Соңғы нәтиже: ақпараттық кеңістікте мемлекеттің қатысуын кеңейту, мемлекеттік электронды БАҚ ұстанымдарын нығайту, "Қазақстан" Республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік қоғамының үлесіндегі мемлекеттің қатысуын нығайту. "Қазақстан" Республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік қоғамының жарғылық шешімдерінің сапалы орындалуы үшін материалдық базаны жақсарту.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Номиналды құны 10 000 (он мың) теңге 131 500 дана акцияның қосымша таралымы.
Сапа: Әлемдік стандарттарға сай келетін сапалы телерадиобағдарламаларының таралымын, сонымен қатар тұрғындардың толыққанды ақпараттануын көбейту. Телевизиялық және радиобағдарламалардың техникалық сапасын арттыру, "Қазақстан" РТРК материалдық базасын техникалық жаңғыртуды қамтамасыз ету, жарғылық капиталдың салымы ретінде технологиялық қондырғыларды сатып алу, ақпараттық өнімнің сапасын жақсарту, өткізу нарығын кеңейту, дамыту стратегиясына бағытталған - бизнес құру, материалды-техникалық жарықтандыруды жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
№ 72-32 қосымша
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Мемлекеттік мәдениет ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру
және оларды қайта даярлау»
деген 020 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 37619 мың теңге (отыз жеті миллион алты жүз он тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қарашадағы № 1161 «Мәдениет саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің шығармашылық кәсіби деңгейін жоғарылату арқылы мәдениет саласының дамуына жағдай жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын білікті кадрлармен қамтамасыз ету. Нарық экономикасы талаптарының өсуіне, өндіріс пен әлеуметтік саладағы құрылымдық өзгерістерге сәйкес қызметкерлердің теориялық білімін, кәсіби шеберлігін жетілдіру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 020 | | Мемлекет- тік мәдениет ұйымдары кадрлары- ның білікті- лігін арттыру және оларды қайта даярлау | Мәдениет ұйымдары кадрларының білікті- лігін мәдениет пен өнер саласының негі- згі бағыттарында арт- тыру және қайта даяр- лау арқылы қызметте- рін сатып алу. Мәде- ниет қызметкерлерін шет елдерде тәжірибе- ден өткізу. | ақпан- желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касы Мәдениет және ақпарат министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің ел ішінде - 690 адам санында теориялық және практикалық білімдерді жаңартуы, кәсіптік дағдыларды қалыптастыруы және бекітуі:
- тарихи-мәдени мұра 172 адам;
- мәдени-бос уақыт жұмыстары 172 адам;
- театр-концерт қызметі 172 адам;
- кітапхана ісі 174 адам;
Мамандарды шет елдерде тәжірибеден өткізу - 30 адам.
Соңғы нәтиже: Мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің білімі мен кәсіби шеберлігін арттыру арқылы қоғамның рухани байлықтары мен мәдени мұраларын сақтап қалу.
Мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру қажеттілігін 2,9% қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының бір қызметкерін оқытуға кететін шығынның орташа құны:
- ел ішінде 25,5 мың теңге;
- шет елдерде 666,6 мың теңге.
Уақытында: жоспарланған шараларды оқу жоспарына сәйкес орындау.
Сапасы: Мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің кәсіби білімін және шеберлігін арттыру және тереңдету.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
№ 72-33 қосымша
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес»
деген 104 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 24 131 мың теңге (жиырма төрт миллион жүз отыз бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері» № 1130 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есірткі бизнесіне тиімді қарсы тұруды одан әрі тарату жүйесінің негізгі буындарын бекіту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: есірткі қолданудың профилактикасы, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы өңірлік комиссияның жұмысы, жастардың есірткіге қарсы сана-сезімін қалыптастыру; әлеуметтік есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыруға, салауатты өмір салтының мәдениетіне бағытталған, «Хабар», «Ел-Арна», «Қазақстан» телеканалдарындағы «Есірткісіз өмір», «Есірткі - құрдымға апарар жол», «Есірткісіз спорт» атты қазақ және орыс тілдеріндегі бейнероликтердің прокаты, нашақорлыққа апарар факторлармен жастардың хабардар болуын арттыру; нашақорлық пен есірткі бизнесімен күрес, нашақорлыққа қарсы күрес туралы ақпарат тарату; ұйымдасқан есірткі топтарын анықтауын, ұстауын мемлекеттік органдар жұмыстары туралы ақпарат тарату.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 104 | | Нашақор- лыққа және есірткi бизнесіне қарсы күрес | Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі теледидар бағдарламаларын өндіру мен трансляциялау. Мемлекеттік және орыс тілдеріндегi радиобағдарламалар өндіру мен трансляциялау. Мемлекеттік және орыс тіліндегі жалға алған бейнероликтердi жалға беру мен өндіру. Мемлекеттік және орыс тіліндегі аудиороликтерді жалға беру мен өндіру қызмет ақысын төлеу. Республикалық газеттерге материалдар жариялау қызмет ақысын төлеу | жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Мәдениет және ақпарат министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: "Есірткіге қарсы насихат" тақырыбында 3 семинар-тренинг өткізу;
Аталмыш бағытта жұмыс істейтін шетелдік және отандық журналистер қауымдастығының өкілдерімен тәжірибе алмасу мақсатында 2 конференция өткізу.
«Есірткіге қарсы иммунитет қалыптастырудағы бұқаралық ақпарат арналарының ролі» тақырыбында 1 дөңгелек үстел өткізу;
«БАҚ және нашақорлықтың таралуына қарсы күрес қоғамы» тақырыбында 1 ғылыми-практикалық конференция өткізу;
«Хабар», «Ел арна», «Қазақстан» телеканалдарында 12 бағдарламаның, «Қазақ радиосында» 15 бағдарламаның, 2 тілдегі 7 роликтің өндірісі және трансляциясы;
«Қазақстан», «Хабар» және «Ел арна» телеарналарын 5 сағатқа жалға алу;
Жастар арасында есірткіге қарсы күресті насихаттау тақырыбында 1 деректі фильмді дайындау және жалға беру; 50 жолдық баспа өнімдерін жариялау.
Соңғы нәтиже: Нашақорлыққа қарсы бағытталған телерадиобағдарламалардың санын көбейту.
Қаржы-экономикалық нәтиже: 1 семинар-тренингті өткізуге жұмсалатын орташа шығын - 2300 мың теңге; 1 конференция үшін - 2000 мың теңге; 1 дөңгелек үстел үшін - 1500 мың теңге;
Телеканалдардағы телевизиялық бағдарламалардың 1 сағаттық көрсетілімінің құны:
«Хабар» - өндірісі - 97 117 теңге, таралымы - 123 500 теңге;
«Ел арна» - өндірісі - 53000 теңге, таралымы - 38990 теңге;
«Қазақстан» - өндірісі - 105 000 теңге, таралымы - 117327 теңге;
«Қазақ радиосы» - өндірісі - 42 200 теңге, таралымы - 39 774;
Телеарналардағы 1 сағатқа жалға алу: «Қазақстан» - 117 327 теңге, «Хабар» - 97 117 теңге, «Ел арна» - 38 990 теңге.
Уақыттылығы: жоспарланған шаралардың өз уақытында өткізілуі.
Сапасы: Азаматтардың есірткіні қолданудың және оның салдарын зиянды екенін түсінуі.