Осы редакция 2006 ж. 31 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2006.28.06. № 470а қаулысымен 72-13-72-33-қосымшалармен толықтырылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
№ 72-13 қосымша
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
001 - «Мәдениет және ақпарат саласындағы уәкілетті органның
қызметін қамтамасыз ету»
деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 245586 мың теңге (екі жүз қырық бес миллион бес жүз сексен алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері" қаулысы; "Қызмет телефондары мен мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаң нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1996 жылғы 3 қазандағы № 1217 қаулысы; "Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтынудың нормативтері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 қаулысы; "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысы; "Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасы аумағындағы қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы № 103 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мәдениет, тарихи мұра, ақпарат, мұрағат ісі және құжаттамасы, кітап шығару, полиграфия, ішкі саяси тұрақтылық, ұлтаралық келісім, тіл саясаты саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыруда стратегиялық саясат пен тиімді салааралық үйлестіруді жүргізу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ұлттық мәдениет пен басқа да халық мәдениеттерін қайта жаңғырту, сақтау, дамыту, пайдалану және тарату саласында құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерді құруда іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету; мемлекеттік тілдің кеңінен қолданылуына жағдай жасау. Бұқаралық ақпарат құралдары, мұрағат ісі және құжаттамасы, кітап шығару қызметі, полиграфия, тіл саясаты саласында мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуын бақылауды қамтамасыз ету. Мемлекеттік, салалық бағдарламаларды жасау және жүзеге асыру. Өз лауазымдық міндеттерін тиімді орындау мен кәсіби шеберлігін жетілдіру үшін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес мәдениет қызметкерлерінің кәсіби қызметтері аясындағы теориялық және тәжірибелік білімін, шеберлігін және дағдысын жаңарту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 | | Мәдениет және ақпарат саласын- дағы уәкілетті органның қызметін қамтама- сыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | Орталық аппаратты және оның комитетте- рін жүктелген қызмет- терді орындау үшін бекітілген штат саны- ның лимиті шегінде ұстау және қызмет көрсету: - нормативтік құқық- тық актілердің жоба- лары мен оларды же- тілдіру бойынша ұсы- ныстарды дайындау; - тарихи және мәдени ескерткіштерге архео- логиялық және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге лицензия беруді, сондай-ақ мәдени құндылықтарды уақытша кіргізу мен шығаруға рұқсат беруді бақылау мен қадағалауды қамтама- сыз ету; - халықаралық ынты- мақтастықты жүзеге асыру; - мемлекеттің әлеуметтік-маңызды салаларында әлеуметтік-ақпараттық және коммуникативтік технологияларды әзірлеу; - министрлік құзыры- на кіретін сауалдар бойынша ақпараттық-талдау материалдарының, экспертік және болжам бағаларды дайындауды жүзеге асыру; Қызметтік автокөлік құралдарын жалдау және ұстау. Байланыс қызметінің, оргтехникаларды күту мен техникалық қызмет көрсету төлемі. Рұқсат қағаздарды, лицензия бланкілерін, қатаң есеп беру бланкілерін жасау қызметтерін сатып алу. | жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Мәдениет және ақпарат министр- лігі |
3 | | 007 | Мемлекет- тік қыз- метшілер- дің бі- ліктілі- гін арт- тыру | Қызметкерлерді мемле- кеттік және ағылшын тіліне оқыту. | жыл бойы | Қазақстан Республи- касы мәдениет және ақпарат министр- лігі |
4 | | 009 | Мемлекет- тік органдар- ды мате- риалдық- техника- лық жарақтан- дыру | Орталық аппарат қыз- меткерлерінің жұмысын ұйымдастырумен байла- нысты: 20 жұмыс орнына кеңселік жиһаз жинақтарын, 15 жұмыс орнына телефон аппа- раттарын, оргтехника, техникалық құралдарды және Министрліктің орталық аппараты мен комитеттерінің жұмы- сын қамтамасыз етуге арналған басқа да активтерді сатып алу | ақпан- желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касы мәдениет және ақпарат министр- лігі |
5 | | 017 | Ақпарат- тық жүйе- лердің жұмыс істеуін қамтама- сыз ету және мем- лекеттік органдар- ды ақпа- раттық- техника- лық қам- тамасыз ету | Есептеу техникасы құралдарын жөнелту және техникалық қызмет көрсету бойын- ша қызметтер төлемі. Телекоммуникациялық қызметтердің төлемі. Веб-сайтты және бағ- дарламалық өнімдерді жөнелту. Аппарат қызметкерлері үшін компьютерлерді, желілік принтерлерді, кеңселік сканерлерді және ноутбуктарды сатып алу. | ақпан- желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касы мәдениет және ақпарат министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: 182 қызметкердің Министрлікке жүктелген және іс-шаралар жоспарында қарастырылған қызметтер мен міндеттерді толық көлемде орындау:
министрлік 20 қызметкеріне кеңселік жиһаз; құжаттар сақтайтын сейфтер - 15 дана; телевизор - 1 дана;
бейнемагнитофон - 1 дана; шкаф - 4 дана; телефакс - 7 дана; телефон аппараттары - 15 дана; цифрлы бейнекамера; цифрлы фотоаппарат; ксерокс сатып алу.
оқыту: 41 қызметкерге - мемлекеттік тілді, 40 қызметкерге - ағылшын тілін.
Министрлік құзырына жататын салаларда нормативтік құқықтық актілерді жасау.
Соңғы нәтиже: Тарихи-мәдени мұраны сақтауды қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасау, мемлекет қызметінің әлеуметтік-маңызды салаларында әлеуметтік-ақпараттық және коммуникативтік технологияларды қолдануды кеңейту, республиканың жалпыұлттық мемлекеттік даму стратегиясын дұрыс түсіндіру мен насихаттауды қамтамасыз ету, республикада және әлемде, басқа да қызмет салаларында орын алған қоғамдық-саяси үрдістерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ету.
Министрлік аппараты мен комитеттер 49 % қызметкерлерін жиһазбен қамтамасыз ету; министрлік аппараты мен комитеттерінің 9,2% қызметкерлерін жиһазын жаңарту;
оқуға қажеттілікті қамтамасыз ету:
- мемлекеттік тілде - 22,5%
- ағылшын тілінде - 22%.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
орталық аппараттың 1 мемлекеттік қызметкерін ұстауға кететін орташа шығын 1217 мың теңге;
1 мемлекеттік қызметкерге мемлекеттік тілді оқытуға кететін орташа шығын 11,3 мың теңге;
1 мемлекеттік қызметкерге ағылшын тілін оқытуға кететін орташа шығын 9,7 мың теңге.
Жарақтандыруға кететін орташа шығын: кеңсе жиһазымен - 155 мың теңге, оргтехникамен және техникалық құралдармен - 28,4 мың теңге, ақпараттық-техникалық жарақтандыру - 105 мың теңге;
Уақыттылығы: Бекітілген уақытта және келісім шарттар бойынша жоспарланған іс-шараларды орындау.
