ҚР Үкіметінің 06.05.04 ж. № 508 қаулысымен 52-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
52. Ағымдағы жөндеу жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсты өткiзген кезде конкурсты ұйымдастырушы жұмыстардың әрбiр түрi бойынша ықтимал өнiм берушiлердi анықтау жөнiнде конкурстар өткiзе алады.
53. Жұмыстарды мемлекеттік сатып алулар жөніндегі конкурсқа қатысатын және бас мердiгер болып әрекет ететiн ықтимал өнiм берушi осы құрылыста көзделген барлық жұмыстарға немесе қосалқы мердiгерлердi тартқан жағдайда, олар орындайтын жұмыс түрлерiне лицензия ұсынады.
Қосалқы мердiгерлердi тартқан жағдайда ықтимал өнiм берушi өзiнiң конкурстық өтiнiмiнде осындай қосалқы мердiгерлердiң тiзбесiн көрсетедi.
§ 6. Iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулер мен
әзiрлемелер жүргізу бойынша көрсетiлетiн қызметтердi,
фармацевтикалық және медициналық мақсаттағы өнiмдердi мемлекеттік
сатып алуды жүзеге асырудың ерекшелiктерi
54. Олар үшiн сатып алуды жүзеге асырудың басқа тәсiлi Заңмен көзделмеген, оларды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргiзу мiндеттi iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулер мен әзiрлемелер жүргiзу бойынша көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттік сатып алу екi кезеңдi рәсiмдi пайдалана отырып конкурс өткізу тәсiлiмен жүзеге асырылуға тиiс.
55. Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтiнiмдi ықтимал өнiм берушi әрбiр бағдарлама, жоба (лот) бойынша ресiмдейдi және онда ұсыныстың техникалық-экономикалық, қаржылық және ғылыми-технологиялық тиiмдiлiгiн, бағдарламалар мен жобаларды және зерттеулердiң нәтижелерiн iске асыру кезіндегі әлеуметтiк, экологиялық және басқа салдарларын сараптамалық бағалау үшiн қажеттi және жеткiлiктi ақпарат, сондай-ақ қабылданатын мiндеттемелердi орындау үшiн кәсiби білімiнiң, тәжiрибесiнiң, беделiнiң, қажеттi қаржылық, материалдық-техникалық және еңбек ресурстарының бар екенiн растайтын құжаттар болуға тиiс.
56. Бастапқы конкурстық өтiнiмдердi ашудың және түпкiлiктi қабылдаудың мерзiмi Заңның 11-бабының 2-тармағына сәйкес белгiленедi.
57. Ықтимал өнiм берушi әзiрлеген және ұсынатын бастапқы конкурстық өтiнiмде мынадай компоненттер болуға тиiс:
1) конкурстық құжаттамаға сәйкес толтырылған конкурсқа қатысуға арналған өтiнiм;
2) ықтимал өнiм берушiнiң конкурстық құжаттама талап ететiн, мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысу үшiн қажеттi біліктілікке ие екендiгi туралы куәландыратын құжаттамалық дәлелдеме;
3) сатып алынатын көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық, сапалық және өзге сипаттамаларына қатысты ұсыныстар және оларды көрсетудiң талаптары;
4) конкурстық құжаттамаға сәйкес ұсынылуы қажет басқа да құжаттар.
58. Мұндай конкурстың бiрiншi кезеңiнде ықтимал өнiм берушiнiң, конкурстық өтiнiмдердiң техникалық ерекшелiктерi мен баға талаптарына сәйкестiгiн қоспағанда, Заңның 8-бабының 1-тармағында санамаланған біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттамада көрсетiлген өлшемдерге сәйкестiгi қаралады.
59. Конкурстық комиссия бiрiншi кезеңде, егер:
1) конкурстық өтiнiм берген ықтимал өнiм берушi біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
2) конкурстық өтiнiм конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап бермесе конкурстық өтiнiмдi қабылдамай тастайды.
60. Конкурстың бiрiншi кезеңiнде конкурстық комиссия көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық, сапалық немесе өзге сипаттамаларына және оларды көрсетудiң (бағадан басқа) шарттық талаптарына қатысты бастапқы конкурстық өтiнiмi қабылданған кез келген ықтимал өнiм берушiмен келiссөздер жүргiзе алады.
61. Конкурстың бiрiншi кезеңi аяқталуы бойынша конкурсты ұйымдастырушы конкурстық комиссияның шешiмi негiзiнде конкурстық құжаттамаға өзгерістердi әзiрлейдi және бекiтедi, олар конкурстық құжаттаманың барлық жеткiлiксiз бөлiмдерiн, сондай-ақ түпкiлiктi конкурстық өтiнiмдердi ұсынудың және ашудың талаптарын қамтиды.
Түпкiлiктi конкурстық өтiнiмдердi ұсынудың және ашудың мерзiмiн конкурсты ұйымдастырушы, конкурстың бiрiншi кезеңiнде қабылданған бастапқы конкурстық өтiнiмдердi, конкурстық құжаттамаға бекітілген өзгерістердi барлық ықтимал өнiм берушiлерге ұсынғаннан кейiн 20 күннен кешiктiрмей, дербес белгiлейдi.
62. Конкурстық құжаттамаға өзгерістерде конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтiнiмдердi бағалау мен салыстыру және ұтқан конкурстық өтiнiмдi анықтау үшiн конкурстық құжаттамада кез келген бастапқы белгiленген көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық, сапалық немесе өзге сипаттамаларының аспектiлерiн, сондай-ақ конкурстық құжаттамада кез келген бастапқы белгiленген өлшемдердi алып тастай алады немесе өзгерте алады және жаңа сипаттамалар мен өлшемдер қоса алады.
Бастапқы бекітілген конкурстық құжаттама, сондай-ақ оған өзгерістер мен толықтырулар бiрыңғай конкурстық құжаттаманы құрайды.
63. Конкурстың екiншi кезеңiнде iрiктеудiң бiрiншi кезеңiнен өткен, iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулер мен әзiрлемелер бойынша тиiстi бағдарламаны (жобаны), конкурстық комиссия ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы уәкiлеттi орган ұйымдастыратын мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамаға жiбередi. Конкурстың екiншi кезеңiнде техникалық ерекшелiкке сәйкестiк мәселесi қаралады және конкурстық өтiнiмдер баға факторы бойынша және осы Ережеде белгiленген және конкурстық құжаттамада көрсетiлген бағалау өлшемдерiне сәйкес жүзеге асырылады. Жеңiмпаз конкурстық өтiнiмдердiң шартты бағаларын салыстыру арқылы анықталады.
64. Қажет жағдайда конкурстың екiншi кезеңiнде iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулер мен әзiрлемелердiң бағдарламалары мен жобалары арнаулы сараптамаға (экологиялық және/немесе басқа) жiберiлуi мүмкiн.
65. Iргелi және қолданбалы зерттеулер бойынша конкурс өткiзген кезде конкурстық өтiнiмнiң қолданылу мерзiмi конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашу күнiнен бастап кемiнде 75 күнтiзбелiк күн деп белгiленедi.
66. Конкурстық құжаттамаға сәйкес ұсынылған түпкiлiктi конкурстық өтiнiмдер осы Ережеге сәйкес бағаланады және салыстырылады.
67. Егер осы параграфпен өзгеше көзделмесе, екi кезеңдi рәсiмдi пайдалана отырып тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу бойынша конкурс өткізу кезiнде ашық және жабық конкурс өткізу кезіндегідей рәсiмдер мен ережелер пайдаланылады.
68. Медициналық мақсаттағы фармацевтикалық өнiмдi мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезiнде бiртектес тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердi анықтау үшiн тапсырысшы медициналық мақсаттағы бiртектес құралдар мен бұйымдар топтарының тiзбесiн көздейтiн, азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы орталық атқарушы органның актiсiн басшылыққа алады.
§ 7. Бағдарламалық қамтамасыз ету жөніндегі көрсетiлетiн
қызметтердi мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекшелiктерi
69. Бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу және оны сүйемелдеу бойынша көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттік сатып алу кезiнде конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада әзiрленген бағдарламалық өнiмге мүлiктiк құқықтың тапсырысшыға тиесiлiлiгi туралы, сондай-ақ тапсырысшының қызметкерлерiн оқыту туралы талапты көздейдi.
Осы талап мемлекеттік сатып алу туралы шартта көзделуге тиiс.
70. Конкурсты ұйымдастырушы осындай бағдарламалық өнiмдi сүйемелдеудiң толық циклын көздей алады.
71. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада өнiм берушiнiң қосалқы мердiгерлердiң сатып алынатын көрсетiлетiн қызметтердiң жалпы көлемiнiң үштен бiрiнен аспайтын көрсетiлетiн қызметтерiн тарту мүмкiндiгi туралы көрсетуi қажет.
ҚР Үкіметінің 19.08.03 ж. № 825 қаулысымен § 8 жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара); ҚР Үкіметінің 27.03.04 ж. № 371 қаулысымен § 8 алынып тасталды
§ 8. Ауыл шаруашылығы өнімдері мен оның өңделген өнімдерін,
сондай-ақ оларды сақтау мен тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетуді
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізудің ерекшеліктері.
72. Ауыл шаруашылығы өнімдері мен оның өңделген өнімдерін, сондай-ақ оларды сақтау мен тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетуді мемлекеттік сатып алуды бюджеттік кредиттерді қоса алғанда, республикалық бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен белгіленген жеткізушілер (агенттер) жүзеге асырады.
73. Бюджеттік кредиттерді қоса алғанда, республикалық бюджет қаражаты есебінен жеткізушілер (агенттер) жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы өнімдерін және оның өңделген өнімдерін, сондай-ақ оларды сақтау мен тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетуді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
§ 9. Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын
бiрыңғай конкурсты ұйымдастырушы
74. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң шешiмiмен бюджеттік шығындарды азайту мақсатында және мемлекеттік органдарға ведомостволық бағынысты мемлекеттік мекемелерден басқа, бiрнеше тапсырысшылардың тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң бiртектес түрлерiн сатып алу қажеттiгі туындаған жағдайда, бiрыңғай конкурсты ұйымдастырушы белгiленуi мүмкiн.
75. Бiрыңғай конкурсты ұйымдастырушы белгiленген жағдайда тапсырысшылар конкурсты ұйымдастырушыға олар белгiлеген мерзiмде, конкурсты ұйымдастыру мен өткізу үшiн қажет ақпарат, соның iшiнде осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сатып алудың жоспарын, сатып алынатын тауарлардың (көрсетiлетiн қызметтердiң) техникалық ерекшелiктерiн, жұмыстарды сатып алған кезде объектiлердiң құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттаманы ұсынады, сондай-ақ бiрыңғай конкурсты ұйымдастырушыға осы ақпараттағы өзгерістер туралы дереу хабарлайды. Бұл орайда тапсырысшылар ұсынылатын ақпараттың сапасы мен толықтығына кепiлдiк бередi.
76. Бiрыңғай конкурсты ұйымдастырушы конкурстық рәсiмдердi әзiрлеу және өткізу жөнiндегі өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
77. Бiрыңғай ұйымдастырушы өткiзген конкурстың қорытындысы бойынша тапсырысшылар жеңiмпаздармен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасады.
§ 10. Ұсынылған конкурстық құжаттама үшiн
ақы алудың тәртібі мен шарты
78. Конкурстық құжаттаманы бергенi үшiн мемлекеттік мекемелер алатын ақы конкурсты ұйымдастырушының тиiстi бюджетiнiң кiрiстер кодына аударылады.
79. Мемлекеттік кәсiпорындар, сондай-ақ акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi акционерлік қоғамдар және солармен аффилиирленген заңды тұлғалар конкурстық құжаттаманы ұсынғаны үшiн алатын ақы конкурсты ұйымдастырушының қызмет көрсетiлетiн банктердегi банктiк шотына немесе оның бухгалтериясына аударылады.
80. Конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрген ықтимал өнiм берушiге конкурстық құжаттаманы ұсынғаны үшiн, конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн жасауға, ал жабық конкурс өткiзiлген жағдайда, оны салып жiберуге кететiн нақты шығыннан аспайтын ақы алуға құқылы.
81. Конкурстық құжаттаманы байланыс көрсететiн қызметтi пайдалана отырып жөнелту қажет болған жағдайда, осы көрсетiлетiн қызметтер бойынша конкурсты ұйымдастырушының шығыны конкурстық құжаттаманы ұсынғаны үшiн алынатын ақының жалпы мөлшерiне енгiзiледі.
82. Ақы төленгенi туралы растау конкурсты ұйымдастырушыға конкурстық құжаттаманы алған кезде берiледi.
83. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi мен Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құратын тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер өндiретiн ұйымдарға және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларға конкурстық құжаттама тегiн берiледi.
§ 11. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың
орындалуын қамтамасыз етудi енгізудiң тәртібі
84. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету:
1) банкте орналастырылатын ақша кепiлi;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес берiлген және осы Ереженiң 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалған банктiк кепiлдеме түрiнде белгiленуi мүмкiн.
Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерiн конкурсты ұйымдастырушы (тапсырысшы), егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының 3%-ынан 5%-ына дейiнгi мөлшерде белгiлейдi.
85. Конкурстық құжаттамада конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттік мекеменiң атынан, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгізудi ақша кепiлi түрiнде көздеген жағдайда, олар тапсырысшының конкурстық құжаттамада көрсетiлген тиiстi шотына енгiзiледi.
86. Шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң мазмұнын, нысанын және енгiзiлу талаптарын осы Ережеге сәйкес тапсырысшы анықтайды, олар конкурстық құжаттамада көрсетiледi және мемлекеттік сатып алу туралы үлгi шартқа сәйкес жасалатын мемлекеттік сатып алу туралы шартта айтылады.
87. Шарттың орындалуын қамтамасыз етудi өнiм берушi мемлекеттік сатып алу туралы шартқа тараптар қол қойғаннан кейiн, егер бұл шартта өзгеше көзделмесе, он жұмыс күнi iшiнде енгiзедi.
§ 12. Өткізуге дайындалып жатқан және өткiзiлген
мемлекеттік сатып алу туралы мәлiметтердiң
жариялану тәртібі
ҚР Үкіметінің 2004.31.12 № 1446 қаулысымен 88 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
88. Конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен уәкілетті орган айқындайтын мерзiмдi баспасөз басылымында өткізуге дайындалып жатқан және өткiзiлген мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру жариялайды.
Уәкілеттi орган айқындаған мерзiмдi баспасөз басылымы туралы ақпарат уәкілеттi органның Web-сайтында орналастырылады.
89. ҚР Үкіметінің 2004.31.12 № 1446 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
90. ҚР Үкіметінің 2004.31.12. № 1446 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
91. ҚР Үкіметінің 2004.31.12. № 1446 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
92. Ашық конкурс өткiзген жағдайда конкурсты ұйымдастырушы, мерзiмдi баспасөз басылымында хабарландыру жариялаудан басқа, конкурс өткізу туралы ақпаратты Web-сайтта орналастыра алады, сондай-ақ жарияланған хабарландыру көлемiнде өзiне белгiлi ықтимал өнiм берушiлерге конкурсқа қатысу жөнiнде шақыру жiбере алады.
93. Конкурс өтпеген жағдайда конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысқан барлық ықтимал өнiм берушiлерге конкурс өткiзiлетiнi туралы хабарландыру жарияланған мерзiмдi баспасөз басылымының өзiнде конкурстың өтпегенi туралы хабарлайды.
94. Конкурстың қорытындылары туралы хабарландыруды конкурсты ұйымдастырушы конкурс өткiзiлетiнi туралы хабарландыру жарияланған мерзiмдi баспасөз басылымында осы Ережеге 11-қосымшаға сәйкес нысанда жариялайды, ал оннан астам атаудағы (лоттар) тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтер сатып алынған жағдайда конкурсты ұйымдастырушының Web-сайтына орналастырылуы мүмкiн.
95. Баспасөз баспаларының хабарландырулар жариялау жөніндегі қызметтерiн мемлекеттік сатып алу, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3-тарау. Қорытынды ережелер
96. Тапсырысшы шарттың орындалуына енгiзiлген қамтамасыз етудi өнiм берушi осы шарт бойынша өз мiндеттемелерiн шартта көрсетiлген мерзiмде толық және тиiсiнше орындағаннан кейiн немесе, егер шартта бұл мерзiм көрсетiлмесе, өнiм берушi мiндеттемелерiн толық орындаған сәттен бастап бес жұмыс күнi iшiнде өнім берушiге қайтарады.
97. Ереженiң салалық ерекшелiктерiнде көрсетiлген тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезiнде шарттар жасасу мерзiмдерi, Заңның 23-бабының 2-тармағында белгiленгенiнен басқа, конкурс қорытындылары шығарылған күннен бастап бiр айға дейін ұзартылуы мүмкін.
ҚР Үкіметінің 06.05.04 ж. № 508 қаулысымен 98-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)
98. Егер өнiм берушi шарт бойынша өз мiндеттемелерiн орындамаса немесе тиiстi түрде орындамаса (тауарларды жеткiзiп беру, жұмыстарды орындау және қызметтердi көрсету мерзiмдерiн бұзу, сапасыз тауарлар беру, жұмыстарды сапасыз орындау, сапасыз қызметтер көрсету, шарттың басқа да талаптарын бұзу), онда тапсырысшы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шарттың орындалуына өнiм берушi енгiзген қамтамасыз етудi ұстап қалады.
Уәкiлеттi орган Тапсырысшының өтiнiшi бойынша уәкiлеттi органның Web-сайтында орналастырылатын терiс пиғылды немесе сенiмсiз өнiм берушiлердің тiзіміне енгізген өнiм берушi:
Заңның 8-бабының 3-тармағына сәйкес терiс пиғылды өнiм берушiлерге қатысты бiліктілік талаптар бойынша оларға толық емес немесе дұрыс емес ақпарат беру фактiсi белгiленген сәттен бастап бiр жыл;
Заңның 8-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы осындай шарттар бойынша олардың өз мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиесiлі орындамағаны үшiн жауапкершілікке тарту туралы ол бойынша соттың шешiмi бар шарт жасалған сәттен бастап екi жыл iшiнде мемлекеттік сатып алу процесiне қатысуға жiберiлмейдi.
Осы Ережеде терiс пиғылды өнiм берушi деп жалған және/немесе толық емес ақпаратты ұсынған өнiм берушiлер түсiндiрiледi (Заңның 8-бабының 3-тармағы).
Осы Ережеде сенiмсiз өнiм берушi деп оған қатысты мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттар бойынша олар мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн оны жауапкершiлiкке тарту туралы соттың заңды күшiне енген шешiмi бар өнiм берушi түсiнiледi (Заңның 8-бабы 1-тармағының 5) тармақшасы).
99. Конкурстық рәсiмдердi өткізу кезiнде конкурс комиссиясы жол берген жолсыздықтар анықталған жағдайда, тапсырысшының басшысы және/немесе конкурсты ұйымдастырушы конкурсты өтпедi деп тануға құқылы, сондай-ақ қажет болған кезде тапсырысшының басшысы және/немесе конкурсты ұйымдастырушы және/немесе ықтимал өнiм берушi конкурс комиссиясының шешiмiн қайта қарау немесе конкурс комиссиялары шешiмдерiнiң күшiн жоқ мәселесi бойынша мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкiлеттi органға жүгiнуге құқылы.
Егер конкурсты өткізу барысында Қазақстан Республикасының сатып алу туралы заңнамасының бұзылу фактiлерi анықталса, тапсырысшы мен конкурсты ұйымдастырушы конкурс рәсiмiн тоқтата тұрады, шартқа қол қоюдан бас тартады, конкурсты өтпедi деп таниды және мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкiлеттi органға бұл туралы хабарлайды.
100. Конкурс рәсiмдерi осы Ереженiң 99-тармағында көрсетiлген себептермен тоқтатылған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы конкурс өткiзiлетiнi туралы хабарландыру жарияланған мерзiмдi басылымның өзiнде хабарландыру жариялайды, сондай-ақ конкурсқа қатысқан әрбiр ықтимал өнiм берушiге конкурс рәсiмдерiнiң тоқтатылғаны туралы хабарлайды.
101. Мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсiпорындардың қызметiн толассыз қамтамасыз ету мақсатында тапсырысшы тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қолданылуын, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгiленген мерзiмде республикалық бюджет туралы заң немесе мәслихаттың тиiстi жылға арналған жергiлiктi бюджет туралы шешiмi қабылданбаса, сол шарт бойынша осы Ережеге 12-қосымшада көрсетiлген тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiне сәйкес ағымдағы жылдың бiрiншi тоқсанының бюджеттік қаржы бөлу көлемiнен аспайтын көлемде келесi жылдың бiрiншi тоқсанына ұзартуға құқылы.
102. Мемлекеттік сатып алу процесi мемлекеттік органдарға мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсiпорындарға арналған қаржы жоспары және шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындарға, акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi акционерлік қоғамдарға, сондай-ақ олармен аффилиирленген заңды тұлғаларға арналған бюджеттер (бизнес-жоспарлар) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекітілгеннен кейiн жүзеге асырылады.
Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң номенклатурасы мен көлемiн дайындауды және бекітудi Қазақстан Республикасының ұлттық Банкi оның шығындарының қолданылып жүрген жiктемесiне сәйкес жүзеге асырады, соның негiзiнде мемлекеттік сатып алу жоспары жасалады.
103. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсiпорындарға оның мақсаттар мен мiндеттерiн iске асыру үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік тапсырыс беруi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бекітілген бюджетi (шығыс сметалары) шеңберiнде уәкiлеттi органмен келiсе отырып жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 06.05.04 ж. № 508 қаулысымен 104-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
104. Заңда көзделген жағдайда мемлекеттік сатып алу тәсiлiн таңдауды келiсудi мемлекеттік сатып алу процесi басталғанға дейiн тапсырысшы жүзеге асырады.
105. Сатып алынатын тауарлар тез бұзылатын сипатта болған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы аймақтар бойынша жеке конкурстар өткiзе алады.
106. Конкурсты ұйымдастырушының конкурс құжаттамасын, соның iшiнде нақты сатып алуға қойылатын техникалық талаптарды дайындауы кезiнде адал бәсекенi қамтамасыз ету мақсатында сол сатып алуға коммерциялық жағынан мүдделi болуы мүмкiн және сатып алынатын тауарларды жеткiзiп беру (қызметтер көрсету жұмыстар орындау) саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға байланысты ұйымдардың кеңестерi мен сондай адамдардың қызметтерiн пайдалануға жол берiлмейдi.
107. Ашылған конкурстық өтiнiмдер ықтимал өнiм берушiлерге қайтарылмайды. Банк кепiлдiгiнiң түпнұсқасына ерекшелiк жасалуы мүмкін, бұл орайда конкурсты ұйымдастырушы осы құжаттың конкурсты ұйымдастырушы куәландырған ксерокөшiрмесi сақталуға тиiс.
ҚР Үкіметінің 06.05.04 ж. № 508 қаулысымен 108-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
108. Өткiзiлген мемлекеттік сатып алу материалдары конкурсты ұйымдастырушының/тапсырысшының тиiстi iс номенклатурасында белгiленген тәртiппен сақталады.
109. Баға (тарифтер) немесе олардың шектi деңгейiн және шығындар қалыптасуының ерекше тәртібін белгiлеу бөлiгiнде табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi, сондай-ақ сатып алу тәсiлiн реттеу мен келiсудi табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiн бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңнамасы нормаларының сақталуын бақылауды мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
110. Тапсырысшының (конкурсты ұйымдастырушының) оқшауланған бөлiмшелерi Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары орналасқан жағдайда, олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік сатып алу процесi олар орналасқан аумақтағы мемлекеттердiң заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.
1-қосымша. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi)
сатып алу жоспары (қажеттілік)
2-қосымша. Алдағы болатын конкурс туралы хабарландыру нысан
3-қосымша. Жабық конкурс өткізу туралы хабарлама нысаны
4-қосымша. Конкурсқа қатысуға өтінім (заңды тұлғалар үшiн)
5-қосымша. Конкурсқа қатысуға өтінім (жеке тұлғалар үшiн)
6-қосымша. Ықтимал өнiм берушiнің конкурстық өтінiмінің
бағалар кестесі
7-қосымша. Сатып алу бойынша конкурсқа қатысу үшiн ықтимал өнiм
берушiлер ұсынған конкурстық өтiнiмдер салынған
конверттерді ашу хаттамасы
8-қосымша. Сатып алу жөніндегі конкурстың қорытындылары
туралы хаттама
9-қосымша. Сатып алу хаттамасының нысаны
10-қосымша. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды
қамтамасыз ету нысаны
11-қосымша. Конкурстың қорытындылары туралы хабарландыру нысаны
12-қосымша. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер және
қазыналық кәсiпорындар шарттың қолданылуын ұзартуға
құқылы тауарлар, жұмыстар және қызметтер тiзбесi
13-қосымша. Жабық конкурстың қорытындылары туралы хабарлама нысаны
1-қосымша
Толтырылған уақыты:______ жылғы_____/______
(Тапсырыс берушiнiң атауы)____ жылға тауарларды, жұмыстарды және
көрсетiлетiн қызметтердi) сатып алу жоспары (қажеттілік)
(осы құжат конкурстық құжаттаманың құрамдас бөлiгi болып табылмайды және
ықтимал өнiм берушілерге ұсынылмайды, тапсырыс берудi конкурстың
ұйымдастырушысына бередi)
┌───┬─────────┬───────────┬─────┬─────┬────────┬──────────┬───────────┐
│ № │ Сатып │ Тауар. ├Өлшем│Саны │Тауарды │ Тауарды │Сатып │
│ │алынатын │ лардың, │ бір-│(тұ- │жеткізу,│ жеткізу, │ алу │