7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: кем дегенде 5161 науқасқа Қазақстан Республикасының туберкулез проблемалары ұлттық орталығымен емдеу-диагностикалық көмегін көрсетуі және "Бурабай" республикалық балалар-жасөспірімдер туберкулез санаторийімен "Бурабай" республикалық туберкулез санаторийі мен санаторийлық-сауықтыру (оңалту) көмегін көрсетуі, оларды туберкулезге қарсы және патогенетикалық препараттармен қамтамасыз ету (науқастардың болжамданған орташа жылдық саны - 837, химиялық алдын алуды қажет ететін адамдардың орташа жылдық саны - 86). Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілетін Тізбеге сәйкес кем дегенде 63 бірлік медициналық, диагностикалық, зертханалық, медициналық емес жабдық және автокөлік сатып алу. Қазақстан Республикасының туберкулез проблемалары ұлттық орталығын күрделі жөндеу.
Түпкілікті нәтиже: жоғары білікті медициналық көмек пен санаторийлық ем алған науқастардың арасында аурушаңдық, мүгедектік және өлім-жітім бойынша көрсеткіштерді жақсарту; жаңадан анықталған туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастарды сауықтыру көрсеткішінің өсуі және туберкулезге қарсы күрес шеңберінде басқа адамдарға туберкулез микробактериясының тұрақты штаммдарының берілу қауіпінің азаюы.
Қаржы-экономикалық тиімділік: бір науқасты емдеуге жұмсалатын орташа шығыстар 32,2 мың теңге, бір бірлік жабдық сатып алуға арналған орташа құны 358,0 мың теңге.
Уақтылығы: мамандандырылған стационарлық және оңалту медициналық көмегін уақтылы және сапалы көрсету.
Сапа: негіздемеленген шағым жоқ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
275-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Ана мен баланы қорғау"
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2292922 мың теңге (екі миллиард екі жүз тоқсан екі миллион тоғыз жүз жиырма екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңының 16, 18, 34, 44, 54, 55-баптары; "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 25, 26-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы" 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы; "Азаматтардың жекелеген санаттарын науқастарының түрлері бойынша дәрілік заттармен тегін және (немесе) жеңілдікті қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 тамыздағы № 889 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ана мен баланың денсаулығын нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: әйелдерге, балалар мен жасөспірімдерге, оның ішінде республика өңірлеріне мамандардың барып жоғары мамандандырылған, консультативтік-диагностикалық, ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсетуі; балаларға санаторийлық, оңалту, сауықтыру көмегін көрсету; ана мен баланың денсаулығын сақтау саласында диагностиканың, емдеу мен оңалтудың тиімді әдістерін енгізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 012 | | Ана мен баланы қорғау | Мынадай 3 бейін бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету: педиатриялық, балалар хирургиясы, акушерлік- гинекологиялық. Балаларға және 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда тікелей балаға күтім жасауды жүзеге асыратын ананың (әкенің) немесе өзге адамның болуы бойынша санаторийлық, оңалту және сауықтыру көмегін көрсету. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген Тізбеге сәйкес Ана мен бала денсаулығын сақтау республикалық ғылыми- зерттеу орталығына Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына, "Ақсай" республикалық балалар клиникалық ауруханасына, "Алатау" республикалық балалар клиникалық аурухана- сына медициналық жабдықтар (емдеу және диагностикалық) мен медициналық емес жабдықтар, автокөлік- тер сатып алуға күрделі трансферттер аудару. Жобалық-сметалық құжаттамалар мен мемлекеттік сарапта- маның қорытындысына сәйкес "Алатау" республикалық балалар клиникалық санаторийі- нің ғимаратын күрделi жөндеу жүргізу. Жиынтық шығыс материалдары бар диализаторлар мен иммундық-супрессивтік препараттарды сатып алу. Бүйрек қызметінің жетіспеушілігі бар науқастарды, сондай-ақ бүйрек ауыстырып салынған науқастарды иммундық-супрессивтік препараттармен қамтамасыз ету. Лейкемиямен ауыратын балаларға химиялық терапия жүргізу үшін дәрілік заттар сатып алу медициналық (емдеу және диагностикалық) және медициналық емес жабдықтар сатып алу. Балаларға, церебралды параличпен ауыратын балаларға оңалту көмегін көрсету және науқас баланы күтуді тікелей жүзеге асыратын анасының (әкесінің) немесе өзге де адамдардың болуы. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген Тізбеге сәйкес медициналық (емдеу және диагностикалық) және медициналық емес жабдықтар сатып алу. | Жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Денсау- лық сақтау минис- трлігі Қазақ- стан Респуб- ликасы Денсау- лық сақтау министр- лігінің "Бал- бұлақ" респуб- ликалық балалар-ды оңалту орталығы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: барынша күрделі ауруларды диагностикалау мен емдеуде (лейкемиямен ауыратын балалар (болжамды орташа жылдық саны 165) мен гемодиализ сеанстарын жүргізуді қажет ететін (болжамды орташа жылдық саны 80) балаларды қоса алғанда, емдеуге жатқызудың болжамды орташа жылдық саны 12515, Қазақстан Республикасының әйелдері мен балаларына жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету; санаторийлік көмек көрсету (болжамды орташа жылдық саны 1530); БЦС ауыратын балаларға оңалту көмегін көрсету (болжамды орташа жылдық саны 540 және күтім жасайтындар 360 адам); іс-жүзіндегі денсаулық сақтауға диагностика мен емдеудің тиімді әдістерін енгізу. Кем дегенде 257 бірлік медициналық жабдықтар (емдеу және диагностикалық) мен медициналық емес жабдықтар, автокөліктер сатып алу. "Алатау" республикалық балалар клиникалық санаторийіне күрделі жөндеу жүргізу.
Түпкілікті нәтиже: жоғары мамандандырылған медициналық, санаторийлік және сауықтыру көмегін алатын ана мен баланың денсаулығын нығайту; созылмалы аурулар кезінде тұрақты оңалуға жету; күрделі аурулар кезіндегі асқынуларды төмендету; әйелдер мен балалардың арасындағы мүгедектікті төмендету.
Қаржы-экономикалық нәтиже: ЖММК бойынша бір емделген жағдайға арналған орташа шығындар - 124,4 мың теңге;
санаторий және сауықтыру көмегі бойынша орташа шығыстар - 38,3 мың теңге; "Балбұлақ" республикалық балаларды оңалту орталығы бойынша бір емделген жағдайға арналған орташа шығындар - 115,2 мың теңге. Жабдықтарды сатып алуға орташа шығыстар - 1319,7 мың теңге.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес.
Сапа: негіздемеленген шағым жоқ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
276-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізінде
кәсіптік орта оқу орындарында оқитын студенттердің стипендияларын төлеуге
берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер"
деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 207638 мың теңге (екі жүз жеті миллион алты жүз отыз сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңы; "Білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендиялар тағайындау мен төлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы шеңберінде орта медициналық және фармацевтикалық білім беретін ұйымдарда білім алатын оқушыларды әлеуметтік қолдау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізінде орта медициналық кәсіптік оқу орындарында білім алатын оқушылардың стипендияларының мөлшері нормативке дейін жеткізу арқылы қаржылық қолдау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 013 | | Облыстық бюджет- терге, Астана және Алматы қалала- рының бюджет- теріне жергі- лікті атқарушы орган- дардың мемле- кеттік тапсырысы негізінде кәсіптік орта оқу орында- рында оқитын студент- тердің стипен- дияларын төлеуге берілетінағымдағы нысаналы транс- ферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана мен Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер аудару. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекет- тік тапсырысы негізінде орта медициналық кәсіптік оқу орындарында білім алатын оқушылардың стипендияларының мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормативке дейін жеткізу. | ай сайын ай сайын | Қазақ- стан Респуб- ликасы Денсау- лық сақтау минис- трлігі Облыс- тардың, Астана мен Алматы қалала- рының әкімдері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:* Тікелей нәтиже: жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізінде орта медициналық кәсіптік оқу орындарында білім алатын оқушыларды стипендияларының мөлшерін нормативке дейін жеткізу. Облыстар бойынша стипендиаттардың орташа жылдық контингенті - 6142, оның ішінде облыстар бойынша: Ақмола - 274, Ақтөбе - 343, Алматы - 226, Атырау - 242, Шығыс Қазақстан - 549, Жамбыл - 526, Батыс Қазақстан - 355, Қарағанды - 354, Қостанай - 346, Қызылорда - 474, Маңғыстау - 230, Павлодар - 274, Солтүстік Қазақстан - 166, Оңтүстік Қазақстан - 1138, Алматы қаласы бойынша - 374 және Астана қаласы бойынша - 272.
