«Кондитер бұйымдарының кейбір түрлерінің импорты кезінде уақытша
қорғау баждарын алудан түскен ақшаны депозиттен қайтару туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 864 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы № 171 Қаулысымен күші жойылды
«Тауарлар импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Заңына сәйкес және кондитер бұйымдарының кейбір түрлерінің импортына қатысты жүргізілген талқылаудың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті «Анықтауды бастау және кейбір кондитер бұйымдары түрлерінің импортына уақытша қорғау шараларын енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1448 қаулысына сәйкес ЕурАзЭҚ CЭҚ ТН 1704907100, 1704907500 және 180690 кодтарымен жіктелетін кондитер бұйымдарының импорты кезінде уақытша қорғау баждарын алу нәтижесінде алынған ақшаны депозиттен импорттаушыларға қайтарсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда қызметін реттеу комитеті Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, он күнтізбелік күн ішінде белгіленген тәртіппен Еуразия экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық комитетінің Хатшылығы мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетін Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын шаралар туралы хабардар етсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |