы насихат" тақырыбында 3 семинар-тренинг өткізу;
Аталмыш бағытта жұмыс істейтін шетелдік және отандық журналистер қауымдастығының өкілдерімен тәжірибе алмасу мақсатында 2 конференция өткізу.
«Есірткіге қарсы иммунитет қалыптастырудағы бұқаралық ақпарат арналарының ролі» тақырыбында 1 дөңгелек үстел өткізу;
«БАҚ және нашақорлықтың таралуына қарсы күрес қоғамы» тақырыбында 1 ғылыми-практикалық конференция өткізу;
«Хабар», «Ел арна», «Қазақстан» телеканалдарында 12 бағдарламаның, «Қазақ радиосында» 15 бағдарламаның, 2 тілдегі 7 роликтің өндірісі және трансляциясы;
«Қазақстан», «Хабар» және «Ел арна» телеарналарын 5 сағатқа жалға алу;
Жастар арасында есірткіге қарсы күресті насихаттау тақырыбында 1 деректі фильмді дайындау және жалға беру; 50 жолдық баспа өнімдерін жариялау.
Соңғы нәтиже: Нашақорлыққа қарсы бағытталған телерадиобағдарламалардың санын көбейту.
Қаржы-экономикалық нәтиже: 1 семинар-тренингті өткізуге жұмсалатын орташа шығын - 2300 мың теңге; 1 конференция үшін - 2000 мың теңге; 1 дөңгелек үстел үшін - 1500 мың теңге;
Телеканалдардағы телевизиялық бағдарламалардың 1 сағаттық көрсетілімінің құны:
«Хабар» - өндірісі - 97 117 теңге, таралымы - 123 500 теңге;
«Ел арна» - өндірісі - 53000 теңге, таралымы - 38990 теңге;
«Қазақстан» - өндірісі - 105 000 теңге, таралымы - 117327 теңге;
«Қазақ радиосы» - өндірісі - 42 200 теңге, таралымы - 39 774;
Телеарналардағы 1 сағатқа жалға алу: «Қазақстан» - 117 327 теңге, «Хабар» - 97 117 теңге, «Ел арна» - 38 990 теңге.
Уақыттылығы: жоспарланған шаралардың өз уақытында өткізілуі.
Сапасы: Азаматтардың есірткіні қолданудың және оның салдарын зиянды екенін түсінуі.