бір тақырып бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізудің орташа құны 10494,3 мың теңге құрайды;
Уақтылығы: жасалатын шарттарға сәйкес жыл бойы.
Сапасы:
ғылыми-техникалық өнімнің халықаралық талаптармен жұмыстар нәтижелеріне сәйкестігі, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың оң қорытындысы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
331-қосымша
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Технологиялық сипаттағы қолданбалы ғылыми зерттеулер"
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 964540 мың теңге (тоғыз жүз алпыс төрт миллион бес жүз қырық мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Қазақстан Республикасының тау-кен-металлургия кешенін дамытудың тұрақты қалыптасуын және стратегиялық басымдықтарын ғылыми-техникалық қамтамасыз етудің" 2004-2006 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 ақпандағы № 187 қаулысы; "Жұқпалы ауруларға қарсы жаңа препараттар әзірлеудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 25 маусымдағы № 703 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қолданыстағы технологияларды жетілдіруге бағытталған ғылыми-техникалық өнімді құру, жаңа материалдарды жасау және жұқпалы ауруларды азайту
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жаңа ғылымды қажетсінетін технологияларды, материалдар мен дәрілік препараттарды әзірлеу жөніндегі қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу;
өнеркәсіптің тау-кен металлургия саласын дамыту және қауіпсіз жұмыс істеуі үшін нормативтік-әдістемелік құжаттарды әзірлеу;
халықаралық стандарттар бойынша жұқпалы ауруларға қарсы тәжірибелік өндірісті құру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 006 | | Техно- логиялық сипатта- ғы қол- данбалы ғылыми зерт- теулер | 3 ғылыми-техникалық бағдарламалар шеңбе- рінде қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу: 1. Мынадай негізгі іс-шараларды қамтитын 2004-2006 жылдарға арналған "Қазақстан Республика- сының тау-кен-метал- лургия кешенінің тұрақты жұмыс істеуі мен дамытудың страте- гиялық басымдықтарын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету" бағ- дарламасы: - бәсекеге қабілетті өнімді шыға- руды қамтамасыз ете- тін кен және техноген- дік шикізатты кешенді пайдалану үшін ресурс- тық және энергия үнем- дейтін, экологиялық таза технологиялар мен жабдықты әзірлеу және іске асыру: - тау-кен өндіру және өңдеу кәсіпорындарының қатты, сұйық және газ тәрізді қалдықтарын кәдеге жаратудың технологиясын әзірлеу; - тәжірибелік және тәжірибелік-конструк- торлық жұмыстарды жүргізу және ғылыми- техникалық өнімді одан кейінгі іске асыру үшін техникалық, технологиялық және жобалық құжаттаманы әзірлеу; - өнеркәсіп- тің тау-кен және ұқса- ту салаларын дамыту және қауіпсіз жұмыс істеуінің нормативтік- әдістемелік құжатта- рын әзірлеуді қамтама- сыз етудің ғылыми- техникалық қамтамасыз етуін ұйымдастыру. 2. Мынадай негізгі іс-шараларды қамтитын 2006-2008 жылдарға арналған "Әртүрлі мақсаттағы перспекти- валық жаңа материал- дарды әзірлеу" бағдар- ламасы: - отандық шикізаттан күн энер- гиясы мен электрондық техника үшін жартылай өткізгіш материалдар- ды алудың жаңа техно- логиялары әзірлеу және бұрынғылары жетілдіру; - әртүрлі функцио. налдық бағыттағы наноматериалдар мен наноқұрылымдардың ерекшеліктерін құру мен басқарудың әдіс- терін әзірлеу; - Қазақстанда шығарылатын металдар- дың негізінде көп функциялы қоспалар мен материалдарды алудың жаңа әдістерін әзірлеу және ғылыми зерттеулер жүргізу. Іске асыру мерзімі: мамыр-желтоқсан. 