3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: білім берудегі жалпы әлеуметтік үрдістерді ескере отырып білім деңгейлері үшін жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарттарын жасау және енгізу, білімді басқару жүйесін жетілдіру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттары мен оқу-бағдарламалық құжаттамалар тәртібін сақтауды әзірлеу және талдау, дене тәрбиесі және спорт бойынша бағдарламалар мен ұсыныстар әзірлеу. 12 жылдық оқу бойынша стандарттар мен оқу бағдарламаларын әзірлеу және аудару. Республикада білім ұйымдарында 12 жылдық оқу мерзімі енгізілген мектептердің бастапқы саты үлгісін сынау бойынша эксперименттік жұмыс бағдарламасын іске асыру. Білім беру ұйымдарының беретін оқу материалдарының сапасы мен қабылдау деңгейін өлшеу, білім беру ұйымдарында оқу материалдарын беру сапасын анықтау, оқушы контингенттерін құру механизмін жетілдіру. Кәсіптік білім бағдарламаларын аккредициялаудан өткізу. Жұмысшы кадрлар мен техникалық мамандар мен қызметшілердің кәсіптік дайындығына тәуелсіз бағалау өткізуді ұйымдастыру-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 025 | | Білім беру жүйесін әдісте- мелік қамта- масыз ету және білім беру қызмет- терінің сапасын талдау | Жас балаларға алғашқы түзету педагогикалық көмек көрсету бойынша әдістемелік қамтамасыз ету. Білім деңгейлері бойынша стандарттар әзірлеу; 12 жылдық оқу бағдарламаларының стандарттарын әзірлеу және аудару; ақпараттандыру, дене тәрбиесі және қосымша білім бойынша оқу- әдістемелік құралдар дайындау; қазақ тілінде оқытудың әдістемесін әзірлеу және басып шығару; электрондық мультимедиялық оқыту бағдарламасын әзірлеу; 12 жылдық оқуға көшудi әдістемелік қамтамасыз ету; Мектепке дейінгі білімнің әдістемелік негізін жасау. Оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттерін жасау және басып шығаруды әдістемелік қамтамасыз ету. Білім жүйесінің жағдайына мониторинг жасау. Қазақстан Республикасындағы білімнің жағдайы туралы ұлттық баяндамасын жасау. Жоғары оқу орындарының институциалдық, аккредитациялау және кәсіптік білім бағдарламаларын аккредитациялау. Жұмысшы кадрлар мен техникалық мамандар мен қызметшілердің кәсіптік дайындығына тәуелсіз бағалау өткізуді ұйымдастыру- әдістемелік жағынан қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген тізім бойынша Республикалық қосымша білім оқу- әдістемелік орталығы үшін негіз құралдар алуға күрделi трансферттер аудару. | жыл бойы | Түзеу педаго- гикасы ұлттық ғылыми- практи- калық орталығы Қазақс- тан Респуб- ликасы Білім және ғылым министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
1. Түзеу педагогикасы ұлттық ғылыми-практикалығының жас балаларға алғашқы түзету педагогикалық көмек көрсетуі бойынша әдістемелік құралдарды дайындау - 3.
2. Білім беру деңгейлері бойынша: мектепке дейінгі, бастауыш, орта, жоғары кәсіптік стандарттар әзірлеу және жақсарту - 122.
3. Даму мүмкіндіктері шектеулі мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар үшін орыс және қазақ тілінде инклюзивтік білім эксперименттік бағдарламасын әзірлеу - 4.
4. 12 жылдық оқу бағдарламасын әзірлеу және аудару - 516.
5. Ақпараттандыру, дене шынықтыру, қосымша білім және мектепке дейінгі білім, 12 жылдық оқу бойынша, оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттерді әзірлеу процесі саласында, кәсіптік білімді аккредитациялау бағдарламалары саласында оқу-әдістемелік құралдар әзірлеу - 189.
6. Қазақ тілін оқыту бойынша әдістемелік құралдар әзірлеу және басып шығару - 60 атау.
7. Электрондық мультимедиялық оқыту бағдарламаларын әзірлеу - 6.
8. Білім жүйесінің жағдайының мониторингін жасау. Қазақстан Республикасындағы білімнің жағдайы туралы ұлттық баяндама жасау.
9. Жұмысшы кадрлар мен техникалық мамандар мен қызметшілердің кәсіптік дайындығына тәуелсіз бағалау, біліктілік беру.
10. Республикалық қосымша білім оқу-әдістемелік орталығына 124-тен кем емес басты құралдар сатып алу (жиһаз, видеотехника, оргтехника, спорттық және тұрмыс жабдықтары).
