Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 21 наурыздағы № 194 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 қарашадағы № 1079 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007.07.05. № 363 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 наурыздағы № 194 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2006 ж., № 10, 94-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөнінде мамандандырылған кеңесінің құрамына мыналар енгізілсін:
Мусин Аслан Есболайұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, төрағаның орынбасары |
Қабиев Дәулет Жақсылықұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Мемлекеттік активтердi басқару саясаты департаментінің директоры, хатшы |
Ахметов Серік Нығметұлы | - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрi |
Школьник Владимир Сергеевич | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi |
Есекеев Қуанышбек Бахытбекұлы | - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының міндетін атқарушы |
көрсетілген құрамнан Келімбетов Қайрат Нематұлы, Алпамысов Абай Әбдісәметұлы, Мамин Асқар Ұзақбайұлы, Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |