«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1236
қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 қазандағы № 977 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін рұқсат етілген қаржылық активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1236 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 46, 584-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбындағы және 1-тармақтағы «қаржылық активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктің» деген сөздер «материалдық емес активтерді қоспағанда, шетелдік қаржы құралдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін рұқсат етілген қаржылық активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктің тізбесінде:
тақырыбындағы «қаржылық активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктің» деген сөздер «материалдық емес активтерді қоспағанда, шетелдік қаржы құралдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) тармақшадағы «валюталармен» деген сөзден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) ақша нарығы қорларымен».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |