Қаржы-экономикалық тиімділік: 1 есепке және орындау сапасын бағалауға орташа есеппен 26 млн. теңге шығындар.
Уақтылық: жасалған шарттардың техникалық тапсырмаларына сәйкес.
Сапа: үшінші тарапқа орындалған жұмыс сапасы туралы қорытынды беру үшін орындалған талдамалық есептерді жіберу есебінен қамтамасыз етіледі.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 339-1-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
339-1-қосымша
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Қазына» орнықты даму қоры» АҚ жарғылық капиталын
қалыптастыру» деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2000000 мың теңге (екі миллиард теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясаты шеңберінде ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 16 наурыздағы № 65 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 16 наурыздағы № 65 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 сәуірдегі № 286 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: акциялардың мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығы «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ-ға берілген мемлекет қатысатын (бұдан әрі - компаниялар) заңды тұлғаларды тиімді корпоративтік басқару жолымен Қазақстан Республикасы экономикасының барлық секторларында инвестициялық және инновациялық белсенділігін арттыру және ынталандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: 2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық дамуының стратегиясының ережелерін, мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды ескере отырып, индустриалдық-инновациялық даму саласында Мамандандырылған Кеңестің ұсынымдарының негізінде компаниялардың стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуін қамтамасыз ету; ұлттық экономиканы әр тараптандыруда Қазақстан Республикасының Үкіметіне жәрдемдесу компаниялардың қызметін үйлестіру негізінде экспорттық-импорттық сектордың басымдықтарын пайдалану; компанияларды корпоративтік басқарудың таңдаулы әлемдік тәжірибені енгізу; компаниялардың қызметінің экономикалық тиімділігін арттыру, компаниялардың мамандануы арасында және олардың арасындағы мәнді бәсеке балансын айқындау; Қазақстан Республикасының қор нарығын дамытуға жәрдемдесу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
р/с № | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарлама (кіші бағдарлама) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 017 | | «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ жарғылық капиталын қалыптастыру | «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ жарғылық капиталын қалыптастыру | 2006 жылғы екінші жарты жылдықта | Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ жарғылық капиталын қалыптастыру
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасы экономикасының барлық секторларында инвестициялық және инновациялық белсенділікті арттыру және ынталандыру
Уақтылығы: жарғылық капиталын қалыптастыру жөніндегі заңнамада көзделген рәсімдерге сәйкес келтіру.
Сапасы: акциялардың мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығы «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ-ға берілген компанияларды тиімді корпоративтік басқару.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
340-қосымша
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын
іске асыруды институционалдық қамтамасыз ету"
деген 018 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 22593600 мың теңге (жиырма екі миллиард бес жүз тоқсан үш миллион алты жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы" 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" 2003 жылғы 18 тамыздағы № 1166 Жарлығы; "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының жекелеген мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1377 қаулысы; "2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының ғылыми-инновациялық қызметтің институционалды қамтамасыз етуді дамыту жөніндегі шұғыл шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 тамыздағы № 775 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: экономика салаларын әртараптандыру; экономиканың шикізаттық емес секторына кредит берудің көлемін ұлғайту және қарыз алудың және кредит берудің құнын төмендету; Қазақстан экономикасының жаңа салаларды құру және дамыту үшін ұлттық инновациялық инфрақұрылымды, ортаны қалыптастыру және дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: экономиканың шикізаттық емес секторына кредит берудің көлемін ұлғайтуды қамтамасыз ету және өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының қарыз алу мен кредит берудің құнын төмендету;
