128-бап. Адамды саудаға салу
1. Адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмiлелер жасасу, сол сияқты оны пайдалану не азғырып-көндiру, тасу, беру, жасыру, сондай-ақ пайдалану мақсатында өзге де әрекеттер жасау -
мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекеттер:
а) алдын ала сөз байласуы бойынша адамдар тобымен;
б) бiрнеше рет;
в) өмiр мен денсаулыққа қауiптi күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқыту арқылы;
г) қару немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып;
д) кiнәлiге жүктілік жағдайында екендiгi көрiнеу белгiлi әйелге қатысты;
е) екi немесе одан да көп адамға қатысты;
ж) ауыстырып салу немесе өзгедей пайдалану үшiн жәбiрленушiнiң органдарын немесе тiнiн алу мақсатында;
з) алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен;
и) адам өзiнiң қызметтiк жағдайын пайдаланып;
к) жәбiрленушiнiң материалдық немесе өзге де тәуелдiлiгiн пайдаланып жасалғанда, -
мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз бес жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адамды Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге әкету, Қазақстан Республикасына әкелу немесе бiр шет мемлекеттен екiншiсiне Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасу мақсатында жасалған әрекеттер, сол сияқты осындай әрекеттердi жасау мақсатында адамды Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге әкету, Қазақстан Республикасына әкелу немесе бiр шет мемлекеттен екiншiсiне Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасу -
мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз жетi жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер:
а) ұйымдасқан топпен жасалса;
б) абайсызда жәбiрленушiнiң өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, -
мүлкiн тәркiлеп, жетi жылдан он бес жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
128-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 2 наурыздағы № 131-IІI Заңының редакциясында.
129-бап. Жала жабу
1. Жала жабу, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер тарату -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
2. Көпшiлiк алдында сөз сөйлегенде не көпшiлiкке таратылатын шығармада, не бұқаралық ақпарат құралдарында жала жабу -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
3. Адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұштасқан жала жабу -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
129-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 қыркүйектегi № 484-II Заңымен енгiзiлген толықтырумен.
130-бап. Қорлау
1. Қорлау, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту -
жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
2. Көпшiлiк алдында сөз сөйлегенде не көпшiлiкке таратылатын шығармада, не бұқаралық ақпарат құралдарында қорлау -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен төрт жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан төрт айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не сол мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2-тарау
ОТБАСЫНА ЖӘНЕ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАFАНДАРFА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР
131-бап. Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық iске тарту
1. Кәмелетке толмаған адамды он сегiз жасқа жеткен адамның қылмыстық iске тартуы -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ата-анасы, педагог не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі мiндеттер өзiне заңмен жүктелген өзге адам жасаған нақ сол әрекет -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытып жасалған әрекеттер -
екi жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген, кәмелетке толмаған адамды ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауға тартуға байланысты әрекеттер -
бес жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
132-бап. Кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы iс-әрекеттер жасауға тарту
1. Кәмелетке толмаған адамды есiрткiлiк немесе басқа да есеңгiрететiн заттарды медициналық емес тұрғыда тұтынуға не спирттiк iшiмдiктердi ұдайы тұтынуға, не жезөкшелiкпен, қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуға тарту -
жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ата-анасы, педагог не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі мiндеттер өзiне заңмен жүктелген өзге адам жасаған нақ сол әрекет -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген бiрнеше рет не күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытып жасалған әрекеттер -
алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
133-бап. Кәмелетке толмағандарды саудаға салу
1. Кәмелетке толмаған адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмiлелер жасасу, сол сияқты оны пайдалану не азғырып-көндiру, тасу, беру, жасыру, сондай-ақ пайдалану мақсатында өзге де әрекеттер жасау -
мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз бес жылдан жетi жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекеттер:
а) алдын ала сөз байласуы бойынша адамдар тобымен;
б) бiрнеше рет;
в) өмiр мен денсаулыққа қауiптi күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқыту арқылы;
г) қару немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып;
д) екi немесе одан да көп адамға қатысты;
е) ауыстырып салу немесе өзгедей пайдалану үшiн жәбiрленушiнiң органдарын немесе тiнiн алу мақсатында;
ж) алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен;
з) адам өзiнің қызметтiк жағдайын пайдаланып;
и) кәмелетке толмаған адамды қылмыс жасауға немесе қоғамға қарсы өзге де iс-әрекеттер жасауға тарту мақсатында;
к) жәбiрленушiнiң материалдық немесе өзге тәуелдiлiгiн пайдаланып жасалғанда, -
мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз жетi жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екінші бөліктерінде көзделген, кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге әкету, Қазақстан Республикасына әкелу немесе бiр шет мемлекеттен екiншiсiне Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасу мақсатында жасалған әрекеттер, сол сияқты осындай әрекеттердi жасау мақсатында кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге әкету, Қазақстан Республикасына әкелу немесе бiр шет мемлекеттен екiншi мемлекетке Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасу -
мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз он жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер:
а) ұйымдасқан топпен жасалса;
б) абайсызда жәбiрленушiнiң өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, -
мүлкiн тәркiлеп он екi жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
133-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 2 наурыздағы № 131-IІI Заңының редакциясында.
134-бап. Баланы ауыстыру
1. Баланы қасақана ауыстыру -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Пайдакүнемдiк немесе өзге жамандық ниетпен жасалған дәл сол әрекет -
үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
134-бап Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 мамырдағы № 47-II Заңымен енгiзiлген өзгерістермен.
135-бап. Бала асырап алу құпиясын жария ету
Бала асырап алушының еркiне қайшы қызметтiк те немесе кәсiптiк құпия ретiнде бала асырап алу фактiсiн сақтауға мiндеттi адамның не өзге адамның пайдакүнемдiк немесе өзге жамандық ниетпен жасаған бала асырап алу құпиясын жария етуi -
жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
136-бап. Балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын асырауға арналған қаражатты төлеуден әдейi жалтару
1. Ата-ананың сот шешiмi бойынша кәмелетке толмаған балаларын, сол сияқты он сегiз жасқа толған еңбекке жарамсыз, балаларын асырауға арналған қаражатты төлеуден үш айдан астам әдейi жалтаруы -
айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде немесе сотталған адамның жалақысының немесе екi айдан бес айға дейiнгi кезеңде тапқан өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырмадан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Кәмелетке толған еңбекке жарамды адамның сот шешiмi бойынша өзiнiң еңбекке жарамсыз ата-анасын асырауға арналған қаражатты төлеуден үш айдан астам әдейi жалтаруы -
айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде немесе сотталған адамның жалақысының немесе екi айдан бес айға дейiнгi кезеңде тапқан өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырмадан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
136-бап Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 мамырдағы № 47-II Заңымен енгiзiлген толықтырумен.
137-бап. Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі мiндеттердi орындамау
Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі мiндеттердi ата-анасының немесе өзiне осы мiндеттер жүктелген өзге адамның, сол сияқты кәмелетке толмаған баланы қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi педагогтiң немесе оқу, тәрбие беру, емдеу немесе өзге мекеменiң басқа қызметкерiнiң орындамауы немесе тиiстi дәрежеде орындамауы, егер бұл әрекет кәмелетке толмаған балаға қатал қараумен ұштасса -
елу айлық есептiк көрсеткiштен жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға немесе жүз сағаттан екi жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз екi жыл мерзiмге дейiн бас бостандығын шектеуге жазаланады.
137-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 21 желтоқсандағы № 363-II Заңымен енгiзiлген өзгерiспен.
138-бап. Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
жөніндегі мiндеттердi тиiсiнше орындамау
1. Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі мiндеттердi қызметi бойынша өзiне осындай мiндеттер жүктелген адамның не осы мiндеттердi арнайы тапсырма бойынша орындаушы немесе мұндай мiндеттердi ерiктi түрде өзiне алған адамның тиiсiнше орындамауы, егер бұл жас баланың денсаулығына абайсызда ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтiруге әкеп соқса -
бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның жетi айдан он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда жас баланың өлiмiне әкеп соққан нақ сол әрекет -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
139-бап. Қамқоршы немесе қорғаншы құқықтарын терiс пайдалану
Қамқоршылықты немесе қорғаншылықты пайдакүнемдiк немесе қамқоршылықтағы (қорғаншылықтағы) балаға зиян келтiру үшiн өзге арам мақсаттарға пайдалану немесе қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) баланы қасақана қадағалаусыз немесе қажеттi көмексiз қалдыру қамқоршылықтағы (қорғаншылықтағы) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiне елеулi нұқсан келтiруге әкеп соқса -
елуден жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не нақ осы мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
140-бап. Еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын) асыраудан әдейi жалтару
Еңбекке жарамды адамның еңбекке жарамсыз және материалдық көмекке мұқтаж жұбайын (зайыбын) асырау үшiн сот шешiмi бойынша төлем төлеуден үш айдан астам әдейi жалтаруы -
айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде немесе сотталған адамның жалақысының немесе екi айдан бес айға дейiнгi кезеңде тапқан өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырмадан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
140-бап Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 мамырдағы № 47-II Заңымен енгiзiлген толықтырумен.
3-тарау
АДАМНЫҢ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН
БОСТАНДЫҚТАРЫНА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР
141-бап. Азаматтардың тең құқықтылығын бұзу
1. Адамның (азаматтың) құқықтары мен бостандықтарын тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық немесе мүлiктiк жағдайы, жынысы, нәсiлi, ұлты, тілі, дiнге көзқарасына сенімi, тұрғылықты жерi, қоғамдық бiрлестiктерге қатыстылығына себептерiмен немесе өзге кез келген жағдайлар бойынша тiкелей немесе жанама шектеу -
екi жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не үш айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып не қоғамдық бiрлестiктiң жетекшiсi жасаған дәл сол әрекет -
бес жүзден екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
142-бап. Жеке өмiрге қол сұғылмаушылықты бұзу
1. Адамның жеке өмiрi туралы оның жеке немесе отбасы құпиясын құрайтын мәлiметтердi оның келісімiнсiз заңсыз жинау немесе тарату, егер осы әрекеттер жәбiрленушiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiне зиян келтiрсе -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не жүз жиырмадан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
2. Адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып жасаған нақ сол әрекеттер, сол сияқты нақ сондай зардаптарға әкеп соққан, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған мәлiметтердi көпшiлiк алдында сөйлеген сөзде, көпшiлiкке көрсетiлетiн шығармаларда немесе бұқаралық ақпарат құралдарында тарату -
бес жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
143-бап. Хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф хабарларының немесе өзге хабарлар құпиясын заңсыз бұзу
1. Азаматтардың хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф немесе өзге хабарларының құпиясын заңсыз бұзу -
елуден жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
2. Адам өзiнiң қызмет бабын немесе ақпаратты жасырын алуға арналған құралдарды пайдаланып жасаған нақ сол әрекет -
бес жүзден екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан үш айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi айдан төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
3. Ақпаратты жасырын алуға арналған арнаулы техникалық құралдарды өткізу мақсатында заңсыз жасау, өндiру, өткізу немесе сатып алу-
бес жүзден екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
144-бап. Дәрiгерлiк құпияны жария ету
1. Пациенттiң сырқаты немесе медициналық куәландыру нәтижелерi туралы мәлiметтi кәсiптiк немесе қызметтiк қажеттіліксiз медициналық қызметкердiң жария етуi -
жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
2. Адам бойында ВИЧ/ЖҚТБ бар екенi туралы мәлiметтердi хабарлаудан көрiнген нақ сол әрекет-
жүзден үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан үш айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер олар ауыр зардаптарға әкеп соқса -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып не онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
145-бап. Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу
1. Тұрғын үйге онда тұратын адамның еркiнен тыс басып кіру -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не жүз жиырмадан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
2. Күш қолданып не оны қолданамын деп қорқытумен немесе адамдар тобы жасаған, немесе түнгi уақытта, немесе заңсыз тiнтуге ұласа жасалған әрекет, сол сияқты тұрғын үйден заңсыз шығарып тастау -
бес жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не екi айдан төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып жасаған әрекеттер -
сегiз жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
146-бап. Сайлау құқығын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергi жасау
1. Сайлаушының өзiнiң сайлау құқығын немесе референдумға қатысу құқығын еркiн жүзеге асыруына кедергi жасау, сондай-ақ сайлау комиссияларының немесе референдум жүргiзу жөніндегі комиссияның жұмысына заңсыз араласу және дауыс беруге, кандидатты, партиялық тiзiмдердi тiркеуге, дауыстарды санауға және сайлаудағы немесе референдумдағы дауыс беру нәтижелерiн анықтауға байланысты мiндеттерiн атқаруына кедергi жасау -
елуден жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырмадан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер:
а) пара берiп сатып алумен, алдаумен, күш қолданып не оны қолданамын деп қорқытумен сабақтасса;
б) адам өзiнiң лауазымын немесе қызмет бабын пайдалана отырып жасаса;
в) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен жасалса;
г) электрондық сайлау жүйесiнiң жұмыс iстеуiнiң белгiленген тәртібін бұзу жолымен жасалса, -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
146-бап Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi № 583-II Заңымен енгiзiлген өзгерiс және толықтырулармен.
147-бап. Сайлау құжаттарын, референдум құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды қате есептеу
1. Сайлау құжаттарын немесе референдум құжаттарын бұрмалау, бюллетеньге жалған жазбалар немесе қол қойылған парақтар енгізу, дауыстарды көпе-көрiнеу қате есептеу не сайлаудың нәтижелерiн немесе референдум қорытындыларын көпе-көрiнеу дұрыс айқындамау, не дауыс беру құпиясын бұзу, егер осы әрекеттердi Қазақстан Республикасы Президентiне кандидаттың сенімдi өкiлi, немесе депутаттыққа кандидаттың сенімдi өкiлi жасаса, сол сияқты сайлау комиссиясының, немесе референдум жүргiзу жөніндегі комиссияның мүшесi жасаса, -