в) кiнәлiге дәрменсiз күйде екенi белгiлi, сонымен бiрдей адамды ұрлауға немесе кепiлге алуға ұштасқан адамға қатысты;
г) аса қатыгездiкпен;
д) ұйымдасқан топпен;
е) жалдау бойынша;
ж) бұзақылық ниетпен;
з) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни өшпендiлiк немесе араздық тұрғысында;
и) жәбiрленушiнiң мүшелерiн немесе тiнiн пайдалану мақсатында;
к) бiрнеше рет жасалса немесе оны бұрын осы Кодекстiң 96-бабында көзделген кiсi өлтiрудi жасаса, -
төрт жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда жәбiрленушiнiң өлiмiне әкеп соққан әрекеттер -
бес жылдан он жылға дейiн мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
104-бап. Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтiру
1. Адамның өмiрiне қауiптi емес және осы Кодекстiң 103-бабында көрсетiлген зардаптарға әкеп соқпаған, бiрақ денсаулықты ұзақ уақытқа бұзылуға немесе жалпы еңбек қабiлетiнiң кемiнде үштен бiрiн айтарлықтай тұрақты жоғалтуға әкеп соққан денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтiру -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не алты айға дейiн қамауға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекет:
а) екi немесе одан да көп адамға қатысты;
б) адамның қызметтiк жұмысын жүзеге асыруға не кәсiптiк немесе қоғамдық борышын орындауға байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты;
в) аса қатыгездiкпен, сол сияқты кiнәлiге дәрменсiз күйде екенi белгiлi адамға қатысты;
г) ұйымдасқан топпен;
д) бұзақылық ниетпен;
е) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни жеккөру немесе араздық тұрғысында;
ж) бiрнеше рет жасалса немесе бұрын осы Кодекстiң 96-бабында көзделген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiрген немесе кiсi өлтiрген адам жасаса -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
104-бап Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 желтоқсандағы № 10-III Заңымен енгiзiлген өзгерістермен.
105-бап. Денсаулыққа қасақана жеңiл зиян келтiру
Денсаулықтың қысқа уақыттық бұзылуына немесе жалпы еңбек қабiлетiн айтарлықтай емес тұрақты жоғалтуға әкеп соққан денсаулыққа қасақана жеңiл зиян келтiру -
елу айлық есептiк көрсеткiштен жүз елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiн қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
106-бап. Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 желтоқсандағы № 10-III Заңымен алынып тасталды.
107-бап. Азаптау
1. Ұдайы ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану әрекеттерi жолымен тән зардабын немесе психикалық зардап шегу, егер бұл осы Кодекстiң 103 және 104-баптарында көзделген зардаптарға әкеп соқпаса, -
елу айлық есептiк көрсеткiштен жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның алты айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекет:
а) көрiнеу кәмелетке толмаған немесе кiнәлiге дәрменсiз күйде екендiгi белгiлi не кiнәлiге материалдық немесе өзге тәуелдiлiктегi адамға, сол сияқты ұрланған не кепiл ретiнде қолға түсiрген адамға қатысты;
б) екi немесе одан да көп адамға қатысты;
в) кiнәлiге жүктілік жағдайында екендiгi белгiлi әйелге қатысты;
г) азаптап;
д) жалдау бойынша;
е) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни өшпендiлiк немесе араздық тұрғысында жасалған әрекет, -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
108-бап. Денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтiру
Жәбiрленушiнiң тарапынан болған зорлықтан, қорлаудан немесе ауыр тiл тигiзуден не жәбiрленушiнiң өзге де құқыққа қарсы немесе моральға жат әрекеттерiнен (әрекетсiздiгiнен), сол сияқты жәбiрленушiнiң ұдайы құқыққа қарсы немесе моральға жат мiнез-құлқына байланысты туындаған ұзаққа созылған психикалық зақым келтiретiн жағдайдан болған қатты жан күйзелісінiң (аффект) кенеттен туындауы жағдайында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, -
екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға немесе екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
108-бап Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 желтоқсандағы № 10-III Заңының редакциясында.
109-бап. Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде денсаулыққа ауыр зиян келтiру
Денсаулыққа қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған қасақана ауыр зиян келтiру,-
бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
110-бап. Қылмыс жасаған адамды ұстау кезiнде денсаулыққа ауыр зиян келтiру
Қылмыс жасаған адамды ұстау үшiн қажеттi шараларды асыра қолдану кезiнде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру -
екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
111-бап. Денсаулыққа абайсызда зиян келтiру
1. Денсаулыққа абайсызда зиян келтiру, -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
2. Абайсызда екi немесе одан да көп адамның денсаулығына ауыр зиян келтiру, -
төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 желтоқсандағы № 10-III Заңымен алынып тасталды.
4. Абайсызда екi немесе одан да көп адамның денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтiру, -
елу айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сағаттан екi жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
111-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 21 желтоқсандағы № 363-II Заңымен енгiзiлген өзгерістермен.
112-бап. Қорқыту
Өлтiремiн деп немесе денсаулыққа ауыр зиян келтiремiн деп, сол сияқты адамның жеке басына өзге ауыр күш көрсетемiн не мүлiктi өртеп құртамын деп, жарылыс жасап немесе өзге жалпы қауiптi тәсiлмен қорқыту, бұл қорқытудың iске асатындығына қауiптенудiң жеткiлiктi негiздерiнiң бар екендiгi кезiнде, -
төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға немесе екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
113-бап. Адамның органдары мен тiнiн алуға мәжбүр ету немесе заңсыз алу
1. Ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшiн адамның органдары мен тiнiн алуға мәжбүр ету немесе заңсыз алу, сол сияқты адамның органдары мен тiнiне қатысты заңсыз мәмiлелер жасау-
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекеттер:
а) кiнәлiге дәрменсiз күйде екендiгi көрiнеу белгілі адамға қатысты;
б) кәмелетке көрiнеу толмаған адамға қатысты;
в) екi немесе одан да көп адамға қатысты;
г) адамдар тобымен, алдын ала сөз байласуы бойынша адамдар тобымен немесе ұйымдасқан топпен;
д) бiрнеше рет;
е) қару немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып;
ж) кiнәлiге жүктілік жағдайында екендiгi көрiнеу белгiлi әйелге қатысты;
з) алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен;
и) өзiнің қызметтiк жағдайын пайдаланып;
к) жәбiрленушінің материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдаланып жасалғанда, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылдан жетi жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Абайсызда жәбiрленушiнің өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан, осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз жетi жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
113-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 2 наурыздағы № 131-IІI Заңының редакциясында.
114-бап. Медицина қызметкерiнiң кәсiптiк мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы
1. Медицина қызметкерiнiң кәсiптiк мiндеттерiн ұқыпсыз немесе оған адал қарамауының салдарынан орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы, егер бұл әрекеттер адамның қайтыс болуына әкеп соқса, -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айырумен белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Денсаулыққа ауыр зиян келтiруге әкеп соққан нақ сол әрекеттер, -
төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтiруге әкеп соқтырған әрекеттер -
елу айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз жазаланады.
114-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 21 желтоқсандағы № 363-II Заңымен енгiзiлген өзгерiспен.
115-бап. Соз ауруын жұқтыру
Өзiнде соз ауруы бар екендiгiн бiлген адамның ауыр зардаптарға әкеп соқтырған осындай ауруды басқа адамға жұқтыруы, сондай-ақ екi немесе одан да көп адамға не көрiнеу кәмелетке толмаған адамға жұқтыруы, -
бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
115-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 21 желтоқсандағы № 363-II Заңымен енгiзiлген өзгерiс және толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 желтоқсандағы № 10-III Заңының редакциясында.
116-бап. Адамның иммун тапшылығы вирусын (ВИЧ/ЖҚТБ) жұқтыруы
1. Басқа адамды көрiнеу ВИЧ/ЖҚТБ-ны жұқтыру қаупiнде қалдыру,-
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не алты айға дейiнге мерзiмге қамауға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Өзiнде ВИЧ/ЖҚТБ бар екендiгi туралы бiлетiн адамның оны басқа адамға жұқтыруы,-
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, екi немесе одан да көп адамға қатысты, не көрiнеу кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған әрекет, -
сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Медицина қызметкерiнiң, сол сияқты тұрмыстық немесе өзге халыққа қызмет көрсету ұйымы қызметкерiнiң өздерiнiң кәсiптiк мiндеттерiн тиiсiнше орындамауының салдарынан басқа адамға ВИЧ/ЖҚТБ-ны жұқтыруы, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
117-бап. Заңсыз аборт жасау
1. Тиiстi бағдардағы жоғары медициналық білімi жоқ адамның аборт жасауы, -
бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның алты айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не дәл сол мерзiмге бас бостандығын шектеуге не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға алуға жазаланады.
2. Тиiстi бағдардағы жоғары медициналық білімi бар адамның заңсыз аборт жасауы, -
бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның алты айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не дәл сол мерзiмге бас бостандығын шектеуге не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға алуға жазаланады.
3. Заңсыз аборт жасағаны үшiн бұрын сотталған адам жасаған дәл сол әрекет, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Тиiстi бағдардағы жоғары медициналық білімi бар адамның, сол сияқты мұндай білімi жоқ адамның заңсыз аборт жасауы, егер бұл әрекет абайсызда жәбiрленушiнiң өлуiне не оның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соқса,-
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
117-бап Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 мамырдағы № 47-II Заңымен енгiзiлген өзгерістер және толықтырулармен.
118-бап. Науқасқа көмек көрсетпеу
1. Заңға сәйкес немесе арнайы ереже бойынша көмек көрсетуге мiндеттi адамның дәлелдi себептерсiз науқасқа көмек көрсетпеуi, егер бұл абайсызда науқастың денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтiруге әкеп соқса, -
елу айлық есептiк көрсеткiштен жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Дәл сол әрекет, егер ол абайсызда науқастың өлуiне, не оның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соқса, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
119-бап. Қауiптi жағдайда қалдыру
1. Өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi жағдайдағы және сәбилiгiне, қарттығына, науқастығына немесе өзге де дәрменсiз күйiнiң салдарынан өзiн-өзi сақтап қалу шараларын қабылдау мүмкiндiгiнен айырылған адамды көрiнеу көмексiз қалдыру, кiнәлi кiсiнiң ол адамға көмек көрсету мүмкiндiгi болған және ол адамға қамқорлық жасауға мiндеттi болған не оны өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi күйде өзi қалдырған жағдайларда, -
елу айлық есептiк көрсеткiштен жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде немесе сотталған адамның екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiн мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
2. Көмексiз қалдырған адамның абайсызда өлуiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет, -
бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде сотталған адамның бес айдан он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не (не алты айға дейiнгi мерзiмге), не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
120-бап. Зорлау
1. Зорлау, яғни жәбiрленушiге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып, не жәбiрленушiнiң дәрменсiз күйiн пайдаланып жыныстық қатынас жасау, -
үш жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Зорлауды:
а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса;
б) өлтiремiн деп қорқытумен ұштасып, сондай-ақ жәбiрленушiге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатыгездiкпен жасалса;
в) жәбiрленушiнiң соз ауруын жұқтырып алуына әкеп соқса;
г) бiрнеше рет немесе бұрын нәпсiқұмарлық сипаттағы зорлау әрекеттерiн жасаған адам жасаса;
д) көрiнеу кәмелетке толмағанға жасаса, -
бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Зорлау:
а) абайсызда жәбiрленушiнiң өлуiне әкеп соқтырса;
б) абайсызда жәбiрленушiнiң денсаулығына ауыр зиян келтiруге, оның ВИЧ/ЖҚТБ-ны жұқтырып алуына немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса;
в) жәбiрленушiнiң он төрт жасқа толмағанын көрiнеу бiле тұрып;
г) қоғамдық зiлзала жағдайларын пайдаланған немесе жаппай тәртiпсiздiк барысында жасалса, -
сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
120-бап Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 мамырдағы № 47-II Заңымен енгiзiлген өзгерістермен.
121-бап. Нәпсiқұмарлық сипатындағы күш қолдану
1. Еркек пен еркектiң жыныстық қатынасы, әйел мен әйелдiң жыныстық қатынасы немесе жәбiрленушiге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып не жәбiрленушiнiң дәрменсiз күйiн пайдаланып жасалған нәпсiқұмарлық сипаттағы өзге де әрекеттер-
үш жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол iс-әрекеттердi:
а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласып адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса;
б) өлтiремiн деп қорқытумен ұштасқан, сондай-ақ жәбiрленушiге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатыгездiкпен жасаса;
в) жәбiрленушiнiң соз ауруын жұқтырып алуына әкеп соқса;
г) бiрнеше рет жасалған немесе бұрын зорлау жасаған адам жасаса;
д) кәмелетке толмағаны көрiнеу адамға қатысты жасаса, -
бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер олар:
а) абайсызда жәбiрленушiнiң өлуiне әкеп соқса;
б) абайсызда жәбiрленушiнiң денсаулығына ауыр зиян келтiруiне, оның ВИЧ/ЖҚТБ-ны жұқтырып алуына немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса;
в) кiнәлiге он төрт жасқа толмағаны көрiнеу адамға қатысты жасалса,-
сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
121-бап Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 мамырдағы № 47-II Заңымен енгiзiлген өзгерістермен.
122-бап. Он алты жасқа жетпеген адаммен жыныстық қатынаста болу және
нәпсiқұмарлық сипаттағы өзге де iс-әрекеттер
Он алты жасқа жетпегенi айқын адаммен жыныстық қатынаста болу, еркек пен еркектiң немесе әйел мен әйелдiң қатынасы немесе нәпсiқұмарлық сипаттағы өзге де әрекеттер -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, немесе алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
122-бап Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 мамырдағы № 47-II Заңымен енгiзiлген өзгерістермен.
123-бап. Жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектiң жыныстық қатынас
жасауына, әйел мен әйелдiң жыныстық қатынас жасауына немесе
нәпсiқұмарлық сипаттағы өзге де iс-әрекеттерге мәжбүр ету
Адамды бопсалау, құртамын деп қорқыту, мүлкiн бүлдiру немесе тартып алу жолымен не жәбiрленушiнiң материалдық немесе өзге тәуелдiлiгiн пайдаланып жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектiң жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдiң жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсiқұмарлық сипаттағы өзге де iс-әрекеттердi жасауға мәжбүр ету -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
123-бап Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 мамырдағы № 47-II Заңымен енгiзiлген өзгерiспен.
124-бап. Жас балаларды азғындату
Он төрт жасқа жетпегендiгi айқын адамға қатысты күш қолданусыз азғындық iс-әрекеттердi жасау -
төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
124-бап Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 мамырдағы № 47-II Заңымен енгiзiлген өзгерiспен.
125-бап. Адамды ұрлау
1. Адамды ұрлау -
төрт жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
а) алдын ала сөз байласып адамдар тобымен;
б) бiрнеше рет;
в) өмiр мен денсаулыққа қауiптi күш қолданып;
г) қару немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып;
д) кәмелетке толмағандығы көрiнеу адамға қатысты;
е) кiнәлiге жүктілік жағдайында екендiгi көрiнеу әйелге қатысты;
ж) екi немесе одан да көп адамға қатысты;
з) пайдакүнемдiк ниетте жасалса -
мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер оларды:
а) ұйымдасқан топ жасаса;
б) ұрланған адамды пайдалану мақсатында жасалса;
в) абайсызда жәбiрленушiнiң өлуiне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса, -
мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескертулер.
1. Ұрланған адамды өз еркiмен босатқан адам, егер оның iс-әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
2. Осы Кодекстiң осы бабында және 126, 128, 133-баптарында адамды пайдалану деп, кiнәлiнiң алынған табыстарды иеленiп алуы мақсатында мәжбүрлi еңбектi, басқа адамның жезөкшелiкпен айналысуын немесе ол көрсететiн өзге де қызметтердi пайдалануы, сонымен бiрдей оның өзiне байланысты емес себептер бойынша жұмыстарды немесе қызметтердi орындаудан бас тарта алмайтын адамға қатысты меншiк иесiнiң өкiлеттiктерiн жүзеге асыруы түсiніледi.
125-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 2 наурыздағы № 131-IІI Заңымен енгізілген өзгерістермен.
126-бап. Бас бостандығынан заңсыз айыру
1. Адамды оны ұрлауға байланысты емес бас бостандығынан айыру -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
а) алдын ала сөз байласып адамдар тобымен;
б) бiрнеше рет;
в) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып;
г) қару немесе қару ретiнде пайдаланылған заттарды қолданып;
д) кәмелетке толмағандығы көрінеу адамға қатысты;
е) кiнәлiге жүктілік жағдайында екендiгi көрiнеу анық әйелге қатысты;
ж) екi немесе одан да көп адамға қатысты;
з) пайдакүнемдiк ниетте;
и) жәбiрленушiнiң материалдық немесе өзге де тәуелдiлiгiн пайдаланып жасалса,-
мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер олар:
а) ұйымдасқан топпен жасалса;
б) бас бостандығынан заңсыз айрылған адамды пайдалану мақсатында жасалса;
в) абайсызда жәбiрленушiнiң өлiмiне не өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса -
мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
126-бап Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 2 наурыздағы № 131-IІI Заңымен енгізілген өзгерістер және толықтырумен.
127-бап. Психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру
1. Адамды психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру немесе онда заңсыз ұстау -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет, егер ол:
а) пайдакүнемдiк ниетпен жасалса;
б) адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып жасаса;
в) абайсызда жәбiрленушiнiң өлiмiне не өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.