О.Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернатына 18-ден кем емес (электроплита - 1 дана, ет турағыш - 1 дана, ыдыс жуу машинасы - 1 дана, стеллаждар - 2 дана, компьютерлер - 5 дана, жалпы білім циклдері кабинеттеріне арналған жабдық - 6 комплект, лингафондық жабдық - 1 комплект, медициналық кабинетке арналған жабдық - 1 комплект);
А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ орта мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатына 34-ден кем емес (музыкалық аспаптар - 28 дана, компьютер - 2 дана, кондиционер - 1 дана, жалпы білім сыныптары үшін жиһаз - 2 дана, телевизор - 1 дана);
2) Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығына 436-дан кем емес.
3. 6 республикалық мектеп-интернаттарға күрделі жөндеу жүргізу, оның ішінде: Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахимов атындағы республикалық Шымкент әскери мектеп-интернаты, Қарағанды республикалық әскери мектеп-интернаты, Б. Момышұлы атындағы республикалық Алматы әскери мектеп-интернаты, Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаты, Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты, О. Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернаты.
Соңғы нәтиже:
оқушыларға тереңдетілген және жоғары деңгейдегі білім беруде халықты қанағаттандыру үшін республиканың интеллектуалдық потенциалын қалыптастыру. Мектеп-интернаттарды басты құралдармен қамтамасыз етудің үлесі сұраныстың 20 пайызын құрайды, мемлекеттік мекемелерді күрделі жөндеуден өткізудің үлесі сұраныстың 10 пайызын құрайды.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Бір оқушыны оқыту мен тәрбиелеудің бір жылдық құны (күрделі шығындарды қоспағанда):
1) мемлекеттік мекемелерде - 248,2 мың теңге;
2) мемлекеттік кәсіпорындарда - 386,1 мың теңге.
Уақтылығы:
оқу бітіруші оқушылардың іс жүзіндегі саны 850 адамнан кем емес.
Сапасы:
Республикалық мемлекеттік мекемелерді «жақсы» және «өте жақсы» бағалармен аяқтаған оқушылардың үлесі 65 пайыздан кем емес.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
1235 қаулысына
231-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Республикалық мектеп олимпиадаларын, конкурстарды,
республикалық маңызы бар мектептен тыс іс-шараларды өткізу"
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 396044 мың теңге (үш жүз тоқсан алты миллион қырық төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 18, 19, 24, 36, 37-баптары; "Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 24 мамырдағы № 3002 өкімі; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Дарынды балалар мен жастарды тани білудің, іріктеудің, қолдаудың, дамытудың және білім деңгейін қамтамасыз етудің жүйесін жасау, қазіргі өркениеттің түбірімен өзгеру жаңа жағдайында өзінше ойлап, әрекет етуге қабілетті шығармашыл адамды тәрбиелеу, дарынды балалар мен жастар әулетін, құқықтық және интеллектуалдық қорғауды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: республикалық деңгейдегі мектептен тыс шараларды ұйымдастыру, дене тәрбиесі саласында практикалық жұмыстарды іске асыру, мектеп жасындағы балалар, оқушы жастар арасында дене тәрбиесін жетілдіру; республикалық шараларды ұйымдастыру, жеке адамның өзінше бейімділігін, шығармашылық қабілетін дамыту, азаматтыққа тәрбиелеу, дарынды білім алушыларды тани білу, республикалық конкурстар, көрмелер, спорттық кешендік шаралар өткізу, балалардың мәдени демалысын ұйымдастыру, дарынды балалар мен жастарды іздестіру, тәрбиелеу, оқыту және қолдау жөніндегі практикалық қызметті дамыту үшін басқару жүйесін құру, дарынды балаларды тани білу үшін қажетті жағдайлар жасау, халықаралық олимпиадаларға, жарыстарға, конкурстарға қатысатын оқушыларды іріктеу және даярлау. Қазақстан Республикасында жеке адамның дарындылығын дамытудың инновациялық білім технологиялары саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
6.Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 010 | | Респуб- ликалық мектеп олимпиа- даларын, конкурс- тарды, респуб- ликалық маңызы бар мек- тептен тыс іс- шараларды өткізу | Республикалық деңгейдегі шараларды ұйымдастыру: Президенттік жаңа жыл шыршасы. Қазақстан Республикасы Президентінің дарынды балалармен кездесуі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің дарынды балалармен кездесуі. Жалпы білім беру пәндерінен халықаралық олимпиадалар мен жарыстар өткізу. Жалпы білім пәндерi бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасы. Оқушылардың ғылыми жобаларының жарыстары. Дарынды балалармен шаралар өткізу. Физикадан VІІ Азия халықаралық олимпиа- дасын ұйымдастыру және өткізу. Ауылдық жерлер мен елдің алыс аймақтарын- да дарынды балаларды іздеп табу; балалар мен жастардың мәдени демалыстарын ұйымдастыру. Республикалық деңгейдегі балалар мен жасөспірімдердi қосымша жетілдіру шараларын ұйымдастыру және өткізу. Ғылыми-әдістемелік семинарлар, конкурстар және конференциялар ұйымдастыру және өткізу. Республикалық кешендік спорттық шаралар, универсиа- далар, спартакиадалар өткізу. Республикалық қосымша білім оқу-әдістемелік орталығына күрделi жөндеу өткізуге күрделі трансферттер аудару. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген тізімге сәйкес Ұлттық ғылыми- практикалық дене тәрбиесі орталығы, Республикалық қосымша білім оқу-әдістемелік орталығы, "Дарын" Республикалық ғылыми- практикалық орталығы үшін негізгі құралдар алуға күрделi трансферттер аудару. | жыл бойы | Қазақс- тан Респуб- ликасы Білім және ғылым министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
Халықаралық, республикалық олимпиадаларға, ғылыми жобаларға, семинарлар, конференцияларға, көрмелерге, семинарларға, спорттық шараларға, универсиадаларға, спартакиадаларға, чемпионаттарға, мәдени бос уақыт өткізу және демалыстарға қатысушы оқушылардың саны - 70 мыңнан астам.
Республикалық қосымша білім оқу-әдістемелік орталығының ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу.
Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығына, Республикалық қосымша білім оқу-әдістемелік орталығына, "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталықтарына 141 бірліктен кем емес басты құралдар алу.
Соңғы нәтиже:
Балалардың тиісті кәсіптік бағытының деңгейі республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарының қажеттілігінің 54 пайызын жарақтандыру. Күрделі жөндеу қажеттіліктің 5,5 пайызын құрайды.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Халықаралық, республикалық олимпиадаларға, ғылыми жобаларға, семинарлар, конференцияларға, көрмелерге, семинарларға, спорттық шараларға, универсиадаларға, спартакиадаларға, чемпионаттарға және т.б. шараларға қатысушы 1 адамға арналған шығынның орташа есебі -50 мың теңге.
Уақтылығы: кесте бойынша жыл бойы жұмыс жүргізу.
Сапасы: халықаралық, республикалық олимпиадалардың, ғылыми жобалар жарыстарының, спорттық шаралардың, универсиадалар, спартакиадалар, чемпионаттардың жеңімпаздарының үлесі ағымдағы жылда қатысушылардың жалпы санының 0,5 пайызын құрайды.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
1235 қаулысына
232-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Білім беру және ғылым объектілерін салу және қайта жаңарту"
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 6456959 мың теңге (алты миллиард төрт жүз елу алты миллион тоғыз жүз елу тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Мемлекет басшысының Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындаудың желілік кестесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 210 қаулысы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 14 қазандағы № 1459 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы; "Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан республикасының ғылымын дамыту, экономиканың барлық саласына жоғары деңгейлі және бәсекелік мүмкіндігі бар кадрларды дайындау сапасын жоғарлату және жеке адаммен қауымның қажеттіліктерін қанағаттандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Білім және ғылым объектілерін салу және қайта жаңғырту жолымен білім және ғылым мекемелерін қазіргі уақыттық әлеуметтік-экономикалық жағдайға жеткізу, білім берудің барлық деңгейіндегі ұйымдарда оқушылардың білім алу жағдайын жақсарту, білім беру және ғылым ұйымдарының желісін дамыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 011 | | Білім беру және ғылым объекті- лерін салу және қайта жаңарту | Берілген тәртіппен бекітілген жобалық- сметалық құжаттама шараларына сәйкес "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысына 2-қосымшаға сәйкес қаржы шегінде инвес- тициялық жобаларды іске асыру: Астана қаласының дарынды балаларға арналған Республикалық мектеп интернатының құрылысын жалғастыру; қазақ тілінде оқытатын жетім балаларға арналған "Бөбек" білім беру орталығының құрылысын жалғастыруға капиталдық трансферт- терді аудару (жұмыс жобасы бойынша 2005 жылғы 5 наурыздағы № 7-94/05 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); екінші кезектегі нысандарды салу, Аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің университет қалашығын, мұнымен бірге: іргелi кітапхананың құрылысын аяқтау (жұмыс жобасы бойынша 2004 жылғы 28 маусымдағы № 7-273/ 2004 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы), физикалық, географиялық, химия, механика- математикалық факультеттерінің, ғылыми зерттеу институтының корпустарының құрылысын бастауға; Қарағанды қаласында көру проблемалары бар балалар үшін 250 орындық мектеп- интернатының құрылысын жалғастыру; Алматы қаласында көру проблемалары бар балалар үшін 250 орындық мектеп- интернатының құрылысын жалғастыру; Л. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің кітапханасының құрылысын жалғастыру; Алматы қаласындағы Қазақстан мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының оқу корпустарының сейсмологиялық қатаюы және қайта жаңарту жөнінде жобалық сметалық құжаттамалар әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан өткізу; Петропавл қаласындағы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік универ- ситетінің жүзу бассейнін салуға жобалық сметалық құжаттамалар әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан өткізу; Атырау облысы Атырау қаласындағы мұнай-газ саласындағы техника- лық және қызмет көрсету кадрларын даярлау және қайта даярлайтын аумақаралық кәсіби орталықты салуының басталуы жөнінде жобалық сметалық құжаттамалар әзірлеу және мемлекет- тік сараптамадан өткізу және әзірлеу; Түркістан қаласындағы Халықаралық А. Ясави атындағы қазақ-түрік университетінің бас оқу корпусын салуға күрделi трансферттер аудару; Қазақстан Республика- сының Биотехнологиясы орталығын салу басталуы жөнінде жобалық сметалық құжаттамалар әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан өткізу және әзірлеу. | жыл бойы | Қазақс- тан Респуб- ликасы Білім және ғылым министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: қолданысқа берілген объектілер саны -1 объект;
құрылыстық-монтаждық жұмыстарды атқару - 10 объект бойынша белгіленген ретпен бекітілген жобалық-сметалық құжаттама - 3 объект бойынша.
Соңғы нәтиже: жоғары деңгейлі және бәсекелік мүмкіндігі бар кадрларды дайындау сапасын жоғарлату үшін білім және ғылым объектілерін қолданысқа беру.
Уақтылығы: Бекітілген келісімдерге сәйкес жұмыс өндіру графигі бойынша жұмыстар көлемін атқару.
Сапасы: Қазақстан Республикасы территориясында іске асырылатын құрылыс нормалары және ережелеріне байланысты.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
1235 қаулысына
233-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне білім беру объектілерін салуға және қайта
жаңартуға берілетін нысаналы даму трансферттері"
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 14510626 мың теңге (он төрт миллиард бес жүз он миллион алты жүз жиырма алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының ауылдық аймақтарын дамуының 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 1149 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы; "Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 20 тамыздағы № 838 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: тиімді мектепке дейінгі және жалпы орта білім желісін әзірлеу және қол жетімділігін қамтамасыз ету; қолда бар оқу орындарының желісін сақтау және оны одан әрі дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: мектепке дейінгі және жалпы орта білім желісін дамыту жолымен жалпы білім берудің қол жетімділігі жағдайын жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 012 | | Облыстық бюджет- терге, Астана және Алматы қалала- рының бюджет- теріне білім беру объекті- лерін салуға және қайта жаңартуға берілетін нысаналы даму транс- ферттерi | "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысына 2 қосымшаға сәйкес (бекітілген заңнамамен белгіленген тәртіппен жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес) тізбе бойынша және қаржы шегінде білім беру нысандарын салу және қайта жаңғырту үшін облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалала- рының бюджеттеріне берілетін мақсаттық дамыту трансферттерін аудару | Жыл бойы | Қазақс- тан Респуб- ликасы Білім және ғылым министр- лігі, облыс- тардың, Астана және Алматы қалала- рының әкімдері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: қолданысқа берілген мектептер саны - жобалық қуаты 15627 оқушы орнымен 30 объект
қолданысқа берілген мектепке дейінгі балалар мекемелер саны - жобалық қуаты 465 орындық 3 объект
құрылыстық-монтаждық жұмыстарды атқару - жобалық қуаты 30726 орындық 51 объектіде.
Соңғы нәтиже: халыққа жалпы білім берудің қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін білім беру объектілерін қолданысқа беру, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды толығымен қамту үшін әлеуметтік-экономикалық жағдайын жасау.
Уақтылығы: Бекітілген келісімдерге сәйкес жұмыс өндіру графигі бойынша жұмыстар көлемін атқару.
Сапасы:
мектепке дейінгі ұйымдарға деген қажеттілігі 0,1%-ға төмендейді;
апатты мектептердің саны 6,9%-ға төмендейді;
оқу орындарының дефициті 1,8%-ға төмендейді;
мектептері жоқ ауылдық жерлердің саны 0,38%-ға төмендейді.
Ескерту:
"2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысының2-қосымшасына сәйкес инвестициялық жобалардың тізбесі, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес бекітілген іс-шаралар, трансферттерді игеру шеңберінде күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер жергілікті бюджеттік бағдарламалардың паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
1235 қаулысына
234-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Орта кәсіптік білімді мамандар даярлау"
деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 674916 мың теңге (алты жүз жетпіс төрт миллион тоғыз жүз он алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 4, 8, 13, 29, 33, 37-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; "Жолаушылар мен жүк тасымалдаудағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйені жетілдіру Тұғырнамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 сәуірдегі № 594 қаулысы; "Мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезінде берілетін әлеуметтік көмектің мөлшері мен көздері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 мамырдағы № 738 қаулысы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жеке тұлғаның таңдаған мамандығында орта кәсіптік білім және біліктілік алу жолымен интеллектуалдық, мәдени және рухани даму қажеттілігін қанағаттандыру, орта кәсіптік білімі бар білікті мамандармен қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттілігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: орта кәсіптік білім беру оқу орындарында елімізге аса маңызды мәні бар мамандар даярлау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 013 | | Орта кәсіптік білімдi мамандар даярлау | Мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқу процестерін жүргізу. Жыл сайын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін орта кәсіптік білімдi мамандарды даярлауға мемлекеттік білім тапсырысына сәйкес оқушылар қабылдау. Кәсіптік орта білім беру ұйымдары үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген тізім бойынша басты құралдар алуға күрделі трансферттер аудару. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжіне күрделi жөндеу өткізуге күрделі трансферттер аудару. Мемлекеттік тапсырысы негізінде кәсіптік орта оқу орындарындағы білім алушыларға қысқы және жазғы каникул кезінде көлікпен жүруге өтемақылар төлеуге трансферттер аудару. | Жыл бойы | Қазақс- тан Респуб- ликасы Білім және ғылым министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
Орта есеппен жылына 3089 оқушылар оқыту. Стипендиямен қамтылған білім алушылардың саны - 60 пайыздан кем емес.
Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу.
Негізгі құралдарды сатып алу:
Селезнев атындағы Алматы хореография колледжіне - 30 бірліктен кем емес;
О.Таңсықбаев атындағы сәндік-қолданбалы өнер колледжі - 310 бірліктен кем емес;
Ақмола қаржы-экономикалық колледжі - 22 бірліктен кем емес;
Семей қаржы-экономикалық колледжі - 14 бірліктен кем емес.
Көлікте жеңілдікпен жүруге қаржылай өтемақы алушы оқушылардың саны 3,0 мыңнан кем емес.
Соңғы нәтиже:
Ағымдағы жылда оқуды бітіргеннен кейін жұмысқа тұрған және жоғарғы оқу орнына түскен оқушылардың бөлігі 60 пайыздан кем емес.
Жоспарланған оқудан шығарылған оқушылардың бөлігі - 7 пайыз аспауы керек.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Жылына бір оқушыны дайындауға кететін орта шығын (күрделі шығынды қоспағанда) - 204,7 мың теңге.
Уақтылығы:
орта кәсіптік оқу орындарындағы дипломды алып, оқуды бітірген білім алушылардың саны 780 оқушыдан кем емес;
білім бағдарламаларының орындалуы, білім жоспарына сәйкес.
Сапасы:
Жоспарланған орта кәсіптік білімімен "өте жақсы" бағамен колледжді бітірген оқушылардың бөлігі - 10 пайыз.
Мемлекеттік аттестациядан қорытынды болымды нәтижеден колледж бітірген оқушылардың жоспарланған үлесі - 100 пайыз.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
1235 қаулысына
235-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Білім беру саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер"
деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 121054 мың теңге (бір жүз жиырма бір миллион елу төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 9-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық қорғау министрліктері жүйесінің ұйымдарын басқаруды жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 наурыздағы № 256 қаулысы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1180 қаулысы; "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 31 тамыздағы № 917 қаулысы; "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: білім жүйесін жетілдірудің теориялық-методологиялық негіздерін жетілдіру, даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды оңалту-педагогикалық және әлеуметтік қолдаудың ғылыми-әдістемелік негіздерін, оқыту мен тәрбиенің инновациялық әдістері мен технологияларын дайындау мен іске қосуды қамтамасыз ету, реформалау процесін ғылыми және ғылыми-әдістемелік орайластыру, педагогикалық ғылымның жемісті ұйытқысын сақтау, білімді жаңғырту жағдайында біліктілік пен кәсіптік қайта даярлаудың теориялық-әдістемелік негіздері және ғылыми-әдістемесін қамтамасыз ету, әрі дамыту, оның республикалық әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ролін көтеру.