Соңғы нәтиже:
Білім беру қызметінің деңгейі мен сапасын жақсарту.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
1) Жас балаларға алғашқы түзету педагогикалық көмек көрсетуі бойынша 1 әдістемелік құрал дайындаудың орташа бағасы - 1211,0 мың теңге.
2) Білім беру деңгейлері бойынша 1 стандартты әзірлеу мен жетілдірудің орташа құны - 153,1 мың теңге.
3) Даму мүмкіндіктері шектеулі мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар үшін орыс және қазақ тілінде 1 инклюзивтік білім эксперименттік бағдарламасын әзірлеудің орташа құны - 1126,3 мың теңге.
4) 12 жылдық оқу бағдарламасын әзірлеу және аударудың орташа құны - 227,3 мың теңге.
5) Ақпараттандыру, дене шынықтыру, қосымша білім және мектепке дейінгі білім, 12 жылдық оқу бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттерді әзірлеу процесі саласында, кәсіптік білімді аккредитациялау бағдарламалары саласында оқу-әдістемелік құралдың 1 данасын әзірлеудің орташа құны - 892,2 мың теңге.
6) Қазақ тілін оқыту бойынша әдістемелік құралдардың бір басылым бетін әзірлеудің орташа құны - 23000 теңгеден кем емес.
7) Қазақ тілін оқыту бойынша әдістемелік құралдардың бір басылым данасының орташа құны - 600 теңгеден кем емес.
8) Электрондық мультимедиялық оқыту бағдарламалардың 1 данасын әзірлеудің орташа құны - 5000 мың теңге.
9) Білім жүйесінің жағдайының мониторингін жасаудың, Қазақстан Республикасындағы білімнің жағдайы туралы ұлттық баяндама жасаудың құны 60000,0 мың теңге;
10) Жұмысшы кадрлар мен техникалық мамандар мен қызметшілердің кәсіптік дайындығына тәуелсіз бағалау және біліктілігін берудің құны 90000 мыңнан кем емес.
Уақтылығы:
Кесте бойынша жыл бойы жұмыс жүргізу.
Сапасы:
Дәріс берудің мазмұнын, әдістемесін және оқушылардың білім деңгейін бағалауды жақсарту.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
1235 қаулысына
243-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне арнайы (түзету) білім беру ұйымдарын
арнаулы техникалық және орнын толтыру құралдарымен қамтамасыз
етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер"
деген 026 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 118125 мың теңге (бір жүз он сегіз миллион бір жүз жиырма бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 20-бабы; "Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 6, 9-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: арнайы түзету білім беру ұйымдарын арнаулы техникалық және компенсаторлық құралдармен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мүмкіндіктері шектеулі балалардың өміріне адеквадты жағдай жасау, олардың әлеуметтік-тұрмыстық бейімделу деңгейін көтеру үшін арнаулы техникалық және компенсаторлық құралдар алуға қаржылай көмек көрсету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 026 | | Облыстық бюджет- терге, Астана және Алматы қалала- рының бюджет- теріне арнайы (түзету) білім беру ұйымдарын арнаулы техни- калық және орнын толтыру құрал- дарымен қамта- масыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы транс- ферттер | Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне арнайы (түзету) білім беру ұйымдарың арнаулы техникалық және орнын толтыру құралдармен қамтамасыз етуге арналған ағымдағы трансферттерді, Қазақстан Республикасы Yкіметінің шешіміне байланысты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген тізімге сәйкес ағымдағы нысаналы трансферттер аудару. Арнайы (түзеу) білім ұйымдарын арнаулы техникалық, орнын толтыру құралдармен қамтамасыз ету. | жыл бойы | Қазақс- тан Респуб- ликасы Білім және ғылым министр- лігі Облыс- тардың, Астана, Алматы қалала- рының әкімдері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:*
Тікелей нәтиже:
арнайы және компенсаторлық құралдармен қамтамасыз ету:
Ақмола облысы - 7 бірліктен кем емес;
Ақтөбе облысы - 6 бірліктен кем емес;
Алматы облысы - 8 бірліктен кем емес;
Атырау облысы - 2 бірліктен кем емес;
Шығыс Қазақстан облысы - 7 бірліктен кем емес;
Жамбыл облысы - 90 бірліктен кем емес;
Батыс Қазақстан облысы - 6 бірліктен кем емес;
Қарағанды облысы - 206 бірліктен кем емес;
Қызылорда облысы - 6 бірліктен кем емес;
Қостанай облысы - 3 бірліктен кем емес;
Маңғыстау облысы - 2 бірліктен кем емес;
Павлодар облысы - 3 бірліктен кем емес;
Солтүстік Қазақстан облысы - 26 бірліктен кем емес;
Оңтүстік Қазақстан облысы - 11 бірліктен кем емес;
Алматы қаласы - 177 бірліктен кем емес;
Астана қаласы - 1 бірліктен кем емес.