3. Мынадай негізгі іс- шараларды қамтитын 2004-2007 жылдарға арналған "Жаңа жұқпалы ауруларға қарсы препа- раттарды әзірлеу" бағдарламасы: - тубер- кулезді, ВИЧ-індетін, жұқпалы гепатиттерді және микст жұқпалы ауруларын емдеу үшін жаңа жұқпалы ауруларға қарсы бактериоло. гиялық, вирусоло. гиялық және иммунологиялық зерт- теулер жүргізу; - препараттарға клини- каға дейінгі және клиникалық сынақтар жүргізу; - GLP стан- дарттарына сәйкес келетін бақылау зерт- ханасы үшін препарат- тар мен аспаптарды шығарудың технология- лық процесінің экспресс-бакылауына арналған аспаптарды сатып алу, - тәжірибе- лік-өндірістік қондыр- ғыны шеф-монтаждау, препарат өндірісінің технологиясын өңдеу және препараттың үлгілік партиясын шы- ғару. 4. Мемлекеттік ғылыми- техникалық сараптама- ны жүргізу жөніндегі қызметтерді төлеу. | жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Индустрия және сау- да мини- стрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
І. "Қазақстан Республикасындағы тау-кен металлургия кешенін дамытудың тұрақты жұмыс істеуін және стратегиялық басымдықтарын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету" ғылыми-техникалық бағдарламасы:
1) кеннен түсті металдарды (қорғасын, мырыш, мыс, түсті металдар)
алуды арттыруды көздейтін технологияларды әзірлеу;
2) 5-8 % көлемінде кеннің жоғалуын азайту және араластыру;
3) 15-20 % бұрғылау-жарылғыш жұмыстарына арналған шығыстарды азайту;
4) салу жұмыстарына арналған шығыстарды азайту, 30-35%-ға тазарту әзірлемелерін бекіту және қолдау.
ІІ. "Әртүрлі мақсаттағы перспективалық жаңа материалдарды әзірлеу" ғылыми-техникалық бағдарламасы:
мыналарды көздейтін технологияларды әзірлеу:
1) 99,999 % және 99,95 % дейін сәйкесінше техникалық кремний және силанның сапасын арттыру;
2) отандық шикізаттың 5% 1410 құрамымен жартылай кристалды кремнийді алу;
3) 200-400 С ыстыққа төзімділікпен 2-3 еседегі механикалық мықтылық пен төзімділікті ұлғайтумен үстіңгі наноқұрылымдарды алу;
4) 2 еседегі үстіңгі катализаторлардың қызметінің каталитикалық белсенділігін ұлғайту;
5) 2 еседегі наноқұрылымдық аккумуляторлар қызметінің сыйымдылығы мен мерзімдерін ұлғайту;
6) 2-3 еседегі құрастырмалы материалдардың қызмет мерзімін ұлғайту.
ІІІ. "Жұқпалы ауруларға қарсы жаңа препараттарды әзірлеу" бағдарламасы:
Жұқпалы ауруларға қарсы жаңа препараттардың 3 үлгілік партияларының синтезі.
Түпкілікті нәтиже:
І. "Қазақстан Республикасындағы Тау-кен металлуругия кешенін дамытудағы тұрақты жұмыс істеуді және стратегиялық басымдықтарды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету":
тау-кен металлургия кешеніндегі шикізатты пайдаланудың кешенділігін дамыту және арттыру, бәсекеге қабілетті өнімді әзірлеу.
ІІ. "Әртүрлі мақсаттағы перспективалық жаңа материалдарды әзірлеу" ғылыми-техникалық бағдарламасы:
жаңа ғылымды қажетсінетін өндірісті ұйымдастыруға жәрдемдесетін ғылым мен техниканың перспективалық бағыттары бойынша материалдардың жаңа түрлерін жасау;
ІІІ. "Жұқпалы ауруларға қарсы жаңа препараттарды әзірлеу" ғылыми-техникалық бағдарламасы:
жұқпалы ауруларға қарсы преператтармен аурулардың таралуының және кемуінің алдын алу.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
"Қазақстан Республикасындағы Тау-кен металлуругия кешенін дамытудағы тұрақты жұмыс істеуді және стратегиялық басымдықтарды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету" ғылыми-техникалық бағдарламасының құны 220 000 мың теңге;
"Әртүрлі мақсаттағы перспективалық жаңа материалдарды әзірлеу" ғылыми-техникалық бағдарламасының құны 167 540 мың теңге;
"Жұқпалы ауруларға қарсы жаңа препараттарды әзірлеу" ғылыми-техникалық бағдарламасының құны 577 000 мың теңге.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы:
І. "Қазақстан Республикасындағы Тау-кен металлуругия кешенін дамытудағы тұрақты жұмыс істеуді және стратегиялық басымдықтарды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету" ғылыми-техникалық бағдарламасы:
қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу өнім өндірісінің тиімділігі мен сапасын арттыруға жәрдемдеседі.
