3 | | 101 | Жоғары оқу орын- дарының студент- терін стипен- диямен қамтама- сыз ету | Мемлекеттік білім беру ұйымдарында білім алушылардың жекелеген санаттарына мемлекет- тік стипендиялар тағайындау және төлеу туралы Нұсқаулыққа және Қазақстан Республикасының Президенті тағайында- ған стипендияларды белгілеу ережесіне сәйкес студенттердi стипендиялармен қамтамасыз ету арқылы студенттерді жоғары кәсіптік білім алу кезеңінде әлеуметтік қолдау. | ай сайын | Қазақс- тан Респуб- ликасы Білім және ғылым министр- лігі |
4 | | 102 | Ғылыми және ғылыми- педаго- гикалық кадрлар даярлау | Күндізгі және сырттай оқу нысанындағы ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды (өндірістен қол үзіп оқитын аспиранттарды, өндірістен қол үзбей оқитын аспиранттарды, докторанттарды, PhD докторларын, аға ғылыми қызметкерлерді) даярлау. | жыл бойы | Қазақс- тан Респуб- ликасы Білім және ғылым министр- лігі |
5 | | 103 | Ғылыми және ғылыми- педаго- гикалық кадрларды стипен- диямен қамтама- сыз ету | Күндізгі және сырттай оқу нысанындағы аспиранттар мен докторанттарды білім беру ұйымдарында білім алушылардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендия- лар тағайындаудың және төлеудің тәртібі туралы Нұсқаулыққа және Қазақстан Республикасы Президенті тағайында- ған атаулы стипендия- лар Ережесіне сәйкес мемлекеттік стипендия- лар төлеу арқылы әлеуметтік қолдау. | ай сайын | Қазақс- тан Респуб- ликасы Білім және ғылым министр- лігі |
6 | | 104 | Құрман- ғазы атындағы Қазақ ұлттық консерва- тория- сында мамандар даярлау | Музыка өнері саласын- дағы мамандарды даярлау. Жоғары оқу орындарының негізгі құралдар мен бейматериалдық активтерді сатып алуы арқылы білім беру сапасын арттыру мақсатында оқу процесін ұйымдастыру үшін материалдық- техникалық жағдайлар жасау. | жыл бойы | Қазақс- тан Респуб- ликасы Білім және ғылым министр- лігі; Құрман- ғазы атындағы Қазақ ұлттық консер- ватория- сы |
7 | | 105 | Қазақстан Республи- касы Білім және ғылым министр- лігі жоғары оқу орын- дарының әскери кафедра- ларында запастағы офицерлер даярлау | Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі- нің тапсырысы бойынша мынадай жоғары оқу орындарының әскери кафедраларында мобилизациялық резерв үшін запастағы офицерлер даярлау: Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ техникалық университеті; Абай атындағы Қазақ педагогикалық университеті; Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті; Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті; Қазақ Ұлттық аграрлық университеті; Қазақ гуманитарлық-заң университеті; Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті; М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті; Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті; Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті; М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті; Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті; М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті; Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті; С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық-техни- калық университеті; әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті; М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық академиясы. | жыл бойы | Қазақс- тан Респуб- ликасы Білім және ғылым министр- лігі |
8 | | 106 | "Болашақ" бағдар- ламасы шеңбе- рінде шетелдегі жоғары оқу орын- дарында мамандар даярлау | Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыруды, үйлестірудi және оның іске асырылуын жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыру, соның ішінде: Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру туралы ақпараттандыру; Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлердің құжаттарын іріктеу рәсімдерін жүргізу; Жеке әңгімелесумен қоса, "Болашақ" халықаралық стипендия- сын тағайындауға үміткерлердің әрқайсы- сын психологиялық және тілдік тестілеуден тұратын Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсының бірінші турын ұйымдастыру және өткізу; Қазақстанның конкурсты іріктеуден өткен неғұрлым талантты жастарының мынадай дәрежелерге ие болуына бағытталған жұмыстар жүргізу: - шетелдегі жоғары оқу орындарында (PhD) ғылымының бакалавры, магистрі және докторы; Стипендиаттардың келісім-шарттағы өз міндеттемелерін, соның ішінде білім алу бойынша стипендиаттардың барлық шығыстарын төлеу үшін негіз болып табылатын стипендиаттардың міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілі ретінде кепілдік шарты және шетелдік әріптестермен жасалатын шарттар арқылы орындау мониторингі | жыл бойы | Қазақс- тан Респуб- ликасы Білім және ғылым министр- лігі, Халықа- ралық бағдар- ламалар орталығы |
