5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасының азаматтарының жеке, интеллектуалдық, рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға жағдай жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 | | Ғылыми- мәдени құндылық- тарды сақтау | Қ.Сәтбаев атындағы Мемориалдық мұражайында академик Қ.Сәтбаевтың өмірi мен қызметіне байланысты материалдар мен құжаттарды сақтауды, есепке алуды, зерттеуді, танымал етуді және қолдануды қамтамасыз ету. | жыл бойы жыл бойы | Қазақс- тан Респуб- ликасы Білім және ғылым министр- лігі, Қ.И. Сәт- баевтың мемо- риалдық мұражайы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: мұражайға келген азаматтардың орташа жылдық саны - 5250.
Соңғы нәтижелер: жұртшылықты Қазақстан Республикасындағы ғылым мен техника дамуының тарихи құндылығымен таныстыру. Өскелең ұрпақтың ғылым Академиясының тұңғыш Президенті Қ.И.Сәтбаевтың қызметіне және тұтас алғанда Қазақстан ғылымына және тұтастай Қазақстанның ғылымына деген танымдық қызығушылығын дамыту; Ғылым академиясының тұңғыш Президенті Қ.И.Сәтбаевтың өмірін, ғылыми және қоғамдық қызметін насихаттау арқылы өз өмірін Қазақстанның ғылымы мен техникасын дамытуға арнағысы келетін жастардың санын көбейту, олардың Отанға деген патриоттығы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың дүниетанымын кеңейту.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
бір экспонатты сақтауға орташа шығыстар - 750 теңге.
Уақтылығы:
жоспарланған шараларды уақытында өткізу.
Сапасы: республика халқының мәдени деңгейін жоғарылату және мұражай коллекциясының негізінде қоғамды Ғылым академиясының тұңғыш Президенті Қ.И.Сәтбаевтың қызметімен таныстыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
1235 қаулысына
226-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Ғылыми объектілерді салу және қайта жаңарту"
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 341681 мың теңге (үш жүз қырық бір миллион алты жүз сексен бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңының 26-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының ғылыми мүмкіндіктерін дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Ғылыми объекттерді салу және қайта жаңғырту жолымен қайталанбас ғылыми-техникалық объектілерді сақтау және мемлекеттік ғылыми инфрақұрылымын дамыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 005 | | Ғылыми объекті- лердi салу және қайта жаңарту | Белгіленген тәртіппен бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес Алматы қаласындағы "Орталық ғылыми кітапхана" РМҚК ғимараттар кешенін қайта жаңғыртуға арналған инвестициялық жобаны іске асыру. | наурыз- жел- тоқсан | Қазақс- тан Респуб- ликасы Білім және ғылым министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: объектілерді қайта жаңғырту бойынша жұмыстар көлемін атқару.
Соңғы нәтиже: Қазақстан Республикасының ғылыми мүмкіндіктерін жоғарылату және отандық, шетелдік кітапханалық қорға қызмет көрсету және сақтау жағдайын жақсарту үшін объектілерді пайдалануға беру.
Уақтылығы: Бекітілген келісімдерге сәйкес жұмыс өндіру графигі бойынша жұмыстар көлемін атқару.
Сапасы: Қазақстан Республикасы территориясында іске асырылатын құрылыс нормалары және ережелеріне байланысты.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
1235 қаулысына
227-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Ғылыми, ғылыми-техникалық және ғылыми-педагогикалық
ақпараттың қол жетімділігін қамтамасыз ету"
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 352374 мың теңге (үш жүз елу екі миллион үш жүз жетпіс төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Заңының 14, 23, 33-баптары; "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңы; "ҚазССР Ғылым академиясының Ғалымдар үйін ұйымдастыру туралы" ҚазССР Ғылым академиясы Президиумының 1983 жылғы 14 қыркүйектегі № 149 қаулысы; "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомствалық бағыныста мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан ғылыми қауымдастығының ақпараттық инфрақұрылымын дамыту; ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін практикалық қызметке нақты енгізуге ықпал жасау; ақпараттық қызмет көрсетулердің жаңа деңгейін ұсыну; ғалымдардың үздік жетістіктерінің ақпараттық қызмет аясын күшейту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: білім қажеттіліктері мен отандық ғылымның жетістіктерін насихаттау үшін республика ғылыми қоғамының ақпараттық кеңістікке қол жетімділігін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 006 | | Ғылыми, ғылыми- техни- калық және ғылыми- педаго- гикалық ақпарат- тың қол жетім- ділігін қамта- масыз ету | Ғылыми-техникалық, ғылыми-педагогикалық ақпараттың қол жетімділігін қамтамасыз ету. Пайдаланушылардың ағымдағы ақпараттық қажеттіліктерін және Қазақстан экономика- сының даму перспекти- валарын ескере отырып, жиынтықтауды және кітапхана мен кітап қорларымен, анықтамалық-іздестіру аппаратымен жұмыс істеуді ұйымдастыру. Республикалық ғылыми- техникалық кітапханаға күрделі жөндеу жүргізуге трансферттер аудару. Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханаға активтердi сатып алу (бағалық ұсыныстар бойынша жазылмалы басылымдар) Ғылым мен техниканың жетістіктерін насихаттау. | жыл бойы | Қазақс- тан Респуб- ликасы Білім және ғылым министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижелер:
кітапхананың қызметтерін пайдаланған азаматтардың орташа жылдық саны 182223 адамнан кем емес;
кітапхана қорын жаңа өзекті басылымдармен және әдебиетпен толықтыру - 152280 дана;
Ғалымдар үйінің 120 іс-шара өткізуі; Республикалық ғылыми-техникалық күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.
Соңғы нәтижелер:
оқырмандардың сұранымдарын, ғылыми-зерттеу ұйымдарын, ғалымдар мен мамандардың өздерін қызықтыратын ғылым салаларының әлемдік ғылыми жетістіктері туралы өзекті әрі жедел ақпаратқа деген сұраныстарын қанағаттандыруы;
электрондық коллекциялар мен қорларды құру және толықтыру; жиынтық ақпараттық ресурстар жасау;
кітапханалық қызмет көрсетуді жетілдіру.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
насихаттау жөніндегі бір іс-шараны өткізу құны - 41,1 мың теңге;
бір оқырман шығындарының құны - 1933,7 теңге.
Сапасы:
Ғалымдардың, оқытушылардың, оқитындардың рухани, зияткерлік білімге деген қажеттіліктерін жоғарылату.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
1235 қаулысына
228-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Мемлекеттік сыйлықтар және стипендиялар"
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 69327 мың теңге (алпыс тоғыз миллион үш жүз жиырма жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 наурыздағы № 2895 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 11 наурыздағы № 290 қаулысы; "Ғылым мен техниканы дамытуға аса зор үлес қосқан ғалымдар мен мамандарды және дарынды жас ғалымдарды мемлекеттік қолдау шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1996 жылғы 28 тамыздағы № 1063 қаулысы; "Ғылым саласындағы сыйлықтар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 мамырдағы № 685 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Дарын" мемлекет жастар сыйлығы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 7 тамыздағы № 983 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:
1) ғылым қызметінің саласына жастардың ағымын қамтамасыз ету және потенциалын сақтау;
2) жыл бойынша аса маңызды ғылыми нәтижелерді анықтау және бағалау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi:
отандық ғылым мен техниканы дамытуға зор үлес қосқан көрнекті, сонымен қатар жас талантты ғалымдарды әлеуметтік демеу; ғылыми-техникалық қызметті материалды ынталандыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 007 | | Мемле- кеттік сыйлықтар және стипен- диялар | Мынадай конкурстар өткізу: мемлекеттік ғылыми стипендиялар үшін; атаулы сыйлықтар үшін: Қ.И.Сәтпаев атындағы сыйлық; Ш.Валиханов атындағы сыйлық; Д. Қонаев атындағы сыйлық; М. Әуезов атындағы сыйлық; Ы.Алтынсарин атындағы сыйлық; Күлтегін атындағы сыйлық; "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес сыйлықтарды төлеу; Ғылым мен техниканы дамытуға атаулы зор үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға талантты жас академия- лық стипендияларды, ғылыми стипендияларды төлеу. Лауреаттарды марапат- тауды, димпломдар мен құрмет белгілерін тапсыруды ұйымдастыру. | жыл бойы қазан қараша жел- тоқсан | Қазақс- тан Респуб- ликасы Білім және ғылым министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Мемлекеттік қызметтерді иеленушілер:
1) тікелей нәтиже:
55 академиктерге;
ғылым мен техниканың дамуына зор үлес қосқан 75 ғалымдарға;
150 жас талапты ғалымдарға стипендияларды төлеу;
24 мемлекеттік сыйлықтарды төлеу;
2) қаржы-экономикалық нәтиже:
академиктерге стипендия - 60 АЕК;
ғылым саласына қосқан үлесі үшін стипендия - 10 АЕК;
жас ғалымдарға стипендия - 7 АЕК;
төрт бірінші сыйақы - 200 АЕК;
үш екінші сыйақы - 150 АЕК;
алты үшінші сыйақы - 50 АЕК;
бір сыйақы - 100 АЕК;
он "Дарын" сыйақысы - 200 000 теңге;
3) уақтылығы: стипендияларды ай сайын, 25 қазанда, 16 желтоқсанда сыйақылар төлеу;
4) сапасы: отандық ғылым мен техниканың сапалы дамуы үшін жаңа білім алуды ынталандыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
1235 қаулысына
229-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Білім беру ұйымдары үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік
кешендерін әзірлеу және тәжірибеден өткізу, білім беру
саласында қызмет көрсететін республикалық ұйымдар және шетелдегi
қазақ диаспорасы үшін оқу әдебиетін шығару және жеткізу, сондай-ақ Байқоңыр
қаласында қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін ресейлік оқулықтар мен
оқу-әдістемелік кешендерді аудару және басып шығару"
деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Құны: 555825 мың теңге (бес жүз елу бес миллион сегіз жүз жиырма бес мың теңге).
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 4, 18, 20, 30-баптары; "Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық қолдау арқылы түзету туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабы; "Шет елде тұратын отандастарды мемлекеттік қолдау бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 31 желтоқсандағы № 3308 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеу және басып шығару мақсатты бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 26 қыркүйектегі № 1173 қаулысы; "Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен қамтамасыз етудің Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 ақпандағы № 173 қаулысы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1180 қаулысы, Қазақстан Республикасында халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына көшу жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 15 мамырдағы № 88-ө өкімі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: оқушылар мен тәрбиеленушілерді, мұғалімдерді сапалы оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету арқылы жоғары банкті мамандарды дайындауға ықпал ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: оқу әдебиетіне қол жеткізуші оқушылар мен тәрбиеленушілердің, мұғалімдердің пайызын көтеру. Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің сапасымен қанағаттандырылған мұғалімдердің пайызын арттыру.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 008 | | Білім беру ұйымдары үшін оқулық- тар мен оқу-әдіс- темелік кешен- дерін әзірлеу және тәжіри- беден өткізу, білім беру саласында қызмет көрсе- тетін респуб- ликалық ұйымдар және шетелдегі қазақ диаспо- расы үшін оқу әдебиетін шығару және жеткізу, сондай-ақ Байқоңыр қала- сындағы қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін ресейлік оқулықтар мен оқу- әдісте- мелік кешен- дердi аудару және басып шығару | Арнаулы (түзету) білім беру мекемелерi үшін оқу әдебиеттерін жасау және аудару, Қазақстан Республика- сының стандарттарына сәйкес Ресей оқулықтарын бейімдеу. Білім беру саласында қызмет көрсетуші республикалық ұйымдар және шет елдегі қазақ диаспорасы үшін оқулықтар мен қазақ оқу-әдістемелік әдебиеттерді басып шығару, қайта басу және тасымалдау. Байқоңыр қаласындағы қазақ тілінде оқытатын 6 мектеп үшін ресей оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін аудару мен басып шығару. Оқу әдебиеттеріне сараптама жасау. "Өзін өзі тану" пәнi бойынша оқу әдебиет- терін әзірлеу және басып шығару. Мемлекеттік және орыс тілдерінде бухгалтерлік есеп жөнінде оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлеу. 12 жылдық мектеп үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер әзірлеу. | жыл бойы | Қазақс- тан Респуб- ликасы Білім және ғылым министр- лігі |
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
1. Арнаулы (түзету) ұйымдары үшін:
1) 1, 3, 5, 9 сыныптары үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер жасау - 20 атау;
2) 4, 5, 7, 8 сыныптары үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер аудару - 9 атау;
3) ресейлік оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер бейімдеу - 8 атау.
