«Қазақстан Республикасы Yкіметінің жанынан Мемлекеттік корпоративтік басқару
мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2006 жылғы 21 наурыздағы № 194 Қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 15 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Кеңестің құрамы;
2) Кеңес туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 21 наурыздағы
№ 194 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы
мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегi
мамандандырылған кеңестің құрамы
Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы | Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары, төраға |
Келімбетов Қайрат Нематұлы | Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, төрағаның Орынбасары |
Алпамысов Абай Әбдісәметұлы | Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігi Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінің директоры, хатшы |
Коржова Наталья Артемовна | Қазақстан Республикасының Қаржы министрi |
Iзмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы | Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрi |
Мамин Асқар Ұзақбайұлы | Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрi |
Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы | Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы |
Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы | «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамы атқарушы директорының міндетін атқарушы (келісім бойынша) |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 21 наурыздағы
№ 194 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінің жанындағы
мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелерi
жөніндегі мамандандырылған кеңес туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңес Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Кеңес акциялардың мемлекеттік пакеті "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамының жарғылық капиталына берілген ұлттық компанияларды, өзге де акционерлік қоғамдарды (бұдан әрі - компаниялар) басқару жөнінде негіз қалаушы мақсаттар мен міндеттер жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу үшін құрылады.
3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесімдерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Кеңестің міндеттерi
4. Кеңестің міндеттері:
1) Компанияларды дамыту жөнінде негіз қалаушы мақсаттар мен міндеттер жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу;
2) "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Холдинг) компаниялардың өз мақсаттары мен қаржылық нәтижелеріне қол жеткізуі жөніндегі қызметін бағалау жүргізу болып табылады.
5. Кеңес міндеттерді шешу кезінде:
1) коммерциялық және коммерциялық емеске бөліп, басты стратегиялық мақсаттар, коммерциялық және коммерциялық емес мақсаттар арасындағы теңгерім;
2) маңызды салалық бастамалар мен міндеттер;
3) қорытылған тиімділік көрсеткіштері мен рентабельділік коэффициенттері;
4) дивидендтер төлеу деңгейі, компаниялардың таза кірістерін бөлу және қайта инвестициялау;
5) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын инвестициялық бағдарламалар мәселелері жөнінде ұсынымдар әзірлейді.
6. Әрбір компания үшін негіз қалаушы мақсаттар мен міндеттер жөніндегі ұсынымдарды Кеңес екі жылда бір рет жүзеге асырады.
3. Кеңестің құқықтары
7. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті материалдар мен ақпаратты сұратуға;
2) Кеңестің отырысына мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін шақыруға және қаралатын мәселелер бойынша оларды тыңдауға;
3) қажеттілігіне қарай компанияларды басқарудың проблемалық мәселелерін талдау және зерделеу үшін мамандарды, сарапшылар мен ғалымдарды тартуға құқылы.
4. Кеңестің қызметін ұйымдастыру
8. Кеңесті төраға - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары басқарады. Кеңес төрағасы Кеңестің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның жұмысын жоспарлайды, қабылданатын шешімдердің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды айқындайды, Кеңестің қызметіне жауапты болады.
Төраға болмаған уақытта оның функциясын оның орынбасары орындайды.
9. Кеңестің құрамына экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы министрліктерінің, салалық орталық атқарушы органдардың бірінші басшылары, Холдингтің атқарушы органының басшысы (келісім бойынша) кіреді.
10. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.
11. Кеңестің жұмыс органы оның қызметін ұйымдық-ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
12. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің қызметкері Кеңестің хатшысы болып табылады. Кеңестің хатшысы Кеңес отырысының күн тәртібі бойынша қажетті құжаттар мен материалдар дайындайды және отырыстың хаттамасын ресімдейді.
13. Кеңестің отырысы қажеттілігіне қарай оның мүшелерінің кемінде үштен екісі болған кезде, бірақ екі жылда бір рет қана өткізіледі.
14. Отырыстардың күн тәртібін Кеңес төрағасы Кеңес мүшелерінің ұсыныстары негізінде қалыптастырады.
Кеңес отырыстарын өткізу уақыты мен орнын Кеңес төрағасы белгілейді.
15. Кеңестің күн тәртібін Кеңестің хатшысы Кеңестің мүшелеріне, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғаларға жібереді.
16. Отырыс күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша шешім, қатысушы Кеңес мүшелерінің көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Кеңес төрағасының даусы шешуші болып табылады.
17. Кеңестің шешімі хаттамамен ресімделеді. Отырыс хаттамасын хатшы дайындайды және оған отырысқа қатысушы Кеңестің барлық мүшелері қол қояды.
Кеңес мүшелері ерекше пікір білдіруге құқылы, ол жазбаша түрде жазылады және хаттамаға қоса берілуі тиіс.
18. Кеңес отырысының қол қойылған хаттамасы барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен Холдингке таратылады.
5. Кеңестің қызметін тоқтату
Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде тоқтатады.