9 | | 107 | Мемле- кеттік жоғары оқу орындарын күрделi жөндеу | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің бұйрығына сәйкес және күрделі жөндеу жүргізуге берілетін күрделі трансферттер бөлу арқылы оқытудың сапасын арттыру үшін жағдайлар жасау мақсатында мемлекеттік жоғары оқу орындарының ғимараттары мен мекемелерінің техникалық жай-күйін жақсарту, соның құрамында: Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты; Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті; Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті; Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті; М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті; М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті; Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты; Абай атындағы Қазақ педагогикалық университеті; Қазақ ұлттық аграрлық университеті; Семей мемлекеттік педагогикалық институты; М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті; Рудный индустриалдық институты; Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті; Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті; Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетi | жыл бойы | Қазақс- тан Респуб- ликасы Білім және ғылым министр- лігі |
10 | | 111 | Жоғары кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгi кәсіптік білімдi мамандар даярлау үшін Қазақ- станның жоғары оқу орындары үшін шетелдік маман- дарды (оқыту- шыларды, профес- сорларды) тарту | Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік мамандар даярлау үшін шетел консультанттарын тартуға трансферттер аудару арқылы білім беру сапасын арттыру | жыл бойы | Қазақс- тан Респуб- ликасы Білім және ғылым министр- лігі |
11 | | 113 | Кәсіптік жоғары оқу орын- дарында мемлекет- тік білім беру тапсырысы бойынша оқып жатқандар арасынан жастардың жол жүруіне өтемақы төлеу | Мемлекеттік білім тапсырысы бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылардың қысқы және жазғы каникулдар кезінде жол жүруінің ақшалай өтемін төлеу үшін жоғары оқу орындарына трансферт- тер аудару арқылы азаматтарды білім алу кезеңінде әлеуметтік қолдау. | 1-2 тоқсан | Қазақс- тан Респуб- ликасы Білім және ғылым министр- лігі |
12 | | 114 | "Нұр- Мүбарак" ислам мәде- ниетінің Египет универси- тетінде мамандар даярлау | Қазақстан тарапының "Нұр-Мүбарак" Египет ислам мәдениеті университеті туралы" үкіметаралық келісімі бойынша міндеттеме- лерін орындауы. | жыл бойы | Қазақс- тан Респуб- ликасы Білім және ғылым министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
1) Тікелей нәтиже:
Мемлекеттік білім тапсырысы шеңберінде жоғары кәсіптік білім беру бағдарламасы бойынша күндізгі оқу нысанының орташа жылдық контингентін оқыту 113 178 адам, оның ішінде Қазақстан Республикасында білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі магистранттар - 3333 адам.
мемлекеттік білім тапсырысы бойынша студенттер мен тыңдаушыларды қабылдау - 28 390 адам, магистранттар - 2520 адам, оның ішінде
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті үшін сатып алынған оқулықтардың саны - 800 бірліктен кем емес;
жоғары кәсіптік білім алатын азаматтар санынан, барлық санаттағы стипендиаттардың орташа жылдық контингенті - 87 542;
мемлекеттік білім тапсырысы шеңберінде жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім бағдарламалары бойынша білім алушылардың орташа жылдық саны - 3355.
жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім алатын күндізгі оқу нысаны стипендиаттарының орташа жылдық саны - 2896 адамға дейін;
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына орташа жылдық контингенті 543 оқушыны даярлау, оның ішінде қабылдау 150 адам;
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына: 15 компьютер, студия кешеніне 1 жабдық, университет радиосына 1 жабдық, 2 тоңазытқыш витринасы, 1 жеңіл автомобиль, 1 плазмалық телевизор, 4 спорттық тренажер мен құралдар, бағдарламалық қамтамасыз ету.
азаматтық авиация академиясының жаттығу және жазғы практикадан өтетін студенттерінің орташа жылдық саны - 30 адамнан кем емес;
запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша білім алушылардың орташа жылдық саны - 6703, оның ішінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің наряды бойынша қабылдау - 3000 адам;
Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаттары саны - 4 500, оның ішінде қабылдау
- 3 000 адам.
ұлттық жоғары оқу орындарына тартылғандар саны - 40 ставка;
Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен күрделі жөндеу өткізетін жоғары оқу орындар саны - 13 бірлік;
мемлекеттік білім тапсырысы бойынша күндізгі оқу нысанында білім алушылардан жол жүру өтемақысын алатындар саны - 114265 адам.
2) Соңғы нәтиже:
орталық және жергілікті атқарушы органдардың өтініші бойынша берілген мемлекеттік білім тапсырысы шеңберінде жоғары кәсіптік білімді мамандар 2006 жылғы қажеттілігінен мемлекеттік, білім тапсырысы бойынша жоғары кәсіптік білім алғандар үлесі - 98%;
жоғары оқу орнын бітіргендер санынан еңбекпен қамтылған жоғары кәсіптік білімді мамандар пайызы 60%-ға дейін;
2006 жылы жобалық-сметалық құжаттама ұсынған жоғары оқу орындарының ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізу қажеттілігін республикалық бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз ету дәрежесі - 33%;
Ағымдағы жылы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді мамандарды даярлау үшін шетелдік консультанттарды тартудағы қажеттілікті қанағаттандыру дәрежесі - 50%.
3) Қаржы-экономикалық нәтиже:
бір студентті және магистрантты оқытудың орташа құны - 153,6 мың теңге, Қазақстан Республикасында білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде магистрантты оқытудың орташа құны - 334,7 мың теңге, аспирантты оқытудың орташа құны - 99,7 мың теңге, PhD докторын оқытудың орташа құны - 1057,2 мың теңге;
стипендия мөлшері:
студенттер мен магистранттардың орташа стипендиясының мөлшері - 6938 теңге;
даярлық бөлімнің тыңдаушыларының стипендиясының мөлшері - 5469 теңге;
өндірістен қол үзе отырып, оқитын аспиранттарға - 17 685 теңге;
докторанттарға - 22564 теңге;
жетім балалар құрамындағы студенттер үшін тамақтану шығысының нормалары 310 теңгеден кем емес, ата-анасының қамқорлығынсыз (қорғанысыз) қалған балалар құрамындағы студенттер үшін - 124 теңге;
жаттығу және жазғы практика өтетін Азаматтық авиация академиясының бір студентіне жұмсалатын орташа шығыстар - 2050 мың теңге;
М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті үшін бір оқулық сатып алуға жұмсалатын орташа шығыстар - 1 000 мың теңге;
мына жоғары оқу орындарының әскери кафедраларында запастағы бір офицерді даярлауға орташа шығыстар - 65 мың теңге;
4) Уақтылығы:
Мемлекеттік білім тапсырысы бойынша 2006 жылы жоғары кәсіптік білім алған Қазақстан Республикасы азаматтарының саны 10 000 халыққа -18 адам
5) Сапасы:
бірыңғай ұлттық тестілеу бойынша мемлекеттік білім тапсырысы бойынша 1 курсқа қабылданғандардың орташа баллы - 60, кешенді тестілеу бойынша мемлекеттік білім тапсырысы бойынша 1 курсқа қабылдағандардың орташа баллы 47;
жаңадан қабылданғандарды стипендиямен қамтамасыз ету пайызы - 100%, оқуын жалғастырушылар - 75 пайыз.
Білім алушылардың жалпы санынан, оқудан шығарылғандардың үлесі - 2%;
Оқу бітіргендердің жалпы санынан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жоғары оқу орнын үздік бітірген жоғары кәсіптік білімді түлектердің үлесі - 10%-дан кем емес.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
1235 қаулысына
240-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы кадрлардың
біліктілігін арттыру және қайта даярлау"
деген 023 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 140350 мың теңге (бір жүз қырық миллион үш жүз елу мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 8, 21, 27, 41-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы; "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына бағынысты мемлекеттік мекемелердің штаттық лимиттері сандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: білім саласында қызмет сапасын жақсарту. Мамандардың отандық және шетелдік озық тәжірибеде тиісті ғылым мен техника салаларындағы жаңа жетістіктер туралы білім алуға деген талабын қанағаттандыру; бұрын алған кәсіптік білімді тереңдету немесе жаңа кәсіптік білім алу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: лауазымдық міндеттерін тиімді орындап, кәсіптік шеберліктерін жетілдіру үшін қойылған біліктілік талаптарына сәйкес өздерінің кәсіптік қызметі саласында білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын жаңартып отыру. Білім беру, спорт және денешынықтыру мамандарының кәсіптік білімдері мен дағдыларын тереңдету, консультативтік-әдістемелік көмек көрсету. Аймақтық білім беру жүйелері мен оқу орындарын басқарудың сапасын арттыру, мектеп мұғалімдерінің компьютерлік сауатын қамтамасыз ету, мектепті 12 жылдық оқуға көшіру үшін кадрлар даярлау, білім ұйымдарында мұғалімдер мен оқытушылардың жұмысқа кәсіптік және психологиялық дайындық сапасын арттыру. Ұйымдардың, білім басқармаларының басшыларының, білім берудің барлық деңгейдегі педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру. Ғарыштық байланыстары бойынша мамандардың біліктілігін арттыру мен даярлау, "Өзін өзі тану" пәні бойынша оқытушылар дайындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 023 | | Мемлеттік білім беру ұйымда- рындағы кадр- лардың білік- тілігін арттыру және қайта даярлау | Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес әртүрлі бағыттағы жаңа буынды педагог кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау; Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес дене тәрбиесі, ақпараттандыру және 12 жылдық оқу саласында педагог кадрлардың біліктілігін көтеру және қайта даярлау; Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес ғарыш саласы бойынша мамандардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес "Өзін өзi тану" пәнін өткізуге мұғалімдер мен тәрбиешілерді қайта даярлау. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес әртүрлi бағыттағы психология- медицина-педагогика кеңестерінің мамандары үшін біліктілік арттыру курстарын өткізу. | жыл бойы | Қазақс- тан Респуб- ликасы Білім және ғылым министр- лігі Түзеу педаго- гикасы ұлттық ғылыми- практи- калық орталығы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарынан өтуші тыңдаушылардың орташа саны - 6465.