Сапасы: қазіргі таңдағы экономикалық жағдайларға сәйкес кәсіби мемлекеттік қызмет талаптарына сай мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби деңгейін көтеру;
мемлекеттік қызметкерлердің 22,5% (үлесі) мемлекеттік тілді оқыту курстарынан өткен соң ісқағаздарды мемлекеттік тілде жүргізуге көшеді;
мемлекеттік қызметкерлердің 22% (үлесі) ағылшын тілін оқыту курстарынан өткен соң ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс жасайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
№ 72-14 қосымша
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Мәдениет және ақпарат саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер»
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 197 000 мың теңге (жүз тоқсан жеті миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңының 33-бабы, Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі «Тарихи-мәдени құндылықтарды қорғау және пайдалану туралы» заңы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі «Ғылым туралы» заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 1277 жарлығымен бекітілген 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қыркүйектегі № 1009 «2005-2009 жылдарға арналған «Ежелгі Отырардың жаңғыруы» бағдарламасы» атты қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Республика тұрғындарының мәдени және рухани деңгейін арттыру, сондай-ақ елдің тарихи, мәдени құндылықтарын толыққанды танып-білуде бос аралықтарды толтыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: мәдениет пен өнерді дамытуда ғылыми-практикалық талдау жасауды қамтамасыз ету, әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымының жұмыс істеуінің тиімді және перспективалық үлгілерін әзірлеу; тарихи және мәдени ескерткіштерді мұражайландыру және танымалдандыру; көшпелі және отырықшы-жер өңдеу мәдениетінің аспектілері мен өзара қарым-қатынасын, ежелгі дәуірден біздің заманымызға дейінгі Еуразия территориясында болған басқа да этномәдени үдерістерді зерттеуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету; археологиялық, сәулетшілік, қала құрылысы нысандарын зерттеуді қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 | | Мәдениет және ақпарат саласын- дағы қол- данбалы ғылыми зерттеу- лер | Мәдениет саласында мына бағыттар бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулерді өткізу: - тарихи-мәдени, мәдени-бос уақыт, театр-концерт, мұра- жайлық, тарихи. Мемлекеттік 2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" мемле- кеттік бағдарламасы аясында және»"Ежелгі Отырардың жаңғыруы" бағдарламасы бойынша тарихи-мәдени мұралар нысандарында археоло- гиялық зерттеулер жүргізу. Қазақ халқының мәдени мұрасында тарихи маңызы бар алыс және жақын шетел қалалары- ның мұрағаттары мен кітапханаларына оқы- мысты ойшылдардың мұраларын зерттеу үшін, сондай-ақ сирек кездесетін басылым- дарды, кітаптар мен архив құжаттарын табу және сатып алу мақса- тында ғылыми-зерттеу экспедицияларын ұйымдастыру. Мемлекеттің ғылыми-техникалық сараптамасы бойынша қызметтің төлемі. | қаңтар- желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касы Мәдениет және ақпарат министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: өнімдерді дамыту үшін тәжірибелік нұсқаулықтарды дайындау және мәдениеттің ғылыми-әдістемелік базасын нығайту;
Еліміздің ұлттық мәдени жетістіктерінің тарихи-мәдени құндылықтарын зерттеуге бағытталған 8 тақырып бойынша этносаралық қатынаста және саяси мәдениет саласында ғылыми зерттеулер өткізу;
Этнография саласы бойынша жаңа ғылыми мәліметтерді табуға бағытталған Мұражайтану саласында 6 тақырып бойынша жұмысты жалғастыру;
Мемлекеттің 2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" бағдарламасы аясында Бұзоқ, Қойлық, Талғар, Ақыртас, Жайық, Жуан төбе, Қараспан төбе, Шымкент, Сауран, Сидақ, Отырар, Сарайшық қалаларында; Ыстық, Берел, Шілікті, Бестамақ, Бөріжары қорымдарында; Мерке-Жайсан, Қызыл Ұйық әулиетамдарында, Айбас дарасы, Кент, Талдысай, Тоқсанбай, Ботай елді мекендерінде; Тоқтауыл, Шідерті III, Қошқорған І-III, Шоқтас, Некрополь Чирик Рабат бекеттерінде 29 нысан бойынша археологиялық зерттеулерді жалғастыру;
Мемлекеттік "Ежелгі Отырардың жаңғыруы" бағдарламасы аясында Отырар, Алтынтөбе, Құйрықтөбе қалаларында 4 нысан бойынша археологиялық зерттеулерді жалғастыру;
1000 данада «Мардан-Күйік қалашығы», «Көк-Мардан қалашығы» атты буклеттерді шығару.
Қазақ халқының мәдени мұрасында тарихи маңызы бар тұрғындардың рухани және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған бағдарламаны орындауда 600-ге тарта қолжазба, 70 сирек кездесетін қолжазба, 500-ге жуық кітаптар мен мұрағат құжаттарын сатып алу.
Соңғы нәтиже: Мәдениет саласын қамтамасыз етіп отыратын тұрақты-даму жүйесінің қызметі құрылады.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Бір ғылыми жобаны сатудың орташа шығын құны 13133,3 мың теңге.
Уақыттылығы: Ғылыми жобаларды уақытында дайындауды қамтамасыз ету. Жоспарланған іс-шараларды уақытында өткізу.
Сапасы: Қазақстан Республикасындағы тарихи-мәдени құнды нысандарға келуші туристердің санын арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
№ 72-15 қосымша
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Мемлекеттік сыйлықтар мен стипендиялар»
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 43257 мың теңге (қырық үш миллион екі жүз елу жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 2001 жылғы 5 шілдедегі «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі «Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне мемлекеттік стипендияны бекіту туралы» Жарлығы; 2001 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы мәселелері» Қазақстан Республикасы Президентінің № 691 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 19 маусымдағы № 3556 «Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттарын тағайындау туралы» Үкімі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мәдениет, өнер, сәулет және бұқаралық ақпарат құралдары қайраткерлерін шығармашылық, қоғамдық белсенді қызметі үшін моральді және материалды ынталандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: бейбітшілік пен достықты, халықтар арасындағы өзара сенімдікті нығайтуға, мемлекетаралық қарым-қатынастардағы теңдік пен бірдей жариялылыққа бағытталған қызметті белсендендіру; қоғамдық және ұлтаралық келісімді бекіту, республиканың көпұлтты халқының бірлігін нығайту; демократия мен әлеуметтік прогресті дамыту; журналистер мен өнер қайраткерлерінің бұқаралық ақпарат, әдебиет, өнер, сәулет саласындағы үздік жариялымдары туралы телебағдарламалары үшін мемлекеттік сыйақы төлемін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 | | Мемлекет- тік сый- лықтар мен сти- пендиялар | Қазақстан Республика- сы Тұңғыш Президенті- нің мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын тапсыру. Еліміздегі жүргізіліп жатқан реформаларды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қол- дауға қосқан үлестері үшін бұқаралық ақпа- рат құралдары сала- сындағы Президенттік сыйлықтар мен грант- тар тапсыру. Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне Мемлекеттік сыйлықтар тапсыру. Әдебиет, өнер, сәулет аясында мемлекеттік стипендияларды төлеу. | жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Мәдениет және ақпарат министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Қазақстан Республикасының шығармашыл зиялыларының шығармашылық және зияткерлік белсенділігін арттыру.
Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы - 1 бірлік;
Төрт номинация (2 сыйлық пен 2 грант) бойынша президенттік сыйақы мен гранттар;
Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне мемлекеттік сыйақылар - 50 бірлік.
10 номинация бойынша әдебиет, өнер және сәулет саласындағы сыйақы;
Соңғы нәтиже: ҚР мәдениет, өнер, әдебиет, сәулет саласындағы көрнекті қайраткерлері мен журналистерінің үздік жарияланған еңбегі үшін ынталандыру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Төлемнің орташа шығыны:
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының 1 бірлігі - 6000 AEК;
Президенттік бір сыйақы - 1030 мың теңге;
Президенттік бір грант - 1030 мың теңге;
Мемлекеттік бір стипендия - 20 AEК;
Мемлекеттік бір сыйақы - 2000 АЕК;
Өз уақытында: мемлекеттік сыйақылар мен стипендиялардың жоспарланған төлемін қамтамасыз ету.
