Анықтауды бастау және кейбір кондитер бұйымдары түрлерiнiң импортына
уақытша қорғау шараларын енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1448 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы № 171 Қаулысымен күші жойылды
"Тауарлар импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Заңына сәйкес және iшкi рынокта тең бәсекелестiк жағдайлар жасау, экономикалық ахуалды тұрақтандыру және отандық өндiрушiлердi қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Сауда және туристiк қызметтi реттеу комитетi осы қаулыға қосымшаға сәйкес тауарларға қатысты анықтауды бастасын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі анықтау рәсiмi аяқталғанға дейiн заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес тауарлардың импортын лицензиялауды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тауарлардың импортына алты ай мерзiмге уақытша қорғау шаралары енгiзiлсiн.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Кедендiк бақылау комитетi тауарлардың импорты кезiнде кеден бажының қолданыстағы ставкасының үстiнен алынатын уақытша қорғау баждарын осы қаулыға қосымшаға сәйкес мөлшерде депозитке енгiзсiн.
5. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Сауда және туристiк қызметтi реттеу комитетi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігімен бiрлесiп, белгiленген тәртiппен Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетiн және Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетiн анықтаудың басталғандығы және Қазақстан Республикасының уақытша қорғау шараларын қолданатындығы туралы xaбардар етсін.
6. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1448 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн,
оларға қатысты анықтау рәсiмi басталатын және
уақытша қорғау баждары енгiзiлетiн
тауарлардың тiзбесi
Тауардың атауы | ЕурАзЭҚ СЭҚ TH бойынша тауардың коды | Уақытша қорғау бажының ставкасы (кедендiк құнының %-мен не евро-мен) |
Құрамында какао жоқ, қоспа 1704907100 21, бірақ 1 кг үшiн салынған немесе салынбаған 0,15 евро-дан кем емес қайнатылған кәмпиттер Тоффилер, карамельдер және 1704907500 42, бiрақ 1 кг үшiн құрамында какао жоқ соған 0,28 евро-дан кем емес ұқсас тәттiлер Құрамында алкоголь бар, 180690 32, бiрақ 1 кг үшiн қоспа салынған немесе 0,21 евро-дан кем емес салынбаған шоколадты кәмпиттер |