ІІ. "Әртүрлі мақсаттағы перспективалық жаңа материалдарды әзірлеу" ғылыми-техникалық бағдарламасы:
қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу материалдардың жаңа түрлерін шығару жөніндегі ғылымды қажетсінетін технологияларды әзірлеуге жәрдемдесетін болады.
ІІІ. "Жұқпалы ауруларға қарсы жаңа препараттарды әзірлеу" ғылыми-техникалық бағдарламасы:
отандық медициналық препараттарды жасау.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
332-қосымша
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Стандарттау, сертификаттау, метрология және сапа жүйесі
саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер"
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 26000 мың теңге (жиырма алты миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Өлшем бірліктерін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңының 5-бабы, "Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесін дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 наурыздағы № 321 қаулысы, "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4, 8 және 25-баптары, "Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттау және сертификаттау жүйелерін дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" 2004 жылғы 6 ақпандағы № 148 қаулысының 8.2 және 8.4-тармақтары, "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаттары.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: өнімдердің, қызметтердің және процестердің адамның денсаулығы және қоршаған орта, әлеуметтік және экологиялық тиімділіктер үшін қауіпсіздігіне қол жеткізу, техникалық реттеу саласындағы ғылыми зерттеулер есебінен бәсекеге қабілетті қауіпсіз өнімді шығаруды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ғылыми зерттеулер жүргізу және Техникалық реттеудің негізгі тұжырымдамасы мен қағидаттарын білдіретін халықаралық талаптармен үйлестірілген техникалық реттеу моделін әзірлеу, тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін басқару жүйесінің стандарттарын енгізу кезінде туындайтын проблемалар мен олардың жолдарына талдау жөніндегі зерттеу жұмыстарын жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 007 | | Стандарт-тау, сер- тификат- тау, мет-рология және сапа жүйесі саласын- дағы қол-данбалы ғылыми зерттеу- лер | Үш бағыттар бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу: - метрология саласын- дағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу; - техникалық реттеу саласындағы қолданба- лы ғылыми зерттеу- лерді жүргізу; - Сапа менеджментінің жүйесі саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу (екінші кезең). Мемлекеттік ғылыми техникалық сараптама- ны жүргізу жөніндегі қызметтерді төлеу. | жыл бойы | ҚазақстанРеспубли-касы Индустрия және сау- да минис- трлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
Метрология саласында:
- стандартты анықтамалық деректерді, жалпақ бұрышты тексеру әдістемесін бағалау жөніндегі стандартты анықтамалық деректерді, әдістемелік құжаттардың кестелерін әзірлеу;
Техникалық реттеу саласында:
- Халықаралық талаптармен үйлестірілген техникалық реттеу моделін әзірлеу;
жаңғыртуды қамтамасыз ету.
Уақтылығы:
Лизинг шарттарының жағдайына сәйкес.
Сапа:
қозаның, тоқыма және тігін өнеркәсібі өнімдерінің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін қазіргі заманғы техника мен жабдықты сатып алу.
Техникалық реттеу саласында:
- техникалық реттеу саласындағы ғылыми зерттеулерді жүргізу есебінен бәсекеге қабілетті қауіпсіз өнімді шығаруды қамтамасыз ету;
Сапа менеджментінің жүйесі саласында:
- тамақ өнімін шығару және өткізу саласындағы қауіпсіздік пен бәсекеге қабілеттілікті арттыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
333-қосымша (құпия)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
334-қосымша
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Астана қаласында эталондық орталық құру"
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 703193 мың теңге (жеті жүз үш миллион бір жүз тоқсан үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесін дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 наурыздағы № 321 қаулысы; "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңының 10-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін дамыту
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын сақтау және қолдану үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 009 | | Астана қаласындаэталондықорталық құру | | | |
2 | | 100 | Астана қаласындаэталондық орталық салу | Астана қаласында Эталонды орталық салу- ды аяқтау (ҚРИСМ Құры- лыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашы- лық істері комитетінің 2004 жылғы 21 қаңтар- дағы № 17 ПИР Мемле- кеттік сараптамасының қорытындысы). | Қаңтар- шілде | Қазақстан Республи- касы Индустрия және сау- да Минис- трлігі |
3 | | 101 | Астана қаласында мемлекет- тік эта- лондардың ғалым- сақтаушы- лары үшін 55 пәтер- лік отба- сылық жа- тақхана салу | Астана қаласында мем- лекеттік эталондарды сақтаушы ғалымдар үшін 55 пәтерлік отбасылық жатақхана салу үшін жобалық-сметалық құжа- ттама бойынша мемле- кеттік сараптаманы әзірлеу және жүргізу | Сәуір- қыркүй- ек | Қазақстан Республи- касы Индустрия және сау- да минис- трлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
1. Халықаралық талаптарға сәйкес келетін эталондық орталықтың болуы.
2. Астана қаласында мемлекеттік эталондарды сақтаушы ғалымдарға отбасылық жатақхана салу бойынша бекітілген жобалау-сметалық құжаттамасы.
Түпкілікті нәтиже: Қазақстан Республикасындағы өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін дамыту үшін объектілерді пайдалануға беру.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес жұмыс жоспарына-кестесіне сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
335-қосымша
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
""Тоқыма өнеркәсібі" пилоттық кластері шеңберінде қоза өсіру,
тоқыма және тігін өнеркәсібін дамыту үшін "Қазақстанның Даму Банкі"
АҚ арқылы техникалар мен жабдықтар лизингін ұйымдастыру"
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 5080000 мың теңге (бес миллиард сексен миллион теңге)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Қазақстан "Қазақстанның Даму банкі" акционерлік қоғамының кредиттік саясат меморандумы туралы" 2004 жылғы 9 наурыздағы № 289 Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ-тың инвестициялық мүмкіндіктерін оның кредиттік ресурстарын қоза, өсіру және тоқыма және тігін өнеркәсібін дамыту кезінде қаржы лизингін қорландыру құнын төмендету үшін толықтыру есебінен кеңейту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ еншілес лизингтік компаниясын қорландыру базасын құру; қолайлы жағдайларда орта-ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 010 | | "Тоқыма өнеркә- сібі" пилоттық кластері шеңбе- рінде қоза өсіру, тоқыма және тігін өнеркә- сібін дамыту үшін "Қазақс- танның Даму Банкі" АҚ арқы- лы тех- никалар мен жаб- дықтар лизин- гіні ұйымдас- тыру | Қазақстан Республикасы Үкіметінің Банкке кре- диттік ресурстарды бе- ру тәртібі мен шарт- тары туралы қаулысын шығару; Республикалық және жергілікті бюд- жеттерді орындау ережесінде көзделген рәсімдерді орындау; кредиттік шартқа сәй- кес "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ кредиттік ресурстарын беру; "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ еншілес лизингтік компаниясы- ның кредиттік ресурс- тарын беру; қызмет көрсету және бюджеттік кредит бойынша негізгі қарызды өтеу рәсімдерін жүргізу. | Кредит- тік шарт- тарға сәйкес | Индустрия және сау- да минис- трлігі Қаржы ми- нистрлігі, Индустрия және сау- да минис- трлігі, "Қазақстан Даму бан- кі" АҚ |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
тоқыма және тігін өнеркәсібінде, сондай-ақ қоза өсіру саласында жаңа өндірістерді құру және заңды тұлғалардың негізгі құралдарын жаңалау.
Түпкілікті нәтиже:
Заңды тұлғалар үшін қаржы лизингі арқылы жабдық пен техника сатып алу есебінен тоқыма және тігін өнеркәсібін және қоза өсіруді дамыту.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Тоқыма және тігін өнеркәсібіндегі, сондай-ақ қоза өсіру саласындағы негізгі құралдарды жаңартуды және жаңғыртуды қамтамасыз ету.
Уақытылығы:
Лизинг шарттарының жағдайына сәйкес.
Сапа:
қозаның, тоқыма және тігін өнеркәсібі өнімдерінің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін қазіргі заманғы техника мен жабдықты сатып алу.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
336-қосымша
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
""Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығын құру"
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1100000 мың теңге (бір миллиард бір жүз миллион теңге)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығының қызметін реттеу туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 тамыздағы № 877 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасына жеке капиталды тарту үшін қолайлы инвестициялық климат құру; Қазақстан Республикасының басқа елдермен сыртқы тауар айналымын арттыру; Алматы облысының экономикалық ынтымақтастығына жәрдемдесу, Алматы облысындағы экономиканың өсуін ынталандыру; іргелес өңірлер халқының өмір сүру деңгейін арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: - ТМД және ҚХР-мен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту үшін жағдай жасау;
- көліктік, сауда, туристік және басқа қызметтерге қолжетімділікті арттыру;
- кемсітушілік шараларсыз техникалық алмасуды, мемлекеттік шекара
арқылы тасымалдаудың оңайлатылған режимін кеңейту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 011 | | "Қорғас" шекара маңы ын- тымақтас- тығының халықара- лық орта- лығын құ- ру | Жобалық-іздестіру жұ- мыстарын жүргізу, ау- мақты қоршау құрылысы, бақылау-өткізу пункте- рінің ғимараттарын са- лу, инженерлік инфра- құрылымның қабаттары (су жабдығы, су шыға- ру, жылу жабдығы, энергия жабдығы), "Қорғас" ШЫХО АҚ аума- ғын абаттандыру, авто- мобиль жолдарын қайта жаңғырту және өткелдер құрылысы үшін "Қорғас" ШЫХО АҚ жарғылық капиталын қалыптастыру. | 1 тоқсан | Индустрия және сау- да минис- трлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: бюджет қаражаты есебінен мынадай жұмыс түрлерін жүзеге асыру болжалынып отыр: жобалық-іздестіру жұмыстарын жүргізу, аумақты қоршау құрылысы, бақылау-өткізу пункттерінің ғимараттарын салу, инженерлік инфрақұрылымның қабаттары (су жабдығы, су шығару, жылу жабдығы, энергия жабдығы), орталық аумағын абаттандыру, автомобиль жолдарын қайта жаңғырту және өткелдер құрылысы. "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығын құру.
Түпкілікті нәтиже: ШЫХО аумағында, сол сияқты Жаркент қаласы аумағында қызмет көрсету саласындағы жаңа өнеркәсіптік кәсіпорындардың, объектілердің құрылысын қоса алғанда Алматы облысы экономикасының даму қарқынын жеделдету.
Қаржы-экономикалық нәтиже: "Қорғас" шекара маңы халықаралық орталығын құру Алматы облысы экономикасының қарқынды дамуына, көліктік, инженерлік және туристік инфрақұрылымды дамытуға және жетілдіруге, жүк айналымын ұлғайтуға, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына, шекара маңы аумақтарында тұратын халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға ықпал ететін болады.
Уақтылығы: Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2005 жылғы 3 қарашадағы № 368 бұйрығымен бекітілген және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен келісілген "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығын құрудың техникалық-экономикалық негіздемесіне сәйкес, сондай-ақ "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығы" Акционерлік қоғамының жұмыс кестесіне сәйкес.
Сапасы: "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығы әлемдік стандарттарға сәйкес құрылатын болады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
337-қосымша
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Стандарттау, метрология және сертификаттау жүйесін жетілдіру"
деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1199875 мың теңге (бір миллиард бір жүз тоқсан тоғыз миллион сегіз жүз жетпіс бес мың теңге)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Өлшем бірліктерінің бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңының 5, 10, 13, 15, 17-баптары, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы" 2003 жылғы 17 мамырдағы Жарлығы, "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңының 6, 19, 20, 21, 22-баптары, "Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесін дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 наурыздағы № 321 қаулысы, "Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттау және сертификаттау жүйелерін дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 ақпандағы № 148 қаулысы, "Техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерінің (анықтамалықтарының) депозитарийін құру және жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 қыркүйектегі № 926 қаулысы.