7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: ауыз сумен жабдықтау объектілерін қайта жаңарту және салу.
Түпкілікті нәтиже: Қазақстан халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін ауыз сумен жабдықтау объектілерін пайдалануға енгізу.
Уақтылығы: жасалынған келісім шарттағы жұмыс жоспары-тізбесіне сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
110-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Гидротехникалық құрылысты қайта жаңарту»
деген 031 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1234661 мың теңге (бір миллиард екі жүз отыз төрт миллион алты жүз алпыс бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының төбесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 1 қарашадағы № 1466 Жарлығы; «Республика аумағында төтенше жағдайлардың алдын-алу бойынша шаралар қабылдау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы № 4513 өкімі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: гидротехникалық ғимараттарда техногендік сипаттағы төтенше жағдай туындау қаупінің алдын алу, ауыл шаруашылығы су пайдалану жүйелерінің тиімділігін және экономиканың басқада салаларын сумен жабдықтауды дамыту (энергетика, өнеркәсіп, көлік, балық шаруашылығы, экологиялық өтінімдер).
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: гидротехникалық ғимараттарды қайта жаңарту, ерекше апатты гидромелиоративтік жүйелерді қалпына келтіру жөніндегі кешенді іс-шараларды орындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 031 | | Гидротех- икалық құрылысты қайта жаңарту | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығымен бекітілген жобалау-сметалық құжаттарына сәйкес іс- шараларға және Қазақстан Республикасы Yкіметінің "2006 жылға республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру туралы" 2005 жылғы 9 желтоқ- сандағы № 1228 қаулысының 2 қосымша- сына сәйкес тізбе бойынша және сомалар шегінде гидротехника- лық ғимараттарды қайта жаңартуға бағытталған бюджеттік инвестиция- лық жобаларды жүзеге асыру. | Қаңтар- желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігінің Су ресур- стары жөніндегі комитеті |
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 12 объектіні аяқтау және 2 жоба бойынша құрылыс жұмыстарының көлемін орындау.
Тyпкілікті нәтиже: гидротехникалық ғимараттардың дұрыс қызмет көрсетуін қамтамасыз ету және төтенше жағдайдың туындау қаупін төмендету.
Уақытылығы: бекітілген жұмыс жоспарына және жасалынған келісім шарттарға сәйкес.
Сапасы: Қазақстан Республикасының қолданыстағы құрылыс ережелері мен нормаларына сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
111-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Су берумен байланысы жоқ республикалық су шаруашылығы
объектілерін пайдалану»
деген 034 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1030549 мың теңге (бір миллиард отыз миллион бес жүз қырық тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 135-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: шекаралас мемлекеттермен бірлесіп пайдаланатын объектілерін қоса алғанда су берумен байланысты емес су шаруашылығы объектілерінің толассыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: су берумен байланысты емес, республикалық меншіктегі су қоймалары мен басқа да гидротехникалық құрылыстардың функцияларын қамтамасыз ету; трансшекаралық өзендерде орналасқан су шаруашылығы объектілерін бірлесіп пайдалану.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 034 | | Су беру- мен бай- ланысы жоқ респуб- ликалық су шаруа- шылығы объекті- лерін пайдалану | Республикалық су шаруашылығы объектілері мен құрылыстарында пайдалану іс-шараларын жүргізу: су астын зерттеу, ақауларды анықтай отырып, техникалық жағдайын анықтау; линия жұмысшыларын ұстау; электрокүш, механика- лық, құрылыстың көтерме-көлік жабдықтарын, су торабының металл жапқыштарына, электролиниялар мен байланыс жүйелеріне, сондай-ақ өндіріс орындары мен су шаруашылығы объекті- лерінің техникаларына жөндеу жүргізу және пайдалану; гидротехникалық құрылыстардың жоғарғы және төменгi бьефтерін бекіту; су шаруашылығы объектілерінде каналдар мен су қоймалардың бөгетшелерін, беткейлерді бекіту және басқа да жөндеу жұмыстарын жүргізу, каналдарды тазарту; реттеу, тасқынға қарсы жұмыстарды жүргізу; су қоймаларының параметрлерін нақтылау бойынша жұмыстар жүргізу; гидротехникалық ғимараттарды күзету. Өзбекстан Республи- касы, Қырғыз Республи- касымен трансшекаралық өзендерде орналасқан су шаруашылық объектілерін ұстауға үлестік қатысу. Зах-Келес Су шаруашылық жүйелерi басқармасын ұстау. Ресей Федерациясынан берілетін сумен байланысты шығындардың орнын толтыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігінің Су ресур- стары жөніндегі комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: республикалық меншіктегі 118 су шаруашылығы объектілері мен 10 мемлекетаралық объектілерге пайдалану іс шаралары жүргізілуі.
Түпкілікті нәтиже: 118 республикалық және 10 мемлекетаралық объектілердің техникалық жағдайы жақсарады және ауылдық тауар өндірушілерге суармалы су қажетті көлемде уақытылы берілуі.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір республикалық су шаруашылығы объектісіне пайдалану іс шараларын жүргізуге орта есеппен 5500 мың теңге және 10 мемлекетаралық объектіге орта есеппен 39200 мың теңге жұмсалады.
Уақытылы жүргізілуі: республикалық меншіктегі су шаруашылығы объектілеріне және мемлекетаралық объектілерге пайдалану іс шаралары бекітілген жұмыс пен қызмет көрсету жоспарына сәйкес іске асырылуы.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына және су шаруашылығы объектілерін пайдалану Ережелеріне сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
112-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Ормандардың сақталуын және тұрақты дамуын қамтамасыз ету»
деген 036 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2286221 мың теңге (екі миллиард екі жүз сексен алты миллион екі жүз жиырма бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 110-бабы; 1997 жылғы 15 шілдедегі «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы; 1997 жылғы 15 шілдедегі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы; 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы; «Ормандарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1271 қаулысы; «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды күзету, қорғау, молайту әрі орман өсіру жөніндегі нормалар мен нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 53 қаулысы; «2005-2007 жылдарға арналған «Жасыл ел» Бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 632 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ормандардың экологиялық және ресурстық әлеуетін арттыру, орман ресурстарын ұтымды және сарқып тауыспай пайдалану, оларды күзету, қорғау және молықтыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: орман дақылдары тұқымдарының егістік сапасын, олардың энтомологиялық және фитопатологиялық залалдану деңгейін айқындау; орман шаруашылығы саласындағы студенттер үшін оқу практикаларын өткізу; орман дақылдары тұқымының тұрақты базасын қалыптастыру және мұрагерлік қасиеттері жақсартылған отырғызу материалын алу; орман орналастыру, аңшылық ісін ұйымдастыру жұмыстарын және орман шаруашылығын жобалауды өткізу; ормандардың мемлекеттік есебі мен кадастрын жүргізу; орман және аңшылық шаруашылықтары мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ғылыми-әдістемелік талдамалармен қамтамасыз ету; Астана қаласының санитарлық-қорғаныштық жасыл аймағын құру; ормандарды авиациямен күзетуді қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асы жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 036 | | Орман- дардың сақталуын және тұрақты дамуын қамта- масыз ету | | | |
2 | | 100 | Қазақ мемле- кеттік респуб- ликалық орман дақыл- дарының тұқымын дайын- дайтын мекеме | Тұқымды егістік қасиеттеріне, энтомологиялық және фитопатологиялық залалдануына сараптамадан өткізудi қамтамасыз ету, орман зиянкестері мен ауруларының ошақтарын болжау бойынша мәліметтер жинау және ақпарат әзірлеу үшін штат саны 28 адамнан тұратын мекеме ұстау. Кеңсе жиһазын сатып алу. | Қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігінің Орман және аңшылық шаруа- шылығы комитеті |
3 | | 101 | Сандықтау оқу-өн- дірістік орман шаруа- шылығы | Орман өрттерінің алдын алу, оларды байқау және жою, ормандарды орман зиянкестері мен ауруларынан қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу; ормандарды заңсыз кесуден қорғау; табиғат пайдаланушылардың орман пайдалану тәртібі мен аң аулау ережелерін сақтауын қамтамасыз ету; оқу практикаларын ұйымдастыру және өткізу; жабдықтар мен басқа да негізгi құралдардың ағымдық жөндеуі үшін штат саны 39 адамнан тұратын мекемені ұстау. Тракторлар сатып алу. | Қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігінің Орман және аңшылық шаруа- шылығы комитеті |
4 | | 102 | Тұрақты орман дақыл- дарының тұқымын дайын- дайтын базасын қалып- тастыру | Тұрақты орман дақылдары тұқымының базасын, соның ішінде тұрақты және уақытша орман дақылдарының тұқымы учаскелерін, генетикалық резерваттар, артықшылығы бар ағаштар мен екпелер қалыптастыру, тұрақты орман дақылдарының тұқымы учаскелерін құру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, аналық орман дақылдары тұқымы плантацияларын құру және перспективалы нысандардағы отырғызу материалын өсіру. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде "Алматы орман селекциялық орталығы" РМҚК-ы мен "Көкшетау орман селекциялық орталығы" РМҚК-н трактор, автомобиль, компьютер техникасымен, терең скважинаны қоса алғанда суару жүйесімен, көмекшi техникамен материалдық-техникалық жарақтандыру. | Қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігінің Орман және аңшылық шаруа- шылығы комитеті |
5 | | 103 | Орман-аң аулауды орна- ластыру және орман шаруа- шылығын жобалау, орман және жануарлар дүниесі сала- сындағы есепке алу және биоло- гиялық негіздеме | Алматы және Маңғыстау облыстарының 2007 жылдың орман орналастыру шараларын дайындық жұмыстары, Ақтөбе облысының нысаналары бойынша негізгі ережелердi әзірлеу. Павлодар, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында далалық орман-аңшылық орналастыру жұмыстарын жүргізу, тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша орман орналастыру жобаларын өндіріске енгізуге авторлық қадағалаулар мен тексерулер жасау. Ақмола, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының орман мекемелерінде камералдық орман орналастыру жұмыстарын жүргізу; камералдық орман орналастыру жұмыстарын жүргізу кезінде ГИС технологияларын қолдану және бағдарла- малық қамтамасыз етудi жетілдіру; материал- дарды электрондық әдіспен өңдеп, статистикалық есептілікті қабылдау және жинақтау. Жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу: 2005 жылғы іздестіру бойынша камеральдық жұмыстар, соның ішінде: "Семей орманы" мемлекеттік табиғи орман резерваты мен "Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркi ормандарының өртке қарсы құрылғысының жұмыс жобасы; Батыс Алтай және Наурызым мемлекеттік табиғи қорықтары; "Семей орманы" мемлекеттік табиғи орман резерваты мен "Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркi ормандарының өртке қарсы құрылғысы жұмыс жобасының мемлекеттік экологиялық сарапта- масын қамтамасыз ету; Алматы орман селекциялық орталығы суармалы аймақтық орман селекциялық- тұқым шаруашылығы кешеннің жобалау- сметалық құжаттамасын әзірлеу, келісу және оның сараптамасы; Алматы орман селек- циялық орталығы аймақтық орман селекциялық-тұқым шаруашылығы кешенінің жобалау-сметалық құжаттамасының сәулет-құрылыс сараптамасын өткізу және мемлекеттік экологиялық сараптамаларын қамтамасыз ету. Жаңа далалық іздестіру жұмыстарын жүргізу: Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркi ормандарының өртке қарсы құрылғысының жұмыс жобасы; Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орман көмкермеген жерлердің ормандануының жұмыс жобасы және жабайы жемісті екпелерін қалпына келтіру; Солтүстік Қазақстан облысының Соколов орман питомнигінің, суармалы питомнигі мен плантациялары бар Көкшетау орман селекциялық орталығының, Алматы облысы Қаскелең орман питомнигінің ұйымдастыру-шаруашылық жоспары мен суландыру- дың жұмыс жобасы; орман және жануарлар дүниесі саласында есепке алу мен биологиялық негіздеме- лер жүргізу; мемлекеттік тапсырыс шеңберінде "Қазақ орман орналастыру кәсіпорыны" РМҚК-нi бастапқы орман бағалау ақпараттарын өңдеуге арналған бағдарламалық қамтамасыз етумен, ұйымдастыру техникасы- мен материалдық-техни- калық жарақтандыру. | Қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігінің Орман және аңшылық шаруа- шылығы комитеті |
6 | | 104 | Астана қаласының жасыл желектi санитар- лық- қорғау аймағы | Астана қаласының санитарлық-қорғаныштық жасыл аймағын құру, соның ішінде: жер пайдаланушыларға шығындарды өтеу; 2005 жылдың ізденістері бойынша камералдық жобалау жұмыстарын жүргізу; 2005 жылдың жұмыс жобаларының сәулет-құрылыс және мемлекеттік экология- лық сараптамасы; Астана қаласының жасыл аймағын құрудың жұмыс жобасын авторлық қадағалау. Жаңа далалық іздестіру жұмыстарын жүргізу. Астана қаласының қала шетіндегі аймағы шегінде қорғаныштық екпелер құрудың, Шортанды орман питомнигінің ұйымдастыру- шаруашылық жоспары мен оны суландырудың, "Жасыл Аймақ" РМК орман дақылдары тұқымының плантациясын суландырудың жұмыс жобасы; мемлекеттік тапсырыс шеңберінде "Жасыл аймақ" РМК-ні автотрактор техникасы- мен, тұрғын вагонмен, тіркемемен, арнайы тягачпен материалдық- техникалық жарақтандыру. | Қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігінің Орман және аңшылық шаруа- шылығы комитеті |
7 | | 105 | Орманды әуеден қорғау | 5639 мың гектар алқапта бүлінген екпелерді байқау, осы екпелерді есепке алу және олардың жай-күйін қадағалау бойынша оның авиациямен қарауылдау және аэрокөрілімдік орман-патологиялық бақылау; бақылаушы-ұшқыштар оқыту және мемлекеттік тапсырыс шеңберінде "Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы" РМҚК өрт сөндіру, жеке қорғаныс, байланыс құралдарымен және автокөлікпен материалдық-техникалық жарақтандыру. | Қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігінің Орман және аңшылық шаруа- шылығы комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: тұқымның егістік қасиеттеріне сертификаттар, себуге әзірленген тұқымды өңдеу жөнінде ұсыныстар алынды, Қазақ мемлекеттік республикалық орман дақылдарының тұқымы мекемесі үшін кеңсе жиһазының 10 жинағы сатып алынды; Сандықтау оқу-өндірістік орман шаруашылығы орман қоры орман өрттерінен және заңсыз ағаш кесуден сақтап қалынды, Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінің саны 25-ке дейінгі студенттердің орман шаруашылығын жүргізу жөнінде өндірістік практикадан өтуі жүзеге асырылды, Сандықтау оқу-өндірістік орман шаруашылығы материалдық-техникалық базасы 2 бірлік тракторлармен жарақтандырылды, 3172 гектар уақытша орман тұқымы учаскелері таңдап алынды; 664 гектар тұрақты орман тұқымы учаскелерін құру жөнінде алқаптар таңдап алынды және ұсыныстар әзірленді; 32 гектар орман тұқымы плантациялары отырғызылды; 324 гектар артықшылығы бар екпелер іріктеп алынды; 175 дана артықшылығы бар ағаштар іріктеп алынды; 13452 гектар алқапта генетикалық резерваттар бөлінді; 3 гектар жергілікті және жерсіндірілген тұқымдар будандарының перспективалы нысандарынан аналық және орман тұқымы плантациялары құрылды; 100000 дана жергілікті және жерсіндірілген тұқымдар будандарының перспективалы нысандарының отырғызу материалы өсірілді; 3 гектар питомниктер ұйымдастырылды; Алматы және Көкшетау орман селекциялық орталықтары үшін сатып алынды: автомобиль - 2 бірлік, трактор - 1 бірлік, компьютер - 3 бірлік, тереңдік скважинасы бар суару жүйесі - 1 жинақ, спутникті телефон - 2 бірлік, соқа-мала - 2 бірлік, мотоблоктың культиваторы - 2 бірлік, аспалы құралы бар минитрактор - 2 бірлік, кеңсе жиһазы.
2007 жылдың орман орналастыру шараларына дайындық жұмыстары жүргізілді: Алматы облысында - 706,8 мың гектар; Маңғыстау облысында - 242,4 мың гектар; орман орналастыру нысаналары аэрофототүсірмелерімен, ғарыштүсірмелерімен қамтамасыз етілді; топокарталар, шаруашылықаралық жерге орналастыру жоспарлары, аудандық және облыстық карталар сатып алынды; Ақтөбе облысының нысаналары бойынша негізгі ережелер әзірленді.
Далалық орман орналастыру жұмыстары жүргізілді: Павлодар облысында - 178,2 мың гектар; Ақмола облысында - 248,3 мың гектар; Шығыс Қазақстан облысында - 8,3 мың гектар; тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша орман орналастыру жобаларының өндіріске енгізілуіне авторлық қадағалаулар мен тексерулер жүргізілді.
Орман мекемелерінде камеральдық орман орналастыру жұмыстары атқарылды: Ақмола облысында - 86,7 мың гектар; Шығыс Қазақстан облысында - 121,1 мың гектар; Солтүстік Қазақстан облысында - 131,0 мың гектар, камеральдық орман орналастыру жұмыстарын жүргізу кезінде ГИС технологиялары қолданылды және бағдарламалық қамтамасыз ету жетілдірілді, материалдарды электрондық өңдеумен статистикалық есептілікті қабылдау және жинақтау жүзеге асырылды.
Жобалау-іздестіру жұмыстары жүргізілді: 2005 жылғы іздестіру бойынша камеральдық жұмыстар: "Семей орманы" мемлекеттік табиғи орман резерваты ормандарының өртке қарсы құрылғысының жұмыс жобасы - 658,8 мың гектар; "Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ормандарының өртке қарсы құрылғысының жұмыс жобасы - 182,1 мың гектар; Батыс Алтай және Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы ормандарының өртке қарсы құрылғысының мемлекеттік экологиялық сараптамаларының қорытындысы - 247,5 мың гектар; "Семей орманы" мемлекеттік табиғи орман резерваты мен "Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ормандарының өртке қарсы құрылғысының мемлекеттік экологиялық сараптамалары - 840,9 мың гектар; Алматы орман селекциядық орталығы суармалы аймақтық орман селекциялық-тұқым шаруашылығы кешенінің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді, келісілді және оған сараптама жасалды - 149 гектар; Алматы орман селекциялық орталығының суармалы аймақтық орман селекциялық-тұқым шаруашылығы кешенінің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді, келісілді және оған сараптама жасалды - 149 гектар; Алматы орман селекциялық орталығының аймақтық орман селекциялық-тұқым шаруашылығы кешенінің жобалау-сметалық құжаттамасының сәулет-құрылыс және мемлекеттік экологиялық сараптамасы өткізілді - 149 гектар;
Жаңа далалық іздестіру жұмыстары: Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ормандарының өртке қарсы құрылғысының жұмыс жобасы - 90,3 гектар; Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ормандарының өртке қарсы құрылғысының жұмыс жобасы - 50,7 гектар; Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жабайы жемісті екпелерін қалпына келтіру және орман баспаған жерлердің ормандануының жұмыс жобасы - 2700 гектар; Солтүстік Қазақстан облысының Соколов орман питомнигының ұйымдастыру-шаруашылық жоспары мен суландырудың жұмыс жобасы - 50 гектар; Көкшетау орман селекциялық орталығы суарылатын питомнигы мен плантациясы бар аумағының ұйымдастыру-шаруашылық жоспарының жұмыс жобасы - 192 гектар;
Алматы облысының Қаскелең орман питомнигының ұйымдастыру-шаруашылық жоспары мен суландырудың жұмыс жобасы - 45 гектар;
Астана қаласы мен оның қала шетіндегі аймағы жағдайында қаланы көгалдандыру мен сортаң және батпақты жерлерінде ағаш екпелерін құрудың тәсілдері мен технологияларын айқындау жөнінде ұсыныстар әзірленді; Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы мен Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағын кеңейту жөнінде табиғи-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелер әзірленді; ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарын әзірлеу әдістемесі; орман қорының жай-күйі туралы есеп; Қатон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің түзетілген техника-экономикалық негіздемесі жасалды; ормандарды экономикалық тұрғыдан бағалаудың әдістемесі әзірленді, түбірімен босатылатын сүрек дайындау ақысының базалық ставкалары нақтыланды; мемлекеттік орман қорын санаттарға жатқызу жөнінде ұсыныстар әзірленді; Жоңғар Алатауындағы алма күйесі мен басқа да жапырақ кеміруші зиянкестердің биоэкологиясы зерттелді және ғылыми негізделген ұсыныстар жасалды; Ертіс бойының қарағайлы ормандарында қылқан жапырақты ағаштарды кеміруші зиянкестермен күрес шаралары әзірленді; қайың ағаштарының кеуіп қалу эхтиологиясы анықталды және аурудан қорғау шаралары әзірленді; ағаш және бұта тұқымдарын микроклон арқылы көбейтудің биотехнологиялық әдістері жасалып, орман шаруашылығы тәжірибесіне енгізілді; шынжыр табанды орман өртін сөндіру машинасының жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді және оның тәжірибелік үлгісі жасалды; киіктер санының жай-күйі туралы есеп; аңшылық минимумы бойынша тестілеудің электронды жүйесі мен аңшыларды есепке алудың электронды жүйесі ұйымдастырылды; аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерінің жай-күйіне баға берілді.
"Қазақ орман орналастыру кәсіпорыны" РМҚК 12 жұмыс орындық бастапқы орман бағалау ақпараттарын өңдеуге арналған бағдарламалық қамтамасыз етумен, 10 бірлік компьютермен, 1 бірлік түрлі-түсті ағынды принтермен жарақтандырылды.
Жер бөлу, жобаны табиғи жағдайға алып шығу - 8000 гектар; 10,5 млн.дана отырғызу материалы өсірілді; 155 гектар орман тұқымы плантациялары құрылды; 9 тұқым ағаш тұқымдарын аудандастырудың бірінші кезеңі өткізілді; 5000 гектар отырғызар алдында топырақ өңдеп отырғызылды; 5100 гектар бұрнағы жылдары отырғызылған орман дақылдарымен толықтырылды, 4,2 млн. дана отырғызу материалы сатып алынды; 1999-2006 жылдарғы 19602,8 гектар екпелерге күтім жасалды; 33043 гектар орман екпелері қорғалды; 2007-2008 жылдары отырғызу үшін 1000 гектар жер дайындалды; 7700 гектар орман екпелеріне күтім жасалды; жер пайдаланушылардың шығындары өтелді; техника жөнделді.
2005 жылғы іздестіру бойынша камеральдық жобалау жұмыстары: Астана қаласының қала шетіндегі аймағының шегінде (батыс бағыты) қорғаныштық екпелер құрудың жұмыс жобасы - 10000 гектар; Астана-Луговое бағытындағы магистраль бойынша ландштафтық-рекреациялық екпелер құрудың жұмыс жобасы - 3000 гектар;
Астана-Малиновка бағытындағы магистраль бойынша ландштафтық-рекреациялық екпелер құрудың жұмыс жобасы - 2000 гектар. 2005 жылдың жобасын табиғи жағдайға алып шығу - 15000 гектар; 2005 жылғы жұмыс жобаларының сәулет-құрылыс және мемлекеттік экологиялық сараптамасы - 3 дана; Астана қаласының санитарлық-қорғаныштық жасыл аймағын екпелерін құрудың жұмыс жобасын авторлық қадағалау - 7 жоба.
Жаңа далалық іздестіру жұмыстары: Астана қаласының қала шетіндегі аймағының шегінде (оңтүстік бағыты 1 кезек) қорғаныштық екпелерді құрудың жұмыс жобасы - 7000 гектар;