Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын
ұсынғаны үшін төлемнiң жылдық ставкаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қазандағы № 1066 қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 21 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Кодексiне (Салық кодексi) және "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын ұсынғаны үшiн төлемнiң жылдық ставкалары бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi бiр ай мерзімде Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келісім бойынша бекітілген жылдық ставкалар негiзiнде Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын ұсынғаны үшiн төлемдi есептеу әдiстемесiн әзірлесiн және бекiтсiн.
3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi және ресми түрде жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | | | | | | | | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 16 қазандағы
№ 1066 қаулысымен
бекітілген
Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын
ұсынғаны үшін төлемнiң жылдық ставкалары
Телефон байланысының түрі | Бір абонент үшін айлық есептік көрсеткішпен төлемнің жылдық ставкалары |
қалааралық және халықаралық қалааралық халықаралық | 1,724 0,862 0,862 |