P/c № | Мазмұны | Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетiлетiн қызметтердiң атауы |
1 | 2 | 3 |
1 | Қысқаша сипаттамасы | |
2 | Шыққан елi (жұмыстарды сатып алған кезде алынып тасталады) | |
3 | Жасаушы зауыт (жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алған кезде алынып тасталады) | |
4 | Өлшем бiрлiгi | |
5 | Бірлік бағасы _______ _____________ ___________________ ИНКОТЕРМС 2000 (жеткiзiлетiн пункт) шартымен | |
6 | Саны (көлемi) | |
7 | Барлық бағасы = 5жол х 6жол ___ | |
8 | Ықтимал өнiм берушiнiң тасымалдауға, сақтандыруға, кедендiк баждарды, ҚҚC-ты және басқа да салықтарды, төлемдердi және алымдарды төлеуге жұмсалатын барлық шығыстарды, жиынтық детальдардың, мiндеттi қосалқы бөлшектердiң және пайдаланудың бастапқы мерзiмi iшiнде өлшем бiрлiгiне қызмет көрсету құнын және басқа да шығыстарды қоса алғанда ______________ИНКОТЕРМС 2000 (жеткiзiлетін пункт) шартымен жалпы бағасы __________. Ықтимал өнiм берушi басқа да шығыстарды көрсетуге құқылы, оның iшiнде: | |
8.1 | | |
8.2 | | |
9 | Шегерiм ұсынылған жағдайда, оның мөлшерi | |
9.1 | | |
9.2 | | |
Бiз конкурстық құжаттамада айтылған Сiздiң төлем
шарттарыңызбен келiсемiз. Төлемнiң мынадай балама шарттарын
____________________________________________________________________
(егер төлемнің балама шарттары болса, санамаланады)
немесе басқа шарттарды (санамалау: ________________________________)
ұсынамыз, бұл ретте ________________________________________________
(ақшалай мәнде жазбаша көрсетiледi)
__________________________________ мөлшерде баға шегерiмiн беремiз.
_________________ _____________________________
(Қолы) (Лауазымы, тегі, аты-жөнi)
M.O.
Ескерту: ықтимал өнiм берушi 8-жолда көрсетілген жалпы бағаның
құрамдастарын көрсетпеуi мүмкiн, бұл ретте осы жолда көрсетiлген бағаны
конкурстық комиссия ықтимал өнiм берушiнiң барлық шығындарын ескере
отырып, белгiленген ретiнде қарайды және қайта қарауға жатпайды.
7-қосымша
Сатып алу бойынша конкурсқа қатысу үшiн ықтимал өнiм берушiлер
ұсынған конкурстық өтiнiмдер салынған конверттерді ашу хаттамасы
(конкурстың атауы)
(Ашу орны) (Уақыты және күні)
Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия: (конкурстық комиссия төрағасының, оның орынбасарының, мүшелерiнiң тегi, аты-жөнi, лауазымы, конкурстық өтiнiмдердi ашу күнi, уақыты және орны) конкурстық өтiнiмдер салынған конверттерді ашу рәсiмiн өткiздi.
Конкурстық құжаттама мынадай ықтимал өнiм берушiлерге (конкурстық құжаттама табыс етiлген барлық ықтимал өнiм берушiлердiң атауы, мекен-жайы) табыс етiлдi.
Мынадай ықтимал өнiм берушiлердiң (конкурстық өтiнiмдердi табыс етудiң соңғы мерзiмi өткеннен кейiн конкурстық өтiнiмдердi табыс еткен барлық ықтимал өнiм берушiлердiң атауы, мекен-жайы, конкурстық өтiнiмдердi табыс етудiң уақыты) конкурстық өтiнiмдерi ________________________________________________________________ негізiнде ашылмай қайтарылды.
Конкурстық өтiнiмдерді табыс eтyдің соңғы мерзiмi өткенге дейiн белгіленген мерзiмде конкурстық өтiнiмдi ұсынған мынадай ықтимал өнiм берушiлердің конкурстық өтiнiмдерi (конкурстық өтiнімдердi табыс етудiң соңғы мерзімi өткенге дейiн конкурстық өтiнімдердi табыс еткен барлық ықтимал өнiм берушiлердiң атауы, мекен-жайы, конкурстық өтiнiмдердi табыс етудiң уақыты) ашылды және олар конкурстық өтiнiмдердi ашу кезiнде барлық қатысушыларға жарияланған (тауардың, жұмыстың немесе көрсетiлетiн қызметтiң бiрлiгiнiң бағасы, конкурстық өтiнiмнiң жалпы бағасы, әрбiр конкурстық өтiнімнiң негізгi шарттары, конкурстық өтiнiмдi құрайтын құжаттардың бар болуы немесе болмауы туралы ақпарат, конкурстық өтiнiмдердi керi қайтарып алу және оның өзгерістерi туралы және конкурстық өтiнімдердi ашу кезiнде хабарланған басқа да ақпарат) қамтиды. Конкурстық өтiнiмдерді ашу кезiнде мынадай ықтимал өнiм берушiлер: (конкурстық өтiнiмдердi ашу кезiнде қатысқан барлық ықтимал өнiм берушiлердiң атауы, мекен-жайы және олардың уәкілеттi өкiлдерiнiң тегi, аты-жөнi) қатысты.
Конкурстық комиссия төрағасының, оның орынбасарының, мүшелерiнiң және хатшысының тегi, аты-жөнi және қолдары.
8-қосымша
ҚР Үкіметінің 06.05.04 ж. № 508 қаулысымен 8-қосымша өзгертілді (бұр. ред. қара)
Сатып алу жөніндегі конкурстың
қорытындылары туралы хаттама
(конкурстың атауы)
(Орналасқан жерi) (Уақыты және күнi)
1. Конкурстық комиссия (конкурстық комиссияның құрамы атап көрсетiледi) құрамда (сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi қысқаша сипаттау) мемлекеттік сатып алу жөнінде (ашық, жабық, екi кезеңдi рәсімдердi пайдалана отырып) конкурс өткiздi.
2. Әрбiр лот бойынша жеке сатып алу үшiн бөлiнген сома (сома көрсетіледi) теңге.
3. Конкурстық құжаттаманы сатып алды/алды (конкурстық құжаттаманы сатып алған/алған барлық ықтимал өнiм берушiлердiң атауы және орналасқан жерi атап көрсетiледi, сатып алған/алған күнi).
4. Ықтимал өнiм берушiлерден конкурстық құжаттаманы түсiру туралы сұраулар (егер осындай сұраулар орын алған болса, мазмұны жазылады) түсті және оларға мынадай түсірулер (сұрауларға берiлген жауаптардың қорытылған мазмұны жазылады) берiлдi.
5. (Егер конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлген болса, өзгерістер мен толықтырулар қорытылып жазылады).
6. Конкурсқа қатысуға мынадай ықтимал өнiм берушiлер (конкурстық өтiнімдi табыс еткен барлық ықтимал өнім берушiлердiң атаулары және орналасқан жерлерi атап көрсетiледi, табыс етілген күнi) конкурстық өтiнiмдерін табыс еттi.
7. Мынадай конкурстық өтiнiмдер (қабылданбаған конкурстық өтiнімдер туралы толық ақпарат берiледі, оларды қабылдамаған барлық себептерi мен негiздемелерi атап көрсетiледi) қабылданбады. Барлық конкурстық өтiнiмдер қабылданбаған жағдайда, тиiстi себептерi де көрсетiледi.
8. (Ықтимал өнiм берушiлердiң біліктілік мәліметтерi туралы немесе мұндай мәлiметтердiң болмауы туралы ақпарат жазылады).
9. Ықтимал өнiм берушiлер (тауарларды жеткізу жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету) бойынша мынадай ұсыныстар ұсынды: (ықтимал өнiм берушi конкурстық өтiнiмiн табыс еткен лоттың атауы, тауардың, жұмыстың немесе қызметтiң бiрлiгiнiң бағасы, әpбip конкурстық өтiнімнiң жалпы бағасы және әрбiр конкурстық өтiнiмнiң басқа да негiзгi шарттары қысқаша атап көрсетіледi).
10. Табыс етiлген конкурстық өтiнімдердi қарау кезінде конкурстық комиссия конкурстық өтiнімдердi бағалаудың және салыстырудың мынадай өлшемдеріне сүйенді: (олар бар болған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы дайындаған конкурстық құжаттамаға сәйкес конкурстық комиссия қолданатын конкурстық өтiнiмдердi бағалаудың және салыстырудың өлшемдерi атап көрсетiледi).
11. (Сарапшыларды тарту, ықтимал өнiм берушiлер ұсынып отырған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердiң конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестiгi бойынша олардың ұсынған қорытындылары туралы ақпарат).
12. Конкурстық комиссия конкурстық өтiнімдерді бағалаудың және салыстырудың нәтижелерi бойынша ШЕШТI:
1) (Осы конкурстық өтiнiмдi табыс еткен ықтимал өнiм берушiнiң атауы және орналасқан жерi, сондай-ақ ол жеңiмпаз деп танылған шарттар көрсетiледi) конкурстық өтiнiмi конкурста жеңіп шыққан деп танылсын.
Егер конкурстық өтiнiмдер қаралған, бағаланған және салыстырылған кезде конкурстың жеңiмпазы анықталмаса немесе барлық конкурстық өтiнiмдер қабылданбаған болса, тиicтi себебi көрсетiледi.
2) Конкурс жеңiмпазының ұсынысынан кейiн ұсыныстары артықшылықты болып танылған ықтимал өнiм берушiлер (ықтимал өнiм берушілердiң (екеуге дейiн) атауы және орналасқан жерi басымдық тәртібі бойынша көрсетiледi).
3) Тапсырыс берушi (тапсырыс берушiлер) (әрбiр тапсырыс берушiнiң атауы және орналасқан жерi атап көрсетiледi) _______ жылдың ___ _______ дейiнгi мерзімде (жеңiп шыққан конкурстық өтiнiмдi ұсынған ықтимал өнім берушiнiң атауы көрсетiледi) мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасассын.
4) Конкурсты ұйымдастырушы (конкурсты ұйымдастырушының атауы көрсетіледi):
- бұқаралық ақпарат құралдарында өткiзілген конкурстың қорытындыларын жарияласын.
Конкурстық комиссия төрағасының, оның орынбасарының, мүшелерi мен хатшысының немесе хатшылықтан құжатқа қол қоюға өкілеттік берiлген жауапты адамның қолдары.
9-қосымша
Сатып алу хаттамасының нысаны
(бip көзден сатып алу тәсiлiмен жүргiзілген тауарларды,
жұмыстарды және қызметтердi әрбiр сатып алуға бөлек жасалады)
(Орналасқан жерi) (Отырыс күні)
Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия: (конкурстық комиссия
төрағасының, оның орынбасарының, мүшелерiнiң тегi, аты-жөнi, лауазымы)
________ жылғы "___" ________ № ___ хатқа сәйкес мемлекеттік сатып алу
жөнінде уәкілетті органмен ("Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының (бұдан әрi - Заң) 21-бабының 2-тармақшасына сәйкес
келісім қажет болса - (уәкiлеттi органның атауы) келісім бойынша
(тауарлардың атауы, жұмыстардың, қызметтердiң түрлерi көрсетiледi)
мемлекеттік сатып алуды (тауардың атауын, жұмыстардың, қызметтердiң
түрлерiн көрсету) жүзеге асыру үшiн ШЕШТI:
1. (Заңның 21-бабының 1-тармағына және 24-бабына сәйкес бiр көзден
мемлекеттік сатып алу тәсiлiн қолданудың негiздемесi жазылады) байланысты
бiр көзден мемлекеттік сатып алу тәсiлi қолдансын.
2. __________________________________________________________
(Өнім берушiнiң атауы)
мынадай негізде "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 8-бабында және Ереженiң ___ тармағында көзделген біліктілік
талаптарына сәйкес келедi.
___________________________________________________________________
(ықтимал өнім берушi біліктілік талаптарына сәйкестiгiн растау
___________________________________________________________________
үшiн ұсынған құжат көрсетіледi)
3. (Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасатын өнiм берушiнiң атауы
және орналасқан жерi көрсетiледi) жалпы сомасы ____ (мемлекеттік сатып
алу туралы шарттың бағасы көрсетiледi) (сатып алынатын бiртектi
тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң қысқаша сипаттамасы) мемлекеттік
сатып алу туралы шарт жасассын.
Конкурстық комиссия төрағасының, оның орынбасарының, мүшелерiнiң
және хатшысының қолдары
Өнiм берушi басшының қолы, тегi, аты-жөнi және деректемелерi
10-қосымша
МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ ШАРТТЫ
ОРЫНДАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ НЫСАНЫ
(БАНКТIК КЕПIЛ)
Банктің атауы: ____________________________________________________
(банктiң атауы және деректемелерi)
Кiмге: ____________________________________________________________
(тапсырыс берушiнiң атауы және деректемелерi)
№ ____ КЕПIЛДIК МIНДЕТТЕМЕ
___________________ __ ж. "___" ____________
(орналасқан жерi)
_________________________________________ бұдан әрi - Өнiм берушi
(өнім берушiнiң атауы)
___________________________________________________________________
(тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердiң сипаттамасы)
жеткізуге (орындауға, көрсетуге) мемлекеттік сатып алу туралы ___ ж.
"___" __________ № __ шарт жасасқанын назарға ала отырып және Сiз осы
Шартта Өнiм берушi банктiк кепiл түрiнде жалпы сомасы ______ теңге Шартты
орындауды қамтамасыз етудi енгізетiндiгiн көздедiңiз.
Осыған байланысты бiз ______________________________________
(банктiң атауы)
жоғарыда көрсетiлген Шарт бойынша кепiл болып табылатынымызды осымен
растаймыз және өзiмiзге Ciздің талабыңыз бойынша Сiзге
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(сомасы цифрмен және жазбаша)
тең соманы Сiзден төлеуге арналған жазбаша талап, сондай-ақ Өнiм
берушiнің Шарт бойынша өзiнің міндеттемесін орындағаны немесе тиiстi
түрде орындамағаны туралы жазбаша растама алған бойда төлеу үшiн өзiмiзге
қайтарып алынбайтын мiндеттеме аламыз.
Осы кепiлдiк мiндеттеме оған қол қойылған сәттен бастап күшiне енедi және Өнiм берушi Шарт бойынша өз мiндеттемелерiн толық орындаған сәтiне дейiн қолданылады.
Осы кепілдiк міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен мiндеттемелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.
Кепілдердің қолы және мөрi Күнi мен мекен-жайы
(Банк басшысының және
бас бухгалтерiнiң атынан)
__________________________ ________________________
11-қосымша
Конкурстың қорытындылары туралы хабарландыру нысаны
__________________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)
______ жылы "___" _________ (конкурсты өткізу орны көрсетiледi)
өткiзiлген (сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердiң
атауы көрсетіледі) мемлекеттік сатып алу жөніндегі ашық конкурстың
қорытындыларын хабарлайды:
№ ___ (лоттың атауы көрсетiледi) лот бойынша (конкурс жеңімпазының
атауы және мекен-жайы көрсетiледi) бағасы (тауарлардың, жұмыстардың және
қызметтердiң бiрлiгiнiң бағасы және конкурстық өтiнiмнiң жалпы бағасы
көрсетiледi) теңге жеңімпаз болып танылды.
Егер конкурс өткiзiлмеген болып танылған жағдайда, қорытындылар
туралы хабарландыруда мыналар көрсетiледi:
___________________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)
____ жылы "____" ____________ (конкурсты өткізу орны көрсетіледi)
өткiзiлген (сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердiң
атауы көрсетіледi) мемлекеттік сатып алу жөніндегi ашық конкурс
өткiзiлмеген деп танылғанын хабарлайды, себептерi көрсетiлмейдi (қажет
болған жағдайда, қай лоттар бойынша конкурс өткiзiлмеген деп танылғаны
көрсетiледi).
12-қосымша
ҚР Үкіметінің 29.01.04 ж. № 110 қаулысымен 12- қосымша өзгертілді
Мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер және қазыналық
кәсiпорындар шарттың қолданылуын ұзартуға құқылы тауарлар,
жұмыстар және қызметтер тiзбесi
- тамақ өнiмдерi;
- тамақты ұйымдастыру жөніндегі қызметтер;
- дәрi-дәрмек препараттары;
- жанар-жағар май материалдары;
- монша-кiр жуу бойынша көрсетілетiн қызметтер;
- жолдарды қысқы ұстау жөніндегі жұмыстар;
- автокөлiктiк қызметтер;
- қайтыс болған жалғыз басты және туыстары жоқ азаматтарды жерлеу;
- банктiк қызметтер.
- жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын орнату, монтаждау, жөндеу және пайдалану жөніндегі көрсетілетін қызметтер
ҚР Үкіметінің 06.05.04 ж. № 508 қаулысымен 13-қосымшамен толықтырылды
13-қосымша
Жабық конкурстың қорытындылары туралы хабарлама нысаны
____________________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)
___ жылғы "___" ________ (конкурсты өткізу орны көрсетiледi)
өткізілген (сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және
көрсетiлетiн қызметтердiң атауы көрсетiледi)
мемлекеттік сатып алу жөніндегі жабық конкурстың қорытындыларын
хабарлайды:
№ ___ (лоттың атауы көрсетiледi) лот бойынша бағасы (тауарлар,
жұмыстар және көрсетілетiн қызметтер бiрлігiнiң бағасы және конкурстық
өтінiмнің жалпы бағасы көрсетiледі)
теңгемен (конкурс жеңiмпазының атауы және мекен-жайы көрсетiледi)
жеңiмпаз болып танылды.
Егер конкурс өткiзiлмедi деп танылған жағдайда, қорытындылар туралы
хабарламада мыналар көрсетілсiн:
____________________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)