2. 2006-2007 оқу жылында 6, 10 сынып оқушыларын оқу әдебиетімен қамтамасыз ету:
1) республикалық білім беру ұйымдары:
6-сынып бойынша:
қазақ тілінде - 50 атау;
орыс тілінде - 50 атау;
10-сынып бойынша:
жаратылыс-математика және қоғамдық-гуманитарлық бағытта:
қазақ тілінде - 156 атау;
орыс тілінде - 151 атау;
2) шетелдегі қазақ диаспорасы - 167 атау.
3. Байқоңыр қаласындағы қазақ тілінде оқытатын 6 мектеп үшін ресейлік оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер аудару және басып шығару - 254 атау.
4. Оқу әдебиеттеріне сараптама жасау - 5 баламамен 1452 атау.
5. 1-12 сыныптар үшін, педагогикалық мамандықты жоғары оқу орындарының 1-курс студенттеріне "Өзін өзі тану" пәні бойынша:
1) оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер жасау - 53 атау;
2) оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер басып шығару - 59 атау.
6. Мемлекеттік және орыс тілдерінде бухгалтерлік есеп жөнінде оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлеу - 4 атау.
7. 12 жылдық мектеп үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер әзірлеу - 52 атау.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Оқу әдебиеттің 1 басымдылық парағының орташа бағасы:
1. Арнаулы (түзету) ұйымдары үшін:
1) 1, 3, 5, 9 сыныптары үшін оқулықтар жасау - 30000 теңге;
2) 1, 3, 5, 9 сыныптары үшін оқу-әдістемелік кешендер жасау - 22000 теңге;
3) 4, 5, 7, 8 сыныптары үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді аудару - 15000 теңге;
4) ресейлік оқулықтар бейімдеу - 30000 теңге;
5) ресейлік оқу-әдістемелік кешендер бейімдеу - 25000 теңге.
2. 2006-2007 оқу жылында республикалық білім беру ұйымдары және шетелдегі қазақ диаспорасы үшін 6, 10 сынып оқушылары үшін басылым:
1) оқулықтар - 21247 теңге;
2) оқу-әдістемелік кешендер - 2520 теңге.
3. Байқоңыр қаласындағы қазақ тілінде оқытатын 6 мектеп үшін аудару мен басып шығару - 130418 теңге.
4. Оқу әдебиетін сараптау - 650 теңге.
5. 1-12 сыныптар үшін педагогикалық мамандықты жоғары оқу орындарының 1-курс студенттеріне "Өзін өзі тану" пәні бойынша:
1) оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер жасау - 8318 теңге;
2) оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер басып шығару - 19383 теңге.
6. Мемлекеттік және орыс тілдерінде бухгалтерлік есеп жөнінде оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлеу - 20000 теңге.
7. 12 жылдық мектеп үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер әзірлеу - 8812 мың теңге.
Соңғы нәтиже:
білім деңгейін көтеру үшін оқушылар мен оқытушылардың оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге сұраныстарын қамтамасыз ету.