шикізат пен материалдардың тереңдетілген қайта өңделуін жүргізетін, бәсекеге қабілетті өнімдер шығаратын қайта құрылған, сондай-ақ қолданыстағы кәсіпорындардың жарғылық капиталының инвестицияларын жүзеге асыру;
Инновациялық дамудың бірыңғай ақпараттық жүйесін құру;
"Ақпараттық технологиялар паркі" басқарушы компаниясының қызметін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 018 | | Индустри- ялық-ин- новация- лық даму страте- гиясын іске асы- руды инс- титуцио- налдық қамтама- сыз ету | | | |
2 | | 102 | "Қазақс- танның Даму Банкі" АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту | Республикалық және жергілікті бюджеттер- дің орындалу ережесін- де көзделген рәсімдер- ді орындау; жарғылық капиталды ұл- ғайту жөніндегі заңна- мада көзделген рәсім- дерді орындау; бюджет қаражатын бөлу; 2005 жылы Банктің ен- шілес лизингтік компа- ниясын құруды ескере отырып, "Қазақстанның даму Банкі" АҚ-ның жарғылық капиталын толтыруға арналған бюджет қаражатын пайдалану. | 2006 жылдың 1 ақпаны- на дей- ін, 15 науры- зына дейін, 30 нау- рызына дейін, бюджет қаража- тын ал- ған кезден бастап | ҚазақстанРеспубли- касы Индустрия және сау- да минис- трлігі |
3 | | 103 | "Ұлттық иннова- циялық қор" АҚ- ның жар- ғылық ка- питалын ұлғайту | 1. Ұлттық инновациялық қордың инновациялық инфрақұрылымын дамыту- да, жарғылық капиталға компанияларды тікелей инвестициялау арқылы инновациялық жобалар- да және қолданбалы ғы- лыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру- да отандық және шетел- дік компаниялармен венчурлік қорларды құ- руға қатысуын ұлғайту. 2. Алатау кентіндегі "Ақпараттық техноло- гиялар паркі" арнайы экономикалық аймағын салу және дамыту, оның ішінде: - белгі- ленген тәртіпте мемле- кеттік сараптамадан және бекітуден өткен жобалық-сметалық құ- жаттамаға сәйкес "Ақпараттық техноло- гиялар паркі" АЭА-ның 1-кезектегі құрылысын аяқтау: - зертханалық метроло- гиялық, кеңсе жабдықтарын және жиһазды сатып алу; - "Ақпараттық техноло- гиялық паркі" деталь- ды қала құрылысының жобасын әзірлеу. | 2006 жыл наурыз | ҚазақстанРеспубли- касы Индустрия және сау- да минис- трлігі |
4 | | 104 | "Қазақс- танның инвести- циялық қоры" инвести- циялық компания- сы" АҚ- ның жар- ғылық капиталын ұлғайту | Жаңа технологияларды пайдалана отырып шикізат пен материал- дардың тереңдетілген қайта өңделуін жүргі- зетін, бәсекеге қабі- летті өнімдер шығара- тын, сондай-ақ өнеркә- сіпте өз қызметін жү- зеге асыратын перспек- тивті ұйымдарға өнді- рістік қызметтер көр- сететін қайта құрыл- ған, сондай-ақ қолда- ныстағы кәсіпорындар- дың жарғылық капиталы- ның инвестицияларын жүзеге асыру. | жыл бойы 2006 жыл наурыз | Қазақстан Республи- касы Индустрия және сау- да минис- трлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
102-кіші бағдарлама
Тікелей нәтиже:
- 2006 жылы экономикаға Банк ұсынатын кредиттерінің көлемін өсу қарқынын 25 % деңгейде қамтамасыз ету;
- кредиттеудің өңірлік лимитін 200 млн. $ дейін, кредиттеудің салалық лимитін 250 млн. $ дейін және тәуекел бойынша лимитті 1 қарыз алушыға кемінде 130 млн. $ дейін, ұлғайту;
- экономиканың шикізаттық емес секторларында Банктің ірі жобаларға кредит беру мүмкіндігін ұлғайту;
Түпкілікті нәтиже:
- неғұрлым ауқымды инвестициялық жобаларға кредит беру мүмкіндігін ұлғайту;
- Банктің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
- Банктің инвестициялық мүмкіндігін кеңейтетін "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ-ның еншілес лизингтік компаниясын құру.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
- осы бюджеттік бағдарлама бойынша бюджет қаражатын бөлу 2005 жылы Банктің еншілес лизингтік компаниясын құруды ескере отырып, "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ-ның жарғылық капиталын толтыруға арналған бюджет қаражатын пайдалануға мүмкіндік береді.
Уақтылығы:
- жарғылық капиталды ұлғайту жөніндегі заңнамада көзделген рәсімдерге сәйкес.
