Қаржы-экономикалық нәтиже: бір зерттеуді өндіруге орта есеппен жұмсалатын шығыстар - 3,4 мың теңге; жабдық бірлігін алуға орта есеппен жұмсалатын шығыстар - 329,4 мың теңге.
Уақтылығы: сот-медициналық сараптаманы тағайындайтын орган белгілейтін мерзімдерге сәйкес.
Сапа: өткізілетін сот-медициналық сараптаманың сапасын көтеру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
280-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Денсаулық сақтау саласында тарихи мұра құндылықтарын сақтау"
деген 018 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 8774 мың теңге (сегіз миллион жеті жүз жетпіс төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Заңының 24, 33-баптары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: отандық медицина саласында тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: мәдени-ағарту жұмыстарын жүзеге асыру, мүдделі адамдардың отандық медицина саласындағы тарихи-мәдени құндылықтарды зерделеуге қол жеткізуін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 018 | | Денсаулық сақтау саласында тарихи мұра құнды- лықтарын сақтау | Бірегей жәдігерлерді, мұрағат құжаттарын, көркем қорды сақтау және жаңарту. Жәдігерлерді есепке алуды, ғылыми өңдеудi және сақтауды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасында медицина мен денсаулық сақтаудың даму тарихи жөнінде экскурсиялар, лекциялар мен іс-шаралар өткізу. Мұражай жинағы негізінде құжаттау. Ақпараттық- библиографиялық және консультациялық көмекті жүзеге асыру. Көрме қызметі. Жәдігерлердің арнайы және энциклопедиялық әдебиеттерді алу, сыйлыққа алу, жәдігерлер мен әдебиеттерді сақтауға алу арқылы мұражай қорын толықтыру. | Жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Денсау- лық сақтау минис- трлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: мәдени-ағарту жұмысы, бірегей жәдігерлерді мұрағат құжаттарын, көркем қорды жаңарту. Жәдігерлерді толықтыру. Түпкілікті нәтиже: бірегей құндылықтардың 100% сақталуын, оларға республика азаматтарының қол жеткізуін қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір жәдігер мен әдебиетті ұстауға жұмсалатын орташа шығын - 418 теңге.
Сапа: келушілердің санын көбейту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
281-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін құру"
деген 019 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 883415 мың теңге (сегіз жүз сексен үш миллион төрт жүз он бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында "электронды Үкіметті" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы халқының сапалы медициналық көмек алуына тең мүмкіндіктер беруді қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласынан ақпараттық құрылымын жасау, денсаулық сақтау ресурстарын ұтымды пайдалану, саланы басқарудың деңгейін көтеру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ақпараттық жүйелерді - денсаулық сақтауды ақпараттандырудың стандарттарын әзірлеу; ақпаратты жинаудың, сақтаудың және талдаудың бірыңғай жүйесін, басқармалық шешімдерді қабылдау үдерістерін және медициналық көмек көрсетудің сапасын басқаруды қамтамасыз ететін денсаулық сақтаудың Бірыңғай ақпараттық жүйесі компоненттерін әзірлеу және тәжірибелік пайдалануға енгізу, денсаулық сақтау ресурстарын тиімді пайдалану, сызбаларды оңтайландыру және ақпаратты беру мерзімдерін қысқарту; ақпаратқа жедел қол жеткізуді қамтамасыз ету; медициналық ұйымдарды қазіргі заманғы компьютерлік техникамен және телекоммуникациялық жабдықтармен қамтамасыз ету, медициналық ұйымдардың локальдық желілерін жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 019 | | Денсаулық сақтаудың ақпа- раттық жүйелерін құру | Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласының Бірыңғай ақпараттық жүйесін жасау шеңберінде ақпараттық жүйелерді әзірлеу және тәжірибелік пайдалануға енгізу: Денсаулық сақтау саласын ақпараттан- дыруды стандарттау жөніндегі жұмыстар. Серверлік компьютерлік телекоммуникациялық және басқа да жабдықтарды сатып алу. Серверлік жабдықтарды, локальды желілердi жөндеу, бағдарламалық қамтамасыз етудi инсталляциялау. ДБАЖ пайдаланушылары мен әкімшілерін оқыту. Ақпараттандыру жүйелерінің басым міндеттерін шешуге арналған бағдарламалық кешендерді әзірлеу және жаңғырту. | Жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Денсау- лық сақтау минис- трлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Астана қаласында 2 қалалық аурухананы, 2 емхананы, 3 ОДА-ны, жедел медициналық жәрдем станциясын, Денсаулық сақтау департаментін, Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментін және Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығын компьютерлендіру; Астана қаласының фармацевтикалық бақылау басқармасын, Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Астана қаласындағы қоныс аударған көліктегі өңірлік басқармаларын компьютерлендіру; Алматы қаласындағы Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияны компьютерлендіру;
есептеуіш техника сатып алынатын денсаулық сақтау ұйымдары мен денсаулық сақтау органдарының локальдық желілерін жасау;
денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік білім беру мекемелерін компьютерлендіру және мемлекеттік медицина академиялары мен Республикалық орта медицина және фармацевтика қызметкерлерін даярлау және қайта даярлау жөніндегі колледждің базасында Қазақстан Республикасының ДБАЖ пайдаланушыларды оқыту процесін қамтамасыз ету үшін компьютер кластарын ашу;
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласының ақпараттық жүйесін - Бірыңғай ақпараттық жүйе компоненттерін әзірлеу, әзірленген ақпараттық жүйелерді бағдарламалық өнімдердің сапасын арттыру мақсатында Астана қаласының денсаулық сақтау ұйымдары мен денсаулық сақтау органдарының базасында тәжірибелі пайдалануды ұйымдастыру;
Түпкілікті нәтиже: Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласының Бірыңғай ақпараттық жүйесінің шеңберінде әзірленетін ақпараттық жүйелерді тәжірибелік пайдаланудан үшін автоматтандыру объектісінен аймақты қалыптастыру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір есептеуіш техникасын сатып алуға жұмсалатын орташа шығын 333,6 мың теңге;
ДБАЖ пайдаланушыларды және қызмет көрсететін персоналды оқытуға жұмсалатын орташа шығын 13,8 мың теңге;
ҚР ДБАЖ құрамында ақпараттық жүйелерді әзірлеуге жұмсалатын орташа шығын 77 095 мың теңге;
ҚР ДБАЖ құрамында ақпараттық жүйелерді енгізуге жұмсалатын орташа шығын 1 375 мың теңге;
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес 2006 жылға арналған барлық іс-шаралардың толық орындалуы.
Сапа: әзірленетін жүйелерді қолдануда денсаулық сақтаудың Бірыңғай ақпараттық жүйесінің компоненттерін тәжірибелік пайдалануды жүргізу есебінен қателіктердің пайда болуының ықтималдығын азайту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
282-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттың жалпыға
қол жетімділігін қамтамасыз ету"
деген 020 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 6607 мың теңге (алты миллион алты жүз жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Заңының 23, 33-баптары; "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 7-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеті қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: денсаулық сақтау саласындағы ақпаратқа қол жеткізуді кеңейту арқылы халықтың зияткерлік деңгейін көтеру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: кітапхана қорын сақтау және кеңейту, халыққа кітапханалық және ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 020 | | Денсаулық сақтау саласын- дағы ақпа- раттың жалпыға қол жетім- ділігін қамта- масыз ету | Кітап қорын медицинаның барлық саласы бойынша отандық және шетелдік әдебиетпен толықтыру. Кітап қорын есепке алуды, сақталуын қамтамасыз ету. Республиканың медициналық кітапхана қызметін үйлестіру, әдістемелік және консультациялық көмек көрсету бойынша оларға баруды ұйымдастыру. Кітап көрмелерін ұйымдастыру. Қалалық абонемент пен оқу залы арқылы денсаулық сақтау ұйымдары мамандарын кітапхана- мен қызмет көрсету. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген Тізбеге сәйкес 1 бірлік автокөлік сатып алу. | Жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Денсау- лық сақтау минис- трлігі- нің Респуб- ликалық ғылыми- медици- налық кітап- ханасы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: кітап қорын 1 200 данаға толықтыру. Берілген кітаптарды 168 000 данаға дейін, келушілердің саны 43000-ға дейін жеткізу. Жыл ішінде 65 көрме ұйымдастыру. Астана қаласының медициналық кітапханасына консультациялық көмек көрсету. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген Тізбеге сәйкес 1 бірлік автокөлік сатып алу.
Түпкілікті нәтиже: денсаулық сақтау саласындағы мамандардың білім деңгейлерін көтеру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: кітап қоры бірлігін ұстауға және қол жетімділігін қамтамасыз етуге жұмсалатын орташа шығыс - 4 930 теңге.
Сапа: денсаулық сақтау саласындағы ғалымдардың, оқытушылар мен мамандардың рухани, зияткерлік және білім беру қажеттілігін қанағаттандыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
283-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың
мемлекеттік тапсырысы негізінде кәсіптік орта оқу орындарында
оқып жатқандар үшін жол жүруге өтемақы төлеуге
берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер"
деген 021 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 27761 мың теңге (жиырма жеті миллион жеті жүз алпыс бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі Заңының 6-бабы; "Жастар арасында орта және жоғары кәсіптік оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқитындар үшін өтемақы төлеу арқылы жеңілдікпен жол жүру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 шілдедегі № 736 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы шеңберінде орта кәсіптік оқу орындарында білім алушыларды әлеуметтік қолдау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы шеңберінде орта кәсіптік оқу орындарында білім алушылар үшін жол жүруге өтемақы төлеуге облыстар мен Астана, Алматы қалаларының бюджеттерін қаржылық қолдау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 021 | | Облыстық бюджет- терге, Астана және Алматы қалала- рының бюджет- теріне жергі- ліктi атқарушы орган- дардың мемле- кеттік тапсырысы негізінде кәсіптік орта оқу орында- рында оқып жатқан- дар үшін жол жүруге өтемақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы транс- ферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана мен Алматы қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер аудару. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізінде орта медициналық кәсіптік оқу орындарында білім алушылар үшін қысқы және жазғы каникул кезінде жол жүруге ақшалай өтемақы төлеуге арналған шығыстарды төлеудi қамтамасыз ету. | 1, 2- тоқ- сан 1, 2- тоқ- сан | Қазақ- стан Респуб- ликасы Денсау- лық сақтау минис- трлігі Облыс- тардың, Астана мен Алматы қалала- рының әкімдері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:* Тікелей нәтиже: жыл басында бітірушілерсіз және бітірушілердің контингентіне тиісінше облыстар бойынша орташа жылдық контингентке жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізінде орта медициналық кәсіптік оқу орындарында білім алушылар үшін жол жүруге ақшалай өтемақы төлеуге арналған шығыстарды төлеуге байланысты шығыстарды жабу: Ақмола - 256 және 74; Ақтөбе - 299 және 144; Алматы - 200 және 100; Атырау - 224 және 75; Шығыс Қазақстан - 463 және 279; Жамбыл - 469 және 225; Батыс Қазақстан - 293 және 167; Қарағанды - 293 және 204; Қостанай - 288 және 172; Қызылорда - 464 және 142; Маңғыстау - 217 және 75; Павлодар - 240 және 135; Солтүстік Қазақстан - 140 және 73; Оңтүстік Қазақстан - 1018 және 475; Алматы қаласы бойынша - 370 және 130 және Астана қаласы бойынша - 199 және 150.
Түпкілікті нәтиже: жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізінде орта медициналық кәсіптік оқу орындарында оқу кезінде жол жүруге өтемақы төлеу арқылы оқушыларды әлеуметтік қолдау.
Қаржы-экономикалық нәтиже: жол жүруге арналған өтемақының мөлшері - 2 АЕК.
Уақтылығы: жол жүруге арналған шығыстарды 1, 2-тоқсанда жабу.
Сапа: білім алушылардың жол жүруіне арналған шығыстарды жабу.
Ескерту:
*) Іске асыру жөніндегі тізбе, республикалық бюджеттен берілетін трансферттерді игеру шеңберінде күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
284-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне созылмалы ауруларды амбулаториялық
емдеу кезінде диспансерлік есепте тұрған балалар мен
жасөспірімдерді дәрілік заттармен қамтамасыз етуге
берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер"
деген 022 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1076249 мың теңге (бір миллиард жетпіс алты миллион екі жүз қырық тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Конституциясының 29-бабы; "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 7-бабы; "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңының 55-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы; "Азаматтардың жекелеген санаттарын науқастарының түрлері бойынша дәрілік заттармен тегін және (немесе) жеңілдікті қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 27 тамыздағы № 889 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: диспансерлік есепте тұрған балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: аурулардың жекелеген түрлері бойынша амбулаториялық емдеудегі диспансерлік есепте тұрған балалар мен жасөспірімдерді уақытында тегін дәрілік қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралары жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 022 | | Облыстық бюджет- терге, Астана және Алматы қалала- рының бюджет- теріне созылмалы ауруларды амбула- ториялық емдеу кезінде диспан- серлік есепте тұрған балалар мен жасөспі- рімдердi дәрілік заттармен қамтама- сыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансфер- ттер | Қазақстан Республикасы Yкіметінің қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарла- масына сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалары- ның бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер аудару. Диспансерлік есепте тұрған балалар мен жасөспірімдерді созылмалы ауруларын емдеу кезінде дәрілік заттармен қамтамасыз ету. | Жыл бойы Жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Денсау- лық сақтау минис- трлігі Облыс- тардың, Астана мен Алматы қалала- рының әкімдері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:* Тікелей нәтиже: бекітілген тізбеге сәйкес (болжамды орташа жылдық саны 300535) амбулаториялық емдеудегі диспансерлік есепте тұрған балалар мен жасөспірімдерді уақытында тегін дәрілік қамтамасыз ету.
Түпкілікті нәтиже: диспансерлік есепте тұрған балалар мен жасөспірімдердің аурушаңдығы мен мүгедектігінің көрсеткішін төмендету.
Қаржы-экономикалық нәтиже: диспансерлік есепте тұрған бір бала мен жасөспірімді амбулаториялық емдеу кезінде дәрілік қамтамасыз етуге орташа шығыстар - 3 581 теңге.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес.
Сапа: негіздемелеген шағымдардың жоқтығы.
*) Ескерту:
Республикалық бюджеттің трансферттерін игеру шеңберінде күтілетін нәтижелерді сипаттайтын іске асыру, сандық және сапалық көрсеткіштер жөніндегі іс-шаралардың тізбесі жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиісті паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
285-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Ауылдық (селолық) жерлердегі денсаулық сақтауда ұтқыр
және телемедицинаны дамыту"
деген 023 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 439936 мың теңге (төрт жүз отыз тоғыз миллион тоғыз жүз отыз алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2003 жылғы 10 шілдедегі № 1149 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 тамыздағы № 838 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ауылдық медициналық мекемелердің диагностикалық және емдеу мүмкіндіктерін жақсарту, Қазақстанның ауыл тұрғындарының сапалы медициналық қызметке қол жеткізуін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстанның барлық облыстарының перспективалы және орнықты аудандарының орталық аудандық ауруханаларының базасында телемедицина кабинеттерін ашу, телемедициналық консультациялар ұйымдастыру үшін облыстық деңгейдегі ауруханалардың базасында телемедицина орталықтарын ашу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 023 | | Ауылдық (селолық) жерлер- дегі денсаулық сақтауда ұтқыр және телеме- дицинаны дамыту | Мынадай іс-шаралар шеңберінде бекітілген техникалық- экономикалық негіздемеге сәйкес "Ауылдық (селолық) жерлердегі ұтқыр және телемедицинаны дамыту" жобасын іске асыру: Ақмола облысының 15 ауданы мен Қызылорда облысының 4 ауданына телемедицинаны енгізу. Ақмола облысының 15 ауданы мен Қызылорда облысының 4 ауданы үшін, сондай-ақ Көкшетау және Қызылорда қалаларының облыстық деңгейдегi ауруханалары үшін телемедициналық, телекоммуникациялық, компьютерлік және басқа да жабдықтарды сатып алу, инсталляциялау, телемедицинаны бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту және инсталляциялау, телемедицинаның клиникалық және техникалық аспектілеріне оқыту, телемедициналық консультациялар өткізу. | Жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Денсау- лық сақтау минис- трлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Ақмола және Қызылорда облыстарының перспективалы және орнықты ауылдық аудандарының 19 орталық аудандық ауруханасының базасында телемедицина кабинеттерін ашу. Телемедицина кабинеттерін телемедициналық жабдықтармен, есептеуіш техника құралдарымен және телекоммуникация құралдарымен жарақтандыру.
Көкшетау және Қызылорда қалаларының облыстық деңгейдегі ауруханаларының базасында телемедицина орталықтарын ашу. Облыстық телемедицина орталықтарын телекоммуникация құралдарымен, компьютерлік және серверлік жабдықтармен жарақтандыру.
Телемедициналық жабдықтардың ақпараттық түйіндесу құралдарын, телемедицинаны бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңғырту. Бағдарламалық қамтамасыз етуді компьютерлік жабдықтарда инсталляциялау.
Телемедицина кабинеттері мен телемедицина орталықтарының қызметкерлерін телемедициналық жабдықтармен, телемедицинаны бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істеуге оқыту. Қызмет көрсететін техникалық қызметкерлерді оқыту.
"off-line" режимімен нақты уақыт режимінде телемедициналық консультациялар жүргізу.
Түпкілікті нәтиже: Қызылорда және Ақмола облыстарының ауыл халқын сауықтыру; жаңа технологиялар енгізу; медициналық білім беруді жетілдіру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір телемедициналық торапты құрудың орташа құны 20 949,3 мың теңге.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес 2006 жылға арналған барлық іс-шаралардың толық орындалуы.
Сапа: ауылдық аймақтардың халқына медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
286-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық емдеу деңгейінде
жеңілдікті жағдайларда дәрілік заттармен қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" деген 024 республикалық бюджеттік бағдарламаның