5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: жұмылдыру резервінің мүлкін сақтау, жинақтау, жаңарту және ауыстыру, төтенше жағдайлар кезінде Азаматтық қорғаныстың жұмылдыру резервін, медициналық қызмет құрамаларын мүліктермен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 008 | | Арнайы медицина резервін сақтау | Жұмылдыру резервінің мүліктерін сақтау, жинақтау, жаңарту және ауыстыру. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген Тізбеге сәйкес автокөлік алу. | Жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Денсау- лық сақтау минис- трлі- гінің Респуб- ликалық арнаулы меди- циналық қамта- масыз ету орталығы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: жұмылдыру резервінің мүліктерін сақтау, жинақтау, жаңарту және ауыстыру, кемінде 2 бірлік автокөлік алу.
Түпкілікті нәтиже: Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау органдары мен мекемелерінің жұмылдыру дайындығын көтеру.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: бір қызметкерді ұстауға жұмсалатын орташа шығын - 411,6 мың теңге, сатып алынатын бір автокөлікті орташа сатып алу құны - 1217 мың теңге.
Уақтылығы: жұмылдыру тапсырмасына сәйкес.
Сапа: арнайы медициналық қамтамасыз етудің жұмылдыру резервін 100 пайыз дайындау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
272-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Денсаулық сақтау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер"
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1975267 мың теңге (бір миллиард тоғыз жүз жетпіс бес миллион екі жүз алпыс жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңының 22, 26-баптары; "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 7 , 47-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 наурыздағы № 287-9 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: алдын алудың, диагностика мен емдеудің жаңа әдістері мен технологияларын енгізу негізінде азаматтардың денсаулық жағдайын жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: диагностиканың, емдеудің, оңалтудың жаңа әдістерін, әлеуметтік елеулі ауруларды диагностикалауды, емдеуді, оңалтуды және алдын алуды жетілдіру жөніндегі сауықтыру бағдарламаларын әзірлеу және сынау, халықты гигиеналық, эпидемиологиялық мониторингі, қадағалау мен алдын алуды жетілдіру, республикада денсаулық сақтауды басқару мен ұйымдастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бәсекеге қабілетті жаңа отандық препараттарды әзірлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 009 | | Денсаулық сақтау сала- сындағы қолдан- балы ғылыми зерт- теулер | Медицина ғылымының 5 басым бағыты шеңберінде жаңа ғылыми-техникалық бағдарламаларды орындау жөніндегі қызметтерге ақы төлеу. 1. Денсаулық сақтау саласын басқару жүйесін жетілдіру негіздері; 2. Ана мен баланың денсаулығын сақтау саласында диагностикалық, емдік және алдын алу технологияларын әзірлеу және жетілдіру; 3. Әлеуметтік елеулі аурулардың алдын алу, емдеу және оңалтуды әзірлеу және жетілдіру; 4. Қазақстан Республикасының халқының ауруларын гигиеналық эпидемиологиялық мониторингісін және алдын алу мен қадағалауды жетілдірудің ғылыми негіздері; 5. Денсаулық сақтаудағы инновациялық технологияларды әзірлеу. Жүргізіліп жатқан мынадай 13 ғылыми- техникалық бағдарла- маны орындау жөніндегі қызметтерге ақы төлеу: 1. "АҚТҚ жұқпасы мен ЖҚТБ - Қазақстандағы ұқсас аурулар: алдын алудың, диагностика мен медициналық-әлеуметтік оңалтудың әдістерін жетілдіру"; 2. Семей полигоны өңірінде тұратын халықтың денсаулық жағдайы және оңалту"; 3. "Қоғамдық денсаулықты бағалауды және болжауды, денсаулық сақтауды басқару мен қаржылан- дыру тетіктерін жетілдірудің ғылыми негіздемесі"; 4. "Қазақстанның ауыл халқы арасында салауатты өмір салтын қалыптастырудың жаңа технологияларын әзірлеу, ғылыми негіздеу және енгізу"; 5. "Қазақстан халқы ауруларының алдын алу факторы ретіне сауықтырудың табиғи әдістері"; 6. "Тірек-қозғалыс аппаратының оқшаулан- ған, үйлескен және аралас зақымданған, жарақаттардың асқынуы мен ортопедиялық аурулармен ауыратын науқастарды функциялды емдеу мен оңалту жүйесін әзірлеу"; 7. "Іріңді-септикалық асқынулар мен абдоминалды хирургия- ның алдын алу және емдеу"; 8. "Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды дамытудың қазіргi заманғы әлеуметтік- экономикалық жағдай- ларда халыққа медициналық-санитарлық көмектің қол жетімді- лігі мен сапасының мониторингі мен бағалау жүйесін әзірлеу"; 9. "Клиникалық медицинадағы жаңа диагностикалық және емдік технологиялар"; 10. "Мембрананы тұрақтандыратын дәрілік заттар мен туберкулезге қарсы және ісікке қарсы препараттарды клиникаға дейін сынаудың жаңа сызбалары мен әдістерін әзірлеу"; 11. "Психобелсендi заттарға тәуелді ауруларды алдын алу, диагностикалау, емдеу, оңалту саласындағы кешендi зерттеулер және Қазақстан Республика- сындағы наркологиялық жағдайдың көп деңгейлi жүйелі мониторингі"; 12. "Жүрек кемістігі- мен ұштаса асқынған демікпе және "гормонға тәуелді" демікпе. Жеке іріктелген кешендi терапияның ауру мен түзетудің клиникалық ағымы кезінде қарқынды бақылау". 13. Солтүстік Қазақстан облысындағы онкоаурушаңдық, қоршаған ортаның улы және канцерогендік заттармен ластануы және радиоэкологияның жағдайы". Бағдарламалардың жобаларын, ғылыми- техникалық бағдарла- малардың нәтижелерін мемлекеттік ғылыми- техникалық сараптауды орындау жөніндегі қызметтерге ақы төлеу. "М.Айқымбаев атындағы Қазақ зооноздық және карантиндік жұқпалы аурулар ғылыми-зерттеу институты" республика- лық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қорғауды қамтамасыз етуге байланысты іс-шаралар. Қазақстан Республика- сының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде бірегей медициналық жабдықтар- ды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілетін Тізбеге сәйкес мемлекеттік кәсіпорындарға: Онкология және радиология ғылыми- зерттеу институтына Көз аурулары ғылыми- зерттеу институтына, Кардиология және ішкi аурулар ғылыми зерттеу институтына, А.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығына, Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығына, Тері-венерологиялық ғылыми-зерттеу институтына, Радиациялық медицина және экология ғылыми- зерттеу институтына, Нашақорлықтың медициналық- әлеумет- тік проблемалары республикалық ғылыми- практикалық орталығына, Травматология және ортопедия ғылыми- зерттеу институтына, Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығына, Ана мен баланың денсаулығын сақтау республикалық ғылыми зерттеу орталығына, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына, Х.Жұматаев атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығына, М.Айқымбаев атындағы карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығына, Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтына, Қазақ мемлекеттік медицина академиясына, М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясына, Семей мемлекеттік медицина академиясына, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясына жабдықтар алуға; жобалық-сметалық құжаттамаға және мемлекеттік сараптама- ның қорытындысына сәйкес Ана мен баланың денсаулығын қорғайтын республикалық ғылыми зерттеу орталығына, Онкология және радиология ғылыми- зерттеу институтына, Тері-верологиялық ғылыми-зерттеу институтына, Көз аурулары ғылыми- зерттеу институтына, Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына, Б.О. Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығына, А.Н. Сызғанов атындағы хирургия Ұлттық ғылыми орталығына, Радиациялық медицина және экология ғылыми- зерттеу институтына, М. Айқымбаев атындағы карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығына, Х.Жұматаев атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығына ғимараттар мен құрылыстарын күрделі жөндеуден өткізуге күрделi трансферттер аудару. | Жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Денсау- лық сақтау минис- трлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: медицина ғылымының 5 басым бағыты мен жүргізіліп жатқан 13 бағдарламасы бойынша ағымдағы жылға арналған ғылыми-техникалық бағдарламаның негізгі міндеттері мен көрсеткіштеріне сәйкес іс-шаралар жоспарын орындау. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітіле отырып сатып алынатын жабдықтардың Тізбесіне сәйкес ғылыми ұйымдар үшін кемінде 380 бірлік медициналық жабдық сатып алу. Бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес ғылыми ұйымдардың ғимараттары мен құрылыстарын күрделі жөндеуден өткізу.
Түпкілікті нәтиже: жаңа әдістер мен технологияларды әзірлеу және практикалық денсаулық саласына енгізу.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір ғылыми-техникалық бағдарламаның орташа құны - 33333 мың теңге. Сатып алынатын бір бірлік жабдықтың орташа құны - 2580 мың теңге.
Сапа: республика халқының денсаулық жағдайын жақсартуға ғылыми зерттеулер нәтижелерінің әсері.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
273-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету"
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 6498933 мың теңге (алты миллиард төрт жүз тоқсан сегіз миллион тоғыз жүз отыз үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі Заңының 21-бабы; "Психиатриялық жәрдем және оны көрсеткен кезде азаматтардың құқықтарына берілетін кепілдіктер туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 17-бабы; "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңының 5 , 17, 41, 42, 44-баптары; "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 5 , 7 , 16, 17, 18, 24, 29, 53-баптары; "Ұлы Отан соғысына қатысқандарды, мүгедектер мен оларға теңестірілген адамдарды әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Заңының 11-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы" 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның 2030 жылға дейін Даму стратегиясын іске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; "Төтенше жағдайлар кезінде Қазақстан Республикасында шұғыл медициналық көмек қызметін құру туралы" Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 27 қыркүйектегі № 1068 қаулысы; "Төтенше жағдайларды ескерту мен жою жөніндегі Қазақстан Республикасының халқына медициналық-санитарлық көмекті ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі шұғыл шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1382 қаулысы; "Республикалық бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 ақпандағы № 326 қаулысы; "Айналадағыларға қауіп төндіретін әлеуметтік жағынан елеулі аурулардың және аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 наурыздағы № 468 қаулысы; "Медициналық көмекке арналған шығындардың орнын толтыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 мамырдағы № 806 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету жолымен науқастардың денсаулықтарын жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: азаматтарға республикада және шетелде жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету; психикалық аурулардан, алапестен зардап шегушілерге, сондай-ақ Отан соғысы мүгедектеріне арналған республикалық және орталық клиникалық госпитальдердің контингентіне, мамандандырылған медициналық көмек көрсету, төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 010 | | Жоғары мамандан- дырылған медицина- лық көмек көрсету | Диагностика мен емдеудің аса күрделi әдістерін, сондай-ақ бірегей медициналық технологияларды пайдалануды қажет ететіндерге 15 бейін бойынша: хирургиялық, кардиохирургиялық, травматологиялық, урологиялық, нейрохирургиялық, гинекологиялық, офтальмологиялық, онкологиялық радиологиялық, терапиялық кардиологиялық, неврологиялық, тері-венерологиялық, наркологиялық және профпатологиялық жоғары маманданды- рылған медициналық көмек көрсету. Жоғары маманданды- рылған медициналық көмек көрсету бойынша мынадай медициналық ұйымдар үшін: онкология және радиология ҒЗИ, Көз аурулары ҒЗИ, нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығына, Травматология және ортопедия ҒЗИ, Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ҰО, Сызғанов атындағы хирургия ҰҒО, Тері-венерология ҒЗИ, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, Жарбосынов атындағы урология ҒО, Радиациялық медицина және экология ҒЗИ, Ұлттық ғылыми медициналық орталыққа Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілетін Тізбеге сәйкес медициналық (емдік және диагностикалық) және медициналық емес жабдық алуға күрделi трансферттер аудару. Бүйрек кемістігі бар науқастар үшін дәрілік заттар, шығыс материалдары бар диализаторлар, бүйрегін ауыстырып қондырған науқастар үшін дәрілік заттарды; онкологиялық науқастарды емдеу үшін химиялық препараттарды сатып алу. Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелдік медицина ұйымдарына емделуге жіберу жөніндегі комиссияның қорытындысы негізінде жіберілетін науқастардың емі мен жолақысын және еріп жүретін адамдарға ақы төлеу. Жоғары маманданды- рылған медициналық көмек көрсету үшін шетелден мамандарды тарту бойынша қызметтеріне төлеу. Күрделі диагностика- ны қажет ететін ауруларда жоғары мамандандырылған консультациялық- диагностикалық көмек көрсету. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық аллергологиялық орталығына медициналық (емдік және диагностикалық) және медициналық емес жабдық, санитарлық автокөлік сатып алуға күрделі трансферттер аудару. Туберкулезбен ауыратын науқастар үшін, оның ішінде туберкулездің мультирезистентті нысанын емдеу үшін туберкулезге қарсы препараттарды және диспансерлік топтағы (вираждық, гиперсезгіштік, жанаспалы) балалардың химиялық профилактикасы үшін резервтік қатарын сатып алу. Мамандандырылған медициналық көмек көрсету. Қазақстан Республи- касы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілетін Тізбеге сәйкес медициналық (емдік және диагностикалық), зертханалық жабдықтар, медициналық емес жабдықтар, автокөлік сатып алу. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде медициналық көмек көрсету. Жобалық- сметалық құжаттамаға және Мемсараптаманың қорытындысына сәйкес госпиталь ғимараттары мен құрылыстарын күрделі жөндеу. Күрделі жөндеу үшін жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу және Мемсараптама жүргізу. | Жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- ликасы Денсау- лық сақтау минис- трлігі Отан соғы- сының мүге- декте- ріне арналған орталық клини- калық госпи- таль Респуб- ликалық жіті бақыла- натын маман- данды- рылған үлгідегі психиа- триялық аурухана |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасы азаматтарына диагностика мен емдеудің күрделі әдістерін жүргізуді қажет ететін аурулар кезінде қазіргі заманғы медициналық технологияларды пайдалана отырып, (жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету бойынша болжамды орташа жылдық емдеуге жатқызудың саны кемінде 30 934); жекелеген контингентке мамандандырылған медициналық көмек көрсету (орташа жылдық болжаммен өңдеуге жатқызу: Республикалық жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық ауруханаға - 860, Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығына - 2284, Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпитальге - 950, Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпитальге - 4300, Қазақ республикалық лепрозорийіне - 700).
Жоғары мамандандырылған медициналық көмек бойынша 799 бірлік медициналық (емдік және диагностикалық) және медициналық емес жабдық сатып алу. Мемлекеттік мекемелерге 256 бірлік медициналық (емдік және диагностикалық), зертханалық және медициналық емес жабдық сатып алу. Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығының ғимараттары мен ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізу, Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталінің мемсараптаманың жобалық-сметалық құжаттамасын жүргізу және әзірлеу.
Республикалық денсаулық сақтау ұйымы үшін: бүйрек кемістігі бар науқастар үшін дәрілік заттар, шығыс материалдары бар диализаторлар, бүйрегін ауыстырып қондырған науқастар үшін дәрілік заттарды (бүйрегі ауыстырып қондырған науқастардың болжамды саны - 30, бүйрек кемістігі бар науқастар - 90);
онкологиялық науқастарды емдеу үшін химиялық препараттарды сатып алу (науқастардың болжамды саны - 2381);
туберкулезбен ауыратын науқастар үшін, оның ішінде туберкулездің мультирезистентті нысанын емдеу үшін туберкулезге қарсы препараттарды және диспансерлік топтағы (вираждық, гиперсезгіштік, жанаспалы) балалардың химиялық профилактикасы үшін, Республикалық жиі бақыланатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық ауруханадағы науқастар үшін резервтік қатарын сатып алу (науқастардың болжамды саны - 36).
Түпкілікті нәтиже - емделген науқастардың денсаулығының жақсаруы. Қаржы-экономикалық нәтиже: жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету жағдайында бір науқасты емдеу үшін орташа шығыстар жылына 85846 теңге; мемлекеттік мекемелерде - 47108 теңгеден 479791 теңгеге дейін; науқасты шетелде емдеуге орташа шығыстар - 2 616 600 теңге; алып жүретін адамдардың жолына ақы төлеудің орташа шығыстары - 250 000 теңге; сатып алынатын жабдықтар бірлігі мен жиынтығының орта құны - 1725069 теңге; бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға және Мемсараптаманың қорытындысына сәйкес көлемде күрделі жөндеу жүргізуді орындау.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес.
Сапа: негізделген шағымдардың болмауы; диагностика мен емдеудің мерзімдік медициналық-экономикалық хаттамаларына сәйкес емдік көмек көрсету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
274-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Туберкулезбен ауыратындарға мамандандырылған және
санаторий-сауықтыру медициналық көмек көрсету"
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 853333 мың теңге (сегіз жүз елу үш миллион үш жүз отыз үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңының 18, 44-баптары; "Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Заңы; "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 16, 17, 18-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы" 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында туберкулезден халықты қорғаудың кезек күттірмейтін шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі № 839 қаулысы; "Қазақстан Республикасында туберкулезге қарсы күрестің 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 тамыздағы № 850 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: денсаулықты нығайту, халықтың жұқтыруларын азайту, сырқаттану көрсеткіштерін тұрақтандыру, туберкулез бойынша өлім-жітімді, мүгедектікті азайту, туберкулезбен ауыратын балалар мен ересектерді оңалту мен сауықтыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: туберкулезбен ауыратын науқастарға мамандандырылған жоғары білікті емдік-диагностикалық көмек көрсету. Туберкулезбен ауыратын науқастарға организмнің бұзылған функцияларын қалпына келтіруге көмектесетін емдеу-сауықтыру іс-шараларын жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 011 | | Туберку- лезбен ауыратын- дарға мамандан- дырылған және са- наторий- сауықтыру медицина-лық көмек көрсету | Туберкулезбен ауыратын науқастарға мамандандырылған емдеу-диагностикалық көмек көрсету. Туберкулезбен ауыратын науқастарға санаторлық-сауықтыру (оңалту) медициналық көмегін көрсету. Туберкулезбен ауыратын науқастарға, оның ішінде қордан туберкулездің мультирезистентті нысанын емдеу үшін және диспансерлік (виражды, гиперсезімталды, жанаспалы) топтағы балаларға химиялық алдын алу жүргізу үшін туберкулезге қарсы препараттарды сатып алу. Қазақстан Республика- сы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілетін Тізбеге сәйкес медициналық, диагностикалық, зертханалық, медициналық емес жабдық және санитарлық автокөлік сатып алу. Жобалық-сметалық құжаттар мен мемсараптама қорытындысына сәйкес Қазақстан Республика- сының туберкулез проблемалары ұлттық орталығын күрделі жөндеуді жүргізу. | Жыл бойы | Қазақ- стан Респуб- лика- сының Тубер- кулез пробле- малары ұлттық орта- лығы. Қазақ- стан Респуб- лика- сы Денсау- лық сақтау минис- трлігі- нің "Бура- бай" респуб- ликалық балалар-жасөспі- рімдер тубер- кулез сана- торийі; "Бура бай" респуб- ликалық туберку- лез сана- торийі |