10. Бюджет қаражаты есебінен сатып алынған медициналық жабдық бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен келісім бойынша мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымының бірінші басшысы белгілеген кесте бойынша белгілі бір уақытта ақылы қызметтер көрсету үшін пайдаланылуы мүмкін.
11. Ақылы қызметтер көрсету кезінде статистикалық есеп пен есепке алу-есеп берудің медициналық құжаттамасын жүргізу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысандар бойынша жүзеге асырылады.
12. Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, ақылы қызметтер көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен есеп саясатына сәйкес ТМККК мен ақылы қызметтер көрсету бойынша жеке-жеке бухгалтерлік есеп пен есеп беру жүргізеді.
13. Ақылы қызметтердің бағалары медициналық, сервистік қызметтер көрсетуге және өзге де қосымша шығыстарға байланысты шығындардың барлық түрлері ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады және жарты жылдықта көп дегенде бір рет қайта қаралуы мүмкін.
Ақылы қызметтердің бағалары ТМККК үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі белгілейтін ұқсас медициналық қызметтің тарифінен төмен белгіленбейді.
14. Емделушілермен қолма-қол ақша арқылы жүзеге асырылатын есеп айырысу фискальды жадысы бар бақылау-касса машиналарын міндетті түрде қолданып және емделушіге бақылау чегін бере отырып, денсаулық сақтау ұйымының кассасы арқылы, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша - денсаулық сақтау ұйымының «Ақылы қызметтерден түскен қаражат» ағымдағы шотына аудару жолымен жүргізіледі.
15. Ақылы негізде медициналық көмек алған емделушілерге денсаулық сақтау ұйымы:
амбулаториялық-емханалық жағдайда медициналық көмек көрсету кезінде тиісті медицина қызметкерлерінің қорытындысын;
стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсету кезінде ауру тарихынан үзінді көшірмені;
көрсетілген медициналық көмек үшін шығыстар туралы ақпаратты ұсынады.
3. Денсаулық сақтау ұйымдарының ақылы қызметтер көрсету шарттары
16. Ақылы қызметтерді денсаулық сақтау ұйымдары аурудың бейіні мен медициналық және дәрігерлік қызметке арналған лицензия сәйкес келген кезде көрсетеді.
17. Денсаулық сақтау ұйымдары ақылы қызметтер көрсетуді жағдайларда жүзеге асырады:
емделушілердің бастамасы бойынша, оның ішінде бастапқы медициналық-санитарлық көмек пен денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының жолдамасынсыз диагностикалық және емдеу қызметтерін көрсету кезінде;
негізгі (өмірлік маңызды) дәрілік заттардың тізіміне енгізілмеген дәрілік заттармен емдеу кезінде;
ТМККК тізбесіне енбеген қымбат тұратын медициналық зерттеулер жүргізу кезінде;
шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға ТМККК-ден тыс медициналық көмек көрсету кезінде;
тиісті жолдамасыз санаторийлік емдеу кезінде;
медициналық көрсетімдерсіз медициналық-генетикалық зерттеулер кезінде;
жұмысқа орналасу және оқуға түсу үшін азаматтарды медициналық тексеру кезінде;
кәсіпорынмен шарт бойынша, оның ішінде ерікті медициналық сақтандыру бойынша медициналық көмек көрсету кезінде;
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейтін медициналық стандарттардың сыртында қосымша сервистік қызметтер көрсету кезінде.
4. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының ақылы қызметтер
көрсетуінен түскен қаражатты пайдалану тәртібi
18. Ақылы медициналық қызметтер көрсетуден түскен қаражатты жұмсау үшін мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін тәртіппен бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бекітетін шығыстар сметасын жасайды.
19. Ақылы медициналық қызметтер көрсетуден алынған қаражат мынадай тәртіппен шығындарды өтеуге жіберіледі:
әлеуметтік салық пен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдарды есепке ала отырып, ақылы медициналық қызметтер көрсетуге тікелей қатысатын қызметкерлерге еңбекақы төлеуге, сондай-ақ қосымша ақшалай төлемдерге;
өтемақы сипатындағы ақшалай төлемдерге;
салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге;
іссапар шығыстарын төлеуге;
дәрі-дәрмектерді, шығыс материалдарын және медициналық мақсаттағы өзге де құралдарды сатып алуға;
тамақ өнімдерін сатып алуға;
басқа да тауарлар сатып алуға;
ғимараттарды, үй-жайларды, жабдықты және басқа да негізгі құралдарды ұстауға, қызмет көрсетуге, ағымдағы жөндеуге;
коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге;
кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлауға (ақылы қызметтер көрсетуден алынатын қаражаттың жалпы көлемінің кемінде 5 (бес) %-ы);
жеке және заңды тұлғалардың қызметтеріне ақы төлеуге;
күрделі сипаттағы шығындарға (ақылы қызметтер көрсетуден алынатын қаражаттың жалпы көлемінің 15 (он бес) %-ынан аспайтын).
20. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымының бірінші басшысы ақылы қызметтер көрсетуден түсетін қаражаттың қатаң түрде нысаналы пайдаланылуы үшін жауапты болады.
Денсаулық сақтау ұйымдарында
ақылы қызметтер көрсету ережесіне
және мемлекеттік денсаулық сақтау
ұйымдары жүзеге асыратын ақылы
қызметтерден түскен қаражатты
пайдалану тәртібіне
қосымша
Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында
ақылы қызметтер көрсетуге арналған үлгі шарт
_____________________ 20___ ж. "__" "________________"
(Орналасқан жерi)
Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын
___________________________________________________________________,
(Емделушінің тегі, аты, әкесінің аты, жеке басын куәландыратын
құжаттардың деректері)
бір тараптан және бұдан әрі Қызмет көрсетуші
деп аталатын ___________________________________________________________________
(Жарғы, Ереже және т.б)
негізінде әрекет ететін ___________________________________________
____________________________________________________________ атынан
(мемлекеттік медициналық ұйымның толық атауы)
___________________________________________________ екінші тараптан
(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
мына төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты:
1. Шарттың мәнi
1. Қызмет көрсетуші Шартқа ___ қосымшаға сәйкес ақылы қызметтер көрсетеді.
2. Тапсырыс беруші Шартқа ___ қосымшаға сәйкес тарифтер бойынша Қызмет көрсетушіге шығындарды өтеуді жүзеге асырады.
2. Ақылы қызметтер көрсеткені үшін өзара есеп айырысу рәсімi
3. Шарттың сомасы __________________ теңгені құрайды.
4. Тапсырыс беруші Қызмет көрсетуші ұсынған шотқа сәйкес іс жүзінде көрсетілген медициналық көмектің көлемі бойынша Қызмет көрсетушінің қызметтеріне ақы төлеуді жүзеге асырады.
5. Шартты жасасқан сәтте Шарттың жалпы сомасының 80 пайызынан аспайтын мөлшерде Қызмет көрсетушіге аванс беруге рұқсат етіледі, қалған сома шотты ұсыну бойынша стационардан шыққан сәтте төленеді.
6. Қажет болған кезде іс жүзінде көрсетілген медициналық көмектің көлемі ескеріле отырып, емдеу үрдістерінде шарттың сомасын түзетуге жол беріледі, қосымша сома мен оны төлеу тәсілі емделушімен келісіледі және шартқа қосымша келісім түрінде ресімделеді.
7. Қызмет көрсетуші Тапсырыс берушіге қолма-қол ақшаны қабылдағанын растайтын құжат (фискальдық чек, кассалық кіріс ордері) береді.
8. Ем алу курсы мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда Қызметтер көрсетуші Тапсырыс берушіге науқастың стационарда болудың белгіленген режимін бұзуына орай мерзімінен бұрын шығару жағдайын қоспағанда, төленген сома мен көрсетілген медициналық көмектің іс жүзіндегі құны арасындағы айырманы төлейді.
3. Тараптардың міндеттерi
9. Қызмет көрсетуші:
ауруларды диагностикалау мен емдеудің мерзімдік хаттамаларына сәйкес, хаттамалар болмаған кезде жалпыға бірдей қабылданған тәсілдерге сәйкес медициналық көрсетімдер бойынша медициналық қызметтер көрсетуді қамтамасыз етуге;
емделушілердің емдеу нәтижелеріне қанағаттанушылығының ең жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдауға;
жүргізіліп жатқан ем шеңберінде осы немесе өзге де қызметтерді көрсетуге арналған жағдайлар болмаған жағдайда, осы қызметті көрсетуді басқа медициналық ұйымда ұйымдастыруға және оған ақы төлеуге;
көрсетілген медициналық және сервистік қызметтердің түрлерін көрсете отырып, Тапсырыс берушіге белгіленген мерзімде шот ұсынуға;
Тапсырыс берушіге осы Шарттың орындалуына тексеру жүргізу үшін барлық қажетті медициналық және қаржылық құжаттаманы ұсынуға міндетті.
10. Тапсырыс беруші:
дәрігерлік ұйғарымдарды орындауға, аурухана режимін сақтауға;
көрсетілген медициналық көмек үшін ақы төлеуді уақтылы жүргізуге міндетті.
4. Тараптардың құқықтары
11. Тапсырыс берушінің:
ақылы бөлімшеде (палатада) жұмыс істейтіндердің ішінен емдеуші дәрігерді таңдауға;
жүргізілген емнің сапасы мен дәрігерлік тағайындаулардың негізділігіне сараптаманы жүзеге асыруға құқығы бар.
12. Қызмет көрсетушінің:
Тапсырыс беруші аурухана режимін бұзған және дәрігерлік ұйғарымдарды орындамаған жағдайда емдеуді мерзімінен бұрын тоқтатуға құқығы бар.
5. Тараптардың жауапкершілігi
13. Қызмет көрсетуші:
ақылы қызмет көрсету бойынша тәртіп бұзушылық жағдайына жол бергені үшін (тиісті көлемдегі және сападағы медициналық қызметтер көрсетпеу, тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне кіретін қызметтер үшін азаматтардан ақы алу, нақ сол медициналық қызметті көрсеткені үшін екі рет: емделушіден және бюджет қаражатынан ақы алу) жауапты болады.
14. Тапсырыс беруші Қызмет көрсетушіге іс жүзінде көрсетілген медициналық көмектің көлемі үшін шығындарды уақтылы өтемегені үшін жауапты болады.
15. Қызмет көрсетуші тарапынан Медициналық көмек көрсету жөніндегі шарт талаптарының бұзылуы Шарттың күшін жоюға және Қызмет көрсетушінің Шарт сомасының мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлеуіне әкеп соқтыруы мүмкін.
16. Тапсырыс беруші тарапынан Медициналық көмек көрсету жөніндегі шарт талаптарының бұзылуы Шарттың күшін жоюға және Тапсырыс берушінің Шарт сомасының ____________ мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлеуіне әкеп соқтыруы мүмкін.
6. Шартты өзгерту және бұзу
17. Осы Шарттың талаптары тараптардың жазбаша келісімі бойынша өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін.
18. Шартты мерзімінен бұрын бұзу ниеті туралы тараптар бір-бірін алдын ала хабардар етуге міндетті.
7. Қорытынды ережелер
19. Тараптардың бірде-бірінің өздерінің осы Шарт бойынша міндеттемелерін екінші тараптың жазбаша келісімінсіз үшінші тарапқа беруге құқығы жоқ.
20. Осы Шарт бірдей заң күші бар екі данада жасалған, бір данасы - Тапсырыс берушіде, екіншісі Қызмет көрсетушіде болады.
21. Осы Шарт тараптар оған қол қойған күнінен бастап күшіне енеді және тараптар осы Шарт бойынша барлық міндеттемелерді орындаған сәтке дейін қолданылады.
8. Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелері:
Қызмет көрсетуші: Тапсырыс беруші:
_________________ ________________
_________________ ________________
_________________ ________________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 6 қазандағы
№ 965 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі
1. «Медициналық көмекке жұмсалған шығындарды өтеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 мамырдағы № 806 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 24, 285-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 мамырдағы № 806 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қаңтардағы № 96 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 4, 48-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 мамырдағы № 806 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 наурыздағы № 370 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004., № 15, 194-құжат).
4. «Мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесі ұйымдарында ақылы медициналық қызметтер көрсету ережесін және оларды көрсетуден түскен қаражатты пайдалану тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі № 828 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 22, 255-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі № 828 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 14 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2006 ж., № 1, 7-құжат).