Сапасы:
- инвестициялық жобаларды іске асыру, экономиканың шикізаттық емес секторына кредит беру көлемін ұлғайту 103-кіші бағдарлама
Тікелей нәтиже:
- венчурлық қорлар құру, шетелдік венчурлық қорларға қатысу;
- технологиялық бизнес-инкубаторлар құру;
- Ақпараттық технологиялар паркінің бірінші кезектегі құрылысын аяқтау;
- Иновациялық дамудың бірыңғай ақпараттық жүйесін құру;
- инновациялық жобалардың және ҒЗТКӘ жобаларын қаржыландыру көлемін ұлғайту;
Түпкілікті нәтиже:
- кәсіпкерліктің инновациялық белсенділігін арттыру.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
- ғылымның өндіріспен байланысын нығайту, Қордың инновациялық жобаларды іске асыруға қатысуын ұлғайту, инновациялық кәсіпкерліктің қызметін жандандыру.
Уақтылығы:
- жарғылық капиталды ұлғайту жөніндегі заңнамада көзделген рәсімдерге сәйкес.
Сапасы:
- инвестициялық жобаларды және ҒЗТКӘ жобаларын іске асыру, инновациялық инфрақұрылымның элементтерін құру, шарттың жағдайына сәйкес "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының 1-кезектегі құрылысын аяқтау.
104-кіші бағдарлама.
Тікелей нәтиже:
- Қазақстандағы сияқты шетелде де кәсіпорындардың жарғылық капиталында үлестік және бақылаусыз қатысу жолымен экономиканың шикізаттық емес секторында жеке сектордың бастамасына қаржылық қолдау көрсету;
- инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейту, инвестициялық жобаларды қаржыландыру көлемін ұлғайту;
- инвестициялық, оның ішінде ірі жүйе қалыптастыратын, инфрақұрылымдық және жоғары технологиялық жобаларды іске асыру.
Түпкілікті нәтиже:
- Инвестициялық қордың шикізат пен материалдардың тереңдетілген қайта өңделуін жүргізетін, бәсекеге қабілетті өнімдер шығаратын қайта құрылған, сондай-ақ қолданыстағы кәсіпорындардың жарғылық капиталының инвестицияларын жүзеге асыру;
- Қазақстанның Инвестициялық қорының қатысуымен қызметті жүзеге асыратын компаниялардың инвестициялық тартымдылығына қол жеткізу;
- ішкі өңірлік және өңір аралық өндірістік кешендерді және ЦДС-ті құру және нығайту;
- жаңа жұмыс орнын құру.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
- жаңа өндірістер құру.
Уақтылығы:
- жарғылық капиталды ұлғайту жөніндегі заңнамада көзделген рәсімдерге сәйкес.
Сапасы:
- өңдеуші өнеркәсіптің дамуын көздейтін инвестициялық жобаларды іске асыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
341-қосымша
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне сумен жабдықтау жүйесін дамытуға
берілетін нысаналы даму трансферттері"
деген 024 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2890790 мың теңге (екі миллиард сегіз жүз тоқсан миллион жеті жүз тоқсан мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:
"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Ынтымақтастық Жапон Банкі арасындағы "Астана қаласын сумен қамтамасыз ету және су құбырлары" жобасы бойынша қарыз туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 6 қарашадағы Заңы; "Астана қаласын сумен қамтамасыз ету және су құбырлары" жобасын жүзеге асыру үшін қарыз тарту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапон Үкіметінің арасындағы ноталар алмасу нысанындағы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 6 қарашадағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халыққа сумен жабдықтау қызметтеріне тұрақты қол жеткізуді қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: сумен жабдықтау мен су бөлу құрылыстарын кеңейту және қайта жаңғырту үшін жағдайлар жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 024 | | Облыстық бюджет- терге, Астана және Алматы қалалары- ның бюд- жеттеріне сумен жабдықтау жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансфер- ттері | | | |
2 | | 004 | Сыртқы қарыздар есебінен жобаны іске асы- ру | "Астана қаласын сумен жабдықтау және су бө- лу (кәріз) жобасын іс- ке асыру үшін Астана қаласының бюджетіне нысаналы трансферттер- ді аудару. | қаңтар-желтоқ- сан | ҚазақстанРеспубли- касының Индустрияжәне сау- да минис- трлігі |
3 | | 016 | Жобаны республи- калық бюджеттен сыртқы қарыздар- ды бірле- сіп қар- жыландыруесебінен іске асы- ру | "Астана қаласын сумен жабдықтау және су бө- лу (кәріз)" жобасын іске асыру үшін Астана қаласының бюджетіне нысаналы трансферттер- ді аудару. | қаңтар-желтоқ-сан | Индустрияжәне сау- да минис- трлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Астана қаласында сумен жарақтандыру және су тарту жөніндегі орындалған жұмыстардың көлемі.
Түпкілікті нәтиже: қауіпсіз, сенімді және сапалы ауыз сумен, сондай-ақ су тартудың сапалы қызметтерімен қамтамасыз ету үшін сумен жарақтандыру объектілерін пайдалануға беру. Шарт жағдайларына сәйкес пайдалануға беру.
Қаржылық-экономикалық тиімділік: республика үшін экономикалық тиімділігі халықты сумен жарақтандыру қызметіне тұрақты қол жеткізуді қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асыру арқылы қол жеткізіледі.
Уақытылығы: жасалған шарттарға сәйкес жұмыстардың жоспар-кестесіне сәйкес.
Сапа: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Ескерту: *) Заңнамамен белгіленген тәртіпте бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес іс-шаралар (бекітілген күні мен № немесе ЖСҚ мемлекеттік сараптамасының қорытындысын көрсете отырып), трансферттерді игеру шеңберіндегі сандық және сапалық көрсеткіштер, күтілетін нәтижелер тиісті жергілікті бюджет бағдарламалардың паспорттарында көрсетілген.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
342-қосымша
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының
тұрғын үйін салуға берілетін нысаналы даму трансферттері"
деген 025 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 6200000 мың теңге (алты миллиард екі жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 маусымдағы № 1388 жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 маусымдағы № 715 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың әлеуметті қорғалатын топтары үшін жаңа тұрғын үйге қол жетімділігін қамтамсыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорын кеңейту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 025 | | Облыстық бюджет- терге, Астана және Алматы қалалары- ның бюд- жеттерін мемлекет- тік ком- муналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін са- луға бе- рілетін нысаналы даму трансфер- ттері | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджетіне тұрғын үй құрылысына республикалық бюджет- тен трансферттер беру. Халықтың әлеуметтік қорғалған жіктері үшін коммуналдық тұр- ғын үй салу. | жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Индустрия және сау- да минис- трлігі, облыстар- дың, Астана және Алматы қалала- рының әкімдері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
- 0,13 млн. шаршы метр коммуналдық тұрғын үйді пайдалануға беру.
Түпкілікті нәтиже:
- әлеуметті қорғалған азаматтардың жекелеген санаттарының тұрғын үй проблемаларын шешу;
- тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған тізімде тұрған әлеуметтік қорғауды қажетсінетін азаматтардың санын қысқарту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
- 1 шаршы метрге шығындар 47700 (қырық жеті мың жеті жүз) теңге.
Уақтылығы:
- тұрғын үйді пайдалануға беру кестесіне сәйкес.
