4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: инженерлік сала мамандарын, магистранттар, аспиранттар және докторанттар дайындау сапасын жақсарту, студенттердің сапалы оқуы үшін қазіргі заманғы оқу-ғылыми және инновациялық инфрақұрылымдар (агроөнеркәсіп саласында оқу-ғылыми орталық құру) әлемдік тенденцияларға сәйкес ғылыми зерттеулер жүргізу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: агроөнеркәсіп кешенінде жоғары білікті, бәсекеге қабілетті, мамандар даярлау үшін жағдай жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 007 | | С.Сей- фуллин атындағы Қазақ мемле- кеттік агротех- никалық универ- ситеті техника факуль- тетінің оқу корпусын салу | Техникалық факультет оқу ғимараты құрылысының жобалық сметалық құжаттамасын (бұдан әрі - ЖСҚ) әзірлеу және мемлекеттік сараптама өткізу. Бекітілген ЖСҚ-ға сәйкес техникалық факультет оқу ғимаратының құрылыс монтаж жұмыстарын, сонымен қатар дайындық жұмыстарын бастау. | Қаңтар- желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығының министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: мемлекеттік сараптамадан өткен, бекітілген жобалық сметалық құжаттар, құрылыс-монтаж жұмыстарын 10% орындау.
Түпкілікті нәтиже: инженер мамандықтарын дайындау сапасын арттыру үшін ҚазМАТУ техникалық факультетінің оқу ғимаратын пайдалануға енгізу.
Уақтылығы: жұмыс кестесінің жоспарына сәйкес.
Сапасы: "Кәсіпорындар, ғимараттар мен құрылыстар салуға арналған жоба-смета құжаттамасын әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі және оның құрамы туралы нұсқаулық" 2.2-1-2001 ҚНжЕ (Ресми басылым) сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
93-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне ауыл шаруашылығын дамытуға берілетін
ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 13649476 мың теңге (он үш миллиард алты жүз қырық тоғыз миллион төрт жүз жетпіс алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 135-бабы; 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Заңының 15-бабы; 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы «Астық туралы» Заңының 10-бабы; 8 ақпан 2003 жылғы Қазақстан Республикасы «Тұқым шаруашылығы туралы» Заңының 4-бабы; 8 шілде 2005 жылғы «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы, 11-бабы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2006-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының АӨК тұрақты дамуының концепциясын жүзеге асыру жөніндегі шаралардың жоспары туралы» 2005 жылғы 30 маусымдағы № 654 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жергілікті атқару органдары арқылы өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерін өндіретін отандық тауар өндірушілердің өнімінің сапасын, бәсекелестігін, өнімділігін, тиімділігін көтеруін қолдау; республикалық суармалы жерлердің сумен қамтамасыз етуді арттыру және суармалы жерлердегі ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: тұқым шаруашылығының дамуы, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің өнімділігінің жоғарылауы, және бірегей тұқым мөлшері, бірінші ұрпақты будан және элиталық тұқыммен толық қажеттілікті қанағаттандыруға қажетті сандық және ассортиментті өндіру; сыртқы нарықта қазақстандық мақта талшығының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету; отандық ауыл шаруашылық өнім өндірушілерді асыл тұқымды өнімге қол жеткізу жолымен ауыл шаруашылық малдарының гендік қорын дамыту және сақтап қалу және мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының тұқымдық базасын қалпына келтіру;
өсімдік шаруашылығын өндіруде алдыңғы қатарлы инновациялық технологияларды қолдану және басымдық ауыл шаруашылығы дақылдарын өндіруді дамытумен қамтамасыз ету, сонымен қатар ауыспалы егіс және егістік алқаптарының оңтайлы құрылымын сақтауын қамтамасыз ету;
көктемгі дала және егіс орағы жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету;
ауыл шаруашылығы өнім өндірушілерін суармалы сумен қамтамасыз ету;
отандық құс етін өндіруді ұлғайту және оның ішкі нарықтағы бәсекеге жарамдылығын арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла-малар- дың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 009 | | Облыстық бюджет- терге, Астана және Алматы қалала- рының бюджет- теріне ауыл шаруа- шылығын дамытуға берілуін ағымдағы нысаналы транс- ферттер | | | |
2 | | 100 | Облыстық бюджет- терге, Астана және Алматы қалалары бюджет- теріне тұқым шаруа- шылығын дамы- тудың қолдауға ағымдағы нысаналы транс- ферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің белгілеуімен тұқым шаруашылығын дамытуға облыстық бюджеттерге мақсатты ағымдағы трансферттер, тұқым шаруашылығын қаражаттандыру, мақта талшығының сапасын сараптауды қоса, соның ішінде: 6000-7150 тонна бірегей тұқым өндірудің және жеміс көшеттерің 59000- 60000 данасының шығындарының (40%) дейін орнын толтыру; 2,5 гектар алқаптағы жүзім және жеміс-жидек дақылдарының көп жылды екпе ағаштарын салуға және 5 гектар алқапта салынған жидек дақылдарының аласа діңді телітушілер аналығының бітпеген өндірісіне қызмет көрсету шығындарын толығымен өтеу; отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылған 53000-55000 тонна элиталы тұқымның құнын (40%) дейін арзандату; 2000 жылғы 1 қаңтардан кейін аттестатталған асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілерінің 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалыптасқан және 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өтелмеген 59590 мың теңге салық сомасын, республикалық және жергілікті бюджеттерге өтеу, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің мақта талшығын сараптауға 846,7- 1270,0 мың көлемдегі сынама шығынын өтеу. | Қаңтар- желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығының министр- лігі |
3 | | 101 | Облыстық бюджет- терге, Астана және Алматы қалалары бюджет- теріне асыл тұқымды мал шаруа- шылығын дамытуға ағымдағы нысаналы транс- ферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгілен- ген, облыстар бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашы- лығын дамытуды субсидиялауға ағымдағы мақсатты трансферттер, оған қоса: - отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылатын асыл тұқымды өнімнің (материалдың): асыл тұқымды төлдердің - 8000-10000 тонна тірідей салмағын, асыл тұқымды жұмыртқаның - 5500-7000 мың данасын, бұқалар ұрықтарының - 1400- 1700 мың дозасының құнын жартылай (50%-ға дейін) арзандату; - мал тұқымын асылдан- дыру орталығына 20 бас асыл тұқымды бұқаларды сатып алу мен 130-140 бас малды күтіп ұстау және олардың ұрықтары мен эмбриондарын алу, сақтау, пайдалану жөніндегі шығындарды толық өтеу; - мал тұқымын асылдандыру орталығына 50 бас асыл тұқымды қошқарларды сатып алу және 140-160 бас қошқарларды күтіп ұстау, олардың ұрықтарын алу, сақтау, пайдалану жөніндегі шығындарды толық өтеу; - етті құс өсіру жөніндегі асыл тұқымды шаруашылығына 10900 бас асыл тұқымды балапандарды және 40000-45000 бас асыл тұқымды құсты күтіп ұстау жөніндегі шығындарды толық өтеу; - қостанай тұқымын өсіретін асыл тұқымды зауытта 300 асыл тұқымды жылқыны өсіру, күтіп ұстау, жаттықтыру, аталық айғырлардың ұрығын алу, сақтау жөніндегі шығындарды толық өтеу; - асылдандыру ісін дамыту үшін сатып алынатын арнайы технологиялық, лабораториялық құрал-жабдықтар, арнайы ауыл шаруашылығы және ұйымдастыру техникасының құнын толық өтеу; - 2000 жылғы 1 қаңтардан кейін аттестатталған асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілерінің 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалыптасқан және 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өтелмеген республикалық және жергілікті бюджеттерге салықтарын өтеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығының министр- лігі |
4 | | 102 | Облыстық бюджет- терге, Астана және Алматы қалалары бюджет- теріне егін шығымы және сапасын артты- руды қолдауға ағымдағы нысаналы транс- ферттер | Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген тәртіппен отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер сатып алған 80,0-100,0 мың тонна минералдық тыңайтқыштардың, 180,0-198,2 мың литр тұқым дәрілерінің және 360,0-383,6 мың литр гербицидтердің құнын 40%-ға арзандату. | Жыл бойында | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығының министр- лігі |
5 | | 104 | Көктемгi егіс және егін жинау жұмыс- тарын жүргізу үшін қажетті тауар- мате- риалдық құнды- лықтарды субси- диялауға облыстық бюджет- терге, Астана және Алматы қалала- рының бюджет- теріне ағымдағы нысаналы транс- ферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітетін көктемгі егіс және күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері алатын тауарлы-материалдық құндылықтар бағасын субсидиялау тәртібіне сәйкес көктемгі егіс және күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін отанды ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қажетті дизель отынын сатып алудағы шығындарды жартылай өтеу | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығының министр- лігі |
6 | | 105 | Облыстық бюджет- терге, Астана және Алматы қалала- рының бюджет- теріне ауылша- руашылық тауар өндіру- шілеріне су жет- кізіп беру бойынша қызмет құнын субси- диялауға ағымдағы нысаналы транс- ферттер | Қазақстан Республикасы Yкіметінің бекітуімен белгіленген тәртіпте ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су жеткізу құнын арзандату. | сәуір- жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігінің Су ресур- стары жөніндегі комитеті |
7 | | 107 | Облыстық бюджет- терге, Астана және Алматы қала- ларының бюджет- теріне малша- руашы- лығы өнім- дерінің өнімді- лігін және сапасын артты- руды субси- диялауға бері- летін ағымдағы нысаналы транс- ферттер | Қазақстан Республикасы Yкіметі белгілеген тәртіппен мал шаруашылығының, дәлірек айтқанда бройлерлік құс шаруашылығының өнімділігі мен өнімінің сапасын арттыруды субсидиялау, оның ішінде: бройлерлік құс шаруашылығы кәсіпорындары сатып алатын және өздерi өндіретін құрама жемнің құнын (45%-ға дейін) арзандату. | жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігі |
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: тұқым шаруашылығының дамуын қолдау:
Тікелей нәтижелері:
бірегей тұқымды 6000-7150 тонна өндіруді және жеміс көшеттерін 59000-60000 данасының шығынын өтеу, отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылған 53000-55000 тонна элиталық тұқымын арзандату;
2,5 гектар алқаптағы жүзім және жеміс жидек дақылдарының көп жылдық екпе ағаштарын салуға жіберілетін және 5 гектар алқапта салынған жидек дақылдарының аласа діңді телітушілер аналығының бітпеген өндірісіне қолдау көрсету;
республикалық және жергілікті бюджеттен 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өтелмеген және 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалыптасқан налогтағы берешегін 2000 жылғы 1 қаңтардан кейін аттестатталған элиталық тұқым шаруашылықтарын өтеу;
республикадағы өндірілген көлемі 846,7-1270,0 мың сынамасын халықаралық стандарт бойынша әрбір мақта талшығы бумасының сапасына сараптау жүргізуді қамтамасыз ету.
Соңғы нәтижелері: егісте жоғарғы репродукциялы тұқымды пайдаланудың үлестік салмағын арттыру.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: арзандатылған тұқымның құны: дәнді-дақылдар 19800 теңгеден кем, картоп - 46000 теңгені және мақта 50000 теңгені құрайды.
Уақытылығы: осы бағдарламада көзделген іс-шаралар жоспарын белгіленген мерзімдерде орындау.
Сапасы: себілетін тұқымның сапасы жақсарады, сапалы тұқымның үлесі 100% құрайды.
Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау:
Тікелей нәтиже:
күтіліп отырған сатылатын арзандатылған асыл тұқымды төлдің саны 178500 - 180500 бас; асыл тұқымды жұмыртқа - 5500 - 7000 мың дана; жоғары өнімді бұқалардың ұрығы - 1400 - 1700 мың доза; мал және құс шаруашылығының асыл тұқымдық базасын қалпына келтіру мақсатында 70 бас отандық және шет елдік селекциядан алынған аталықтар, сондай-ақ шет елдік селекциялық 100 дана эмбриондар мен 10900 бас асыл тұқымды құстар сатып алынады;
асылдандыру ісі үшін 117 дана арнайы технологиялық жабдықтар және техника сатып алынады;
асыл тұқымды мал шаруашылығының әр субъектілеріне сатқан асыл тұқымды өнім (материал) үшін орташа есеппен 3500 мың теңге қаржылай көмек көрсетіледі.
2000 жылғы 1 қаңтардан кейін аттестатталған асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілерінің 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалыптасқан және 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өтелмеген 126927,6 мың теңге салық соммасын республикалық және жергілікті бюджеттерге салықтарын өтеу.
Соңғы нәтиже:
отандық тауар өндірушілерге сатылған асыл тұқымды төлдердің есебінен жыл сайын 35-40 асыл тұқымды шаруашылықтар қалыптасады;
сиырлар мен қашарларды қолдан ұрықтандыру бекеттерін қалпына келтіру және жаңадан салу (500-ге жуық) есебінен олардың саны көбейеді, бұл қолдан ұрықтандырылған аналықтардың санын 595,0 мың басқа жеткізуге мүмкіншілік тудырады;
қолдан ұрықтандыру үшін жоғары класты аталық бұқалардың ұрығын пайдалану малдың өнімділігін 10-12%-ға арттыруға мүмкіншілік береді және ретінше мал шаруашылығы өнімінің өндірісі 6-8%-ке ұлғаяды;
аудандастырылған бағалы тұқымның гендік қорын дамыту және сақтап қалу: болжам бойынша асыл тұқымды мал басының өсуі 10-15% (қойлар 20% жоғары);
құрылып жатқан асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілерінде 1100-дей жұмыс орындары ашылады;
келешекте екі отандық салт мініс жылқы тұқымдары шығарылады.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: асыл тұқымды мал шаруашылықтарының қаржылай-экономикалық жағдайлары жоғарылайды, сатқан ірі қара мал, жылқы, түйенің әр басынан 25-30 мың теңге, қойдан - 3,5-5 мың теңге, шошқадан - 5-6 мың теңге табыс түседі.
Уақтылығы: берілген бағдарламада көзделген іс-шаралар көрсетілген мерзімде орындалады.
Сапасы: ауыл шаруашылығы малдарының өнімдік және тұқымдық сапалары жоғарылайды, асыл тұқымды малдың жалпы мал санынан үлесі 10%-ға (жылқы - 3,5%) болады, бірінші және элита классты асыл тұқымды малдың үлесі 50% (жылқы мен түйе - 75%) болады.
өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі мен сапасын арттыру:
Тікелей нәтижелері:
80,0-100,0 мың тонна минералды тыңайтқыштардың, 180,0-198,2 мың литр тұқым дәрілерінің және 360,0-383,6 мың литр гербицидтердің құнын арзандату.
Түпкілікті нәтижелері: өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру агротехникалық оралымның және алдыңғы қатарлы инновациялық технологиялар дамуының толық деңгейімен қамтамасыз ету. Қаржы-экономикалық нәтижесі: 1 тонна арзандатылған минералды тыңайтқыштардың орташа құны 15000 теңгені, 1 литр арзандатылған тұқым дәрілерінің орташа құны - 1129,2 теңгені, 1 литр арзандатылған гербицидтердің орташа құны - 2603,8 теңгені құрайды.
Уақтылығы: осы бағдарламада көзделген іс-шараларды мерзімінде орындау.
Сапасы: минералды тыңайтқыштарды, тұқым дәрілерін және гербицидтерді қолдану нәтижесінде өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын 10% арттыру.
Көктемгі егіс және жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті тауарлы-материалдық құндылықтар бағасын субсидиялау:
Тура нәтиже: көктемгі дала және жинау жұмыстарын жүргізуге ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне сатып алатын 700 мың тонна дизель отынын бағасын субсидиялау.
Соңғы нәтиже: еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін тұрақтандырады; экспорттық потенциалды көлемін ұлғайтуды қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: ауыл шаруашылығы дақылдарының өзіндік құнын төмендету.
Уақтылығы: бағдарламада қарастырылған іс-шараларды бекітілген мерзімде орындау.
Сапасы: ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін қажетті, ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін, көлемін арттыру.
ауыл шаруашылығы товар өндірушілерге берілетін судың құнын субсидиялау:
Тікелей нәтижелері: ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 8719,2 миллион куб суармалы су жеткізу құнын арзандату.
Түпкілікті нәтижелері: суармалы жерлердің тиімділігін және ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін арттыру.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: суармалы судың бір текше метрінің нақты құны ауылшаруашылығы товар өндірушілеріне берілетін судың бағасын субсидиялау туралы Ережеге сәйкес анықталады.
Уақтылығы: бағдарламада қарастырылған іс-шараларды бекітілген мерзімде орындау.
Сапасы: суарылатын жердің суармалы сумен қамтамасыз етілуі 90% кем болмауы.
мал шаруашылығы өнімінің сапасы мен өнімділігін арттыруды қолдау:
Тікелей нәтиже: 21,3 мың тонна құрама жемнің құнын төмендету.
Соңғы нәтиже: құс етін өндірудің жалпы көлемін көтеру және құс етінің импорттік үлесін 25%-ға төмендетеді; ішкі нарықты жоғары сапалы отандық өндірістегі бройлер етімен қамтамасыз етіледі (отандық өндірісті құс етінің үлесі 29,4%-дан 41,9% -ға өседі) және құс етінің импорттік үлесі төмендейді (70%-дан 58,1%-ға); отандық құс фабрикаларының құс етін өндіруі ұлғаяды; отандық құс фабрикаларында өндірілетін өнімнің өзіндік құны төмендейді және оның бағасы мен сапасы жөнінен бәсекеге жарамдылығы артады; ауылшаруашылық құстың өнімділігі азықтандыру және күтіп бағу жағдайының жақсаруына байланысты 15-20%-ға өседі; отандық құрама жем өнеркәсібі кәсіпорындарының және құс шаруашылығы кәсіпорындарының арнаулы құрама жем шығаруы 1,8 есе жоғарылайды;
құрама жем өндіру үшін жемдік дәнді дақылдардың өндірісі ынталандырылады (астық дақылдары егісінің көлемі 10-15%-ға жоғарылайды).
Қаржы-экономикалық нәтижесі: құс еті бағасының 45% арзандауы.
Уақытылығы: бағдарламадағы іс шараларды белгіленген уақытта орындау.
Сапасы: ішкі нарықта отандық өндірістегі құс етінің бәсекелестік қабілеттілігі 13,6% өседі, құсты азықтандыру және күтіп бағу жағдайының жақсаруына байланысты, оның бағасының төмендеуі 13,6%.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
94-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз
көздері болып табылатын аса маңызды топтық сумен жабдықтау
жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің
құнын субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 1048816 мың теңге (бір миллиард қырық сегіз миллион сегіз жүз он алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 135-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың кепілді мөлшердегі және сапалы ауыз суға қол жеткізуін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: республикалық меншіктегі сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын, тұратын ерекше маңызды топтық жүйелерден су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын арзандату.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 010 | | Облыстық бюджет- терге, Астана және Алматы қала- ларының бюджет- теріне ауыз сумен жабдық- таудың баламасыз көздерi болып табылатын аса маңызды топтық сумен жабдықтау жүйеле- рінен ауыз су беру жөніндегi қызмет- тердің құнын субси- диялауға берілетін ағымдағы нысаналы транс- ферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіпте Көкшетау өндірістік, Орда, Каменск, Булаев, Есіл, Сергеев, Соколов, Преснов, Арыс, Шәуілдір, Сарыағаш, Жиделі, Октябрь, Арал-Сарыбұлақ, Қазба-Ақшымырау-Қызан, Атырау-Мақат топтық су құбырларынан ауыз су беру жөніндегі көрсетілген қызметтердің құнын субсидиялаудың дифференцияланған мөлшерлері бойынша арзандату. | Қаңтар- желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығының министр- лігінің Су ресур- стары жөніндегі комитеті |
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: субсидиялаудың дифференциацияланған мөлшерлері бойынша саны жағынан 264 және 10837,8 мың текше метр көлемдегі елді мекенді қамти отырып, ауыз суды үздіксіз беру.
Түпкілікті нәтиже: Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының қала және ауыл тұрғындарын қажетті көлемдегі қолайлы бағадағы сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: бір текше метр ауыз судың нақты бағасы арзандайды, 2006 жылдың орташа арзандатылған тарифі бір текше метрге шаққанда 33,727 теңгені құрайды.
Уақтылығы: суды беру кестесіне сәйкес ауыз су беру қызметтерінің құнын субсидиялау.
Сапасы: Қазақстан Республикасының 8 облысының тұрғындары үшін ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын арзандату, республикалық топтық сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз сумен қамтамасыз етілу пайызы 15,61 пайызды құрайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
95-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал
теңізінің солтүстік бөлігін сақтау (2-кезең)»
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 31245 мың теңге (отыз бір миллион екі жүз қырық бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Арал маңы мәселелерін кешенді шешу жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған Бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 мамырдағы № 520 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: "Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау" жобасының 2-фазасының техникалық-экономикалық негіздемесін алу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: жобаға әлеуметтік бағалау жүргізу, техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу үшін қоршаған ортаға жобаның тигізетін әсерін бағалау.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 012 | | Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау (2-кезең) | | | |
2 | | 006 | Iшкi көздердің есебінен грантты іске асыру | "Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау-2" жобасының 2- фазасының техникалық- экономикалық негіздемесін әзірлеу келісім шарттары құнының бөлігін төлеу. Жобаға әлеуметтік бағалау жүргізу. Жобаның қоршаған ортаға әсерін бағалау. 2 кеңесші үшін сатып алынатын ұйымдастыру техникалар құнының бөлігін төлеу. Жобаны республикалық бюджеттен грантты бірлесіп қаржыландыру есебінен іске асыру | наурыз- желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығының министр- лігінің Су ресур- стары жөніндегі комитеті |
3 | | 018 | Жобаны грант есебінен іске асыру | "Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау - 2" жобасының 2-фазасының техника- лық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге кеңестік қызметтерді төлеу. Жобаға әлеуметтік бағалау жүргізу. Жобаның қоршаған ортаға әсерін бағалау. 2 кеңесші үшін ұйымдастыру техникала- рын сатып алу. | шілде- жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығының министр- лігінің Су ресур- стары жөніндегі комитеті |