Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2007-2009 жылдарға
арналған кепілдендірілген трансферт туралы
(2008.04.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
2008.04.06. № 36-IV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2008.04.12. № 98-IV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2007-2009 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшері бекітілсін:
2007 жыл — 301 715 681 мың теңге;
2008 жыл — 461 430 640 мың теңге;
2009 жыл - 843 100 000 мың теңге.
2-бап. Осы заң 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыска енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2006 жылғы қарашаның 25-і.
№ 189-III ҚРЗ