Соңғы нәтиже:
арнайы (түзеу) білім беру ұйымдарын арнаулы және компенсаторлық құралдарымен жарықтандыру сұраныстың 30 пайызын құрайды.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Жоспарлау орташа құны:
диагностикалық аудиометр - 500,0 мың теңге
сымсыз оқу сыныбы - 1600,0 мың теңге
сымдық оқу сыныбы - 600,0 мың теңге
оқу машинасы - 900,0 мың теңге
жұмсақ бөлме - 500,0 мың теңге
сенсорлық бөлме - 5000,0 мың теңге
дамыту, оңалту жабдығы орташа есеппен - 23,4 мың теңге.
Уақтылығы:
Жылда білім шарттарға отырған баяндаумен сәйкес
Сапасы:
Белгіленген стандарттарға сай сапалы арнайы және компенсаторлық құралдарды сатып алу.
* республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттерді игеру шеңберінде іске асырылатын шаралардың тізбесі, күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламасының паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
1235 қаулысына
244-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Ұлттық тестілеу жүйесі"
деген 027 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 578688 мың теңге (бес жүз жетпіс сегіз миллион алты жүз сексен сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 35-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: оқу жетістіктеріне тәуелсіз баға жасау, жоғары сапалы білімді қамтамасыз ететін сыртқы тәуелсіз бағалау жүйесін жасау. Мемлекеттік жалпы міндетті білім стандарттар негізінде білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін жетілдіру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: бірыңғай ұлттық тестілеуді өткізу және оқушыларға аралық мемлекеттік бақылау жүргізу түрімен білім беру сапасына мемлекеттік бақылау жүргізу. Мемлекеттік міндетті білім стандарттарын әзірлеу және талдау, оқушылар контингенттерін құру механизмін жақсарту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 027 | | Ұлттық тестілеу жүйесi | Бірыңғай ұлттық тестілеу мен аралық мемлекеттік бақылауға қатысушылар бойынша мәліметтерді жасау. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациялау кезінде бірыңғай ұлттық тестілеуді, кешендi тестілеуді ұйымдастыру және өткізу. Орта білімнің бастауыш және негізгі сатысында және жоғары оқу орындарының 2-3 курстарында оқитындарға аралық аттестация ұйымдастыру. Бірыңғай ұлттық тестілеу бойынша сайт жұмысын қамтамасыз ету. Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген тізімге сәйкес тестілеу пункттеріне негізгі құралдар алуға күрделi трансферттер аудару. | жыл бойы | Қазақс- тан Респуб- ликасы Білім және ғылым министр- лігінің білім беру сала- сындағы бақылау және аттес- тациялау коми- теті, Білім беру мен тесті- леудің мемле- кеттік стан- дартта- рының ұлттық орталығы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
154 пункттерде бірыңғай ұлттық тестілеуді ұйымдастыру;
20 тестілеу пункттері 300 бірліктен кем емес құралдармен қамтамасыз етіледі (жиһаз, компьютерлік және ұйымдық техника, инвентарь);
Жоспарланған бірыңғай ұлттық тестілеуден өтетін білім алушылардың саны 220 мыңнан аса;
Аралық мемлекеттік бақылаудан өтетін оқушылардың саны:
1) жалпы орта білім беру саласында бастапқы және негізгі сатыда оқитын оқушылар - 80 мыңнан аса;
2) 2, 3 курс студенттері - 70 мыңнан аса.
Білім ұйымдарын мемлекеттік тестілеу кезінде кешенді тестілеуден өтетін оқушылардың саны - 11 мыңнан аса.
Қорытынды нәтижелер:
білім беру сапасын ары қарай көтеру бойынша шаралар қабылдау үшін студенттердің және білім алушылардың білім деңгейін бағалау; Жұмыс істеп тұрған бірыңғай ұлттық тестілеу пункттердің жарықтануы 100 пайызды құрайды, қосымша бірыңғай ұлттық тестілеу пунктердің жарықтануы 83,6 пайызды құрайды.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
1) бірыңғай ұлттық тестілеуден өтетін 1 оқушыға кететін орташа шығын - 453 теңге;
2) 1 тестік тапсырманы құрастыру және сараптауға кететін орташа шығын - 115 теңге;
3) аралық мемлекеттік бақылаудан өтетін 1 оқушыға орташа шығын:
1) 4, 9 сыныптардың оқушыларына - 342 теңге;
2) 2, 3 курс студенттеріне - 625 теңге.
4) Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациялау кезінде кешенді тестілеуден өтетін бір оқушыға кететін орташа шығын - 625 теңге;
5) Бір тестілеу пунктін жарақтандыруға кететін орташа шығын - 1420,0 мың теңге;
6) Бір тестілеу пунктін ұстауға кететін орташа шығын - 2846,0 мың теңге.
Уақтылығы:
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген құрал-жабдықтарды жеткізу, жұмыс жүргізу шараларына байланысты.
Сапасы:
бірыңғай ұлттық тестілеу сапасына және тестілеу процедурасына арыздардың азаюы 10 пайызды құрайды.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
1235 қаулысына
245-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне жалпы орта білім беретін мемлекеттік
мекемелердің бірүлгі штаттарын ұстауды қамтамасыз етуге
берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер"
деген 028 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 6269751 мың теңге (алты миллиард екі жүз алпыс тоғыз миллион жеті жүз елу бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 41-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; "Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қарашадағы № 1168 қаулысы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: білім беру ұйымдарының үлгі штаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасымен сәйкестендіру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: облыстық бюджеттерге мемлекеттік білім беру мекемелерінің үлгі штаттарын ұстауды қамтамасыз етуге қаржылай көмек көрсету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 028 | | Облыстық бюджет- терге, Астана және Алматы қалала- рының бюджет- теріне жалпы орта білім беретін мемле- кеттік мекеме- лердің бірүлгі штаттарын ұстауды қамтама- сыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы транс- ферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген санға сәйкес мемлекеттік жалпы орта білім ұйымдарында қосымша штат бірліктерін ұстауға республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге нысаналы ағымдағы трансферттер аудару. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген санға сәйкес мемлекеттік жалпы орта білім ұйымдарында қосымша штат бірліктерін ұстауды қамтамасыз етуге нысаналы ағымдағы трансферттер аудару. Мемлекеттік жалпы орта білім мекемеле- рінде қолданыстағы нормаларға сәйкес штат бірліктерін енгізудi қамтамасыз ету. | жыл бойы | Қазақс- тан Респуб- ликасы Білім және ғылым министр- лігі Облыс- тардың әкімдері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:*
Тікелей нәтиже:
Этап бойынша жалпы білім беру мектептеріне, мектеп-интернаттарына қолданыстағы нормалық құқықтық актілерге сәйкес 30794,25 штат бірліктерін енгізу, соның ішінде:
Ақмола облысы - 1292,5 бірлік;
Ақтөбе облысы - 1674 бірлік;
Алматы облысы - 4341,25 бірлік;
Атырау облысы - 470 бірлік;
Шығыс Қазақстан - 2796,5 бірлік;
Жамбыл облысы - 2264 бірлік;
Батыс Қазақстан облысы - 1944 бірлік;
Қарағанды облысы - 1813,5 бірлік;
Қызылорда облысы - 1872,5 бірлік;
Қостанай облысы - 1888 бірлік;
Маңғыстау облысы - 322 бірлік;
Павлодар облысы - 1853 бірлік;
Солтүстік Қазақстан облысы - 3026,5 бірлік;
Оңтүстік Қазақстан облысы - 5236,5 бірлік.
Соңғы нәтиже:
типтік жалпы білім мектептердің, мектеп-интернаттарының қызмет етуі арқылы білім саласының приоритеттік бағыттарын қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Орта айлық жалақының мөлшері - 16,97 мың теңгеден жоғары.
Уақтылығы:
жалпы білімді мектеп, мектеп-интернаттарын нормалық инфрақұрылымымен сәйкестендіру.
Сапасы:
оқушыларды тәрбиелеу және оқыту процесіне сапалы әдістемелерін енгізуді қамтамасыз ету.
Штат бірліктерін енгізудің үлесі сұраныстың 70 пайызын құрайды.
* республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттерді игеру шеңберінде іске асырылатын шаралардың тізбесі, күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламасының паспортында көрсетіледi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
1235 қаулысына
246-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне жаңадан пайдалануға берілетін білім беру
объектілерін ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер"
деген 029 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3541841 мың теңге (үш миллиард бес жүз қырық бір миллион сегіз жүз қырық бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 43-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Білім ұйымдарында балаларды тәрбиемен және оқумен толық қамту, білім беру қызметінің қолжетімділігін кеңейту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Облыстық бюджеттеріне, Астана және Алматы қалалық бюджеттеріне білім беру ұйымдарының қызмет етуіне қаржылай қолдау жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 029 | | Облыстық бюджет- терге, Астана және Алматы қалала- рының бюджет- теріне жаңадан пайда- лануға берілетін білім беру объек- тілерін ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы транс- ферттер | Қазақстан Республикасы Yкіметінің шешімi бойынша республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалары бюджеттеріне жаңадан пайдалануға берілетін білім беру объектілерін ұстауға арналған нысаналы ағымдағы трансферттер аудару. Өз уақытында білім объектілерін іске қосу және қызмет етуін қамтамасыз ету. | жыл бойы | Қазақс- тан Респуб- ликасы Білім және ғылым министр- лігі Облыс- тардың, Астана, Алматы қалала- рының әкімдері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:*
Тікелей нәтиже:
Облыс, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 269 білім беру объектілерін іске қосуын және қызмет етуін қамтамасыз етеді, соның ішінде:
Ақмола облысы - 16 объект:
1. Мектепке дейінгі балалар ұйымы:
"Айгөлек", Викторовка ауылы, Зеренды ауданы,
"Жұлдыз" Красный кардон ауылы, Зеренды ауданы,
"Айгөлек", Костычаева ауылы, Жарқайың ауданы,
"Бөбек", Тасөткел, Жарқайың ауданы,
"Құлыншақ", Жана-Кийма ауылы, Жақсы ауданы,
Мектеп-балабақшасы № 2 "Балдырған", Степногорск қаласы,
Макинка ауылы, Еңбекшілдер ауданы,
2. Мектептен тыс ұйымдар:
Музыкалық мектеп, Жарқайын ауданы, Далабай ауылы (филиалы);
Музыкалық мектеп, Жарқайын ауданы, Боранқұл ауылы, (филиалы);
Музыкалық мектеп, Жарқайын ауданы, Пятигорск ауылы, (филиалы);
3. Кәсіптік мектептер (Түзеу ұйымның филиалы)
Филиал ЕЦ-166/4, Атбасар ауданы, ПЛ № 9, (Атбасар қаласы),
Филиал ЕЦ-166/25, Зеренды ауданы, Гранитный поселкісі, ПШ № 3 (Красный Яр ауылы),
Филиал ЕЦ-166/18, Степногорск қаласы, Заводской поселкісі, ПЛ № 2.
4. Дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты: Степногорск қаласы;
5. Мектеп жанындағы интернат:
Бұланды ауданы, Новообратское ауылы;
6. Мектеп-интернат:
Укубаев атын., Жаркайын ауданы, Державинск қаласы.
Ақтөбе облысы - 3 объект:
1. Мектептер:
ОШ, Ақтөбе қаласы;
БМ-балабақшасы Алғын ауданы, Алға қаласы;
2. Мектепке дейінгі балалар ұйымы:
Ақтөбе қаласы, № 12 мкрн;
Алматы облысы - 5 объект:
1. Мектептер:
ОМ Қоянқұс ауылы Іле ауданы;
ОМ Алғабас ауылы Қарасай ауданы;
ОМ Бірлік ауылы Талғар ауданы;
ОМ Ерменсай ауылы Қарасай ауданы;
ОМ Ұзынағаш ауылы Жамбыл ауданы;
Атырау облысы - 27 объект:
1. Мектептер:
ОМ "Сельстрой" № 6 мкрн., Атырау қаласы;
ОМ Атырау қаласы Курилкино ауылы;
ОМ Забурунье ауылы, Исатай ауданы;
ОМ, Атырау қаласы, Лесхоз мкрн;
ОМ, Жана-Қаратон поселкісі, Жылыой ауданы;
БМ № 2 Мақат поселкісі; Мақат ауданы;
2. Мектепке дейінгі балалар ұйымы:
"Қарлығаш" Исатай ауылы Исатай ауданы,
"Бүлдіршін", Сарайшық ауылы Махамбет ауданы,
"Балбөбек", Сартоғай ауылы Махамбет ауданы,
"Айгүл", Есбол ауылы Махамбет ауданы,
"Ақтоғай", Ақтоғай ауылы Махамбет ауданы,
"Сүйіндік" Сүйіндік ауылы Құрманғазы ауданы,
"Ақмарал", Алға ауылы Құрманғазы ауданы,
"Гауһар", Нұржау ауылы Құрманғазы ауданы,
"Алтын кілт", Мұқыр станциясы, Қызылқоға ауданы,
"Айгөлек", Жылыой ауданы,
"Арай", Ақжайық ауылы, Махамбет ауданы,