Қазақстан Республикасы ?кіметінің 1999 жылғы 11 тамыздағы № 1143 және
1999 жылғы 14 желтоқсандағы № 1917 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қазандағы № 1155 қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 14 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгізiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесiн жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 14 желтоқсандағы № 1917 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 54, 541-құжат):
3 және 7-тармақтардағы "Экономика" деген сөз "Индустрия" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясының құрамына мыналар енгізiлсiн:
"Мәсiмов - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің
Кәрiм Қажымқанұлы орынбасары, Мемлекеттік комиссияның
төрағасы
Өксiкбаев - Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк
Омархан Нұртайұлы Кеңесiнің Хатшысы, Мемлекеттік комиссия
төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Дүтбаев - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Нартай Нұртайұлы қауiпсiздiк комитетiнің төрағасы
(келісім бойынша)
Школьник - Қазақстан Республикасының Энергетика
Владимир Сергеевич және минералдық ресурстар министрi
Сапарбаев - Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау
Бердібек Mәшбекұлы агенттiгiнің төрағасы";
мынадай жолдар:
"Есенбаев - Қазақстан Республикасының Экономика
Мәжит Төлеубекұлы және сауда министрi, кiшi комиссиялардың
төрағасы
Әбусейiтов - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер
Қайрат Қуатұлы вице-министрi"
мынадай редакцияда жазылсын:
"Есенбаев - Қазақстан Республикасының Индустрия
Мәжит Төлеубекұлы және сауда министрi
Әбусейiтов - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер
Қайрат Қуатұлы бiрiншi вице-министрi";
мынадай:
"Экспорттық бақылауға жататын өнімдердiң экспорты-импорты және транзитi мәселелерi жөнiндегі кiшi комиссия Экспорттық бақылау жүйесiн жетілдiру жөніндегi кiшi комиссия" деген жолдар алынып тасталсын;
көрсетiлген құрамнан Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы, Тәжин Марат Мұхамбетқазыұлы, Тiлеубердин Алтай Абылайұлы, Кәкiмжанов Зейнолла Халидоллаұлы, Қасымов Әлiбек Хамитұлы, Божко Владимир Карпович, Ыдырысов Ерлан Әбілфайызұлы, Мырзахметов Абылай Исабекұлы, Нефедов Петр Петрович, Рахымбеков Боран Ғиззатұлы, Арынов Ерлан Асатайұлы, Қанешев Бiржан Бисекенұлы, Байғарин Бекболат Әбдiғалиұлы, Жантикин Тимур Мифтахұлы, Қосынов Алмас Олжабайұлы, Могильный Валерий Валентинович шығарылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелерi жөніндегi мемлекеттік комиссиясы туралы ережеде:
7-тармақта:
"Премьер-Министрi" деген сөздер "Премьер-Министрінің орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын;
"бiрiншi" деген сөз алынып тасталсын;
8-тармақтың екiншi абзацы, 1), 2) тармақшалары, 9-тармақ, 10-тармақтың үшiншi абзацы алынып тасталсын;
11, 12 және 13-тармақтардағы "(кiшi комиссия)" деген сөздер алынып тасталсын;
14-тармақтағы "(кiшi комиссия)" деген сөздер алынып тасталсын;
15-тармақтағы "экспорттық бақылауға жататын өнiмдердiң экспорты-импорты және транзитi мәселелерi жөніндегі кiшi комиссия (бұдан әрi - бiрiншi кiшi комиссия)" деген сөздер және "бiрiншi кiшi комиссия" деген сөздер "Комиссия" деген сөзбен ауыстырылсын;
16-тармақтағы "бiрiншi кiшi комиссия" деген сөздер "Комиссия" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) "Экспорттық бақылауға жататын өнiмдер транзитiнің кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 тамыздағы № 1143 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Экспорттық бақылауға жататын өнiмдердi Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге Қазақстан Республикасы Үкіметінің рұқсатын берудің тәртiбінде:
3-тармақтың екiншi абзацындағы "Энергетика," деген сөз алынып тасталсын;
7-тармақтың 10) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлігімен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігімен" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақта:
бiрiншi абзацтағы "экспорттық бақылауына жататын өнiмдердiң экспорты-импорты және транзитi мәселелерi жөніндегі кiшi комиссия" деген сөздер алынып тасталсын;
үшiншi, төртiншi, бесiншi, алтыншы, жетiншi және сегiзiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"жай қару-жарақ пен әскери техника, шикiзат, материалдар, арнайы жабдықтар мен технологиялар, оларды өндiруге байланысты жұмыстар мен көрсетiлген қызметтер - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне; ядролық және арнайы ядролық емес материалдар, жабдықтар, қондырғылар, технологиялар, иондық сәуле шығаратын көздер, екiұдай қолданылатын өнім, жабдықтар мен тиiстi технологиялар, оларды өндiруге байланысты жұмыстар мен көрсетiлген қызметтер - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне;
таратпаудың халықаралық режимдерiмен белгiленетiн тiзiмдер, тізбелер бойынша химиялық қару жасау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн екiұдай қолданылатын химикаттар мен технологиялар - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне және Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне;
тiзімдерi, тiзбелерi таратпаудың халықаралық режимдерiмен белгiленетiн бактериологиялық (биологиялық) және улы қару жасау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн ауру қоздырғыштар, олардың генетикалық жағынан өзгертiлген нысандары мен генетикалық материалдардың бөлшектерi - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне;
тiзiмдерi, тiзбелерi таратпаудың халықаралық режимдерiмен белгiленетiн зымыран техникасы, двигательдер, олардың компоненттерi, жабдықтары, зымыран техникасын жасау кезiнде қолданылатын материалдар мен технологиялар - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігіне;
қарудың өзге де қауiптi түрлерi - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігіне;
әскери мақсаттағы өнiмге және екiұдай қолданылатын технологияларға байланысты ғылыми-техникалық ақпарат, көрсетiлетiн қызметтер мен зияткерлiк қызметтiң нәтижелерi - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне".
12-тармақтағы "экспорттық бақылауға жататын өнiмдердiң экспорты-импорты және транзитi мәселелерi жөніндегі кiшi комиссиясының" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |