«2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын
бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі)»
(ҚР Үкіметінің 2005.12.12. № 1235 Қаулысына 86-128-қосымшалар)
(үзінді)
(2006.31.07. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 6 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Мыналардың:
86, 87, 88, 89, 90, 91, 92, 93, 94, 95, 96, 97, 98, 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 127, 127-1, 128-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің;
2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
86-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Агроөнеркәсіптік кешен, орман және су шаруашылығы
саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 5889291 мың теңге (бес миллиард сегіз жүз сексен тоғыз миллион екі жүз тоқсан бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қызметтік телефондар және мемлекеттік органдардың аппараттарын орналастыруға арналған алаңдардың нормалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 3 қазандағы № 1217 қаулысы; «Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтынудың нормативтері туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 қаулысы; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысы; «Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысы; 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің қаулысы; «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараттық-маркетингтік жүйесін қалыптастыру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 қазандағы № 1627 қаулысы; «Қазақстан Республикасының балық шаруашылығын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы № 1344 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: шаруашылық, балық және су шаруашылығы, өсімдік және жануарлар дүниесін қорғау, өсуін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері, егіншілік, тұқым шаруашылығы және астық рыногын реттеу, өсімдіктерді қорғау және карантин, ветеринария, сусындарды (алкогольды өнім мен этил спиртінен басқа), терілерді (илеу және әрлеу), мақта талшығы мен жүнді қайта өңдеуді қоса тамақ өнімдерін өндіру бөлігіндегі өндіруші өнеркәсіптер, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау (іріден басқа), агроөнеркәсіптік кешенін техникалық жарақтандыру, мал шаруашылығы, мелиорация, жер суландыру және дренаж, ауыл шаруашылығы ғылыми салаларында мемлекеттің аграрлық және өңірлік саясатын, стратегиялық жоспарларын, мемлекеттік және өзге де бағдарламалар мен жобаларды жасау және іске асыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен нормативті құқықтық актілерді, нормативтік және әдістемелік құжаттарды, реттелетін сала мәселелері жөніндегі құжаттамалардың нысанын әзірлеу, бекіту және келісу; министрліктің қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру; бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді құрудың негізін жасау; Қазақстан Республикасында азық-түліктік қауіпсіздікті және жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету; реттелетін салада мемлекеттік бақылауды, қадағалауды және басқаруды қамтамасыз ету; агроөнеркәсіптік кешенін ақпаратты-кеңесті қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Агроөнер- кәсіптік кешен, орман және су шаруашы- лығы саласын- дағы уәкілетті органның қызметін қамта- масыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | 400 бірлік штат санының бекітілген лимитіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің орталық аппаратын ұстау және қызметін қамтамасыз ету; іске асыру мерзімі: қаңтар-желтоқсан. Тауарларды, жұмыстар- ды және қызметтерді сатып алу бойынша конкурстар өткізу; іске асыру мерзімі: қаңтар-желтоқсан. Министрліктің басқару құрамына көліктік қызмет көрсету үшін автокөлікті жалдау, байланыс қызметтері, энергиямен қамтамасыз ету, жылу, басқа да тауарларды алу, әкімшілік ғимаратты ұстау және қызмет көрсету, автокөлік құралдары бойынша, орталық аппарат, балық, орман және аңшылық, су шаруашылы- ғы комитеттері үшін бланк өнімдерін дайындау бойынша келісім-шарттарға отыру және қызметтерді төлеу; іске асыру мерзімі: қаңтар-желтоқсан. Ветеринария саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу; Эпизоотикалық мониторингті, диагноз қоюды және ветерина- риялық іс-шараларды ұйымдастыруды жүргізу; іске асыру мерзімі: қаңтар-желтоқсан. Карантинге жатқызылған өнімге импорттық карантиндік рұқсаттар беру; Өсімдіктерді қорғау және карантин саласында мониторингтi жүргізу және бақылау; іске асыру мерзімі: қаңтар-желтоқсан. Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен олардың реттелетін сала мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын тексеру мақсатында бақылау объекттеріне бару; іске асыру мерзімі: қаңтар-желтоқсан. Ведомстволық бағынысты мекемелер мен ұйымдарды бақылауды жүзеге асыру; іске асыру мерзімі: қаңтар-желтоқсан. | Қаңтар-желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігі |
3 | | 002 | Аумақтық орган- дардың аппа- раттары | 7685 бірлік штат санының бекітілген лимитіне қарай Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтың органдарын ұстау; іске асыру мерзімі: қаңтар-желтоқсан. Аумақтық органдарға жүктелген функцияларды орындау мақсатында үздіксіз жұмыс істеудi қамтамасыз ету үшін бекітілген нормативтік тиістілікке сәйкес саны 1250 бірлік көлікті ұстау, оның ішінде саны 695 бірлік арнайы автокөлік, саны 247 бірлік қызметтік автокөлік, саны 308 бірлік теңіз, өзен, кіші өлшемді су көліктері; іске асыру мерзімі: қаңтар- желтоқсан. Саны 347 бірлік көшіру құралдарын, саны 317 бірлік факсты жөндеу және техникалық қызмет көрсету; іске асыру мерзімі: қаңтар-желтоқсан. Аудан көлемінде орналасқан заңды және жеке тұлғалардағы астықтың барлығы және қозғалысы жөніндегі бланк өнімдерін дайындау жөніндегi қызметті төлеу; іске асыру мерзімі: қаңтар-желтоқсан. Өсімдіктерді қорғау және карантин бойынша мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру; іске асыру мерзімі: қаңтар-желтоқсан. Мемлекеттік ветеринариялық бақылауды жүзеге асыру; іске асыру мерзімі: қаңтар-желтоқсан. Мемлекеттік тіркеуді, тракторларды техникалық тексеруді, емтихандарды қабылдауды және тракторларды басқару құқығына куәлік беруді жүргізу және т.б. іске асыру мерзімі: қаңтар- желтоқсан. Он тақырып бойынша мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру. Аумақтық органдардың штат санын жергілікті атқарушы органдарға беру нәтижесінде пайда болған ағымдағы жылдың еңбекақы мен шығу жәрдемақысын төлеу жөнінде аумақтық бөлімшелердің қызметкерлері алдындағы кредиторлық берешекті өтеу; іске асыру мерзімі: шілде-желтоқсан. | қаңтар- желтоқ- сан | ҚазақстанРеспубли- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігi |
4 | | 007 | Мемле- кеттік қызмет- шілердің білік- тілігін арттыру | Он тақырып бойынша мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтi сатып алу: 1) өсімдіктерді қорғау және карантин; 2) ветеринария; 3) техникалық инспекция; 4) тұқымдық және астық инспекциялау; 5) асыл тұқымды іс; 6) балық шаруашылығы; 7) орман шаруашылығы; 8) су шаруашылығы; 9) ауыл шаруашылығына ақпаратты-маркетингтік қызмет көрсету; 10) Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттік басқару негізін қолдану; іске асыру мерзімі: ақпан-қараша. Мемлекет және ағылшын тілдерін оқыту; іске асыру мерзімі: ақпан-қараша. | қаңтар- желтоқ- сан | ҚазақстанРеспубли- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігi |
5 | | 008 | Мемле- кеттік орган- дардың ғимарат- тарын, үй-жай- лары мен құрылыс- тарын күрделi жөндеу | Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің Қызылорда облыстық аумақтық басқармасының ғимараты мен құрылысын күрделі жөндеуін жүргізу; іске асыру мерзімі: наурыз-желтоқсан. | қаңтар- желтоқ- сан | ҚазақстанРеспубли- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігi |
6 | | 009 | Мемле- кеттік орган- дарды матери- алдық- техни- калық жарақ- тандыру | Орталық аппарат үшін сатып алу: басшыға арналған кресло, шаңсорғыштар, ауа баптағыштар, түрлі-түсті басу барабаны, кеңселік жиһаз; іске асыру мерзімі: ақпан-маусым. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министр- лігінің аумақтық басқармаларына ары қарай бөлу үшін: көшіру аппаратын, "Жаңа кеңсе" жиынтығын, мәжіліс үстелін сатып алу; іске асыру мерзімі: ақпан-маусым. Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті- нің аумақтық басқарма- ларына ары қарай бөлу үшін: түнгі көру құралдары, спутниктік навигатор, қару, мотоциклдер, сейфтер; іске асыру мерзімі: ақпан-қыркүйек. Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық басқармаларына ары қарай бөлу үшін: қайық моторлары, қайық, түнгі көру құралы, телефон аппараты, жиһаз жиынтығы, радиостанция, қарда жүргіш, тіркеме, айрошана, таныстыру құралы, дыбыс күшейткіш байланыс орнату, Море класын- дағы катер, зертханалық құрал- жабдық, дүрбі, арнайы фонарьлар, факс сатып алу; іске асыру мерзімі: ақпан-желтоқсан. Су шаруашылығы комитетінің аумақтық басқармаларына ары қарай бөлу үшін: жұмыс станцияларын, түптеу аппаратын, сейфтер, ламинатор, факс, тоңазытқыштар сатып алу. Ауыл шаруашылығы министрлігі аумақтық басқармаларының өсімдіктер карантині жөніндегі шекара бекеттері үшін мыналарды: компьютерлер, принтерлер, ксерокстер, телефондар, факстар, тұрмыстық тоңазытқыштар, бинокулярлар, қондырғысы бар фотоаппараттар, биологиялық стереоскопиялық микроскоптар, арнайы автокөлік, офистік жиhаз (жиынтық), оптикалық аспаптар сатып алу. Іске асыру мерзімі: шілде-желтоқсан. | қаңтар- желтоқ- сан | ҚазақстанРеспубли- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігi |
7 | | 017 | Ақпа- раттық жүйелер- дің жұмыс істеуін қамтама- сыз ету және мемле- кеттік орган- дарды ақпа- раттық- техни- калық қамта- масыз ету | Шығын материалдарын сатып алу. Интернетке ену қызметі. Есептеу техникаларына жүйелі-техникалық қызмет көрсету. Ақпарат жүйесін және локальдық міндеттерді қолдау. Лицензияланған бағдарламалық өнімдерді сатып алу және орнату. Локальды-есептеу желісіне жүйелі қызмет көрсету. | қаңтар- желтоқ- сан | ҚазақстанРеспубли- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігi |
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижелері:
- әр мемлекеттік қызметкерлерді 100%-ға жұмыс орнымен қамтамасыз ету, ақпараттық-техникалық және материалдық базамен жабдықтау;
- 4 нормативтік-құқықтық актілерін ветеринария саласында 8 нормативтік-құқықтық актілерін әзірлеу;
- 3 бірлік авто көлік құралдарын жалдау;
- ветеринария саласында 23 миллион бас жануарларға диагностикалық зерттеулер жүргізу;
- ведомстволық бағынысты мекемелер мен ұйымдарда ішкі бақылауды жүзеге асыру: ветеринария, өсімдіктерді қорғау және карантин салаларында тоқсанда бір рет, қаржылық бөлік бойынша 60 тексеріс;
- мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби деңгейді көтеру курстарында оқыту - 399 адам, оның ішінде аумақтық органдар - 359 адам, 334 адам санында мемлекеттік тілге үйрету, оның ішінде аумақтық органдар - 264 адам, ағылшын тіліне 50 адам. Біліктілікті арттыру курстарын өтетін мемлекеттік қызметкерлердің саны 783 бірлік
- мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби деңгейін 5% көтеру қажеттілігін қамтамасыз ету, мемлекеттік тілге үйрету - 4%, мемлекеттік қызметкерлерді ағылшын тіліне оқыту - 0,6%;
- орталық аппаратты, аумақтық органдардың аппараттарын, балық, орман және аң, су шаруашылықтары комитеттерін материалдық-техникалық жарақтандыру (түрлі-түсті басу барабаны - 3 бірлік, офистік жиһаз - 20 бірлік, мотоциклдар - 3 бірлік, қайықтар - 22 бірлік, жиһаздар жинағы - 1 бірлік, аэрошана - 1 бірлік, таныстыру құралы - 5 бірлік, море класындағы катер - 1 бірлік);
- орталық аппаратты ақпараттық-техникалық жарақтандыру (Интернет желісіне қосу қызметтері, 1:С бухгалтерия бағдарламасын енгізу).
Түпкілікті нәтижелері: бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өндірісін жасау, агроөнеркәсіптік кешен, балық, орман, су шаруашылығы саласында реттеу дәрежесін күшейту, еліміздің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өсімдіктер карантині жүйесі бойынша халықаралық стандарттарға қол жеткізу мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби деңгейін көтеру қажеттілігін қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: орталық аппараттың бір мемлекеттік қызметкерін ұстау шығыны жылына 1083,2 мың теңге, аумақтық органның бір мемлекеттік қызметкерін ұстау шығыны 658,5 мың теңге, бір мемлекеттік қызметкердің біліктілігін арттыру шығыны орташа - 19,033 мың теңге, мемлекеттік тілге оқытуға - 28,688 мың теңге, ағылшын тіліне оқытуға - 38,1 мың теңге.
Уақтылығы: жоспарланған іс-шараларды белгіленген мерзімде орындау.
Сапасы:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелген мақсаттар мен міндеттерге жету үшін белгіленген мерзімді ескере отырып іс-шараларды толық көлемде 100% сапалы орындау; қазіргі экономикалық жағдайларға сәйкес кәсіби мемлекеттік қызметтің талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметкердің кәсіби деңгейін көтеру; мемлекеттік тілге оқыту курсын өткеннен кейін мемлекеттік тіл бойынша іс қағаздарына көшкен 30% мемлекеттік қызметкерлер; ағылшын тілінде құжаттармен жұмыс істейтін 20% мемлекеттік қызметкерлер, біліктілікті көтеру курсын өткеннен кейін жоғары лауазымды орынға тағайындалған 30% мемлекеттік қызметкерлер.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
87-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Жердің мелиоративтік жай-күйін сақтау және жақсарту»
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 178540 мың теңге (бір жүз жетпіс сегіз миллион бес жүз қырық мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 95, 135-баптары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: суармалы жерлердің мелиоративтік жай-күйін жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: суармалы жерлер мен ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру жобасы объектілеріне және жерді қалпына келтіру мен су ресурстарын басқару жобасына мониторинг жүргізу; Қазақстан Республикасының суармалы жерлерінің мелиоративтік жай-күйін бағалау; су шаруашылығына бағытталған және жобалау-зерттеу гидромелиоративтік жұмыстарына әдістемелік және нормативтік құжаттарды әзірлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 | | Жердің мелиора- тивтік жай-күйін сақтау және жақсарту | | | |
2 | | 100 | Гидрогео-логия- мелио- ративтік экспе- дициялар | Штаттық саны 92 адам болатын "Жетісу гидрогеологиялық- мелиоративтік экспедициясы" мемле- кеттік мекемені мына- дай жұмыстарды жүргізу үшін ұстау: суармалы жерлерді агромелиора- тивтік зерттеу - 700 000 гектар, соның ішінде Алматы облысында 662 000 гектар, Жамбыл облы- сында 38 000 гектар, суландыру жүйесін жетілдіру жобасы объектілерінде 21 332 гектар, соның ішінде: Жетісу экспедициясында - 13 495 гектар, Солтүстік бөлімінде - 7837 гектар. Ыза сулардың деңгейдік- тұздық режиміне тұрақ- ты гидрогеологиялық стационарлық бақылаулар - 8 400 өлшеу; коллекторлық кәріздік су ағымына гидрогеологиялық бақылау 550 өлшеу; ұңғымаларды жөндеу 490 дана; 7000 гектарға топырақтық-тұздық түсірімдер; лаборато- риялық талдаулар - 5000 шартты бірлік; суармалы жерлердің есебі мен картография- лық деректерін құрастыру; суармалы жерлерге кері әсер етуді жеңілдету жөніндегі ұсыныстар мен іс-шараларды әзірлеу. Мыналарды алу керек: арнайы автокөлік, аспаптар мен жабдық- тар, компьютерлер, оргтехника. Штаттық саны - 85 адам болатын "Оңтүстік Қазақстан гидрогеоло- гиялық-мелиоративтік экспедиция" мемлекет- тік мекемені мынадай жұмыстарды жүргізу үшін ұстау: суармалы жерлерді агромелиоративтік зерттеу 618093 гектар, (соның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында - 532 500 гектар, Жамбыл облысында - 105 600 гектар, суармалы жерлерді агромелиора- тивтік зерттеу объек- тілерінде 9 637 гектар және су ресурстарын басқару жобасы мен су ресурстарын басқару жобасы мен суландыру жүйесін жетілдіру жобасы жерлерін қалпына келтіруге - 39300 гектар; ыза сулардың деңгейдік- тұздық режиміне тұрақ- ты гидрогеологиялық стационарлық бақылау- лар - 30472 өлшеу; коллекторлық-кәріздік су ағынына гидрогеоло- гиялық бақылау - 2168 өлшеу; ұңғымаларды жөндеуге 155 дана; 20000 гектарға топырақтық-тұздық түсірімдер; лаборато- риялық анализдер- 7607 шартты бірлік; суармалы жерлердің есебі мен картография- лық деректерін құрастыру; суармалы жерлерге кері әсер етуді жеңілдету жөніндегі ұсыныстар мен іс-шараларды әзірлеу. Мыналарды алу керек: арнайы автокөлік, аспаптар мен құралдар, компью- терлер, тоқ көзі, принтерлер, оргтехни- ка. Штаттық саны - 50 адам болатын "Қызылорда гидрогеологиялық- мелиоративтік экспеди- ция" мемлекеттік меке- мені мынадай жұмыстар- ды жүргізу үшін ұстау: суармалы жерлерді агромелиоративтік зерттеу 300 000 гектар және суландыру жүйесін жетілдіру жобасы жер- лерін қалпына келті- руге - 1034 гектар; ыза сулардың деңгей- дік-тұздық режиміне тұрақты гидрогеология- лық стационарлық бақылаулар - 10000 өлшеу; коллекторлық- кәріздік су ағынына гидрогеологиялық бақылау - 200 өлшеу; ұңғымаларды жөндеуге 300 дана; 20000 гектарға топырақтық- тұздық түсірімдер; лабораториялық анализдер - 3000 шартты бірлік; суармалы жерлердің есебі мен картография- лық деректерін құрастыру; суармалы жерлерге кері әсер етуді жеңілдету жөніндегі ұсыныстар мен іс-шараларды әзірлеу. Мыналарды алу керек: арнайы автокө- лік, аспаптар мен құралдар, компьютер- лер, тоқ көзі, принтерлер, оргтехника. | Қаңтар-желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігінің Су ресур- стары жөніндегі комитеті |
