Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және
төлеудің ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 161 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 28.06.02 ж. № 703; 2005.20.01. № 36; 2005.24.05. № 499 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 24 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың уақытылы төленуін қамтамасыз етсін.
3. Тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы 2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 2001 жылғы
31 қаңтардағы № 161
қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2005.24.05. № 499 Қаулысымен мәтін бойынша сөздер ауыстырылды (бұр. ред. қара)
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы
тағайындаудың және төлеудiң ережесi
Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудiң тәртібін белгiлейдi.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрi - жәрдемақы) - әлеуметтiк көмекке мұқтаж адамдарға жәрдемақылардың өзге түрлерiне қарамастан берiлетiн ақшалай төлем;
2) жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң аумақтық органдары;
ҚР Үкіметінің 2005.20.01. № 36 қаулысымен 3)-тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3) арнаулы комиссиялар - 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр кезеңiнде кемiнде 6 ай жұмыс iстеген адамдардың жұмыс стажын белгiлеу үшін тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiмдерiнiң шешiмдерiмен құрылатын комиссиялар;
4) жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi орган - жәрдемақы төлеудi жүзеге асыратын ұйым ("Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орган" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны);
5) жәрдемақы беру жөніндегі уәкiлеттi орган - заңнамада белгiленген тәртiппен таңдап алынған банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар.
ҚР Үкіметінің 2005.20.01. № 36 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. ҚР Үкіметінің 2005.24.05. № 499 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3. Жәрдемақы 2001 жылдың 1 қаңтарына дейiн тағайындалған жәрдемақы алушыларға жәрдемақыны қайта тағайындау Заңда көзделген негiздер бойынша ғана жүргiзiледi.
4. Жәрдемақы ай сайын өткен ай үшiн және оны алуға құқығы туындаған сәттен бастап жәрдемақы тағайындалған шарттардың сақталуы кезеңiне, Заңда белгiленген мөлшерде төленедi.
2. Жәрдемақыны тағайындаудың тәртібі
ҚР Үкіметінің 2005.20.01. № 36 (бұр. ред. қара); 2005.24.05. № 499 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 5-тармақ өзгертілді
5. Заңның 4-бабында көрсетілген негiздер бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтар жәрдемақы тағайындату үшiн тұрғылықты жеріндегі жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды ұсынады;
1) 1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтiнiш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) жәрдемақы алу құқығын растайтын құжаттар;
4) әлеуметтiк жеке код (ӘЖК) тағайындалғандығы туралы куәлiк;
5) азаматтарды тіркеу кiтабы.
ҚР Үкіметінің 28.06.02 ж. № 703; 2005.20.01. № 36 (бұр. ред. қара); 2005.24.05. № 499 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 6-тармақ өзгертілді
6. Жәрдемақы алу құқығын растайтын құжаттар:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi үшiн - Ұлы Отан соғысына қатысушының немесе мүгедегiнiң куәлiгi;
2) Кеңес Одағының Батырлары, Социалистiк Еңбек Ерлерi, үш дәрежедегi Даңқ орденiнiң, үш дәрежедегi Еңбек Даңқы орденiнiң иегерлерi үшiн награданың куәлiгi;
3) жеңiлдіктерi мен кепiлдiктерi бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестiрiлген адамдар (2, 3, 4-қосымшалар) үшiн:
қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн еңбек өткерген жылдарына есептелетiн қалаларда Ұлы Отан соғысы кезiнде қызмет атқарған әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттік қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары үшiн - белгiленген үлгiдегi куәлiк немесе Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестiрiлген адамдарға берілетін жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі № 2247 Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес жеңiлдiктерге құқығы туралы белгi соғылған зейнеткерлiк куәлiгi;
Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттік қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдары, не тиiстi кезеңде қорғанысына қатысу 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгіленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына есептелетiн қалаларда болған адамдар үшiн - белгiленген үлгiдегi куәлiк немесе Заңға сәйкес жеңiлдiктерге құқығы туралы белгiсi бар зейнеткерлiк куәлiгi;
Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк баласы (тәрбиеленушiсi) және теңiзшi бала ретiнде болғандар үшiн - белгіленген үлгiдегі куәлiк немесе Заңға сәйкес жеңiлдiктерге құқығы туралы белгiсi бар зейнеткерлiк куәлiгi;
екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шетелдердiң аумағында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистiк құралымдар құрамында қатысқан адамдар үшiн - белгіленген үлгідегi куәлiк немесе Заңға сәйкес жеңілдiктерге құқығы туралы белгiсi бар зейнеткерлiк куәлiк;
Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсiпшілiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы КСР Одағы Балық өнеркәсiбi комиссариатының, Теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезiнде әскери қызметшілер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шептерi, флоттардың жедел iс-қимыл жасау аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерiне орай мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бастапқы кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында тұтқындалған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерi - белгіленген үлгiдегi куәлiк немесе Заңға сәйкес жеңiлдiкке құқығы туралы белгiсi бар зейнеткерлiк куәлiгi;
қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен марапатталған адамдар үшiн "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiне немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiне қоса берiлетiн немесе Заңға сәйкес жеңiлдiкке құқығы туралы бар зейнеткерлiк куәлiгi;
екiншi дүниежүзілiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақдастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары үшiн - жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқын куәлігі не екiншi дүниежүзілiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлерде, геттоларда және басқа ерiксiз ұстау орындарында мәжбүрлеп ұсталғандығы туралы мұрағаттық анықтама немесе Заңға сәйкес жеңілдікке құқығы туралы белгiсi бар зейнеткерлiк куәлiгi;
басқа мемлекеттердiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар, атап айтқанда: бұрынғы КСР Одағы үкiметтiк органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттік қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшілерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi істер министрлігінiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүргiзiлген кезеңде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүргiзiлген кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған жұмысшылар мен қызметшiлер үшін - белгіленген үлгiдегi куәлiк, комиссариаттан алынған, басқа мемлекет аумағында соғыс қимылдарына қатысқандығын растайтын анықтама немесе басқа мемлекеттердiң аумағында ұрыс қимылдарына қатысқандығы туралы белгi соғылған әскери билет, Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткендiгiн растайтын құжат және жараланған, контузия алған немесе зақымданғанын растайтын медициналық құжаттар, ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiне және медальдарына қоса берiлетiн куәлiк;
1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар үшiн - Чернобыль АЭС-індегі аварияның зардаптарын жоюға қатысушы куәлiгi немесе Чернобыль АЭС-індегі аварияның немесе азаматтық немесе әскери тағайындау объектiлеріндегі басқа радиациялық апаттардың зардаптарын жоюға қатысқанын, ядролық сынақтар мен оқуларға тiкелей қатысқанын растайтын құжат немесе әскери комиссариаттан немесе Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнен азаматтық немесе әскери тағайындау объектілеріндегі басқа радиациялық апаттардың зардаптарын жоюға қатысқан фактiсiн растайтын, ядролық сынақтар мен оқуларға тiкелей қатысқанын растайтын анықтама;
4) жеңілдiктерi мен кепiлдiктерi бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрілген адамдар үшiн:
бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзілген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер үшiн - әскери қызметшілер қатарындағы мүгедек екендiгi туралы куәлiгi (Кеңес Армиясы мүгедегiнiң жеңілдiктерге құқығы туралы), жараланғаны, мүгедектiгi туралы анықтама, әскери комиссариаттан соғыс қимылдарына қатысқан фактiсiн растайтын анықтама немесе Заңға сәйкес жеңілдiктерге құқығы туралы белгi соғылған зейнеткерлiк куәлiгi;
әскери мiндетiн орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзілген мемлекеттерде әскери мiндетiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының Iшкi iстер және мемлекеттік қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар үшiн белгiленген үлгiдегi куәлiк, жаралануы, контузия алуы, зақымдануы туралы анықтама, Iшкi iстер органдарының, Ұлттық Қауiпсiздiк комитетiнiң тиiстi анықтамасы немесе Заңға сәйкес жеңілдiктерге құқығы туралы белгi соғылған зейнеткерлiк куәлiгi;
1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейiнгi кезеңде Украин КСР-i, Беларусь КСР-i, Литва КСР-i, Латвия КСР-i, Эстон КСР-i аумақтарында iс-қимыл жасаған халықты қорғаушы, жауды жоюшы батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлермен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтiк мiндетiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған адамдар үшiн - белгiленген үлгідегi куәлiк, жаралануы, контузия алуы, зақымдануы, мүгедектiгi туралы анықтама, әскери комиссариаттан соғыс қимылдарына қатысқан фактiсiн растайтын анықтама немесе Заңға сәйкес жеңілдiктерге құқығы туралы белгi соғылған зейнеткерлiк куәлiгi;
басқа елдерде iс-қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргiзу кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған тиiстi санаттағы жұмысшылар мен қызметшiлер үшiн - белгiленген үлгiдегi куәлiк, жаралануы, контузия алуы, зақымдануы, мүгедектiгi туралы анықтама, тиiстi санатын және басқа елдерде қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсету салдарынан мүгедек болуын растайтын құжат немесе Заңға сәйкес жеңiлдiктерге құқығы туралы белгi соғылған зейнеткерлiк куәлiгi;
Чернобыль АЭС-індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiмен мүгедектiгi тектiк байланыстағы олардың балалары үшiн - белгiленген үлгiдегi куәлiк, Чернобыль АЭС-індегі апаттың немесе басқа азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарынан мүгедектiгі жөніндегі халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы орган аумақтық бөлiмшесінің анықтамасы немесе Радиациялық әсерге байланысты аурудың себептiк байланысын анықтау жөніндегі орталық ведомствоаралық кеңестiң қорытындысы;
5) Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердiң ата-аналары мен қайтадан некеге отырмаған жесiрлерi үшiн - әскери комиссариаттан әскери қызметшiнiң қайтыс болғандығы немесе қаза тапқаны туралы анықтама, әскери қызметшiге туыстық жақындығын растайтын құжат (неке туралы куәлiгi, балалардың туу туралы куәлiгi);
6) қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң қайтадан некеге отырмаған әйелi (күйеуi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзгендердiң, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен марапатталған, жалпы аурудың, еңбек жарақатының салдарынан және басқа себептерден (заңға қарсы әрекеттерден басқа) мүгедек деп танылған азаматтардың әйелi (күйеуi) үшiн - неке туралы куәлiгi, зайыбының қайтыс болғандығы туралы куәлiк, жұбайының (зайыбының) мүгедектiгiн растайтын құжат болып табылады;
7) қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) әскери қызметшiлердiң отбасылары үшiн, атап айтқанда:
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде алған жаралануы, контузия алуы, зақымдануы, ауруы салдарынан қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары үшiн - қаза тапқан (қайтыс болған) адамның өлiмi туралы хабарлама немесе куәлiк, әскери қызметшiнiң қаза тапқан немесе хабарсыз кеткен фактiсi туралы әскери комиссариаттан алынған анықтама, қаза тапқан адаммен туыстық жақындығын растайтын құжат (неке туралы куәлiк, балалардың туу туралы куәлігі);
бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасылары, қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) адамның балалары, асырауындағылар үшiн - қаза тапқан (қайтыс болған) адамның өлiмi туралы хабарлама немесе куәлiк, әскери қызметшiнiң бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан немесе хабарсыз кеткен фактiсi туралы әскери комиссариаттан алынған анықтама, қаза тапқан адаммен туыстық жақындығын растайтын құжат (неке туралы куәлiк, балалардың туу туралы куәлiгi);
қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң отбасылары үшiн - қаза тапқан (қайтыс болған) адамның өлiмi туралы хабарлама немесе куәлiк, қызмет мiндеттерiн атқару кезінде қаза тапқан фактiсiн растайтын iшкi iстер органдарынан алынған анықтама немесе құжат;
ата-аналары үшiн - қаза тапқан (қайтыс болған) адамның өлiмi туралы хабарлама немесе куәлiк, әскери қызметшiнiң қаза тапқан немесе хабарсыз кеткен фактiсi туралы әскери комиссариаттан алынған анықтама және қаза тапқан адаммен туыстық жақындығын растайтын құжат (балалардың туу туралы куәлiгi);
қайтадан некеге отырмаған әйелi (күйеуi) үшiн - қаза тапқан (қайтыс болған) адамның өлiмi туралы хабарлама немесе куәлiк, әскери қызметшiнің қаза тапқан немесе хабарсыз кеткен фактiсi туралы әскери комиссариаттан алынған анықтама, қаза тапқан адаммен туыстық жақындығын растайтын құжат (неке туралы куәлiк);
Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары үшiн - қаза тапқан (қайтыс болған) адамның өлiмi туралы куәлiк, Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезiнде қайтыс болғанын растайтын құжат, қаза тапқан адаммен туыстық жақындығын растайтын құжат (неке туралы куәлiк, балалардың туу туралы куәлiгi);
сәуле ауруы салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердiң, сондай-ақ, өлiмi Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың әсер етуiне белгiленген тәртiппен байланысты болған азаматтардың отбасылары үшiн - сәуле ауруы салдарынан қайтыс болған адамның немесе қайтыс болған мүгедектің, сондай-ақ өлiмi Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың әсер етуiне белгіленген тәртiппен байланысты болған азаматтың өлiмі туралы куәлік, өлiмнің радиациялық әсер ету салдарынан болғанын растайтын құжат, қаза тапқан адаммен туыстық жақындығын растайтын құжат (неке туралы куәлiк, балалардың туу туралы куәлігі);
8) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен қалтқысыз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдар үшiн (5-қосымша) - белгiленген үлгідегі куәлiк немесе марапаттау куәлігі немесе мұрағат анықтамасы немесе марапатталу фактiсi туралы жазбасы бар еңбек кітапшасы;
9) 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемiнде 6 ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен қалтқысыз әскери қызметі үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдар үшiн - еңбек кiтапшасы немесе 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда жұмысы туралы мәлiметтері бар өзге де құжаттар, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда әскери қызмет кезеңi туралы мәлiметтері бар әскери билет немесе анықтама;
1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда жұмысы туралы мәлiметтерi бар өзге де құжаттарға:
жұмыс орны, сондай-ақ мұрағат мекемелерi берген жұмыс кезеңдерi туралы мәліметтері бар құжаттар;
бұйрықтардан, жеке шоттары мен жалақы төлеуге арналған ведомостан үзiндi көшiрмелер;
коммунистiк партия немесе кәсiподақ мүшелерінің мүшелік билеттерi немесе есеп карточкалары;
қызметін бұрын қолданыста болған заңнамаға сәйкес жүзеге асырып келген жұмыс стажын анықтау жөніндегі, зейнетақы тағайындау жөнiндегі комиссиялардың шешiмдерi;
сот шешiмдерi;
арнайы комиссиялардың шешiмдері;
1998 жылға дейiн берiлген жеңiлдіктер алуға құқық туралы куәлік жатады;
фабрика-зауыт училищелерiнде оқыған фактiсiн растайтын анықтамалар;
10) 1988-1989 жылдарда Чернобыль АЭС-iндегі апаттың салдарын жоюға қатысушылар, қоныс аудару күніне құрсақта болған балаларын қоса алғанда, оқшаулау және қоныс аудару аймағынан (өз еркімен кеткен) Қазақстан Республикасына қоныс аударғандар қатарындағы адамдар үшін Чернобыль АЭС-індегі аварияны жоюға қатысушының куәлiгi немесе Чернобыль АЭС-iндегі аварияны жоюға қатысу фактiсiн растайтын құжат, балалардың туу туралы куәлiгі;
11) I, II және III топтағы мүгедектер, оның iшiнде 16-дан 18 жасқа дейiнгi мүгедек балалар үшiн - халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесiнiң мүгедектiк тобын белгiлеу туралы (белгiленген үлгiдегi) анықтамасы;
12) 16 жасқа дейiнгi мүгедек балалар үшiн - халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесiнiң мүгедектіктi белгiлеу туралы (белгіленген үлгiдегi) анықтамасы;
13) "Алтын алқа", "Күмiс алқа" белгiлерiмен, I және II дәрежелі "Ана Даңқы" ордендерiмен марапатталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған көп балалы аналар үшiн - марапатталғанын немесе атақ алғанын растайтын құжаттар;
14) бiрге тұратын төрт немесе одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасылар үшiн (оның iшiнде жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқитын балалары үшiн - кәмелетке толғаннан кейiн - олар оқу орындарын бiтiретiн уақытқа дейiн) - балалардың туу туралы куәлiктерi мен азаматтарды тiркеу кiтабы, балалардың оқып жүрген фактiсi туралы оқу орнының анықтамасы;
15) саяси қуғын-сүргiн құрбандары, мүгедектiгi бар немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргiндерден зардап шеккен адамдар үшiн - халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесiнiң мүгедектiк тобын белгілеу туралы (белгіленген үлгiдегi) анықтамалары, зейнеткерлік куәлiктерi, ақталған азаматтың куәлiктерi немесе прокуратура органдарынан немесе iшкi iстер немесе ұлттық қауiпсiздiк органдарынан алынған ақталғаны туралы анықтамалары немесе ақталғаны туралы соттың шешiмi;
16) Қазақстан Республикасы алдында сiңiрген ерекше еңбегi үшiн зейнетақы тағайындалған адамдар үшiн - дербес зейнеткер куәлiгi немесе Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Қазақстан Республикасы алдында сiңiрген ерекше еңбегi үшiн зейнетақы белгiлеу жөніндегі комиссияның Қазақстан Республикасы алдында сiңiрген ерекше еңбегi үшiн зейнетақы тағайындау туралы шешiмiнен үзiндi көшiрме.
7. Жәрдемақы тағайындау үшiн қажеттi құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқасында және көшiрмесiнде жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi органның аудандық (қалалық) бөлімшелеріне ұсынылады. Салыстырылып болғаннан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш иесiне қайтарылады. Жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкiлетті органның аудандық (қалалық) бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi құжаттардың көшiрмелерiн куәландырады, істердi түзедi және жәрдемақы тағайындау не оны тағайындаудан бас тарту туралы шешiмнiң жобасын әзiрлейдi.
8. Жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi органның аудандық (қалалық) бөлiмшелерi 5 күн мерзiмде жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi органның облыстық (Астана және Алматы қалалық) филиалдары арқылы жәрдемақы тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешiмнiң жобасын жәрдемақы тағайындау жөніндегі тиiстi уәкiлеттi органға жiбередi.