Соңғы нәтижелер:
білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасының іске асыру бойынша 2006 жылғы шараларды педагог кадрлармен қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасында ғарыш саласында мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша 2006 жылғы шараларды мамандармен қамтамасыз ету.
Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлауда сұранымды қамтамасыз ету үлесі - 20 пайыз.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Бір тыңдаушыны оқытудың құны - 21710 теңге.
Уақтылығы:
жұмыс жүргізу кестеге сәйкес.
Сапасы:
білім саласына сапалы жағдай жасау үшін мамандардың кәсіптік білімі мен іскерлігін қолдану.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
1235 қаулысына
241-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Сейсмологиялық ақпарат мониторингі"
деген 024 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 194381 мың теңге (бір жүз тоқсан төрт миллион үш жүз сексен бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі Заңының 1, 5, 10, 11, 14, 15, 28-баптары; "Ұлттық қауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26 маусымдағы Заңының 1, 2, 7, 8, 17, 25-баптары; "Алматы қаласында, Алматы және Талдықорған облыстарында мүмкін болатын жер сілкіністерінің шығынын азайту және олардың зардаптары жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 30 желтоқсандағы № 1490 қаулысы; "Республиканың сейсмологиялық қауіпті аймақтарындағы жойқын жерсілкіністердің шығынын азайту шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 тамыздағы № 1286 қаулысы; "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына бағынысты мемлекеттік мекемелердің штаттық лимиттері сандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының сейсмологиялық қауіпті аудандарында жерсілкіністерін болжау арқылы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кешенді зерттеулер ұйымдастыру және өткізу, материалдық-техникалық базаны нығайту және сапалы ғылыми қызмет үшін сейсмикалық стансаларды қайта жарақтау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Бақылаудағы аумақ пен іргелес аудандардағы жерсілкіністері туралы деректерді тіркеу және өңдеу; далалық аспаптармен бақылау жүргізу және стационарлық станциялар желісінде сапалы әрі үздіксіз сейсмикалық, геофизикалық, гидрогеохимиялық, гидрогеодинамикалық, деформографиялық, ойысөлшеу, сейсмобиологиялық ақпарат алу, алған ақпаратты алғашқы өңдеуден өткізу; зерттелетін аумақты сейсмикалық бақылау тәртібі бойынша тақырыптық жұмыстар жүргізу; Қазақстан Республикасының аумағында сейсмикалық мониторингті жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының аумағында қатты жерсілкіністердің эпицентрлік аймақтарында уақытша сейсмикалық және геофизикалық станциялардың және өзге де бақылау түрлерінің жұмысын жандандыру және қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасы деректі органдарының өкімі бойынша жұмыстар орындау; бақылаудағы аумақ бойынша барлық байқалған және күшті жерсілкіністер туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдарын мезгілінде хабарландырып отыру; жерсілкіністерінің жедел каталогтары мен бюллетендерін жасау, сейсмологиялық, геофизикалық, гидрогеохимиялық, деформографиялық және басқа да ақпараттар мұрағатын қалыптастыру; аспаптық бақылау деректерін тіркеу, жөнелту және өңдеу процестерін автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізу; жерсілкіністер болжамдары бойынша бақылау жүргізу және материалдарды өңдеу үшін жаңа әдістер мен техникалық құралдарды енгізу. Бақылауларды, тапсыруларды және деректерді өңдеуді автоматтандыру үшін сейсмикалық стансалардағы аппаратураны жаңарту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 024 | | Сейсмо- логиялық ақпарат мони- торингi | Бақыланатын аумақтар мен қарамағындағы аудандардағы жер сілкіністері туралы деректерді тіркеу және өңдеу. Стационарлық станциялар желілерінде инструменталдық дала бақылауларын жүргізу және сапалы әрi үздіксіз ақпарат алу, алынатын ақпаратты алғаш өңдеу, Қазақстан Республикасының аумағында сейсмология- лық мониторингті жүзеге асыру. Негізгі құралдарды сатып алу. | жыл бойы | Қазақс- тан Респуб- ликасы Білім және ғылым министр- лігі, Сейсмо- логиялық тәжіри- белік- әдісте- мелік экспе- дициясы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
Сейсмологиялық станциялардың материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында негізгі құралдарды сатып алу, кемінде: цифрлық сейсмикалық аппаратура - 5; аналитикалық таразы - 1; техникалық таразы - 1; дебит өлшемі - 2; персоналды компьютер - 5; проектор - 1; УАЗ-31519-095-02 автомашинасы - 2; КамАЗ-45142 автомашинасы -1; геофизикалық өлшеу құралы -6; жер станциясымен спутниктік байланыс аппаратурасы - 5; радиотелефондық ұзартқыш - 3; осциллограф - 6; генератор - 4; электроперфоратор - 4; реттелетін тұрақты ток көзі - 20; триммер - 7.
Қазақстан Республикасының аумағындағы жерсілкіністер каталогы; алғашқы бақылау материалдарының (сейсмограммалардың, цифрлық сейсмограммалардың, деформограммалардың күшті қозғалыстар жазбасының геофизикалық, гидрогеологиялық, сейсмобиологиялық бақылаулар және жер қабығы қозғалыстарын қазіргі бақылау бойынша алғашқы материалдары) мұрағаттары; бақылау түрлері бойынша деректердің базалары; сейсмикалық ("Сейсмо", "Бадис", "Уақытша қатарлар", "Карточка", "Кармех"); геофизикалық ("Магнитка" "Теллурика"), гидрогеологиялық ("Геохим"), қазіргі қозғалыстар ("Қабық"); өлшеу параметрлері негізінде жерсілкіністердің күн сайынғы оперативті болжамдары (барлығы 365 болжам) сейсмологиялық стансалардың беретін өңделген ақпараттарының сапалығы мен автоматты оперативтік процесінің сенімділігін арттыру мақсатында құрылғыларды 60 бақылау пунктін, оның ішінде: 35 стационарлық сейсмологиялық станцияларын жаңарту.
Соңғы нәтиже: жер асты термоминералдық сулардың сейсмикалық, газ химиялық және динамикалық режимдеріне, геофизикалық даланың вариацияларын, жердің үстіңгі қабатының уақытында қозғалуын, жануарлардың мінез-құлқына режимдік бақылаулар жүргізу. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс сейсмикалық белсенді аудандарында қатты жер сілкіністерін болжау мақсатында ақпаратты тіркеу, жинау, беру, өңдеу және сақтау процестерін автоматтандыру бойынша жұмыстар.
Жер сілкіністерін болжау бойынша уақытында ақпарат беру.
Бақылау пунктеріндегі қажеттілікті қанағаттандыру үлесі - 90%.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Бір бақылау пунктін қамтамасыз етуге орташа шығыстары - 2493,8 мың теңге;
бір бақылау пунктін жарақтандыруға орташа шығыстары - 745,8 мың теңге.
Уақтылығы: жұмыстар өткізу кестесіне сәйкес.
Сапасы: болжамдардың жер қыртысының нақты қозғалыстарымен сәйкес келуі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
1235 қаулысына
242-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Білім беру жүйесін әдістемелік қамтамасыз ету және
білім беру қызметтерінің сапасын талдау"
деген 025 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 684472 мың теңге (алты жүз сексен төрт миллион төрт жүз жетпіс екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 6-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау ұйымдарының жүйесін басқаруды жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 наурыздағы № 256 қаулысы; "Білім ұйымдарын мемлекеттік аттестациялау Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі № 1305 қаулысы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы; "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына бағынысты мемлекеттік мекемелердің штаттық лимиттері сандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысы.