«2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі)»
(ҚР Үкіметінің 2005.12.12. № 1235 Қаулысына 65-72-қосымшалар)
(үзінді)
Осы редакция 2006 ж. 31 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналардың:
65, 66, 67, 68, 69, 70, 71, 72-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің;
2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
65-қосымша
204 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Сыртқы саяси қызметті қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 9928488 мың теңге (тоғыз миллиард тоғыз жүз жиырма сегіз миллион төрт жүз сексен сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 16 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколын бекіту туралы" № 173 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 4 ақпандағы "Қазақстан Республикасының Дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдігі туралы ережені бекіту туралы" № 1287 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 31 мамырдағы "Шетелдердегі Қазақстан Республикасы қызметкерлерінің еңбек жағдайлары туралы ережені бекіту туралы" № 577 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 21 қарашадағы "Үкіметтік және дипломатиялық хат-хабарларды жеткізу туралы" № 1581 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 19 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шетелдегі мекемелерінің жылжымайтын мүлікті сатып алуының және жалдауының, үй-жайлар мен ғимараттардың күрделі құрылысын салу және жөндеу туралы" № 1144 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 3 қазандағы "Қызмет телефондары мен мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаң нормалары туралы" № 1217 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 мамырдағы Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігін орналастыру үшін Қазақстан Республикасының меншігіне Брюссельде ғимарат сатып алу туралы" № 893 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 9 қазандағы "Қазақстан Республикасының меншігіне Вашингтонда (Колумбия округі, АҚШ) жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алу туралы" № 1431а қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылы 2 қарашадағы "Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтынудың нормативтері туралы" № 1118 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы" № 663 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы "Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудің жекелеген мәселелері" № 136 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарын пайдалануды реттеу туралы" № 288 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 тамыздағы "Қазақстан Республикасының меншігіне Лондон қаласында ғимарат сатып алу туралы" № 1222-73қ қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі "Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы" № 1428 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 ақпандағы "Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен шетелдік іссапарларға арналған валюталық қаражатты жұмсауды ретке келтіру жөніндегі шаралар туралы" өзгерістер мен толықтырулар енгізілген № 148 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері" № 1118 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің қызметкерлеріне дипломатиялық дәрежесі және мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен жұмыс істегені үшін төленетін ақшалай төлемдердің мөлшері туралы" № 1406 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының халықаралық беделін нығайту, халықаралық бейбітшілікті, ғаламдық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: әлемдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға, шет мемлекеттердің сыртқы және ішкі саясатына, халықаралық ұйымдардың қызметте талдау жасау және орталық мемлекеттік органдарды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының халықаралық қауымдастық мүшесі ретінде жаһандық және өңірлік проблемаларды шешудегі рөлін арттыруға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының халықаралық саясатының стратегиясын іске асыру, Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттардың орындалуын жалпы қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын және Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық бастамаларын іске асыру, Қазақстан Республикасының әлеуметтік және экономикалық салаларын дамытуда дүниежүзілік қауымдастықпен ынтымақтастықта Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық бағытын жүзеге асыруға жәрдемдерінің қызметтік міндеттерін тиімді орындау және кәсіби шеберлікті жетілдіру үшін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімді, іскерлік пен дағдыларды жаңғырту, Америка Құрама Штаттарында (Вашингтон қаласы), Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінде (Лондон қаласы) және Бельгия Корольдігінде (Брюссель қаласы) Қазақстан Республикасының меншігіне жылжымайтын мүлік сатып алу бойынша міндеттемелерді орындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Сыртқы саяси қызметті қамта- масыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | 1. Қазақстан Респуб- публикасының Сыртқы істер министрлігін 321 бірлік көлемінде бекітілген штат саны лимитіне сәйкес ұстау және қамтамасыз ету. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқсан. 2. Қызметтік авто- көліктің 14 бірлігін ұстау. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқсан. 3. Консулдық қызмет- тің орындалуын қамтамасыз ету. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқсан. 4. Ел ішінде және шетелдерде Қазақстан Республикасының оң сипаттағы беделін көтеруге бағытталған ақпараттық-насихат- тық қызмет бойынша имидждік өнімді шығару, шет елдерде Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалын насихаттау, басылымдық бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық-түсіндіру материалдарын жариялау. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқсан. 5. Yкіметтік және дипломатиялық хат-хабарлардың, оның ішінде дипломатиялық және үкіметтік жүктердің жеткізілуін қамтамасыз ету. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқсан. 6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколын орындау және қамтамасыз ету. Іске асыру мерзімі - қаңтар- желтоқсан. | жыл ішін- де | Қазақстан Респуб- ликасының Сыртқы істер министр- лігі |
3 | | 007 | Мемле- кеттік қызметші- лердің білікті- лігін арттыру | Мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі қызмет көрсетулердi дипломатиялық қызмет саласында сатып алу. Іске асыру мерзімі - қаңтар-маусым. Мемлекеттік және ағылшын тілдерін үйрету. Іске асыру мерзімі - қаңтар- желтоқсан. | жыл ішін- де | Қазақстан Респуб- ликасының Сыртқы істер министр- лігі |
4 | | 009 | Мемле- кеттік орган- дарды матери- алдық- техни- калық жарақ- тандыру | 1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігін және оның шетелдегi мекемелерін матери- алдық-техникалық қамтамасыз ету, соның ішінде: - дипломатиялық персоналға (орталық орган аппараты, шетелдік мекемелер). Іске асыру мерзімi - қаңтар-желтоқсан. - Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерi және Сыртқы істер министрлігінің протоколдық іс-шараларына қызмет көрсету мен консулдық және фельдъегерлік поштасын жеткізу үшін автокөлік сатып алу. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқсан. 2. Америка Құрама Штаттарында (Вашингтон қаласы), Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінде (Лондон қаласы) және Бельгия Корольдігінде (Брюссель қаласы) Қазақстан Республикасының меншігіне жылжымай- тын мүлік объектілерін сатып алу үшін алынған несиелерді өтеу бойынша Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқсан. | жыл ішін- де | Қазақстан Респуб- ликасының Сыртқы істер министр- лігі мен шетел- дердегі меке- мелері |
5 | | 017 | Ақпарат- тық жүйелер- дің жұмыс істеуін қамтама- сыз ету және мем- лекеттік орган- дарды ақпарат- тық-тех- никалық қамта- масыз ету | 1. Есептегіш техникасын және активті жүйелік жабдықтар сатып алу. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқсан. 2. Шығыс материалдарын, жиынтықтаушы қосалқы бөлшектер сатып алу. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқсан. 3. Лицензияланған бағдарлама өнімін сатып алу. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқсан. 4. Біріктірілген қаржылық жүйе мен ақпараттық порталға әкімшілік ету, әкімшілік жасау, инсталляциялау және пайдалану. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқсан. 5. Бағдарламалық өнімдерді жөнелту. Іске асыру мерзімi - қаңтар-желтоқсан. 6. Есептегіш техникаға жүйелілік- техникалық қызмет көрсету. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқсан. 7. Интернет желісіне шығу қызметін және электрондық пошта қызметіне төлемдi қамтамасыз ету. Іске асыру мерзімi - қаңтар-желтоқсан. | жыл ішін- де | Қазақстан Респуб- ликасының Сыртқы істер министр- лігі мен шетел- дердегі меке- мелері |
6 | | 100 | Органдар- дың басқа елдер- дегi аппарат- тары (елші- ліктер, өкілдік- тер, ди- плома- тиялық миссия- лар) | Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерін қамтамасыз ету, соның ішінде: - шетелдердегі мекемелерді бекітілген штат санының лимитіне сәйкес 559 бірлік көлемінде ұстау және қамтамасыз ету. Іске асыру мерзімi - қаңтар-желтоқсан. - шетелдегі мекемелер үшін автокөлікке техникалық қызмет көрсету. Іске асыру мерзімi - қаңтар-желтоқсан; - шетелде Қазақстан Республикасының оң сипаттағы беделін көтеруге бағытталған ақпараттық-насихат- тық қызмет бойынша имидждік өнім шығару, Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалын насихаттау, басылымдық бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық-түсіндіру материалдарын жариялау. Іске асыру мерзімi - қаңтар-желтоқсан. | жыл ішін- де | Қазақстан Респуб- ликасының Сыртқы істер министр- лігі мен шетел- дердегі меке- мелері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижесі: Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар саласындағы заңдарын жетілдіру, оны Қазақстан Республикасының халықаралық құқықтық міндеттемелеріне сай келтіру, дипломатиялық қызмет жүйесі инфрақұрылымының жұмыс істеуі және оны ұстау, консулдық іс-әрекеттердің орындалуы, Қазақстан Республикасының оң имиджін ілгерілетуге бағытталған ақпараттық-насихаттық қызмет жөніндегі іс-шараларды жүргізу (Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңғырту мәселелері, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында конституциялық құрылыстың қазақстандық тәжірибесін насихаттау бойынша имидждік материалдарды орналастыру, шет елдердегі Қазақстан Республикасы елшіліктерінің Web-сайттарында арнайы беттер ашу, ішкі және сыртқы саясаттың өзекті мәселелері бойынша халықаралық конференциялар мен семинарлар өткізу, шет елдерде тарату үшін мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде таралымы 12000 мың дана болатын 4 журналдан кем емес халықаралық тақырыптар бойынша мерзімдік басылымдар шығару, Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясат саласындағы жетістіктеріне арналған имидждік сипаттағы монографиялық зерттеулерді талдау журналдарын, фотоальбомдарды, кітаптарды шығару, оларды Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне тарату - 80 басылым, Қазақстан Республикасының экономикасы, тарихы және мәдениеті туралы видеокассеталарды, компакт-дискілерді шет тілдерде шығару және шет мемлекеттерге тарату.
Министрліктің орталық аппаратына және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін материалдық-техникалық жарақтандыру.
Орталық аппарат үшін (автокөлік - 2 бірлік, ҚР СІМ ғимаратына кеңсе қондырғылары - 108 бірлік, ҚР СІМ ғимаратына АТС резерві желісі -
1 жиынтық, компьютерлік техника - 80 бірлік, активті желілік жабдықтар - 136 бірлік, лицензияланған бағдарлама өнімін сатып алу - 321 лицензия және т.б.) және шетелдегі мекемелер үшін (автокөлік - 53 бірлік, үй жиһаздары - 157 жиынтық, кеңсе жиһаздары - 162 жиынтық, компьютерлік техника - 142 бірлік және т.б.) негізгі құралдар сатып алу.
40 адамның кәсіби біліктілік деңгейін көтеру, 100 адамның мемлекеттік тілді оқып үйренуі, 40 адамның ағылшын тілді оқып үйренуі.
Түпкі нәтижесі:
Шетелге шығатын Қазақстан Республикасы азаматтарының қауіпсіздігін, олардың шетелдер аумақтары бойынша кедергісіз жүріп тұрып, құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен сауда-экономикалық, қаржы, ғылыми және ғылыми-техникалық, мәдени, сондай-ақ өзге де байланыстарын дамыту мен кеңейту.
Министрлік штатының 12,5 пайызын дипломатия саласында мамандық жетілдіруді, министрлік штатының 31,2 пайызын мемлекеттік тілге оқытуды, министрлік штатының 12,5 пайызын ағылшын тілін оқытуды қамтамасыз ету бюджеттік бағдарламаны іске асыру болып табылады.
Қаржы-экономикалық тиімділігі:
Дипломатиялық қызмет персоналы бір бірлігін ұстаудың жылдық шығыстарының 10046,5 мың теңге (орталық аппарат - 3761,9 мың теңге, шетелдегі мекемелер - 13655,4 мың теңге) көлеміндегі шекті сомамен белгіленеді.
Бір қызметкердің мамандығын жетілдірудің орташа құны 11,3 мың теңге, бір қызметкерді мемлекеттік тілге оқыту құны 9,35 мың теңге, бір қызметкерді ағылшын тіліне үйрету құны 10,0 мың теңге.
Мерзімді уақыты:
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және шет елдердегі мекемелерінің төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының орындалуы, мемлекеттік сатып алулар жоспарының орындалуымен, конкурстық рәсімдердің уақтылы өтуімен және тауарларды, атқарылатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алулар жөніндегі жасалған шарттар бойынша міндеттемелердің орындалуы.
Біліктілікті арттыруға, мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқытуға жасалған шарттарға сәйкес қол жеткізіледі.
Сапасы:
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен жүзеге асырылатын консулдық әрекеттерді жеке және заңды тұлғалардың толық қанағаттануы.
Қазіргі заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес, мемлекеттік кәсіби қызмет талаптарына сай мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін көтеру. Мемлекеттік тілді оқыту курстарынан өткеннен кейін мемлекеттік тілде іс жүргізуге көшкен мемлекеттік қызметшілер үлесі - 65%; ағылшын тілін оқыту курстарынан өткеннен кейін ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілер үлесі - 70%; біліктілігін арттыру курстарын өткеннен кейін жоғары лауазымдарға тағайындаған мемлекеттік қызметшілер үлесі - 25%.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
66-қосымша
204 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Халықаралық ұйымдарға және басқа да халықаралық органдарға қатысу"
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1601879 мың теңге (бір миллиард алты жүз бір миллион сегіз жүз жетпіс тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 26 маусымдағы "Еңбекшілердің жұмыс орындарындағы ауаның ластануы, шу мен тербеліс салдарынан болатын кәсіби қауіптерден қорғау туралы" Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) 1977 жылғы № 148 Конвенциясын бекіту туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 шілдедегі "Біріккен Ұлттар Ұйымының Шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі конвенциясын бекіту туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 30 қазандағы "Қазақстан Республикасының озон қабатын қорғау жөніндегі Вена конвенциясына қосылуы туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 31 қазандағы "Қазақстан Республикасының Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының Жарғысына қосылуы туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы "Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының (ЭЫҰ), мүше-елдер өкілдерінің және халықаралық қызметкерлердің заңдық мәртебесі туралы келісімді бекіту туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 6 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға қосылуы туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 24 маусымдағы "Химиялық қаруды жасауға, өндіруге, жинақтауға және қолдануға тыйым салу және оны жою туралы конвенцияны бекіту туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 23 қазандағы "Қазақстан Республикасының Ауаның алыс қашықтықта шекарааралық ластануы туралы конвенцияға қосылуы туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 23 қазандағы "Қазақстан Республикасының Өнеркәсіптік авариялардың шекарааралық әсері туралы конвенцияға қосылуы туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 23 қазандағы "Ақпаратқа қол жеткізу, қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және сот әділдігіне қол жеткізу туралы конвенцияны бекіту туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 10 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар қорының арасындағы ынтымақтастық туралы негізгі келісімді бекіту туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 7 мамырдағы "Лондонда 1990 жылы 27-29 маусымда жасалған Озон қабатын бүлдіретін заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына Түзетуге Қазақстан Республикасының қосылуы туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 14 желтоқсандағы "Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шартты бекіту туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы "Дүниежүзілік пошта одағының Жарғысына Бесінші қосымша хаттаманы бекіту туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 ақпандағы "Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясына Қазақстан Республикасының қосылуы туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 4 мамырдағы "Климаттың өзгеруі жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының негіздемелік Конвенциясын бекіту туралы"
№ 2260 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы "Қазақстан Республикасы мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа байланысты кепілдіктерді қолдану туралы келісімді бекіту туралы" № 2344 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 18 қазандағы "Энергетикалық Хартияға Шартты және Энергетикалық тиімділік мәселелері мен экологиялық аспектілер жөніндегі Энергетикалық Хартияға Хаттаманы бекіту туралы" № 2537 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 12 наурыздағы "Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының Киото хаттамасына Қазақстан Республикасының қол қоюы туралы" № 84 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 15 қарашадағы "Қазақстан Республикасының Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымға мүше болуы туралы" № 973 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 30 қазандағы "Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияны бекіту туралы" № 1214 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің 1992 жылғы 2 шілдедегі "Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияны бекіту туралы" № 1503-ХII қаулысы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 13 сәуірдегі "Дүниежүзілік Метеорологиялық ұйымы конвенциясына қосылу туралы" № 296 қаулысы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 20 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Халықаралық қылмыстық полиция ұйымына (ИНТЕРПОЛ) кіруіне байланысты іс-шаралар туралы" № 629 қаулысы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 4 наурыздағы "Қазақстан Республикасының Халықаралық теңіз ұйымы (ХТҰ) аясында қабылданған халықаралық конвенцияларға және ХТҰ туралы конвенцияға қосылуы туралы" № 244 қаулысы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 25 наурыздағы "Халықаралық эпизоотикалық бюроға кіру туралы (ХЭБҚ)" № 26-15/2164 қаулысы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 19 сәуірдегі "Метрология және стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымға кіру туралы" № 26-22/4748 қаулысы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 13 мамырдағы "Қазақстан Республикасының халықаралық азаматтық авиациясы ұйымы (ИКАО) аясында қабылданған халықаралық конвенцияларға қосылу туралы" № 506 қаулысы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 19 тамыздағы "Қазақстан Республикасының биологиялық әралуандылық туралы конвенцияны мақұлдау және онда көзделген міндеттемелерін орындауды ұйымдастыру туралы" № 918 қаулысы, Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің 1995 жылғы 20 ақпандағы "Қазақстан Республикасы атынан табиғи ортаға әсер ететін әскери немесе кез келген өзге де дұшпандық ниетте құралдар пайдалануға тыйым салу туралы Конвенцияға қосылу туралы" № 30І-ІІІ қаулысы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 24 мамырдағы "ТЮРКСОЙ-дың құрылымы және жұмыс істеу принциптері туралы шартты бекіту туралы" № 737 қаулысы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 7 қыркүйектегі "Орталық-Азиялық Зерттеулер Халықаралық институтына кіру туралы" № 13253 қаулысы, Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2001 жылғы 8 қарашадағы "Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастық жанындағы Тұрақты өкілі мен оның аппаратын қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері" № 1418 қаулысы, Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 11 желтоқсандағы "Б.С. Сәрсеков туралы" № 1302 қаулысы, Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 29 маусымдағы "Е.Х Қазыханов туралы" № 608 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 наурыздағы "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық Кеңесі жанындағы Экономикалық мәселелер жөніндегі комиссиядағы Қазақстан Республикасы Өкілетті өкілінің қызметін қаржыландыру мәселелері" № 257 қаулысы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 14 қазандағы "Дүниежүзілік туристтік ұйымға кіру туралы" шешімі, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 3 мамырдағы "Еуропалық Экономикалық Комиссияға кіру туралы" № 6234 шешімі, 1991 жылғы 17 желтоқсандағы Байланыс саласындағы аймақтық достастық құру туралы келісім, 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Азаматтық авиация және әуе кеңістігін пайдалану туралы келісім, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 1992 жылғы 13 наурыздағы "Стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы келісілген саясатты өткізу туралы" келісімі, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен БҰҰ арасындағы қатынастар туралы 1992 жылғы 19 тамыздағы келісім, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен БҰҰ Даму бағдарламасы арасындағы 1996 жылғы 24 қыркүйектегі келісім, Орталық/Шығыс Еуропа және Еуразия энергетикасын реттеу органдарының Аймақтық Қауымдастығымен 2001 жылғы 15 наурыздағы "Энергетика саласындағы өзара іс-қимыл туралы" келісімі, 2003 жылғы 29 мамырдағы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының бюджетін қалыптастыру мен орындау тәртібі туралы келісім, 2003 жылғы 19 қыркүйектегі Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру туралы келісім, Табиғи апаттарды азайту жөніндегі Азиялық орталыққа кіру туралы шешім (АSDR), Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 1991 жылғы 21 желтоқсандағы "Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелік туралы" шешімі, ТМД Мемлекет Басшылары Кеңесінің 1993 жылғы 2 наурыздағы "Мұнай және газ жөніндегі Мемлекетаралық Кеңесін құру туралы" шешімі, ТМД Мемлекет Басшылары Кеңесінің 1993 жылғы 9 қыркүйектегі "Химия және мұнайхимия саласындағы ынтымақтастық туралы" шешімі, Ислам Конференциясы Ұйымының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы шешімі, Дүниежүзілік Сауда Ұйымының жыл сайынғы сессиясының 1996 жылғы 26 қаңтардағы "Қазақстан Республикасына бақылаушы мәртебесін беру туралы" шешімі, ТМД Үкімет Басшылары Кеңесінің 1996 жылғы 12 сәуірдегі "ТМД Үкіметаралық статистикалық комитеті туралы ереже туралы" шешімі, Халықаралық техникалық комитеттің жыл сайынғы сессиясының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы "Өрттердің алдын алу және сөндіру жөніндегі (МТКПТП-СТIF)" шешімі, Орталық Азия Мемлекеттері Басшыларының 1997 жылғы 28 ақпандағы "Халықаралық Аралды құтқару қорының қаражатын қалыптастыру туралы" шешімі, ИКҰ-ға мүше елдердің жыл сайынғы сессиясының 1997 жылғы 12 наурыздағы "ИКҰ жанындағы Статистика, экономика және әлеуметтік зерттеулер мен даярлау жөніндегі орталыққа кіру туралы" шешімі, ИКҰ-ға мүше елдердің жыл сайынғы сессиясының 1997 жылғы 12 наурыздағы "ИКҰ жанындағы Ислам технологиялық институтына кіру туралы" шешімі, ИКҰ-ға мүше елдердің жыл сайынғы сессиясының 1997 жылғы 12 наурыздағы "ИКҰ жанындағы сауда дамыту жөніндегі Ислам орталығына кіру туралы" шешімі, 1998 жылғы 17 сәуірдегі Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) Атқару комитетінің шешімі, 1998 жылғы 5 тамыздағы Мәдени меншікті зерттеу, сақтау және қалпына келтіру жөніндегі Халықаралық институттың жыл сайынғы жиналысының шешімі (ІССRОМ), Мемлекетаралық ТМД Экономикалық одағының экономикалық комитетінің 1998 жылғы 11 қыркүйектегі "Жолшылар одағына ТМД мемлекетаралық органы мәртебесін беру туралы" шешімі, ИКҰ-ға мүше елдердің Бас Конференциясының 1999 жылғы 17 маусымдағы "ИКҰ-ға мүше елдердің Парламенттік Одағына кіру туралы" шешімі, ТМД Мемлекеттері Басшылары Кеңесінің 2000 жылғы 25 қаңтардағы "ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Бас прокурорларының Үйлестіру Кеңесі туралы" шешімі, БАҚ байланыс әкімшілік басшылары Кеңесінің 2000 жылғы 29 маусымдағы "Байланыс саласының аймақтық қауымдастығының қаржысы туралы ереже туралы" № 2315 шешімі, ТМД Үкіметтері Басшылары Кеңесінің 2001 жылғы 18 мамырдағы "ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің көліктік үйлестіруші кеңесін құру туралы" шешімі, 2005 жылғы 17 наурыздағы Азиядағы өзара ықпалдасу мен сенім шаралары жөніндегі кеңесінің Секретариаты (АӨСШК) туралы ережені дайындау бойынша арнайы жұмысшы тобы мәжілісінің шешімі, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 5 ақпандағы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымына кіру жөніндегі декларациясы, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 5 ақпандағы "Өнеркәсіптік меншік саласындағы халықаралық шарттар туралы" декларациясы, 2001 жылғы 15 маусымдағы "Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын" құру туралы декларациясы, 1991 жылғы 21 желтоқсандағы "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы" Алматы Декларациясы, 1992 жылғы 12 қаңтардағы ОБСЕ Парламент Ассамблеясы Секретариатының хабарламасы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 1996 жылғы 11 ақпандағы Ислам Ұйымы Конференциясынан (ИҰК) хабарламасы, 1996 жылғы 4 маусымдағы "Қазақстан Республикасының Халықаралық еңбек ұйымына мүше болуы туралы (ХЕҰ)" хабарлама, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысының 1997 жылғы 1 қаңтардағы "Біріккен Ұлттар Ұйымының Өнеркәсіпті дамыту бойынша" хабарламасы, Жоғарғы аудиторлар мекемесінің Халықаралық ұйымы Бас директорының (I№TOSAI) 1997 жылғы 2 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының мүшелігі туралы" хабарламасы, Жоғарғы аудиторлар мекемесінің Азиялық ұйымы Бас директорының (ASOSAI) 1997 жылғы 27 маусымдағы "Қазақстан Республикасының мүшелігі туралы" хабарламасы, Орталық Азия Халықаралық институты Директоратының (МИЦАИ) 1998 жылғы 19 ақпандағы "Қазақстан Республикасының мүшелігі туралы" хабарламасы, Көшпенді өркениетті зерттеу жөніндегі Халықаралық институт директорының (МИИКЦ) 1998 жылғы 12 тамыздағы хабарламасы, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 46-шы сессиясының 1992 жылғы 2 наурыздағы "Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелігін растау туралы" қарары, БҰҰ-ның 46-шы сессиясының 1992 жылғы 2 наурыздағы "БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымдары туралы" қарары, БҰҰ-ның 46-шы сессиясының 1992 жылғы 2 наурыздағы "БҰҰ-ның тұрғын халықтар қоры туралы" қарары, БҰҰ-ның 46-шы сессиясының 1992 жылғы 2 наурыздағы "БҰҰ-ның балаларға жәрдем беру қоры туралы" қарары, 1994 жылғы 26 сәуірдегі Табиғат және мәдени мұраларды қорғау жөніндегі конвенцияға қол қою, Табиғи апаттарды азайту жөніндегі Азиялық орталықтың (АDRS) Бас конференциясының 1999 жылғы 14 ақпандағы Қазақстан Республикасының мүшелігін растайтын қарары, Парламентаралық Ассамблея Кеңесінің 2002 жылғы 6 желтоқсандағы "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының қызметін қаржыландыру туралы" № 43 қаулысы, ЮНЕСКО-ның 1992 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО-ға мүшелігін растайтын нотасы, 2003 жылғы 28 сәуірдегі "Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Органдары жөніндегі ережелер туралы" Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешімі, 1993 жылғы 22 қаңтардағы ТМД Жарғысы.