Уақтылығы:
республикалық жалпы орта білім беру ұйымдары және шетелдегі қазақ диаспорасын оқу жылының басына қарай оқу әдебиетімен қамтамасыз ету - 100 пайыз.
Сапасы:
Мемлекеттік сараптаманың болымды қорытындысымен оқу әдебиетін дайындау, аудару және басып шығару.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
1235 қаулысына
230-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
«Дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу»
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Құны: 1473279 мың теңге (бір миллиард төрт жүз жетпіс үш миллион екі жүз жетпіс тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 24, 36, 37-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; "Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік, қолдау және дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 24 мамырдағы № 3002 өкімі; «Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қарашадағы № 1168 қаулысы; «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы
№ 1180 қаулысы; «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: бүгінгі өркениеттің түбегейлі жаңару жағдайында ойлау мен іс-әрекетке қабілетті, жан-жақты дамыған, үйлесімді адамды тәрбиелеу, дарынды балаларды әлеуметтік, құқықтық және парасаттық жағынан қорғау, парасаттық мүмкіндікті қалыптастыруға ықпал жасау, республиканың интеллектуалдық потенциалын қалыптастыруға халықты қанағаттандыру үшін оқушыларға тереңдетілген және жоғары деңгейдегі білім беруге себеп жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасының әртүрлі облыстарынан келген дарынды балаларды оқыту. Оқушыларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен бағдарламалар бойынша бейімдік пәндер арқылы тереңдете даярлау. Адамның жеке бейімділігін, шығармашылық қабілетін дамыту және азаматтыққа тәрбиелеу. Дарынды балаларды табуға қажетті жағдайлар жасау. Оқушыларды олимпиадаларға жоғары оқу орындарына түсуге іріктеу және даярлау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 009 | | Дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу | Оқу процесін бейімдік пәндерді тереңдете оқытатын Мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарына сәйкес өткізу, мектеп-интернаттар бойынша басты құралдар сатып алу және күрделі жөндеу жүргізу: әскери мамандықтары бойынша кәсіптік білімге дейін тереңдете оқыту; музыка мамандықтары бойынша кәсіптік білімге дейін тереңдете оқыту; мемлекеттік тілі мен әдебиетін тереңдете оқыту; жаратылыс-математика ғылымын тереңдетіп оқу; Оқу процесін бейімдік пәндерді тереңдете оқытатын Мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарына сәйкес музыка - мамандықтары бойынша кәсіптік білімге дейін тереңдете оқыту және басты құралдар сатып алу. Балалардың сауықтандыру, демалыс кезінде жалпы білім бағдарламаларын жүргізу. "Өзін-өзі тану" пәнi бойынша эксперимент жүргізумен жалпы білім бағдарламаларын өткізу. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі бекіткен тізімге сәйкес «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығына басты құралдар алуға күрделі трансферттер аудару. | жыл бойы | Қазақс- тан Респуб- ликасы Білім және ғылым министр- лігі Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахимов атындағы респуб- ликалық Шымкент әскери мектеп- интер- наты, Қара- ғанды респуб- ликалық әскери мектеп- интер- наты, Б.Момыш-ұлы атындағы респуб- ликалық Алматы әскери мектеп- интер- наты Күләш Бай- сейітова атындағы дарынды бала- ларға арналған респуб- ликалық орта маман- данды- рылған музыка- лық мектеп- интер- наты Респуб- ликалық маман- данды- рылған дарынды бала- ларға арналған қазақ тілі мен әдеби- етін терең- дете оқытатын орта мектеп- интер- наты О.Жәу- тіков атындағы респуб- ликалық маман- данды- рылған дарынды бала- ларға арналған физика- матема- тика мектеп- интер- наты А. Жұбанов атындағы дарынды бала- ларға арналған респуб- ликалық қазақ орта маман- данды- рылған музы- калық мектеп- интер- наты Қазақс- тан Респуб- ликасы Білім және ғылым министр- лігі |