Сапасы:
- құрылыс нормасына және ережелерге сәйкес.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
343-қосымша
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Ақпараттық технологиялар паркінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету"
деген 027 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Құны: 18259 мың теңге (он сегіз миллион екі жүз елу тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" 2003 жылғы 18 тамыздағы Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің "Ақпараттық технологиялар паркі" Арнайы экономикалық аймағының дирекциясы" мемлекеттік мекемесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1382 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: орталық атқарушы органның шешімдерін іске асыру жөніндегі функцияларды жүзеге асыру және АТО АЭА-ның тиімді жұмыс істеуі үшін ұйымдастырушылық жағдаймен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: АТО АЭА-ның аумағында мемлекеттік және өзге де органдарды үйлестіру мен өзара ынтымақтастығын қамтамасыз ету, АТО АЭА-ның аумағында жобаларды жүзеге асыру құқығына рұқсат беруді ұйымдастыру; АТО АЭА-ға қатысушылардың қызметін регламенттеу, АТО АЭА-ға қатысушыларды есепке алу және есептілік жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 027 | | Ақпарат- тық техноло- гиялар паркінің жұмыс істеуін қамтама- сыз ету | 1. "Ақпараттық технологиялар паркі" Арнайы экономикалық аймағының дирекция. сының" матери- алдық-техникалық базасын ұстау және нығайту; 2. АТО АЭА дамуының перспективалық және жылдық жоспары мен бағдарламасын әзірлеу- ге қатысу; 3. Сараптамалық Кеңес- тің жұмысына қатысу; АТО АЭА-ның дамуы мен жұмыс істеуінін мәсе- лелері жөнінде Уәкілетті органға ұсыныстар әзірлеу мен енгізу; 4. АТО АЭА-ға қатысу- шыларды тіркеу, АЭА- ның аумағына рұқсат беру режимін ұйымдас- тыру және жүзеге асы- ру; Жерді уақытша пай- далану құқығында АТО АЭА-ның аумағында қызметін жүзеге асыра- тын ұйымдармен жалға алу шарттарын жасасу; 5. АТО АЭА-ға қатысу- шылардың жобаларды орындау мониторингі және олардың АТО АЭА- ның мақсаттарына сәй- кестігі; 6. АТО АЭА-ға қатысу- шыларға салықтық заң- намаға сәйкес тәртіпте және мемлекет алдында салықтық міндеттеме- лерін орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететін уәкілетті органдармен келісім бойынша Индустрия және сауда министрлігінің нысаны бойынша алынған кіріс- терді қызметтердің түрлерінен алынған кіріске жатқызылуын растайтын құжатты беруін жүзеге асыру; 7. АТО АЭА-ның жұмыс істеуі туралы Уәкілет- ті органға есеп беру; 8. "Бір терезеден" қағидаты бойынша құжаттарды қабылдау-беруді ұйымдастыру. | жыл бойы | Қазақстан Республи-касы Индустрия және сау- да минис- трлігінің (Ақпарат- тық техноло- гиялар паркі Ар- найы эко- номикалық аймағының дирекция- сы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: АТО АЭА-ны бірінші кезекте 2006 жылғы наурыз-сәуірде ашу;
2006 жылғы жоспар бойынша АТО АЭА-ның аумағында тіркелген және жұмыс істеуші фирмалардың саны - 20-25 күтілуде.
2006 жылғы жоспар бойынша жерді уақытша пайдалану құқығында АТО АЭА-ның аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдармен жалға алудың жасалған шарттарының саны - 5-7 күтілуде;
Сараптамалық кеңестің зерттеген АТО АЭА-ға қатысушылары жобаларының саны - 20-25 жоспарлануда;
"Бір терезеден" қағидаты бойынша құжаттарды қабылдау-беруді ұйымдастыру.
Түпкілікті нәтиже: АТО АЭА-ның Дирекциясының тиімді қызметінің нәтижесінде мыналар: АТО АЭА-ның аумағында инновациялық жобаларға 100 млн. теңге көлемінде инвестицияларды тарту;
ақпараттық технологиялардың бағдарламалық өнімдерінің жаңа түрлерін өндіру жөніндегі жобалар саны 10 іске асатынын қамтамасыз етіледі.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: АТО АЭА-ның Дирекциясын ұстауға республикалық бюджеттен бөлінген 1000 теңгеге 5000 теңгеден аса көлемде инвестициялар тартылатындығы ұйғарылады.
Уақытылығы: "АТО" АЭА-ның қалыптасуы мен дамуының 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын орындау;
Сапасы: АТО АЭА-ның тиімді жұмыс істеуі үшін жағдайдың жеткіліксіз ұйымдастырылуына қатысушылар тарапынан шағымның жоқтығы.
Орталық атқарушы органның шешімдерін іске асыру жөніндегі функицяларды тиімді жүзеге асыруға оң қорытынды.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
344-қосымша
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне коммуналдық шаруашылықтарды дамытуға
берілетін нысаналы даму трансферттері"
деген 028 республикалық бюджеттік бағдарламаның