Сапа: Бұқаралық ақпарат құралдары, мәдениет, өнер, әдебиет, сәулет саласындағы көрнекті қайраткерлерге мемлекеттік қолдау көрсетуді арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
№ 72-16 қосымша
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Мемлекет қайраткерлерінің бейнесін мәңгі есте сақтау»
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 5000 мың теңге (бес миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 1996 жылғы 24 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мәдениет және өнер саласындағы көрнекті қайраткерлерді үлгі ете отырып, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстанның мәдениеті мен өнеріне зор үлес қосқан көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгілік есте сақтау мақсатында шараларды ұйымдастыру және өткізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 004 | | Мемлекет қайрат- керлері- нің бейнесін мәңгі есте сақтау | Мәдениет және өнер саласындағы аса көр- некті қайраткерлерді мәңгі есте сақтау жөніндегі іс-шаралар- ды ұйымдастыру және өткізу. Көрнекті мә- дениет қайраткерлерін жерлеу рәсімдерін, ас беруді, салттық қызметтерді, фото- бейне түсіруді ұйым- дастыру, БАҚ-на жа- риялау (көңіл айту, некролог), мемориалды тақталар мен ескерт- кіштерді дайындау. | жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Мәдениет және ақпарат министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: көрнекті қайраткерлерді мәңгі есте сақтау мақсатындағы шараларды ұйымдастыру.
Соңғы нәтиже: мәдениет және өнер саласындағы аса көрнекті қайраткерлерді мәңгі есте сақтау.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Өз уақытында: керекті шаралардың уақытында өтуі.
Сапа: мемлекет тарихындағы көрнекті қайраткерлердің есімін сақтау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
№ 72-17 қосымша
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Мемлекеттік тілді және Қазақстанның басқа да халықтарының тілдерін дамыту»
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 488 467 мың теңге (төрт жүз сексен сегіз миллион төрт жүз алпыс жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңының 4 , 6 , 16, 17, 19, 21, 23, 25,26-баптары, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 6 , 7-баптары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Шет елде тұратын отандастарды қолдаудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2005 жылғы 21 қарашадағы № 1673 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығы, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 368 қаулысы, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 367 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тілдер туралы заңдардың сақталуына бақылау жасаудың тәртібі туралы ережені бекіту туралы» 1999 жылғы 8 қаңтардағы № 16 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» 2004 жылғы 4 қарашадағы № 1146 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік терминологиялық жұмыс тұжырымдамасы туралы» 2004 жылғы 21 сәуірдегі № 444 қаулысы, Қазақстан Республикасы Yкіметінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы» 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:
- мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту және нығайту;
- Қазақстан халықтарының тілдерін дамыту;
- біртұтас қазақ ұлтының құрамдас бөлігі ретінде шетелде тұратын отандастарды әлеуметтік-экономикалық, құқықтық қорғау мен қолдаудың мемлекеттік жүйесін жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi:
- мемлекеттік тілдің барлық мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызметтік міндеттерді орындау үшін іс жүргізудің негізгі тілі ретінде қолданылуын қамтамасыз ету;
- қазақ терминологиясын жетілдіру;
- орыс тілінің қолданылуын қамтамасыз ету және этникалық топтар өкілдеріне ана тілдерін оқытуға қолдау көрсету;
- шетелде тұратын отандастармен жан-жақты байланыстарды дамыту мен нығайтуды қамтамасыз ету;
- мемлекеттік тілді компьютерлендіру мәселесін шешу;
- мемлекеттік қызметшілерге қазақ тілін үйрету жөніндегі барлық қажетті ұйымдастырушылық және материалды-техникалық жағдайларды жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 005 | | Мемлекет- тік тілді және Қазақс- танның басқа да халықта- рының тілдерін дамыту | Қазақстан Республика- сы Үкіметінің жанын- дағы Мемлекеттік терминология және Мемлекеттік ономасти- ка комиссияларының бюллетеньдерін құрас- тыру және шығару; Республикалық маман- дандырылған "Тіл және қоғам" альманағын шығару; Қазақ тілін жеделде- тіп оқыту жөніндегі сөздіктер мен анық- тамалықтар, оқулық- тар, оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеу және шығару; Мемлекеттік қызметші- лерге мемлекеттік тілді оқыту жөніндегі үлгілік бағдарламаны әзірлеу және шығару; Сараптамалық баянда- малар әзірлеу; Қазақ тілін дамытудың өзекті мәселелері, терминология мен ономастиканы дамыту- дың проблемалары жөнінде ғылыми әде- биеттер, сөздіктер, анықтамалықтар, нормативтік құқықтық актілер, әдістемелік әдебиеттер және басқа басылымдарды әзірлеу және шығару; Қазақ тілін үйрету мен енгізу жөніндегі компьютерлік бағдар- ламаларды әзірлеу; www.gazaktili.kz веб-порталын ақпарат- тық қолдау және жетілдіру; Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арналған қазақ тіліндегі көр- кем, танымдық әде- биеттер мен әдістеме- лік құралдарды, қазақ тіліндегі "Балапан" журналын әзірлеу және шығару; "Қазақстан Республи- касындағы мемлекеттік тіл саясаты" атты роликті шығару және жалға беру; Ұлттық-мәдени орта- лықтардың жексенбілік мектептері арқылы тілдерді дамытуға мемлекеттік қолдау көрсету; Ұлттық жексенбілік мектептердің балалары мен жасөспірімдеріне жазғы кезеңде қазақ тілін оқыта отырып, олардың жазғы сауық- тыру демалысын ұйым- дастыру; Жақын шетел өкілдері- нің қатысуымен түркі жазбалары мәселелері бойынша республикалық ғылыми-теориялық конференцияны ұйым- дастыру және өткізу; Тілдерді дамытудың, қазақ терминологиясы- ның өзекті проблема- лары жөніндегі рес- публикалық (аймақтық) ғылыми-теориялық (практикалық) конференциялар, семинарлар, кеңестер, дөңгелек үстелдер; Республикалық кон- курстар және смотрлар өткізу; Оралмандарға тілдік орта құру жөніндегі іс-шаралар; Славян жазбалары күндерін өткізу; Қазақстан Республи- касы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссия- сының және Мемлекет- тік терминология комиссиясының отырыс- тарын өткізу; Қазақстан халықтары тілдерінің VIII республикалық фести- валін өткізу; Тіл сұрақтары жөнінде әлеуметтік зерттеулер жүргізу; Республикалық Мемле- кеттік тілді жеделде- тіп оқыту орталығы базасында мемлекеттік қызметшілерді қазақ тілінде оқытудың орталықтандырылған жүйесін құру; Қазақстан Республи- касы Мәдениет және ақпарат министрлігі- нің бұйрығымен бекі- тілген Тізбеге сәйкес Мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту республикалық орта- лығына негізгі құрал- дарды сатып алуға күрделі трансферттер аудару; Шетелде тұратын қазақ диаспорасының өзекті мәселелеріне арналған әдебиеттер, қазақ тілін жеделдетіп оқы- туға арналған сөздік- тер, оқулықтар, оқу- әдістемелік әдебиет- тер мен құралдар әзірлеу және шығару; Шетелде тұратын қазақ диаспорасының өзекті мәселелеріне арналған сараптамалық баянда- малар әзірлеу; Шетелде тұратын қазақ диаспорасының өзекті проблемалары бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізу; Отандастар істері жөніндегі комиссияның отырыстарын өткізу; "Туған тіл" мамандан- дырылған альманағын әзірлеу және шығару; Отандастарға арналған халық шығармашылығы фестивалін өткізу; Шетелде тұратын қазақ диаспорасының өзекті проблемалары жөнінде- гі республикалық (аймақтық) ғылыми- теориялық (практика- лық) конференциялар, семинарлар, кеңестер, дөңгелек үстелдер өткізу; Қазақ диаспорасы өкілдерінің қатысуы- мен өтетін ақындар- дың халықаралық мүш- әйрасы; Қазақтардың Кіші Құрылтайы. | жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Мәдениет және ақпарат министр- лігінің Тіл комитеті |