3 | | 101 | "Қазагро- мелиосу шаруашы- лығы" респуб- ликалық әдісме- лік орталығы | Штаттық саны 23 адам болатын республикалық мемлекеттік органға мемлекеттік мекемесін мынандай жұмыстарды жүзеге асыру үшін ұстау: жобалық- зерттеу жұмыстарын республикалық біркелкі нормативтік- әдістемелік құжат- тармен қамтамасыз ету және әзірлеу; гидроме- лиоративтік және су шаруашылығына арналған жобаларды бірыңғай ақпараттық қамтамасыз етуді әзірлеу; гидро- мелиоративтік және су шаруашылығын белгілеу жобаларын сараптан өткізу және қорытынды- сын беру; аймақтық жобалау-зерттеу кәсіпорындарының координациялық қызмет- терін жүзеге асыру; су шаруашылығы және гидромелиоративтік жүйелерді қалпына келтіруге инвестиция тарту. Мыналарды алу керек: компьютерлер, оргтехника, "Юрист" анықтама-құқықты жүйе, "Эра"- қоршаған ортаға зиянды әсерлер- ді бағалау бағдарлама- сы; Audit Expert Standard инвестициялық жобалардың экономика- лық негіздемесі жөнін- дегі бағдарлама. | қаңтар- желтоқ- сан | ҚазақстанРеспубли- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігің Су ресурс- тары жөніндегi комитетi |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: тікелей нәтиже: жалпы ауданы 1689396 гектар жерге жүргізілген іс-шаралар кешенінің нәтижесінде суармалы жерлердің мелиоративтік жай күйі туралы мәлімет алынды, инженерлік дайын суармалы жерлерге мелиоративтік іс-шаралардың орындалуы бойынша мемлекеттік бақылау жасалынды, жердің мелиоративтік жай-күйін жақсарту және сақтау жөніндегі іс-шаралар мен нұсқаулар әзірленді. Су объектілерін қорғау және пайдалану саласында жобалау іздестіру жұмыстарына 5 нормативтік-әдістемелік құжаттарды әзірлеу және 11-ін бекіту жоспарлануда. Су шаруашылығына бағытталған және гидромелиоративтік жобаларды біркелкі ақпараттандырудың қамтамасыз етілуі нәтижесінде сервер орталығы алынады, Су ресурстары жөніндегі комитеттің портал (зерттеу жүйелері) жұмыстарын бағдарламалық қамтамасыз ету дайындалды.
Мемлекеттік мекемелер мыналармен жарақтандырылады:
Жетісу гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы: арнайы машина - 1 бірлік, аспаптар мен құралдар - 10 бірлік, компьютерлер - 4 бірлік, оргтехника - 1 бірлік;
Оңтүстік-Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы: арнайы автокөлік - 3 бірлік, аспаптар мен құралдар - 3 жиынтық, компьютерлер - 2 бірлік, тоқ көзі - 2 бірлік, принтер - 2 бірлік, оргтехника - 1 бірлік;
Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы: мотокөлік - 4 бірлік, түрлі-түсті сканер - 1 жиынтық, түрлі-түсті плоттер - 1 жиынтық, компьютерлер - 3 бірлік, тоқ көзі - 3 бірлік, принтер - 3 бірлік.
"Қазагромелиосушар" республикалық әдістемелік орталығы:
Компьютерлер - 3 бірлік, оргтехника - 3 бірлік, "Юрист" анықтама-құқықтық жүйе - 1 бірлік, "Эра" - қоршаған ортаға зиянды әсерлерді бағалау бағдарламасы - 1 бірлік, Audit Expert Standard инвестициялық жобалардың экономикалық негіздемесі жөніндегі бағдарламасы - 1 бірлік.