Түпкілікті нәтиже: жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізінде орта медициналық кәсіптік оқу орындарында білім алушылардың үлгерім көрсеткіштерінің сапасын көтеру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: орта кәсіптік оқу орны оқушыларының стипендиясын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормативке жеткізуге 2817 теңге сомасында айырма төлеу.
Уақтылығы: оқушылардың ай сайын мемлекеттік стипендия алуы.
Сапасы: оқушылардың үлгерімі - 79,9 пайыз.
Ескерту:
*) Іске асыру жөніндегі іс-шаралар тізбесі республикалық бюджеттен берілетін трансферттерді игеру шеңберінде күтілетін нәтижелер сипатталатын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
277-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары кадрларының
біліктілігін арттыру және қайта даярлау"
деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 561663 мың теңге (бес жүз алпыс бір миллион алты жүз алпыс үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңының 39, 42-баптары; "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 27, 44-баптары; "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңының 29-бабы; "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 18, 48, 51-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы" 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халыққа медициналық қызмет көрсетудің сапасын жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: саланың қажеттілігіне сәйкес мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының медицина және фармацевтика кадрларының кәсіби деңгейін көтеру, практикалық денсаулық сақтаудың қазіргі заманғы талаптарына сәйкес олардың кәсіптік білімдері мен дағдыларын тереңдету, жаңа технологияларды, емдеуді мен диагностиканың әдістерін енгізе отырып, жоғары білікті көмек көрсету үшін денсаулық сақтау саласын аса қажет мамандықтар бойынша кадрлармен және білікті мамандармен қамтамасыз ету. Қазақстандық фармацевтика саласына халықаралық стандарттарды, оның ішінде дәрілік заттарды халықаралық стандарттарға сәйкестігін сараптауды жүзеге асыратын зертханаларды аккредиттеуді енгізу мақсатында фармация саласындағы қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 014 | | Мемле- кеттік денсаулық сақтау ұйымдары кадрла- рының білік- тілігін арттыру және қайта даярлау | Емдеу, педиатриялық, стоматологиялық, фармацевтикалық, медициналық- биологиялық, медициналық-алдын алу, бикелік бейіндер бойынша денсаулық сақтау ұйымдары мен ведомстволық медициналық-санитарлық қызметтердің орта есеппен маманының, саланың қажеттілігіне сәйкес денсаулық сақтау жүйесі менеджерлерінің, медициналық жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамының, Ғылыми орталықтар мен Ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша қызметтерге ақы төлеу. Аса қажет мамандықтар бойынша мамандарды шетелде даярлау. Мемлекеттік фармацевтика секторының мамандарын дәрілік заттардың сапа менеджментінің жүйесін жасау және сертификаттау саласында шетелде даярлау. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдар- ламасы шеңберінде мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары кадрларының білік- тілігін арттыру және қайта даярлау үшін медициналық білім беру ұйымдарына шетелдік мамандарды тарту. Сот-сараптама жүйесі мамандарының жақын шетелдерде біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша қызметтерге ақы төлеу. Мамандарды даярлау мерзімі 2 аптадан 10 айға дейін. | Жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Денсау- лық сақтау минис- трлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының орта есеппен 14750 маманын, оның ішінде орта есеппен 32 менеджердің біліктілігін арттыру және қайта даярлауды жүзеге асыру.
Түпкілікті нәтиже: денсаулық сақтау саласын жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандармен қамтамасыз ету;
5 жылдың ішінде мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының барлық мамандарының біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір маманның біліктілігін арттыру мен қайта даярлауға арналған орта есепті шығыс - 38079 теңге.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес.
