7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: мемлекеттік сараптамадан өткен, бекітілген жобалық-сметалық құжаттама, бастапқы және орта кәсіби білім оқушыларына жатақхананы қайта жаңғырту бойынша жұмыстар көлемін атқару.
Соңғы нәтиже: Қостанай облысының ауылдық жалпы білім беру мектептерінің түлектерінің бастапқы және орта кәсіби білім қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында жобалық қуаты 280 орындық объектілерді қолданысқа енгізу.
Уақыттылығы: Бекітілген келісімдерге сәйкес жұмыс өндіру графигі бойынша жұмыстар көлемін атқару.
Сапасы: Қазақстан Республикасы территориясында іске асырылатын құрылыс нормалары және ережелеріне байланысты.
Ескерту:
"2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысының 2-қосымшасына сәйкес инвестициялық жобалардың тізбесі, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес бекітілген іс-шаралар, трансферттерді игеру шеңберінде күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер жергілікті бюджеттік бағдарламалардың паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
1235 қаулысына
264-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес"
деген 104 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 7723 мың теңге (жеті миллион жеті жүз жиырма үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006-2014 жылдарға арналған стратегиясы туралы" 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1678 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 8-бабы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру, жасөспірімдер мен жастар арасында нашақорлық пен есірткіге тәуелділіктің таратылуының алдын алу, мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестегі өзара іс-қимылын нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы әлеуметтік емдеуге бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру; салауатты өмір сүруді насихаттау, есірткіге тәуелді адамдарды сауықтыруға және оңалтуға бағытталған іс-шаралар өткізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 104 | | Нашақор- лыққа және есірткi бизнесіне қарсы күрес | "Нашақорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу" тақырыбында кәсіптік бастауыш және орта білім беретін оқу орындарының арасында республикалық конференция өткізу. Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында плакаттар конкурсын өткізу. Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері үшін "Нашақорлық проблемалары және оларды шешу жолдары" тақырыбына оқыту семинарын өткізу. Жастардың бос уақытын тиімді өткізуін ұйымдастыру бойынша семинар-тренинг өткізу. Мамандандырылған мекемелерде есірткіге тәуелді балалар мен жастардың бос уақыттарын тиімдi өткізуін ұйымдастыру және оларды оңалту жөніндегі қызметтердi сатып алу. | жыл бойы | Қазақс- тан Респуб- ликасы Білім және ғылым министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
Бастауыш және орта кәсіптік білім беру оқу мекемелерінің арасында мынадай тақырыпқа 1 республикалық конференция өткізу "Нашақорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу" 400 қатысушы санымен.
Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері үшін мынадай тақырыпқа 1 оқыту семинарын өткізу "Нашақорлық проблемалары және оларды шешу жолдары" 40 қатысушы санымен.
Жастардың бос уақытын тиімді өткізуін ұйымдастыру бойынша 50 қатысушы санымен 1 семинар-тренинг өткізу.
Мамандандырылған мекемелерде есірткіге тәуелді балалар мен жастардың бос уақыттарын тиімді өткізуін ұйымдастыру және оларды оңалту жөніндегі қызметтерді сатып алу 20 қатысушы санымен.
Мектептердің, кәсіптік мектептердің (лицейлердің), колледждердің оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттері арасында салауатты өмір салтын насихаттау және нашақорлықтың алдын алу.
Соңғы нәтиже:
Есірткіге тәуелді балалар мен жастарды сауықтыру және оңалту.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Бір іс-шараны өткізуге орташа шығыстар - 1544,6 мың теңге.
Бастауыш және орта кәсіптік білім беру оқу орындарының арасында "Нашақорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу" атты тақырыпқа республикалық конференция өткізуге шығыстар - 1393,0 мың теңге.
Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында шығармалар конкурсын өткізуге шығыстар - 675,0 мың теңге.
Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері үшін оқыту семинарын өткізуге шығыстар - 655,0 мың теңге.
Мамандандырылған мекемелерде есірткіге тәуелді балалар мен жастардың бос уақыттарын тиімді өткізуін ұйымдастыру және оларды сауықтыру мен оңалту жөніндегі қызметтерді сатып алуға шығыстар - 3000,0 мың теңге.
Уақтылығы:
Бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес іс-шаралар өткізу.
Сапасы:
Оқушылардың, жастардың есірткі құралдарын пайдалану салдарынан келген нашақорлықтың залалын түсінуі.
Есірткі заттарын заңсыз пайдалану деңгейін төмендету және салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру.