Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі
(2004 ж. 24 сәуірдегі № 548-II)
(2006.05.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 5 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Өзгерістер енгізу туралы 2006.05.07. № 156-III ҚР Заңын қара (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі)
Жалпы бөлік (1 - 67 баптар)
1-бөлім. Бюджет жүйесі (1 - 37 баптар)
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 5 баптар)
2-тарау. Бюджет жүйесі (6 - 11 баптар)
3-тарау. Бюджеттің құрылымы (12 - 22 баптар)
4-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры (23 - 25 баптар)
5-тарау. Бірыңғай бюджеттік сыныптама (26 - 37 баптар)
2-бөлім. Бюджетаралық қатынастар және түсімдер мен (38 - 53 баптар)
шығыстарды бюджет деңгейлері арасында бөлу
6-тарау. Бюджетаралық қатынастар (38 - 45 баптар)
7-тарау. Түсімдерді бюджеттер деңгейлері арасында бөлу (46 - 49 баптар)
8-тарау. Шығыстарды бюджеттер деңгейлері арасында бөлу (50 - 53 баптар)
3-бөлім. Бюджеттік қатынастарды реттеу (54 - 67 баптар)
саласындағы мемлекеттік басқару
9-тарау. Мемлекеттік басқару органдарының бюджеттік (54 - 64 баптар)
қатынастарды реттеу саласындағы құзыреті
10-тарау. Бюджеттік комиссиялар (65 - 67 баптар)
Ерекше бөлік (68 - 224 баптар)
4-бөлім. Бюджетті әзірлеу мен бекіту (68 - 85 баптар)
11-тарау. Бюджетті жоспарлау негіздері (68 - 71 баптар)
12-тарау. Бюджеттер жобаларын әзірлеу (72 - 78 баптар)
13-тарау. Бюджет жобасын қарау мен бекіту процесінің (79 - 81 баптар)
негізгі ережелері
14-тарау. Қазақстан Республикасы Парламентінің Республика (82 - 83 баптар)
бюджет жобасын қарау және бекіту процесі
15-тарау. Мәслихаттың жергілікті бюджет жобасын (84 - 85 баптар)
қарау және бекіту процесі
5-бөлім. Бюджеттердің атқарылуы мен нақтылануы (86 - 117 баптар)
16-тарау. Бюджеттің атқарылуы туралы жалпы ережелер (86 - 91 баптар)
17-тарау. Бюджеттің атқарылу негізі (92 - 95 баптар)
18-тарау. Бюджеттің атқарылу процесі (96 - 110 баптар)
19-тарау. Бюджеттерді нақтылау мен түзету (111 - 113 баптар)
процесінің негізгі ережелері
20-тарау. Бюджеттерді нақтылау мен түзету процесі (114 - 117 баптар)
6-бөлім. Бюджеттік есепке алу және есептілік (118 - 130 баптар)
21-тарау. Бюджеттік есепке алу туралы жалпы ережелер (118 - 119 баптар)
22-тарау. Есептілік туралы жалпы ережелер (120 - 122 баптар)
23-тарау. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп (123 - 124 баптар)
24-тарау. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы (125 - 126 баптар)
бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы есеп
25-тарау. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң (127 - 128 баптар)
атқарылуы туралы есеп
26-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (129 - 130 баптар)
қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есеп
7-бөлім. Мемлекеттік қаржылық бақылау (131 - 146 баптар)
27-тарау. Жалпы ережелер (131 - 132 баптар)
28-тарау. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың үлгiлерi, (133 - 136 баптар)
түрлері, принциптері мен стандарттары
29-тарау. Сыртқы бақылауды ұйымдастыру негіздері (137 - 138 баптар)
30-тарау. Iшкі бақылауды ұйымдастыру негіздері (139 - 141 баптар)
31-тарау. Мемлекеттік қаржылық бақылау объектілері (142 - 146 баптар)
мен органдарының, мәслихаттардың тексеру
комиссияларының өзара іс-қимылы
8-бөлім. Бюджеттік инвестициялар (147 - 155 баптар)
32-тарау. Бюджеттік инвестицияларды (147 - 153 баптар)
жоспарлау мен жүзеге асыру
33-тарау. Бюджеттік инвестицияларды іске асыру (154 - 155 баптар)
мониторингі және олардың тиімділігін бағалау
9-бөлім. Гранттар (156 - 162 баптар)
34-тарау. Гранттар туралы жалпы ережелер (156 - 158 баптар)
35-тарау. Гранттарды тарту және пайдалану (159 - 160 баптар)
36-тарау. Гранттарды пайдалану мониторингі (161 - 162 баптар)
және пайдалану тиімділігін бағалау
10-бөлім. Бюджеттік кредиттеу (163 - 190 баптар)
37-тарау. Бюджеттік кредиттеудің жалпы ережелері (163 - 171 баптар)
38-тарау. Бюджеттік кредиттеу шарттары (172 - 178 баптар)
39-тарау. Бюджеттік кредиттеу рәсімдері (179 - 184 баптар)
40-тарау. Бюджеттік кредитті қайта (185 - 186 баптар)
құрылымдау және қарыз алушыны ауыстыру
41-тарау. Талап қою мерзімі, бюджеттік кредиттер (187 - 188 баптар)
бойынша кредиторлар талаптарының тоқтатылуы
42-тарау. Бюджеттік кредиттер бойынша (189 - 190 баптар)
бақылау, мониторинг, есепке алу
11-бөлім. Мемлекеттік және мемлекет (191 - 221 баптар)
кепілдік берген қарыз алу мен борыш
43-тарау. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік (191 - 197 баптар)
берген қарыз алу мен борыш туралы жалпы ережелер
44-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алуы (198 - 201 баптар)
45-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы (202 - 204 баптар)
46-тарау. Мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш (205 - 218 баптар)
47-тарау. Қарыз берушінің мүдделерін қорғау (219 - 221 баптар)
12-бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер (222 - 224 баптар)
48-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер (222 - 224 баптар)
Осы Кодекс бюджеттік және бюджетаралық қатынастарды реттейдi және бюджет жүйесi жұмыс iстеуiнiң, бюджет қаражатының құралуы мен пайдаланылуының негiзгi ережелерiн, принциптерi мен тетiктерiн белгiлейдi.
Жалпы бөлік
1-бөлім. Бюджет жүйесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Қазақстан Республикасының бюджет заңдары
1. Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Кодекстен және қабылдануы осы Кодексте көзделген өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Кодекстегiден өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2-бап. Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданыста болады және барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
2. Қазақстан Республикасының Yкіметі мен жергiлiктi атқарушы органдардың тиiсiнше республикалық және жергiлiктi бюджеттерден тиiстi қаржы жылына арнап ақша бөлу туралы актілері, осы актiлердiң қайтарымды негiзде ақша бөлу туралы ережелерiн қоспағанда, ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейiн күшiн жояды.
3. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдар, тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттардың шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихаттардың шешiмдерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергiлiктi атқарушы органдардың оларды iске асыру туралы актілері тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.
4. Егер заң актілерінде және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде Қазақстан Республикасының бюджет заңдарына қайшы келетiн ережелер көзделсе, онда Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының ережелерi қолданылады.
3-бап. Бюджет жүйесiнiң принциптерi
Бюджет жүйесi мынадай принциптерге негiзделедi:
1) бiрлiк принципi - Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бiрыңғай бюджеттік заңдарының қолданылуын, соның iшiнде бiрыңғай бюджеттік сыныптауды, бюджет процесiн жүзеге асырудың бiрыңғай рәсiмдерiн пайдалануды қамтамасыз ету;
2) толықтық принципi - Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық түсiмдер мен шығыстарды бюджеттерде және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында көрсету, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке алуға, сол сияқты бюджет қаражаты бойынша талаптар құқықтарынан шегiнуге жол бермеу;
3) реалистiк принципi - бекітілген (нақтыланған, түзетiлген) бюджет көрсеткiштерiнiң орта мерзiмдi фискалдық саясатқа және Қазақстан Республикасы мен аймақтарды әлеуметтiк-экономикалық дамытудың орта мерзiмдi жоспарының бекітілген (түзетiлген) өлшемдерi мен бағыттарына сәйкес келуi;
4) транспаренттiлiк принципi - мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңдары саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, бекітілген (нақтыланған, түзетiлген) бюджеттердi және олардың атқарылуы туралы есептердi, мемлекеттiң фискалдық саясатына қатысты басқа да ақпаратты мiндеттi түрде жариялау; бюджет процесiнiң ашықтығы, мемлекеттік қаржы бақылауын жүргiзу;
5) дәйектiлiк принципi - бюджеттік қатынастар аясында бұрын қабылданған шешiмдердi мемлекеттік басқару органдарының сақтауы;
6) тиiмдiлiк және нәтижелiлiк принципi - бюджеттердi бюджеттік бағдарламалар паспорттарымен көзделген белгiлi бiр нәтижелерге қол жеткізу қажеттiлiгiн негізге алып, бюджет қаражатының осы нәтижелерге қол жеткізу үшiн қажеттi оңтайлы көлемiн пайдалана отырып әзiрлеу және атқару немесе бюджеттік қаражаттың бекітілген көлемiн пайдалана отырып ең үздiк нәтиженi қамтамасыз ету;
7) басымдық принципi - бюджеттік процестi республиканың немесе аймақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының басым бағыттарына сәйкес жүзеге асыру;
8) жауапкершiлiк принципi - бюджет процесiне қатысушыларды Қазақстан Республикасының бюджеттік заңдарын бұзғаны үшiн жауапқа тарту;
9) бюджеттердiң дербестiк принципi - түрлi деңгейдегi бюджеттер арасында түсiмдердiң тұрақты түрде бөлiнiп тұруын орнықтыру және осы Кодекске сәйкес олардың жұмсалу бағыттарын анықтау, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерiнiң осы Кодекске сәйкес бюджет процесiн дербес жүзеге асыру құқығы, жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы барысында қосымша алынған кiрiстердi, осы Кодекстiң 40-бабының 6-тармағында белгiленген жағдайларды қоспағанда, жергiлiктi бюджеттер қаражатының бос қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берiлмейтiндiгi, тиiстi өтемсiз төмен тұрған бюджеттерге қосымша шығыстар жүктеуге жол берiлмейтiндiгi.
4-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1. Осы Кодексте мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттiң активтерi - өткен операциялар немесе оқиғалар нәтижесiнде мемлекеттік меншікке алынған мүліктiк және мүліктiк емес игiлiктер мен құндық бағасы бар құқықтар;
2) бюджет - мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры;
3) облыстың бюджетi - араларындағы өзара өтелетiн операцияларды есепке алмағанда, облыстық бюджеттi, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерiн бiрiктiретiн, талдамалы ақпарат ретiнде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет;
4) бюджеттік қамтамасыз етiлу - мемлекеттік басқару органдары тиiстi бюджет қаражаты есебiнен ұсынатын мемлекеттік қызметтер көрсетудi алушылардың бiрлiгiне шаққандағы заттай нормалар есепке алынған мемлекеттік қызметтер көрсету құны;
5) бюджет жүйесi - бюджеттердiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттік процестер мен қатынастардың жиынтығы;
6) бюджеттік инвестициялық бағдарлама - сипаты техникалық-экономикалық негiздеу сатысында қол жеткізу мерзiмiн анықтауға мүмкiндiк бермейтiн бiрыңғай инвестициялық мақсатты көздейтiн iс-шаралар жиынтығы;
7) бюджеттік инвестициялар - экономикалық пайда табу немесе әлеуметтiк-экономикалық тиiмдiлiкке жету мақсатымен мемлекет активтерiнiң құнын ұлғайтуға, адам ресурстарын дамытуға және табиғи ресурстарды жаңғыртуға бағытталған қаржыландыру;
8) бюджеттік операциялар - бюджеттi атқару процесiнде жүзеге асырылатын операциялар;
9) бюджеттік қатынастар - бюджет процесiнде туындайтын қатынастар;
10) бюджет қаражаты - мемлекеттік меншiкке түсуi мен жұмсалуы бюджетте ақшалай нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiң ақша және өзге де активтерi;
11) бюджеттік инвестициялық жоба - шектеулi уақыт кезеңi iшiнде iске асырылатын және аяқталған сипаты бар бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру жөніндегі iс-шаралар жиынтығы;
12) бюджет процесi - бюджеттi жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету жөніндегі, бюджеттiң атқарылуы бойынша бюджет есебi мен есептiлiгiн жүргiзу мемлекеттік қаржы бақылауы, сондай-ақ байланыстырылған гранттарды жоспарлау мен пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасының бюджет заңдарымен реттелген қызмет;
13) мемлекеттік инвестициялық саясат - инвестициялық процестердi ұлттық экономиканың мүдделерi үшiн мемлекеттік реттеудiң экономикалық және қаржылық негiзделген шараларын көрсететiн әлеуметтiк-экономикалық саясаттың құрамдас бөлiгi;
14) мемлекеттік бағдарлама - салааралық сипаты бар, әлеуметтiк-экономикалық дамудың неғұрлым маңызды мiндеттерiн шешуге және мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн, құқық тәртібін, заңдылық пен қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі әзiрлейтiн және Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн бағдарлама;
15) мемлекеттік бюджет - араларындағы өзара өтелетiн операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергiлiктi бюджеттердi бiрiктiретiн, талдамалы ақпарат ретiнде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет;
16) инвестициялық ұсыныс - инвестициялық жобаның (бағдарламаның) мақсатын, оған жету жолдарын көрсететiн және инвестициялық жобаны (бағдарламаны) одан әрi әзiрлеу үшiн оны алдын ала iрiктеудi жүзеге асыру мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн инвестициялық жоба (бағдарлама) тұжырымдамасы;
17) кассалық алшақтық - қаржы жылы iшiнде шығыстар көлемiнiң бюджетке түсетiн түсiмдер мен бюджет қаражатының бос қалдықтары көлемiнен асып түсуi;
18) жергiлiктi бюджет - облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi;
19) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi орган жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, жергiлiктi бюджеттiң орташа мерзiмдi кезеңге арналған болжамды көрсеткiштерiн және тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттiң жобасын жоспарлау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган;
20) бюджеттi атқару жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi орган жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, бюджеттi атқару, жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы жөніндегі бюджеттік есеп пен есептiлiктi жүргiзу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган;
21) экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi орган - жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктi әлеуметтiк-экономикалық дамытудың негiзгi бағыттарын әзiрлеу функциясын жүзеге асыратын атқарушы орган;
22) кiрiстердi бөлу нормативi - кiрiстердi әртүрлi деңгейлердегi бюджеттердiң арасында бөлудiң проценттiк арақатынасы;
23) салалық (секторлық) бағдарлама - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн, экономиканың жекелеген салаларының (секторларының) неғұрлым маңызды мiндеттерiн шешуге бағытталған бағдарлама;
24) басым (республикалық немесе жергілiктi) бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесi - республикалық немесе жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен қаржыландыру жоспарланған инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзiмi болып табылатын, республиканы немесе аймақтарды әлеуметтiк-экономикалық дамытудың орта мерзiмдi жоспарына қосымша;
25) бюджет қаражатын алушы - бюджет қаражатын игерудiң барлық деңгейiнде бюджет қаражатын пайдаланатын орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, мемлекеттік мекемелер, жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ қаржылық қызмет көрсететiн, соның iшiнде азаматтық-құқықтық мәмiлелер негiзiнде қызмет көрсететiн тұлғалар;
26) аймақтық бағдарлама - мәслихаттар бекiтетiн, аймақтың (аумақтың) әлеуметтiк-экономикалық дамыту мiндеттерiн шешуге бағытталған бағдарлама;
27) түзетiлген бюджет - тиiсiнше Қазақстан Республикасының Парламентiнде немесе мәслихатта нақтыланбай, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергiлiктi атқарушы органдар енгiзген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып бекітілген немесе нақтыланған бюджет;
28) әлеуметтiк-экономикалық дамудың орташа мерзiмдiк жоспары Қазақстан Республикасының Yкіметі немесе мәслихат бекiтетiн, республиканы немесе аймақты әлеуметтiк-экономикалық дамытудың үш жылдық кезеңге арналған негiзгi көрсеткiштерi мен бағыттарын және оларды iске асыру жөніндегі шараларды айқындайтын құжат;
29) трансферттер - бюджетке және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, сондай-ақ бюджеттен, соның iшiнде жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бюджетке төленетiн өтеусiз және қайтарылмайтын төлемдер;
30) бекітілген бюджет - тиiстi қаржы жылына арналған, Қазақстан Республикасының Парламентi немесе тиiстi мәслихат бекiткен бюджет;
31) нақтыланған бюджет - атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының Парламентi немесе тиiстi мәслихат қабылдаған өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып тиiстi қаржы жылына бекітілген бюджет;
32) қаржыландыру - бюджет қаражатын алушыларға осы қаражатты бөлу;
33) қаржы жылы - бюджеттiң атқарылуы жүзеге асырылатын, күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарынан басталып, 31 желтоқсанында аяқталатын уақыт кезеңi;
34) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган орташа мерзiмдi кезеңге арналған мемлекеттік бюджеттiң болжамды көрсеткiштерiн және тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң жобасын жоспарлау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
35) iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган - iшкi мемлекеттік қаржы бақылауы функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
36) бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджеттi және өз құзыретi шегiнде жергiлiктi бюджеттердi атқару жөніндегі бюджеттік есеп пен есептiлiктi атқару, жүргiзу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
37) экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi бағыттарын әзiрлеу функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2. Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының осы бапта көрсетiлмеген басқа ұғымдары осы Кодекстiң тиiстi баптарында айқындалған мәндерде пайдаланылады.
Қазақстан Республикасы бюджет заңдары ұғымдарының анықтамалары бюджеттік қатынастарға қатысты Қазақстан Республикасының басқа да заң салалары ұғымдарының анықтамаларымен сәйкес келмеген кезде Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының ұғымдары пайдаланылады.
3. Осы Кодексте пайдаланылатын Қазақстан Республикасының басқа да заңдар салаларының ұғымдары, егер осы Кодексте өзгеше көзделмеген болса, Қазақстан Республикасы заңдарының осы салаларында пайдаланылып жүрген мәнiнде қолданылады.
5-бап. Бюджеттiң түсiмдерi мен шығыстарына әсер ететiн нормативтiк құқықтық актiлер
1. Республикалық немесе жергiлiктi бюджеттердiң шығыстарын ұлғайтуды немесе түсiмдерiн қысқартуды көздейтiн Қазақстан Республикасы заңдары жобаларының ережелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң оң қорытындысы болған жағдайда ғана енгiзiлуi мүмкiн. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қорытындысы Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстары ескерiле отырып жасалады.