Сапа: сапалы медициналық көмек көрсету үшін мамандардың кәсіби білімдері мен дағдыларды пайдалануы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
278-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Денсаулық сақтау объектілерін салу және қайта жаңарту"
деген 016 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 13914693 мың теңге (он үш миллиард тоғыз жүз он төрт миллион алты жүз тоқсан үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезекті шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегi
№ 1438 Жарлығы; "Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы № 1758 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халыққа мамандандырылған және жоғары білікті медициналық көмектің қол жетімдігін қамтамасыз ету, медициналық қызметтерді көрсету сапасы мен мүмкіндіктерін арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: халыққа жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету бойынша жағдай жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 016 | | Денсаулық сақтау объекті- лерін салу және қайта жаңарту | "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысына 2-қосымшаға сәйкес сомалар шегінде мынадай: Астана қаласында жедел медициналық жәрдем станциясы бар 240 төсектік жедел медициналық жәрдем ҒЗИ, Астана қаласында 300 төсектік Республикалық балаларды оңалту орталығын, Астана қаласында 160 төсектік Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығын, Астана қаласында ауысымда 500 адам қабылдайтын Республикалық диагностикалық орталықты, Алматы қаласында "Балбұлақ" республикалық балаларды оңалту орталығының 125 төсектік жатын корпусын, Алматы қаласында "Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы" РМҚК жанында 150 төсектік емдеу корпусын салу жөніндегі іс-шараларға арналған бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру. | Жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Денсау- лық сақтау минис- трлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес Астана қаласында жедел медициналық жәрдем станциясы бар 240 төсектік жедел медициналық жәрдем ҒЗИ, Астана қаласында 300 төсектік Республикалық балаларды оңалту орталығын, Астана қаласында 160 төсектік Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығын, Астана қаласында ауысымда 500 адам қабылдайтын Республикалық диагностикалық орталықты және Алматы қаласында "Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы" РМҚК жанында 150 төсектік емдеу корпусын салу жөніндегі жұмыстардың көлемін орындау, Алматы қаласында "Балбұлақ" республикалық балаларды оңалту орталығының 125 төсектік жатын корпусын пайдалануға беру.
Түпкілікті нәтиже: жекелеген медициналық көмек түрлерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету және сапасын арттыру үшін денсаулық сақтау объектілерін пайдалануға беру.
Уақтылығы: қызметтерді ұсынушылармен жасалған шарттарға сәйкес құрылыс жөніндегі жұмыстардың көлемін орындау.
Сапа: ҚР СЕмН сәйкес денсаулық сақтау объектілерін салу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
279-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Сот-медицина сараптамасы"
деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1343094 мың теңге (бір миллиард үш жүз қырық үш миллион тоқсан төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңының 72-бабы; "Сот сараптамасы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 12 қарашадағы Заңы; "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: азаматтық процессуалдық заңнамада көзделген негіз болған кезде сот анықтамасымен дәлелденген қайта сараптама жүргізілген жағдайда әкімшілік немесе азаматтық процестің қатысушылары болып табылатын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: сот-медициналық сараптаманы жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 016 | | Сот-ме- дицина сарап- тамасы | Сот-медициналық сараптама жүргізу. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген Тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру шеңберінде медициналық (диагностикалық және зертханалық) және медициналық емес жабдықтар сатып алу. Жобалық-сметалық құжаттамалар мен Мемлекеттік сараптаманың қорытындысына сәйкес Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және және Павлодар облыстарындағы сот-медсараптама филиалдарының ғимараттарына күрделi жөндеу жүргізу. | Жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Денсау- лық сақтау минис- трлігі- нің Сот меди- цинасы орталығы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген Тізбеге сәйкес сот медициналық орталығы мен оның аумақтық бөлімшелері үшін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде 1518 бірлік медициналық (диагностикалық және зертханалық) және медициналық емес жабдықтар сатып алу және жобалық-сметалық құжаттамалар мен Мемсараптаманың қорытындысына сәйкес Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарындағы сот-медсараптама филиалдарының ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізу. Жылына орташа есеппен 220 мың сот-медициналық сараптама өндіру.
Түпкілікті нәтиже: қолданыстағы заңдарға сәйкес азаматтардың құқын және заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін Сот медицинасы орталығы мен оның филиалдарының сот-медициналық сараптамалар өткізуі.