Түпкілікті нәтижелері: жердің, суармалы судың ұтымды және тиімді пайдаланылуы, тұзданудың, сортаңдаудың, суландыру эрозиясы мен топырақ құнарлығының төмендеуінің алдын алу; жобалау-іздестіру жұмыстарының тиімді және сапалы орындалуы, келісілген нормалар мен ережелердің қамтамасыз етілуі.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: бір гектар суармалы жердің мелиоративтік жай-күйін бағалаудың орташа құны - 79,1 теңге/га жыл сайынғы арзандауымен. Бір нормативтік-әдістемелік құжаттың орташа құны - 0,5 млн. теңге. (Материалдық-техникалық жарақтандыру шығындары есепке алынбаған).
Уақтылығы: белгіленген мерзімде орындалған іс-шаралардың нәтижесін ұсыну.
Сапасы: жерді пайдалану коэффициентінің жыл сайынғы ұлғаюымен инженерлік дайын жерлерді тиімді пайдалану.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
88-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Өсімдіктерді қорғау»
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2850424 мың теңге (екі миллиард сегіз жүз елу миллион төрт жүз жиырма төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі «Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңының 20-бабы; «Карантиндік объектілер және аса қауіпті зиянды организмдер тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1295 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген мемлекеттік мекемелерін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 қаңтардағы № 19 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: республикада қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi:
1) республика аумағында фитосанитариялық ахуалға жүйелі түрде бақылау жүргізу;
2) биылғы жылы аса қауіпті зиянды организмдердің жаппай дамуы мен таралуының ошақтарын толық анықтау;
3) ауыл шаруашылығы дақылдары мен алқаптарындағы аса қауіпті зиянды организмдердің санын қауіпсіз (ЗЭШ - зияндылықтың экономикалық шегінен төмен) деңгейге дейін азайту;
4) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді аса қауіпті зиянды организмдердің дамуы мен таралуының мейлінше анық болжамдарымен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 | | Өсімдік- терді қорғау | | | |
2 | | 100 | Аса қауіптi зиянды организм- дерге қарсы күрес жүргізу | Шамамен 2,8-3,0 млн. гектар алаңда химия- лық өңдеуді қамтама- сыз ететін, республи- када қолдану үшін тіркелген пестицидтер сатып алу, оның ішінде запас пестицидтерін сатып алу. Кедендік процедуралар жүргізу. Запасты қоса, пести- цидтерді арнайы авто- көлікпен белгіленген жерге жеткізу. Запасты қоса, сатып алынатын пестицидтер- ді тиісті жағдайда сақтау. Қазақстан Республика- сы Yкіметі бекіткен тізбеде анықталған зиянкестер мен ауруларға қарсы шамамен 2,8-3,0 млн. гектар алаңда биоло- гиялық тиімділігі 80-85 пайыз болатын химиялық өңдеулер жүргізу. | Қаңтар- желтоқ- сан | ҚазақстанРеспубли- касының Ауыл шаруашы- лығы министр- лігi |
3 | | 101 | Фитосани- тариялық диагнос- тика және болжамдау респуб- ликалық әдісте- мелік орталығы | 848 штат бірлігі бар мемлекеттік мекеме ұстау. Шамамен 78,0 млн. гектар алаңда ауыл шаруашылығы дақылда- рының аса қауіптi зиянды организмдері- нің қоныстануына (залалдануына); 4,2 млн. гектар алаңда зиянкестердің пайда болуына, дамуы- на және таралуына; 1,5 млн. гектар алаңда ауыл шаруашы- лығы өсімдіктері ауруларының пайда болуына, дамуына және таралуына; 1,8 млн. гектар алаңда арам- шөптердің пайда болуына, дамуына және таралуына жүйелі түр- де зерттеу жүргізу. 2006 жылдың себепте- ріне қарсы және 2007 жылы Қазақстан Республикасы аумағы- на аса қауіпті зиянды организмдердің дамуы мен таралуына болжам жасау. Көлік құралдарын, зертханалық жабдық- тар, оргтехника, кеңселік жиһаз, бух- галтерлік есеп жүргізуге арналған бағдарлама сатып алу. | Қаңтар- желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касының Ауыл шаруашы- лығы министр- лігi |