7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: мынадай санда материалдарды дайындау және басып шығару:
- 11040 газет жолдары, жалпы таралымы 219 454 мың дана,
- 796 баспа-есеп журналдардың беттері, жалпы таралымы 2548 мың дана;
"Қазақстан" ұлттық телеканалының ортакүндік көлемі - 16 сағат, "Қазақ радиосы" - 24 сағат, "Облыстық теледидары" (13 облыс және 1 қалалық ТРК) - 42 сағат, "Астана" радиосы - 18 сағат, "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы арқылы "Шалқар" радиосы - 18 сағат; "Хабар" - 20 сағат, "Ел арна" - 16 сағат және "Хабар" агенттігі арқылы "Caspionet" - 24 сағат, "Еуразия - бірінші каналы" - 7 сағат.
Қазақстан және ТМД телерадиоканалдарында Қазақстан және ТМД елдерінің экономикалық, саяси, мәдени өмірі туралы бағдарламаларды "Мир" халықаралық телерадиокомпаниясында шығару және орналастыру - 10 сағат.
Электронды БАҚ-да мемлекеттік тілде деректі фильмдер, теледидарлы және радиобағдарламалар шығару - 3308 сағат.
Мына санда - 74 483 сағат теледидарлы және радиобағдарламаларды дамыту және трансляциялау.
Салық заңнамалары бойынша 100 көрсетілімді 25 роликтерді, 100 телехабарларды шығару және орналастыру. Қазақ тілінде 6 ролик шығару және орналастыру, шығу уақыты - 20.00-ден 23.00 дейін.
Соңғы нәтиже: тұрғындарға хабарламаларды арттыру, ел өміріндегі маңызды оқиғаларды жариялау, Қазақстан Республикасының жағымды имиджін қалыптастыру.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
газет және журналдар шығарылатын бір таратылымның орташа бағасы 5 мың теңге.
телеканалға шығудың бір сағаттық бағасы:
"Хабар" - 152 946 теңге;
"Қазақстан" - 118 745 теңге;
"Ел арна" - 124 846 теңге;
"Caspionet" - 37 572 теңге;
"Қазақ радиосы" - 59 373 теңге;
"Облыстық телеарна" - 71 247 теңге;
"Астана" радиосы - 29 686 теңге;
Шалқар радиосы - 29 686 теңге;
Телеканалдарда таратудың 1 сағаттық бағасы:
"Хабар" - 128 707 теңге;
"Қазақстан" - 130 504 теңге;
"Ел арна" - 65 667 теңге;
"Caspionet" - 14 304 теңге;
"Еуразия-1 канал" - 88 312 теңге;
"Қазақ радиосы" - 62 477 теңге;
"Облыстық телеарна" - 1927 теңге.
Уақыттылығы: газеттермен журналдарды, телерадиобағдарламаларды қойылған уақытында көрсету және шығару.
Сапасы: "Қазақстан", "Хабар", "Ел-арна" телеканалдар мен республикалық маңыздағы қалалардағы басқа телерадиобағдарламаларды, газеттер мен журналдарды 100%, бөлек өңірлерде (аудан, ауылдық жерлерде) 85% шығару мен көрсету.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
№ 72-29 қосымша
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 761 033 мың теңге (жеті жүз алпыс бір миллион отыз үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 1277 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі № 1465 «Мерейтойлар мен атаулы күндерді мерекелеу туралы» қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері» қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың рухани-білім және интеллектуалды-мәдени деңгейін көтеру үшін әлеуметтік маңызды әдебиеттер шығару, өскелең ұрпақты жалпы әлемдік құндылықтар рухында тәрбиелеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: тұрақты оқырмандарға әлеуметтік-маңызды әдебиеттерді жариялау мен жеткізуді қамтамасыз ету, публицистикалық, ғылыми, көркемдік және библиографиялық серияларды шығару, өмірдің мәдени, және ғылыми-білімділік, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси өзгерістерін, қазақ мемлекеттігі қалыптасуының сан қырлы мәселелерін көрсететін өзекті, мазмұнды шығармаларды шығару, Қазақстан Республикасының облыстары бойынша мәдени және тарихи ескерткіштердің еркін томдарын шығаруда дайындық жүйелік жұмысты жүзеге асыру, тарих ғылымының теориялық проблемаларын әзірлеу, ғылыми, көркем және энциклопедиялық әдебиетті шығару, жоғары сапалы баспа өнімдерін шығаруды қамтамасыз ету, ғылыми білімділікті дәріптеу, жазба және ұлттық әдебиеттің жақсы үлгілерін әзірлеу, шығару, мәдениет және әдебиеттің әлемдік ғылыми жетістіктеріндегі мемлекеттік тілдегі ойлары, Ұлттық мұрағат қорды байыту және сақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, жоғары сапалы баспа өнімдерін шығаруды қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 017 | | Әдебиет- тің әлеу- меттік маңызды түрлерін басып шығару | Мына әдебиет түрлерін шығару: Энциклопедиялық әдебиет: "Қазақстан"»ұлттық энциклопедиясы" 8 томдық, мемлекеттік тілде; Балалар энциклопедия- лық әдебиеті (мектеп жасындағылар айналы- сатын энциклопедия); Балаларға арналған әдебиет: "Әлемдік балалар әдебиеті", "Балдырған" (ең кішкентайлар үшін тәрбиелік және танымдық тұрғыдағы басылымдар), "Мектеп кітапханасы", "Балалар әдебиеті"; Шығармалар жинағы (әдебиет классиктері шығармаларының және қазіргі кезеңдегі авторлардың бір неме- се көптомдық ғылыми жинақтары); "Таным" сериясындағы танымдық әдебиет (балаларға, жасөспі- рімдер мен ересектер- ге арналған тәрбие- лік, танымдық және ақпараттық-анықтама- лық әдебиет); "Ғибратты ғұмыр" сериясы; "Тарихи тұлға тағылы- мы" сериясы; Оқу-әдістемелік әде- биет сериясынан: "Мемлекеттік тіл - тұғырың"; "Туризм және спорт" сериясындағы әдебиет; "Аманат" сериясында- ғы көркемдік әдебиет; "Қазақстан халықтары тіліндегі әдебиет" (ұлттық авторлардың әдебиеті): "Отырар кітапханасы", "Жібек жолы", "Алтын қор" (жоғары адамгершілік және тәрбиелік ұғымдағы қазақ классиктерінің жеке туындылары): "Сардар", "Өлеңсөз- дің патшасы", "Қазіргі қазақ проза- сы", "Қазіргі қазақ поэзиясы", "Жеті сөз", "Ауыл кітапха- насы", "Шетел қазақ- тарының шығармалары". "Алаш мұрасы" серия- сындағы деректі- көркем әдебиет; "М.Әуезов" академия- лық көптомдық басы- лым, Фотоальбомдар; Мәдениет және өнер туралы әдебиет (соның ішінде ноталық әдебиет) "Ғасырлар үні" (Н.Тілендиев, А.Жұбанов, Л.Хамиди және басқалары); Жасөспірімдер мен балаларға арналған әдебиет; Заңдық әдебиет; Сөздік-анықтамалық әдебиет (екінші сипаттағы фундамен- талды сөздік басылы- мы: лингвистикалық, түсіндірме, аударма, терминологиялық, анықтамалық, қазақ, орыс және басқа тілдердегі тілашар- лар); Медициналық әдебиет (салауатты өмір салтын насихаттауға, табиғат пен адамның өмірін қорғауға арналған кітаптар); Қоғамдық-саяси әдебиеттер; Қазақстан Республика- сы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы; Мерейтойлық әдебиет: (ҚР Тәуелсіздігінің 15 жылдығына, ҚР Парламентінің 10 жылдығына, ТМД-ның 15 жылдығына, Чернобыльдің 20 жылдығына, сонымен қатар А.Жұбановтың, Л.Хамидидің, Иван Шуховтың, Ақжан Машанидің 100 жылдығына, Құрманғазы Сағырбаевтың 200 жылдығына арналған және мәдениет пен өнер бойынша атаулы даталарға арналған басқа әдебиет); "Әдебиеттік мемуар- лар" сериясынан; Ғылыми-техникалық әдебиет (нақты жаратылыстану ғылым- дарының және жаңа технологиялар төңіре- гіндегі шыққан фунда- менталды зерттеулер (монографиялар); Аударма әдебиеті "Отан тарихы" (рухани сипаттағы, халықтың ұлттық сана сезіміне, патриотизмге, рухани білімін көтеруге негізделген). "Мәдени мұра" бағдарламасы бойынша әдебиеттер; "Фольклортану, әде- биеттану және өнерта- ну" сериясындағы кітаптар: "Бабалар сөзі" - қазақ фольклоры" - 100 томдық (қазақ тілін- де), "Қазақ әдебиеті- нің тарихы" - 10 томдық (қазақ тілін- де), "Қазақ музыкасы- ның антологиясы" - 5 томдық (қазақ тілін- де); Мәдениет сериясындағы кітаптар: "Әлемдік әдебиет кітапханасы" - 100 томдық (қазақ тілінде); Философия сериясын- дағы әдебиеттер: "Ежелгі дәуірден бү- гінгі күнге дейінгі қазақ халқының философиялық мұрасы" - 20 томдық (қазақ тілінде), "Әлемдік философиялық мұра" - 20 томдық (қазақ тілінде), "Ежелгі дүниеавторларының шығармаларындағы Қазақстан тарихы" - 2 томдық. Ғылыми тарих серия- сындағы кітаптар: "Әлемдік тарихи ой-сана" - 10 томдық (қазақ тілінде), "IX-XVI ғасырлардағы араб дереккөздерінде- гі Қазақстан тарихы" - 3 томдық (орыс тілінде), "V - XVII ғасырлардағы иран- парсы дереккөздерін- дегі Қазақстан тарихы" - 5 томдық (орыс тілінде), "XV - XX ғасырлардағы түркі тілді дереккөздердегі Қазақстан тарихы" 5 томдық (қазақ тілін- де), "Монғол дерек- көздеріндегі Қазақстан тарихы" - 3 томдық (қазақ ті- лінде), "XVI - XX ғасырлардағы орыс дереккөздеріндегі Қазақстан тарихы" - 10 томдық (орыс тілінде), "XII - XX ғасырлардағы батыс дереккөздеріндегі Қазақстан тарихы" - 10 томдық (орыс тілінде), "Қытай дереккөздеріндегі Қазақстан тарихы" - 5 томдық (қазақ тілінде). Мәдениет және тарих, археология туралы жазбалар: "Тарих және мәдениет ескерткіште- рінің жинағы" - 16 томдық (орыс тілін- де). Қазақстан археология- сы; Қазақстанның петрог- лифтері. Кітаптар-альбомдар (орыс тілінде). "Қазақстанның орта- ғасырлық қалалары" кітап-альбом (орыс тілінде). Мәдениеттану: "Әлемдік мәдениеттану ой-санасы" - 10 томдық (қазақ тілін- де): Этнография және антропология "Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары" - 2 томдық (қазақ тілінде). Заң ғылымы: "Қазақтар құқығының ежелгі әлемі" - 10 томдық (қазақ тілін- де). Әлеуметтану "Әлемдік әлеуметтану ой-санасы" - 10 томдық (қазақ тілінде). Саясаттану "Әлемдік саясаттану антология- сы" - 10 томдық (қазақ тілінде). Психология "Әлемдік психология ой-санасы" - 10 томдық (қазақ тілінде). Ғылыми экономика. "Экономикалық классика" - 10 томдық (қазақ тілінде). Тілді меңгеру. "Қазақ тілінің түсін- дірме сөздігі" - 15 томдық. Тілді меңгеру. "Қазақ тілінің этимо- логиялық сөздігі" - 2 томдық. Мұрағат және кітапха- на ісі. "Қазақ зиялыларының хат түріндегі мұрасы" - 2 томдық (қазақ тілінде). Энциклопедиялық және анықтамалық әдебиет. "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы" - 5 томдық (орыс тілінде). "Қазақстан Республи- касы" - энциклопедия- лық сөздік (ағылшын тілінде). Энциклопедиялық анықтамалық "Қазақстан тарихы" (қазақ тілінде). "Жеріңнің аты - елінің хаты"; фотоальбомдар; сөздік анықтамалар. Мемлекеттік бағдарла- ма аясында сараптама- лық басылымдарды шығаратын қызметтер ақысы. | ақпан- желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касы Мәдениет және ақпарат министр- лігінің Ақпарат және мұрағат комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: 433 атаулар бойынша әлеуметтік-маңызды әдебиеттердің түрлерін шығару, жалпы көлемі 9337 басылым беттері, әр басылымның таралымы 2000-нан 3000 данаға дейін, 14 облысқа, Алматы, Астана қалаларына, республиканың аумағында орналасқан кітапханалар үшін 3495 бірлік құрамында жіберіледі.
Соңғы нәтиже: Қоғамның рухани әлеуеттігін бірыңғай мәдени-ақпараттық кеңістік арқылы нығайту, тарихи-мәдени мұраны, әлеуметтік-мәдени инфраструктураны дамыту және сақтау, кәсіби өнер мен халық шығармашылығының дамуы жағдайын қамтамасыз ету, мәдени мұраның, соның ішінде қазіргі ұлттық мәдениетті, фольклорды, салт-дәстүрдің ауқымды оқыту жүйесін құру, көпғасырлық жазба және ұлттық әдебиеттің тәжірибесін жинақтау, ғылымдық және көркемдік топтастырылған серияларды құру; әлемнің озық жетістіктер базасында мәдениет пен әдебиеттің, ғылыми ойлаудың гуманитарлық білімнің мемлекеттік тілдегі толыққанды қорын құру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір басылымды шығарудың орташа шығыны 329 теңгені құрайды.
Уақыттылығы: оқырмандардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін жоспарланған іс-шараларды уақтылы орындау.
Сапасы: оқырмандардың санын көбейту, елдегі халықтардың интеллектуалдық, рухани-білімділік және интеллектуалды-мәдени деңгейін көтеру, қазақ тілінде әлемдік көркем әдебиеттердің теңдесіз туындыларын шығару, өскелең ұрпақты жалпыәлемдік идеалдар құндылығы рухында тәрбиелеу, мемлекеттік тілді қолдану мен дамыту, әлеуметтік-коммуникативтік қызметті ұлғайту және нығайту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
№ 72-30 қосымша
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Ішкі саяси тұрақтылық және қоғамдық келісім саласында мемлекеттік
саясатты жүргізу» деген 018 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 224 098 мың теңге (екі жүз жиырма төрт миллион тоқсан сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары» атты 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халықтары Ассамблеясының стратегиясы мен Қазақстан халықтары Ассамблеясының ережесі туралы» 2002 жылғы 26 сәуірдегі Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу мен нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» атты 2006 жылғы 20 наурыздағы № 68 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2006 жылғы 30 наурыздағы № 80 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 85 «Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың тұжырымдамасы туралы» қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Ішкі-саяси тұрақтылықты нығайтуға арналған мемлекеттік саясатты қалыптастыру, этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін жетілдіру, саяси реформаларды жүргізу, азаматтық қоғамды дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Азаматтық бейбітшілік пен қоғамның ілгері дамуына жағдай жасауға бағытталған, этносаралық қатынас саласындағы мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттардың тиімді түрде бірлесе іс-қимылы қамтамасыз етуге, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың бірлесе іс-қимыл ынтымақтастық жүйесін жетілдіруге бағытталған көлемді шараларды іске асыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 018 | | Ішкі саяси тұрақты- лық және қоғамдық келісім саласында мемлекет- тік саясатты жүргізу | Қоғамдық-саяси ахуалдың тоқсан сайынғы әлеуметтік мониторингі (4 өлшем) Демократиялық рефор- малар бағдарламасын әзірлеу мен нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырыс- тарын ұйымдастыру және өткізу Мемлекеттік нышандар жөніндегі Республика- лық комиссия отырысы ҚР Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі Республикалық әлеу- меттік зерттеулер Қазақстан 2030 Стратегиялық дамудың негізгі ұстанымдарын іске асырудағы үгіт-насихат жұмыста- рында жаңа техноло- гияларды (пікір- талас технологиялары, әлеуметтік мониторинг және т.б) қолдану жөніндегі Республика- лық семинар Үкіметтік емес ұйым- дардың әлеуметтік мәні бар жобаларын іріктеу жөніндегі конкурс Ұлтаралық келісім - мемлекеттік тұрақты- лық кепілі»дөңгелек үстелі Елбасының жыл сайынғы Жолдауын насихаттау мен түсіндіру жөнін- дегі Республикалық семинар-отырыс ҚР этносаралық және конфессияаралық ахуал жөніндегі сарапшылық сұрақнама Қазақстан халықтары Достастығы Республи- калық Фестивалі Ұлттар мәдениетін дамыту мәселесі жөніндегі аймақтық семинар Әлеуметтік-саяси сипаттағы өзекті мәселелер бойынша студенттік пікір-сайыс ойындары ұлттық турнирі "Қолданбалы әлеумет- тік зерттеулерге жаңа әдістерді енгізу" Республикалық оқу-әдістемелік семинары Салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі республикалық конфе- ренция (Қотыркөл оқулары) Аймақтық ынтымақтастық пен қауіпсіздікті қамта- масыз ету мәселелері жөніндегі Халықара- лық конференция Әлеуметтік техноло- гиялар жөніндегі Республикалық семинар "Шаңырақ»этножурна- листика саласындағы республикалық акция: этножурналистика саласындағы семинар мен шығармашылық конкурс Әлеуметтік-саяси сипаттағы өзекті мәселелер бойынша халықаралық мәрелік жобалық ұйымдастыру- шылық пікір-сайыс ойындары Ауылдық жергілікті жердегі этносаралық ахуалды зерделеу жө- ніндегі Республикалық әлеуметтік зерттеулер Әлеуметтанушылармен "Фокус-топтарды ұйым- дастыру мен өткізу» атты оқыту семинары "Мемлекеттік әлеумет- тік тапсырыс: ой түйінін іске асыру" Республикалық конференциясы Қоғамның демократия- лануы жөніндегі (Президент имиджі) Республикалық әлеу- меттік зерттеулері "Қолданбалы әлеумет- тік зерттеулерді өткізудің әдісі мен техникасы»Республика- лық оқыту-әдістемелік семинары Азаматтық қоғам инс- титуттары мен орталық атқарушы органдар өкілдерінің қатысуы- мен болатын корруп- циялық заң бұзушылық- тардың алдын алу мәселелері жөніндегі "дөңгелек үстел" Ақпараттық-насихаттық топтардың қызметі жө- ніндегі Республикалық конференция "2006-2008 жылдарға арналған этностық және конфессиялық келісімнің қазақстан- дық моделін жетілді- ру" жөніндегі бағдар- ламаны іске асыру шаралары | жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Мәдениет және ақпарат министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей қорытынды:
- Қоғамдық-маңызды сипаттағы жалпыреспубликалық 15 іс-шаралар өткізу.
- Қазақстан қоғамының демократиялық ары қарай дамуына септігін тигізетін 16 әрдайым жұмыс жасайтын мәжілістер өткізу.
- Аймақтық қауіпсіздіктің қазіргі маңызды мәселелеріне қатысты (соның ішінде 3 саясимәдениетті мемлекеттердегі этносаралық және конфессияаралық келісім мәселесі жөнінде) 5 халықаралық конференцияны дайындау мен өткізу.
- Жастар мен студенттер арасында белсенді өмір салты ұстанымын қалыптастыруға шақыратын 2 үлкен көлемді жоба өткізу.
- Этносаралық және саяси-қоғамдық ахуалды болжау мен зерттеуге бағытталған 4 әлеуметтік мониторинг, 3 әлеуметтік зерттеу және 1 (бір) сараптық сұрақнама өткізу.
- 70 әлеуметтік маңызды жобалардың қоғамдық бірлестіктер тарапынан іске асуына қолайлы жағдай жасау.
- Насихаттық жаңа технологияларды қолдану жөнінде мемлекеттік қызметкерлерге арналған 4 оқыту семинарын өткізу.
- Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін насихаттауға бағытталған 11 үлкенкөлемді іс-шара өткізу (тікелей қатысатындар саны - 8 600 адам).
Соңғы қорытынды: Ел азаматтарының саяси өмірінің либералдануы және саяси мәдениетінің қалыптасуы. Мемлекеттік органдардың үкіметтік емес сектормен, саяси партиялармен және қозғалыстармен конструктивті түрдегі бірлесе іс-қимылы. Қазақстан азаматтарының патриотизмі, рухани-салттық потенциалының дамуы. Қазақстан Республикасының халықаралық қауымдастық алдындағы имиджінің көтерілуі.
Қаржылық-экономикалық тиімділік:
Республикалық көлемдегі бір іс-шараны өткізуге жұмсалатын шығындардың орташа бағамы - 1 535 мың теңге;
Аймақтық көлемдегі бір іс-шараны өткізуге жұмсалатын шығындардың орташа бағамы - 630 мың теңге;
Бір әлеуметтік маңызды жобаны өткізуге жұмсалатын шығындардың орташа бағамы - 1835 мың теңге;
Бір әлеуметтік зерттеудің орташа бағамы - 1360 мың теңге.
Кезектілік: Әлеуметтік-маңызды іс-шараларды бекітілген жоспарға сәйкес өткізу.
Сапа: Ұлтаралық бірлік, қоғамдық келісім мен ішкі саяси тұрақтылықты сақтап қалу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
№ 72-31 қосымша
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Бұқаралық ақпарат құралдарын институционалдық дамыту»
деген 019 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1 315 000 мың теңге (бір миллиард үш жүз он бес миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 1999 жылғы 23 шілдедегі «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 2003 жылғы 15 тамызда № 1165 «2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму Стратегиясы жүзеге асырылуының әрі қарайғы шаралары» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жоғары сапалы телевизия және радио бағдарламаларын өндіру; Қазақстанда телекоммуникациялық инфрақұрылымдар арқылы телерадио бағдарламалары таратылуының қазіргі заманға сай жүйесін құру, қазіргі әлемдік технологиялық жабдықтарымен қамту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: тұрғындарды "Қазақстан" ұлттық телеканалының, "Қазақ радиосы" бағдарламаларымен кең көлемде қамтуға қол жеткізу; жоғары сапалы телевизия және радио бағдарламаларын жасау; осы саланы қаржыландыру үшін қолайлы жағдай және тиімді өндірістік-техникалық базасын құру, мемлекеттік қауіпсіздіктің ақпаратттық жүйесін қалыптастыру, тәуелсіз Қазақстанның электронды шежіресін жасау, елдің тұңғыш Президенті туралы киновидеоматериалдардың шығармашылық және технологиялық көрсеткіштері жағынан жоғары сапалы өндіру, Қазақстан Республикасының жағымды имиджі туралы кинобейнефильмдерді жасау, Республикада өткізілген әртүрлі халықаралық шаралардың, сапалы және тақырыптық кино, аудио және бейне материалдардың берілуі, ғылыми-танымдық және көңіл көтеру-ойын жанрындағы компьютерлік бағдарламалар мен циклдер, бейнесериалдарды жасау, Қазақстанның халықтық музыкалық мұраларының және өткен жылдардағы қазақ фильмдерін өңдеп, қайта жасап, тарату.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 019 | | Бұқаралық ақпарат құралда- рын институ- ционалдық дамыту | "Қазақстан" республи- калық телерадиокор- порация" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын телевизия- лық қондырғылар алу үшін толықтыру, "Қазақстан" республи- калық телерадиокорпо- рациясы" ғимараты құрылысының жобалық- сметалық құжаттарын өңдеу. | қаңтар- желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касы Мәдениет және ақпарат министр- лігінің Ақпарат және мұрағат комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Қазақстанның бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыру, мемлекет пен қоғам, тұлғаның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Тікелей нәтиже: 2005 жылдың 31 қаңтарына қоғамның жарғылық капиталы 2 025 568 000 теңгені құрайды. Бюджеттік бағдарламаның орындалу нәтижесінде жарғылық капитал 64,92 пайызға өсіп, 3 340 568 000 теңгені құрайды. Бұл акцияның қосымша таралымын тартып, негізгі қаржылық және өндірістік көрсеткіштердің тұрақты өсуі сақталады. "Қазақстан" Республикалық Телерадиокорпорациясының ғимараты құрылысына жобалы-сметалық құжаттама дайындалады.