Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2007-2009 жылдарға
арналған кепілдендірілген трансферт туралы
Осы редакция 2008 жылғы 4 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2007-2009 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшері бекітілсін:
2007 жыл — 301 715 681 мың теңге;
2008 жыл — 341 430 640 мың теңге;
2009 жыл — 337 027 071 мың теңге.
2-бап. Осы заң 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыска енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2006 жылғы қарашаның 25-і.
№ 189-III ҚРЗ