Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 161 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 қаңтардағы № 36 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 765 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Ұлы Отан соғысына қатысушыларды, мүгедектерді және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алушыларды әлеуметтiк қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 31 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудiң ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 161 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 4-5, 51-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудiң ережесінде:
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) арнаулы комиссиялар - 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр кезеңiнде кемiнде 6 ай жұмыс iстеген адамдардың жұмыс стажын белгiлеу үшін тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiмдерiнiң шешiмдерiмен құрылатын комиссиялар»;
2-тармақта:
бiрiншi абзацтағы «бабының 1), 2), 4) және 4-1) тармақшаларында» деген сөздер «бабында» деген сөзбен ауыстырылсын;
екiншi абзац алынып тасталсын;
5-тармақтың бiрiншi абзацындағы «бабының 1), 2), 4) және 4-1) тармақшаларында» деген сөздер «бабында» деген сөзбен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай мазмұндағы», 3), 7), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15) және 16)»тармақшалармен толықтырылсын:
«7) қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) әскери қызметшiлердiң отбасылары үшiн, атап айтқанда:
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде алған жаралануы, контузия алуы, зақымдануы, ауруы салдарынан қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары үшiн - қаза тапқан адамның өлiмi туралы хабарлама немесе куәлiк, әскери қызметшiнiң қаза тапқан немесе хабарсыз кеткен фактiсi туралы әскери комиссариаттан алынған анықтама, қаза тапқан адаммен туыстық жақындығын растайтын құжат (неке туралы куәлiк, балалардың туу туралы куәлігі);
бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасылары, қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) адамның балалары, асырауындағылар үшiн - қаза тапқан адамның өлiмi туралы хабарлама немесе куәлiк, әскери қызметшiнiң бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан немесе хабарсыз кеткен фактiсi туралы әскери комиссариаттан алынған анықтама, қаза тапқан адаммен туыстық жақындығын растайтын құжат (неке туралы куәлiк, балалардың туу туралы куәлiгi);
қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң отбасылары үшiн - қаза тапқан адамның өлiмi туралы хабарлама немесе куәлiк, қызмет мiндеттерiн атқару кезінде қаза тапқан фактiсiн растайтын iшкi iстер органдарынан алынған анықтама немесе құжат; ата-аналары үшiн - қаза тапқан адамның өлiмi туралы хабарлама немесе куәлiк, әскери қызметшiнiң қаза тапқан немесе хабарсыз кеткен фактiсi туралы әскери комиссариаттан алынған анықтама және қаза тапқан адаммен туыстық жақындығын растайтын құжат (балалардың туу туралы куәлiгi);
қайтадан некеге отырмаған әйелi (күйеуi) үшiн - қаза тапқан адамның өлiмi туралы хабарлама немесе куәлiк, әскери қызметшiнің қаза тапқан немесе хабарсыз кеткен фактiсi туралы әскери комиссариаттан алынған анықтама, қаза тапқан адаммен туыстық жақындығын растайтын құжат (неке туралы куәлiк);
Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары үшiн - қаза тапқан адамның өлiмi туралы куәлiк, Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезiнде қайтыс болғанын растайтын құжат, қаза тапқан адаммен туыстық жақындығын растайтын құжат (неке туралы куәлiк, балалардың туу туралы куәлiгi);
сәуле ауруы салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердiң, сондай-ақ, өлiмi Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың әсер етуiне белгiленген тәртiппен байланысты болған азаматтардың отбасылары үшiн - сәуле ауруы салдарынан қайтыс болған адамның немесе қайтыс болған мүгедектің, сондай-ақ өлiмi Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың әсер етуiне белгіленген тәртiппен байланысты болған азаматтың өлiмі туралы куәлік, өлiмнің радиациялық әсер ету салдарынан болғанын растайтын құжат, қаза тапқан адаммен туыстық жақындығын растайтын құжат (неке туралы куәлiк, балалардың туу туралы куәлігі);
8) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен қалтқысыз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдар үшiн (5-қосымша) - белгiленген үлгідегі куәлiк немесе марапаттау куәлігі немесе мұрағат анықтамасы немесе марапатталу фактiсi туралы жазбасы бар еңбек кітапшасы;
9) 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемiнде 6 ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен қалтқысыз әскери қызметі үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдар үшiн - еңбек кiтапшасы немесе 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда жұмысы туралы мәлiметтері бар өзге де құжаттар, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда әскери қызмет кезеңi туралы мәлiметтері бар әскери билет немесе анықтама;
1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда жұмысы туралы мәлiметтерi бар өзге де құжаттарға:
жұмыс орны, сондай-ақ мұрағат мекемелерi берген жұмыс кезеңдерi туралы мәліметтері бар құжаттар;
бұйрықтардан, жеке шоттары мен жалақы төлеуге арналған ведомостан үзiндi көшiрмелер;
коммунистiк партия немесе кәсiподақ мүшелерінің мүшелік билеттерi немесе есеп карточкалары;
қызметін бұрын қолданыста болған заңнамаға сәйкес жүзеге асырып келген жұмыс стажын анықтау жөніндегі, зейнетақы тағайындау жөнiндегі комиссиялардың шешiмдерi;
сот шешiмдерi;
арнайы комиссиялардың шешiмдері;
1998 жылға дейiн берiлген жеңiлдіктер алуға құқық туралы куәлік жатады;
10) 1988-1989 жылдарда Чернобыль АЭС-iндегі апаттың салдарын жоюға қатысушылар, қоныс аудару күніне құрсақта болған балаларын қоса алғанда, оқшаулау және қоныс аудару аймағынан (өз еркімен кеткен) Қазақстан Республикасына қоныс аударғандар қатарындағы адамдар үшін Чернобыль АЭС-індегі аварияны жоюға қатысушының куәлiгi немесе Чернобыль АЭС-iндегі аварияны жоюға қатысу фактiсiн растайтын құжат, балалардың туу туралы куәлiгі;
11) I, II және III топтағы мүгедектер, оның iшiнде 16-дан 18 жасқа дейiнгi мүгедек балалар үшiн - халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесiнiң мүгедектiк тобын белгiлеу туралы (белгiленген үлгiдегi) анықтамасы;
12) 16 жасқа дейiнгi мүгедек балалар үшiн - халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесiнiң мүгедектiк тобын белгiлеу туралы (белгіленген үлгiдегi) анықтамасы;
13) «Алтын алқа», «Күмiс алқа» белгiлерiмен, I және II дәрежелі «Ана Даңқы» ордендерiмен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған көп балалы аналар үшiн - марапатталғанын немесе атақ алғанын растайтын құжаттар;
14) бiрге тұратын төрт немесе одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасылар үшiн (оның iшiнде жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқитын балалары үшiн - кәмелетке толғаннан кейiн - олар оқу орындарын бiтiретiн уақытқа дейiн) - балалардың туу туралы куәлiктерi мен отбасының құрамы туралы анықтамалар, балалардың оқып жүрген фактiсi туралы оқу орнының анықтамасы;
15) саяси қуғын-сүргiн құрбандары, мүгедектiгi бар немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргiндерден зардап шеккен адамдар үшiн - халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесiнiң мүгедектiк тобын белгілеу туралы (белгіленген үлгiдегi) анықтамалары, зейнеткерлік куәлiктерi, ақталған азаматтың куәлiктерi немесе прокуратура органдарынан немесе iшкi iстер немесе ұлттық қауiпсiздiк органдарынан алынған ақталғаны туралы анықтамалары немесе ақталғаны туралы соттың шешiмi;
16) Қазақстан Республикасы алдында сiңiрген ерекше еңбегi үшiн зейнетақы тағайындалған адамдар үшiн - дербес зейнеткер куәлiгi немесе Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Қазақстан Республикасы алдында сiңiрген ерекше еңбегi үшiн зейнетақы белгiлеу жөніндегі комиссияның Қазақстан Республикасы алдында сiңiрген ерекше еңбегi үшiн зейнетақы тағайындау туралы шешiмiнен үзiндi көшiрме.»;
10-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«6-тармақтың 9) тармақшасында көрсетiлген адамдарға жәрдемақы өтiнiш берген күннен бастап тағайындалады.
Жоғарыда көрсетiлген адамдар жәрдемақы тағайындау үшін қажеттi стажы туралы толық емес мәлiметтер ұсынған жағдайда, жәрдемақы төлеудi жүзеге асыратын ұйым бес күн мерзiмде құжаттарды арнаулы комиссиялардың қарауына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жiбередi.
Арнаулы комиссиялар ұсынылған материалдарды 4-тарауға сәйкес қарайды.»;
11, 12, 13, 14, 15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Жәрдемақы төлеудi жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi орган жәрдемақы беру жөніндегі уәкiлеттi органдар арқылы жүзеге асырады.
12. Жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi орган жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкiлеттi органдар бекiткен шешiмдердiң негізiнде жәрдемақы төлеуге қаражат қажеттiлiгi өтiнiмiн жасайды және ағымдағы айдың 25-күні Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне (бұдан әрi - Министрлiк) ұсынады.
13. Министрлiк республика бойынша жиынтық өтiнiмдi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгіне жiбередi. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгiленген тәртiппен Министрлiкке жәрдемақы төлеуге қаражат бөледi.
Министрлiк ағымдағы қаржы жылына арналған шарттың негізiнде бұл қаражатты жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi органның шотына аударады. Қаражатты аудару Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісілген, төлемдердiң бекітілген күн сайынғы кестесiне сәйкес жүргiзiледi.
14. Бөлiнген қаражат бойынша Министрлiк пен жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi орган арасында ай сайын салыстыру актiсi жасалады.
15. Жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi орган облыстар, Астана және Алматы қалалары бөлiнiсiнде жәрдемақы төлеу жөнiндегі кестенi жасайды.
Жәрдемақы төлеу жөнiндегі уәкілеттi орган алынған қаражатты үш банктiк күн iшiнде төлем тапсырмаларымен қызмет көрсетуге шарт жасалған жәрдемақы беру жөнiндегі уәкiлеттi органға белгiленген тәртiппен аударады.
16. Жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi орган мен жәрдемақы беру жөнiндегі уәкiлеттi орган арасында төленген сомалар бойынша салыстыру актілері жасалады.
Жәрдемақы беру жөніндегі қызметтерге ақы төлеу жәрдемақы төлеу жөнiндегі уәкiлеттi орган мен жәрдемақы беру жөніндегі уәкiлеттi орган арасында заңнамада белгiленген тәртiппен жасалған шарт негiзiнде жүргiзiледi.
Жәрдемақы алуға құқығы бар адам қайтыс болғаннан кейiн жәрдемақы беру жөнiндегі уәкiлеттi орган алған, қайтыс болған адамның шотына аударылмаған жәрдемақы сомасы оның аудандық (қалалық) бөлiмшесiнiң хаты (өкімі) негiзiнде жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi органға қайтарылады.»;
17-тармақ алынып тасталсын;
4-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Арнаулы комиссиялар
18. Бар жұмыс стажы туралы құжаттар болмаған немесе толық ұсынылмаған кезде, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғандағы жұмыс стажын арнаулы комиссиялар белгілей алады.
19. Арнаулы комиссиялар:
1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғандағы еңбек стажын растау үшiн ұсынылған құжаттардың мазмұны мен тиiсiнше ресiмделуiн құқықтық бағалауды;
жұмыс стажын куәгерлер айғақтамалары бойынша белгiлеуді (куәгерлерге сұрақтар қоюды);
өтiнiш берушінің жұмыс стажын белгілеу үшiн қажеттi құжаттарды сұратуды;
1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алған кезеңдегi жұмыс стажын белгiлеу (немесе белгiлеуден бас тарту) туралы шешiмдер шығаруды;
жұмыс стажын белгiлеу туралы құжаттарды қараудың барысы туралы өтiнiш берушілерге жазбаша хабарлауды жүзеге асырады.
20. Арнаулы комиссия жергілiктi өкiлдi органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, Ардагерлер кеңестерінің, қоғамдық бiрлестiктердiң, жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар уәкілеттi органдарының, халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшелерiнiң өкiлдерiнен, әскери комиссариаттар қызметкерлерiнен тұрады.
21. Жәрдемақы төлеудi жүзеге асыратын ұйымнан қарауға келiп түскен құжаттар 8-қосымшаға сәйкес журналда тiркеледi.
22. Комиссия келiп түскен құжаттарды он күн iшiнде қарайды және жетiспейтiн құжаттарды тиiстi ұйымдардан (кәсiпорындардан) сұрату немесе куәгерлерге сұрақ қою туралы шешiм қабылдайды.
23. Өтiнiш иесiмен 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда бiрге жұмыс iстеу фактiсiн растай алатын куәгерлер болса, 9-қосымшаға сәйкес куәгерлерге сұрақ қою хаттамасы жасалады.
24. Қажеттi құжаттарды жинау, куәгерлерге сұрақ қою қорытындылары бойынша комиссия еңбек стажын белгiлеу туралы 10-қосымшаға төлеудi, жүзеге асыратын ұйымға жiбередi»;
5-тарау алынып тасталсын;
Ережеге 1-қосымшадағы «Аудандық (қалалық) халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмiнiң бастығы» деген сөздер алынып тасталсын;
Ережеге 6-қосымша алынып тасталсын;
осы қаулыға қосымшаларға сәйкес 7, 8, 9, 10-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | Д. Ахметов |
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы
тағайындаудың және төлеудiң
ережесіне 7-қосымша
Арнаулы комиссияның қарауына
жiберiлетін құжаттардың тiзiмi:
Р/с N | Өтiніш берушiнiң тегі, аты, әкесiнiң аты | Туған жылы | Тұратын жерi | Iс-қағаздағы парақтар саны |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
M.О.
Тапсырған:
ЗТМО ______________________ аудандық (қалалық) бөлiмшесiнiң бастығы
Күні
Қабылдаған:
Комиссия хатшысы:
Күні
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы
тағайындаудың және төлеудiң
ережесіне 8-қосымша
Тіркеу журналы
Р/с N | Құжаттардың түскен күні | Өтініш берушінің Т.А.Ә. | Мекен-жайы, телефоны | Түскен құжаттардың саны | Құжаттардың қарау жөніндегі комиссия жасаған іс-әрекеттер | Комиссия шешімі | Құжаттарды қарау мерзімін ұзарту, себептері |
| | | | | | | |
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы
тағайындаудың және төлеудiң
ережесіне 9-қосымша
Куәгерлерге сұрақ қою хаттамасы
N___________ | Күнi__________ |
_______________________________________________ арнаулы комиссиясы
жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар органының
1. Өтiнiш берушiнiң хабары_________________________________________
(Т.А.Ә., мекен-жайы, туған күнi, жеке куәлігінiң нөмiрi)
Мен, өтiнiш берушi, куәгерлерге сұрақ қоюыңызды өтiнемiн:
___________________________________________________________________
(Куәгерлердiң Т.А.Ә., тұрғылықты мекен-жайы)
_______________________________________________________хабарлаймын.
2. Куәгерге сұрақ қою:_____________________________________________
(Т.А.Ә., мекен-жайы, туған күнi, жеке
куәлігінiң нөмiрi)
Өтiнiш берушiмен бiрлескен жұмысын растау үшiн ұсынылған құжаттар
___________________________________________________________________
Мен, куәгер,
___________________________________________________________________
көрсетемiн.
Өтiнiш берушiнiң қолы
Комиссия төрағасы
Комиссия мүшелерi
3. Куәгерге сұрақ қою:____________________________________________
(Т.А.Ә., мекен-жайы, туған күнi, жеке
куәлiгiнiң нөмiрi)
Өтiнiш берушiмен бiрлескен жұмысын растау үшiн ұсынылған құжаттар
___________________________________________________________________
Мен, куәгер,
___________________________________________________________________
көрсетемiн.
Өтiнiш берушiнiң қолы
Комиссия төрағасы
Комиссия мүшелерi
Мөрдiң орны
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы
тағайындаудың және төлеудiң
ережесіне 10-қосымша
күні________, N__________хаттамаға
(жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар органының) шешiмi
Шешiм:
Азамат____________________________________________________________
1.___________ (күнi) бастап_______________(күнi) дейiн
стаж белгiлендi деп есептелсiн
____________жыл есепке алынсын
Комиссия төрағасы
Комиссия мүшелерi
Мөрдiң орны